Имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) тағылымдары мен нұсқаулары
(last modified Wed, 04 Dec 2019 16:56:52 GMT )
Жел 04, 2019 22:56 Asia/Almaty
  • Имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) тағылымдары мен нұсқаулары

Бүгін имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) туған күні. Исламның ұлық пайғамбары әулетінің жақтастары мен әлемнің барша мұсылмандарын құттықтаймыз!

 

Хиджри қамаридің 232 жылының раби ас-сани айының 8 жұлдызының таңында Мәдинеде тағы  имамат күні жарқырады. Имамат пен велаят үйі он бірінші пәк имам хазірет Хасан Аскаридің (ғ.с.) дүниеге келуімен қуаныш пен шаттыққа бөленді. Періштелер бұл сәбидің дүниеге келуіне қошемет көрсету үшін жерге түсті.

Он бірінші имамның қасиетті есімі – Хасан, танымал күниесі – Абу Мұхаммад. Әкесі – шиіттердің оныншы имамы – хазірет Хади (ғ.с.), анасы – Сусан. «Аскари» – имам Хади (ғ.с.) мен имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) ортақ лақап аты. Өйткені бұл екі имам Самеррада өмір сүруге мәжбүр болды. Имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) ерекшеліктері ретінде хазіреттің жарқын рухы, тартымды болғаны туралы айтылды. Хазіретті көрген әр адам имамды құрметтеп, мадақтай бастайтын. Аббасилер үкіметі имам Хасан Аскариге (ғ.с.) дұшпан болғанымен, бұл үкіметтің уәзірлерінің бірі имамның қадір-қасиетін мойындап: "Самеррадан Хасан бен Әли секілді адамды көрмедім. Халықтың арасында имам Хасан Аскари (ғ.с.) сияқты қайырымды әрі жомарт адам болған жоқ. Ол жас болғанымен Хашим әулеті оны өзінің ақсақалдарынан жоғары санады. Хазіреттің орнының жоғары болғаны сондай, дос пен дұшпан оны мадақтады»,- деді. Сондай-ақ, X-XI ғасырлардағы шафии мазхабы ғұламаларының бірі Абу әл-Аббас Баксир: «Хасан бен Аскари – беделі жоғары тұлға»,- деп жазды.

Имам Хасан Аскари (ғ.с.) 22 жасында Алланың қалауымен имамат пен қоғамды басқару міндетін өз мойнына алып, адамдарды шындық пен әділеттің нұрлы жолына нұсқады. Бұл кезең алты жылға созылды. Бұл кезеңде хазірет көптеген қиындықтармен бетпе-бет келді. Өйткені Аббси басшылары хазірет үшін көптеген шектеу мен қысым қолданып, қуғындағы адам секілді аптаның белгілі бір күні Аббаси үкіметінің орталығына барып тұруға мәжбүр болды. Сол себепті имам Хасан Аскари (ғ.с.) жақтастарына хазіретпен қарым-қатынас орнатуды қиындатты. Имам Аскари (ғ.с.) өзіне дейінгі бірнеше имам (ғ.с.) секілді шиіттерімен хат жазып, өкілдері арқылы байланыста болды. Имам әртүрлі аймақтардағы шиіттерді қорғау үшін мықты қатынас арналарын құрып, шиіттердің өзімен қатынасын жеңілдетті. 

 

Имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) кезінде екі топ Исламды жоюға міндеттелді. Бір топ тек аты  мұсылман болған үкімет, екінші топ тек жеке мүдделерін ойлағандар болды.  Имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) бұл топтың жалған және бұрмаланған наным-сенімдеріне қарсы тәсілдерінің бірі оларға ағартушылық жұмыстарын жүргізуі болды. Имам Аскари (ғ.с.) серіктерінің бірі хазіретке хат жазып, сол кезеңдегі дінді бұрмалаушы топ өкілдері бірінің сенімі туралы: "Құрбаның болайын, ағам әрі басшым! Әли бен Хасаке сізді өзінің басшысы және бұрынғы құдай, ал өзін сіз тарапынан халықты сізге қарай шақыруға міндеттелген пайғамбар санайды",- деп жазды. Хатты оқыған имам: "Ибн Хасаке өтірік айтты. Мен оны досым деп санамаймын. Алламен ант етемін! Алла Тағала Мұхаммад (с.ғ.с.) пен оған дейінгі пайғамбарларды халықты тек бір Аллаға табынуға, намаз, зекет, қажылыққа шақыру үшін жіберді. Мұхаммад (с.ғ.с.) тек ешбір серігі жоқ бір Аллаға бет бұруға шақырды. Біз, оның орынбасарлары Алланың пенделеріміз. Сондықтан Оған күпірлік білдірмейміз. Егер Аллаға бағынсақ, рақымына бөленеміз, егер бағынбасақ, азабына тап боламыз. Мен бұл сөзді айтқан адамнан безіп, Алланы пана тұтамын. Алла оларды лағынет етеді. Сендер де олардан алыстаңдар. Оларға қысым көрсетіп, оларды теріске шығарыңдар",- деп жауап қайтарды.  

