«Басидж» – ең пәк, ең жанкешті, ең іскер адамдардың ұйымы
Басидждер ұйымы мүмін, хабардар, Құдайға ғашық, жұмысын жақсы көретін хабардар адамдарды біріктіреді.
Иранның Ислам революциясы жеңісінің нәтижесінде құрылған органдардың бірі «Басидждер» – халықтың ерікті күштері ұйымы болды. Бұл ұйым Ислам революциясын нығайтуда және әртүрлі қастандықтармен күресуде маңызды рөл атқарады. Басидждер ұймының құрылуы Ислам революциясының маңызды басымдылықтарының бірі саналады. Шын мәнінде, «Басидждер» ұйымының Ислам революциясының ұлы көсемі имам Хомейнидің бұйрығымен құрылуы бұл тұлғаның Ислам революциясын сақтап және нығайту саласындағы терең ойы мен қырағылығын көрсетті.
Әлемдегі революциялардың үлкен зияндарының бірі халықтың оқшаулануы мен белгілі бір партияның немесе таптың үстемдікке ие болуында. Көбінесе революцияның жетістіктері әскери күштердің мүддесіне болды. Сондай революциялардың көбінде билікқұмар басшылардың орындарына қоғамдық әділет орнату сынды революцияның ең маңызды мақсатынан алыстағандар келді. Бірақ ИИР іргетасын қалаушы имам Хомейни «Басидждер» ұйымын құру шешімімен халықты Ислам революциясының құндылықтары мен жетістіктерін қорғауға жұмылдырды. Ислам революциясының жеңісінен шамамен 9 ай өткен соң 1979 жылдың 26 қарашасында имам Хомейни 20 миллион адамды жұмылдыру туралы жарлығын бекітті. Имам Хомейни «Басидждер» ұйымын құру шешіміне байланысты Ислам революциясы Сақшылар корпусының бірқатар мүшесімен кездесуінде елді қорғау қажеттілігі жөнінде: "Ислам мемлекетінде барша әскери жаттығудан өтуге міндетті. Мемлекет бірнеше жылдан кейін 20 млн қолына қару ұстай алатын жастарға ие болуы керек",- деді. Имам Хомейнидің баяндамасынан кейін Ислам революциясы кеңесі ұлттық ерікті күштер – «басидждер» ұйымын құру шешімін мақұлдады. Бұл ұйым өз еркімен мүше болғысы келген адамдарды әскери жаттығудан өткізіп, оларды ішкі және сыртқы шабуылдарға қарсы тұруға дайындайды. Осы шешім бойынша, «Басидж» ұйымы діни жетекші немесе діни жетекшінің кеңесі, сондай-ақ президенттің қарамағында құрылатын болды. «Басидж» ұйымы жұмысының басталуынан бірнеше ай өткен соң бұл ұйым Ислам революциясы Сақшылар корпусының қарамағына енді. Ислам Кеңесі Мәжілісінің шешімімен аталмыш ұйым "басидждер бірлігі" ретінде Ислам революциясы Сақшылар корпусына қосылып, оның басшылығы Сақшылар корпусына тапсырылды.
Ислам революциясының үлкен мақсаттары мен дұшпанның көптеген қастандықтары бүкіл халықты барлық салаларда Ислам революциясының мақсаттары мен құндылықтарын қорғауға міндеттеді. Басидждер ұйымының құрылуының маңызды мақсаттарының бірі халықты қауіпсіздік орнату мен Ислам революциясын қорғауға қатыстыру болды. Ұлттық бірлік пен біртұтастықты нығайту, халық тағдыры мен революция және Ислам республикасы жүйесінің байланысын күшейту – «Басидждер» ұйымын құрудың екінші мақсаты. «Басидждер» ұйымы 40 жылдық өмірінде өз мақсаттарының үлкен бөліміне жетті. Егер басидждер болмағанда, Ислам революциясы тағдырының қандай болатыны белгісіз. Басидждердің Ислам революциясының жетістіктерін қорғаудағы рөлі саяси, экономикалық, қоғамдық және мәдени салалардағы Ислам революциясының құндылықтарын қорғау үшін басидждер мәдениеті мен идеологиясының таралуына себеп болды.
