Кітап оқуға жеті қадам (3)
(last modified Wed, 20 Nov 2019 10:40:23 GMT )
Қар 20, 2019 16:40 Asia/Almaty
  • Кітап оқуға жеті қадам (3)

Бүгінгі сауал мынадай: кітапты қалай оқимыз? Сатып алған кітабымыз біздің өмірімізді жақсартуы тиіс екенін есімізде бар ғой. Сондықтан қандай кітап оқитынымыз маңызды. Телехикая көргенде соңы не болар деп ақырына дейін қараймыз ғой. Сол сияқты кітап оқудың тәсілі өте маңызды.

Бір қармақ алып, өзеннің жағасында балық аулауға шықтыңыз дейік. Балық аулау үшін сіздер қармақтың басына бір қорек іліп, суға лақтырасыз. Балықтар қоректі көрген соң ауға келіп, сіз өз мақсатыңызға жетесіз. Ал енді сол балық кітаптың мазмұны деп ойлаңыз. Қорек – сол сауал, ал ау – сіздің оқи алу қабілетіңіз.

Кітапты басынан аяғына дейін үстірт оқу, сатып алу-алмау туралы шешім қабылдау үшін кітапты бір шолып шығу – дұрыс оқу жолындағы бастапқы қадамдардың бірі. Бірақ оқудың пайдаларының көңіл аударарлық бөлімі – сараптамалық оқу (Analytical Reading). Яғни біздің көзқарасымызды дамыту және түсінігімізді тереңдету мақсатымен оқу. Егер барлық нүктесі мен сипаттамалары түсінуге оңай болатын кітапты таңдайтын болсақ, оқуға кеткен уақытымызға қарай айтарлықтай мағлұмат алмауымыз мүмкін. Әрине өзімізден сатысы сәл жоғары кітап оқу уақытты көп алып, баяу алға жылжып, біздің миымызға көбірек қысым түсіретіні анық. Бірақ егер біздің кітап оқудан мақсатымыз білімімізді арттырып, көзқарасымызды тереңдету болса, кітап таңтаудың бұл тәсілі әсерлірек болмақ.  

Жақсылап үйрену үшін тыныш жерде оқуға кіріскен жақсы. Ең маңызды нүктелер мыналар: кітапты басынан бастап оқыңыз, кітаптың кіріспесі мен соңын оқу қажет, кітап оқу барысында қажет етсеңіз, тынығып алыңыз, кітаптың мазмұнын ерекше тараулар мен бөлімдерді іздеуде қолданыңыз, қызықты немесе маңызды сөз тіркестері мен сөйлемдерді белгілеп қойыңыз және маңызды жазбалар немесе сипаттамаларды қарындашпен жазыңыз.

Бір қызықты кітапты оқуға басымызбен кіріп кеткен кезде уақыттың қалай өткенін білмей қаламыз. Бір қалыпта ұзақ отырып, кітап оқымаңыз. Сіз сағат немесе қол телефоныңыздағы таймердің көмегімен демалыс уақытын белгілеп, басқа істеріңізге жетісуді ұмытпаңыз. Кітапты жабар кезде беттердің арасына белгі қоюды ұмытпаңыз.   

Фирдоусидің "Шахнамасы" мен Аттардың "Мантеқ ут-тейр" сияқты өлең жинақтарынан басқа өлең кітаптары мен қысқа дастандар жинақтарын қалаған тәртібіңіз бойынша оқи аласыз. Қысқа жазбалар жинақтарының артықшылығы мынада: оларды өз қалауыңызша қолдана аласыз, көбелектей бір гүлден екіншіге секіріп, кітаптың қалаған жерінен бастап оқи аласыз, оны басынан аяғына дейін оқуға және тартымды бөлімдеріне жетуді күтуге мәжбүр емеспіз. Өз талғамыңыз бойынша таңдалған кітаптың тартымды бөлімдеріне үйренген кезде бірте-бірте басында ауыр көрінген бөлімдерге қызығып, оларды да оқи бастайсыз.

Үшінші бөлімнің алтын нүктесі: кітап – адамзаттың ең үлкен жаңалығы. Кітапқа лайықты қатынас көрсетіңіз!     

Тегтер