Имам Хасан Аскаридің (ғ.с.)   рухани ілімдері мен басшылығы аясында адамдар, әсіресе, Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетінің жақтастары хабардар болып, бірігіп, күшейе түсті. Аббаси әулеті билігін Умайе әулеті билігіндей заңсыз санаған мұсылмандар билікті Аһле әл-Бейттің заңды құқығы санайтын. Осы кезеңде имам билік саясатының салдарынан ұмытылған көптеген діни ұрандарды қайта жандандырды. Имам Хасан Аскари хадистерінің бірінде: "Мүміннің бес белгісі бар: біріншісі, тәулік бойында орындайтын 51 рекет намазы; екіншісі, имам Хусейн (ғ.с.) "Арбағин зияраты" дұғасы; үшінші белгісі, оң қолына жүзік салу, төртіншісі – топыраққа сәжде жасау, сондай-ақ, бесінші белгісі дауыстап "Бисмилаһи рахмани рахим» деп айту",- деп айтылды. 

 

 

51 рекет намаз оқу шиіттер мен Алла елшісінің миғражын қабылдайтындардың белгісі. Бұл рауаятта шиіттердің ерекшеліктеріне назар аудартылды. Шиіттер ғана сәждені топыраққа жасайды. Шиіттерден басқалар "Бисмилаһи рахмани рахим» деп айтпайды немесе ақырын айтады. Оң қолға жүзік салып, "Арбағин Хусейни зияраты" дұғасын оқу – шиіттердің мұстахабаттарының қатарына жатады. Өйткені имам Хусейннің (ғ.с.) қозғалысы әрқашан Ислам мен шиіт мазхабының мәңгі өмірінің факторы болды. Намаз діннің тірегі болғандай, "Арбағин зияраты" мен Кербала оқиғасы велаяттың тірегі болып табылады.

Имам Хасан Аскари (ғ.с.) берекеге толы өмірі бойы әрқашан ислам тағылымдарын ислам қоғамының деңгейіне жеткізгісі келді. Имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) көп қолданылатын лақап аттарының бірі "Факих". Өдеріңіз білетіндей, шиіттер мазхабы көбінесе имам Садық (ғ.с.) кезеңінде қалыптасты. Содан соң имам Казем (ғ.с.) мен имам Резаның (ғ.с.) кезінде жетілді. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) көбінесе өз ғасырында қайшылықтарға ие мәселелермен айналысты. Сондай-ақ, ол өз уақытындағы немесе бұрын жиналған бірқатар кітапты  мақұлдап, авторлары мен жинаушыларына алғыс білдірді. Шын мәнінде, имам өзінің іс-әрекетімен олар болмаған кезде адамдар өз мектебінде оқыған  ғалымдарға барып, олардан діни білім алу үшін фиқһтану мектебін қалыптастырды.

Соңында имам Хасан Аскаридің (ғ.с.)  туған күнімен құттықтап, хазіреттің өсиетнамасының бір бөлігіне көңіл бөлуге шақырамыз. Имам (ғ.с.) шиіттеріне былай деген: "Сіздерді илаһи тақуалыққа, дінге адал болуға, Алла жолында талпынуға, тапсырылған нәрселерге, аманаттарға берік болуға, сондай-ақ, сәжделерінді ұзақ жасап, көршілеріңмен жақсы қарым-қатынас орнатуға шақырамын. Егер араларыңдағылар дінге адал, тек шындықты айтушы, аманатқа берік және халыққа мейірімді болса, оны шиіт деп атайды. Бұл мені қуантады. Алладан қорқыңдар! Көзіміздегі тікен емес, көркіміз болыңдар. Жақсылықты бізге жақындатып, жамандықты алыстатыңдар. Алланың есімін әрқашан қайталап, өлімді ұмытпаңдар. Үнемі Құран оқып, Пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат айтыңдар. Пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат айтудың он жақсылығы бар. Менің өсиеттерімді ұмытпаңдар. Өздеріңді Аллаға тапсырып, сәлемімді жолдаймын".

Әлемнің барша мұсылмандарын имам Хасан Аскаридың (ғ.с.) туған күнімен құттықтаймыз!

 

 

 

Тегтер