Өткен 40 жылда басидждердің ең маңызды кезеңі өткен ғасырдың 80-ші онжылдығындағы Саддам режимінің ИИР-на қарсы бастаған 8 жылдық соғыс кезі болды. Ирактың БААС режимі жаңадан құрылған исламдық жүйені құлату мақсатында және Батыс пен Шығыс құдыреттерінің қолдауыне ие болып, Иранға қарсы жан-жақты шабуыл жасаған кезде имам Хомейнидің бұйрығымен Басидждер ұйымының құрылғанына бір жылға да жетпеген еді. Бірақ жауынгер жастар Ислам революциясының ұлы көсемі имам Хомейнидің кеңесімен өз еріктерімен басидждер топтарын құрып, соғыс майдандарына асықты. Олар 8 жылға созылған қасиетті қорғаныс кезінде бұрын-соңды болмаған ерік-жігер көрсетті. Басидждер – елі мен революциясын қорғауға бет алып, соғыс майдандарына аттанған және жанкештілігі әрі батылдығымен Иран тарихында тіркелген ерікті күштер. Халық пен басидж күштерінің соғыс майдандарына қатысуы ИИР-ның жеріне шабуыл жасағаннан бір жылдан кейін Саддам режимін өзін қорғайтын жағдайға тіреп, Сақшылар корпусы ұымдастырыған халық күштерінен құрылған әскери бірліктер өз әрекеттерімен Ирактың БААС армиясын басып алған барлық аймақтарынан кейінгі шегіндірді. Таңған соғыс кезіндегі басидждердің сегіз жылдық ерлігі мен жанкештілігі басидждерді Иран халқының мақтанышына айналдырды. Имам Хомейни «Басидждер» ұйымы құрылуының жылдығында сөйлеген сөзінде: "Егер Алла мен Исламның қасиетті болмысына ғашық әрі жанқиярлық үлгі көрсеткіміз келсе, бұл үлгі – басидждер. Басидж – мықты әрі жемісі мол ағаш. Оның бүршіктерінен көктемнің иісі сезіліп, балғын жемістері махаббаттың дәмін жеткізеді. Басидж – махаббат пен белгісіз шәһидтер мектебі. Басидж – Исламның пәк сенімдерінің миғражы. Басидж – Алланың пәк сарбазы. Басидждер ұйымын құруға Алла жолында күреске шыққандар қол қойды. Мен әрқашан басидждердің ниетіне таңғалып, Алладан өзімді басидждердің қатарына қосуды сұраймын",- деген.
Басидждер ұйымы – қарапайым халық ұйымы. Олар тек белгілі бір міндетті ғана орындаумен шектелмейді. Басидж – ИИР-дағы ой-пікір мен мәдениет. Имам Хомейнидің орынбасары Ислам революциясының қазіргі жетекшісі аятолла Хаменеи басиджер жөнінде: "Егер басидждерді бір сөйлеммен сипаттайтын болсақ, "Басидждер – ең пәк, ең жанкешті, ең іскер" адамдар. Олар халықты жоғары мақсаттарына, елді бақытқа жеткізуге талпынуда. Басидждер ұйымы әртүрлі адамдар бір ұйымға жиналып, қырағылығы арқылы ел мен халықты бірлік пен біртұтастыққа шақырып, елдің мәселелері мен халық қажеттілігін шешуге талпынуда. Басидждер ұйымы дұшпанды алаңдатып, досты үміттендіреді. Басидждер ұйымы мүмін, хабардар, Аллаға ғашық, жұмысын жақсы көретін хабардар адамдарды біріктіреді. Халық үшін барлық салаларда басиджден артық адам жоқ. Өйткені басидж – қасиетті ұғым.