Қаң 05, 2020 13:54 Asia/Almaty
  • Халықтың қалаулы сардары

3 желтоқсанда Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы қажы Ғасем Солеймани америкалық тікұшақтардың шабуылында қаза тапты.

 

Ислам дұшпандарының қуанышына себеп болған бұл хабар мұсылман халықтарының жүректеріне қаяу салды. Ғасем Солеймани сынды ержүрек әрі мадаққа лайық адамнан айырылу ислам қоғамы үшін үлкен қайғы. Шәһид болу бұл тұлғанын арманы еді. Шиіттердің сенімдері бойынша шәһид болу ең жоғары дәрежеге жету болып табылады. Сондықтан шәһид үшін өмірінің ең көркем сәті басын имей, бөгде дұшпанның қолынан қаза тапқан сәті саналады.

 

Сардар Ғасем Солеймани

Исламда шәһид болу ең жоғары құндылық ретінде баяндалып, жиһад сынды тағылымдармен байланысты. Құран аяттары бойынша, шәһид – тірі; Жаратушы оның ырзығын береді. Хазірет Әли (ғ.с.) мұсылмандар арасында әділет пен теңдік орнату үшін кәпірлер мен Исламның дұшпандарына қарсы күрес жолында қылышын көтеріп, «Ең қадірлі өлім – Алла жолындағы өлім» деген ұранымен барша үшін жиһад жолын ашқан бірінші адам болды. Хазірет Әли (ғ.с.) «Наһдж ул-Балағеде» Алла жолындағы жиһадты мадақтап: «Ең қымбат өлім – өлтірілу. Алламен ант етемін, Алладан басқаға бағынудың орнына қылыштың соққыларына төзу мен үшін оңайырақ",- деген болатын.   

Ислам революциясының жетекшісі өз жолдауында: «Исламның танымал, мақтан тұтуға лайық қолбасшысы дүниеден озды. Кеше шәһидтердің рухтары Ғасем Солейманидің пәк рухын өз құшағына алды.  Жылдар бойы әлемдегі лаңкестер және қылмыскерлермен күрес майдандарында ерлікпен шайқасып, Алла жолында шәһид болуды аңсау ақырында Солейманиді осы биік дәрежеге жеткізді. Оның таза қаны адамзаттың қара ниет қылмыскерлерінің қолымен жерге төгілді»,‑ деді.

 

Шәһид Ғасем Солеймани хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1335 жылдың 20 эсфандында (11 наурыз 1957 ж.) Керман облысындағы таулы ауылда дүниеге келген. 12 жасында бастауыш мектепті аяқтаған соң ауылынан кетіп, Керман қаласында құрылыс жұмыстарымен айналысты.  Ирактың сол кездегі БААС режимі Иранға қарсы соғыс ашқан кезде соғыс майданына аттанып, кейін «Сараллаһ 41» деп танымал болған дивизияны басқарды. Ол қасиетті қорғаныс кезеңінде "Уалфаджр-8", «Кербала-4", Кербала-5" және "Так Шаламче" операцияларына қатысты.

Ғасем Солеймани хиджри шамси күнтізбесінің 1360 жылы Армия мен Сақшылар корпусының Сунгердтің батысындағы "Тариқ әл-Құдс" операциясында   бірінші рет жараланды. Бірақ жолын жалғастырды. Соғыс аяқталған соң сардар Солеймани басқарған "Сараллаһ 41" дивизиясы Керманға оралып, елдің шығыс шекаралары арқылы басқарылған қылмыскерлермен бетпе-бет келді. Ғасем Солеймани қасиетті қорғаныс соғысынан кейін Сақшылар корпусының қолбасшысы болып тағайындалғанша Иран-Ирак шекараларына жақын аймақтарда есірткі контрабандасымен айналысатын бандалармен шайқасты. 1376 жылы Иранның бүкіл Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы Солейманидің Теһранға шақырып, Сақшылар корпусының Құдс арнайы күштерін басқару міндетін тапсырды. 1389 жылдың баһман айында Ислам революциясының жетекшісі Солейманиге генерал атағын беріп, атқарған жұмыстары үшін марапаттап, "тірі шәһид" деп атады. Сардар Солеймани соңғы жылдары ДАИШ лаңкестеріне қарсы күрескен ірі қолбасшылардың бірі болды.  Ходжаджи шәһид болған соң қысқа уақытта ДАИШ-тың жойылуы жөніндегі хабарды таратуға уәде беріп, өз уәдесін жылдам орындады. 1397 жылдың эсфанд айында аятолла Хаменеи қажы Ғасем Солейманиді «Золфағар» белгісімен марапаттады. «Золфағар» белгісі – Иранның жоғары әскери белгісі. Бұл белгімен Ислам революциясынан кейін діни жетекші өз қолымен бірінші рет Солейманиді марапаттады. Ислам революциясының  жетекшісі: "Ол Ислам мен имам Хомейнидің мектебінде тәрбие көргендердің үздік үлгісі. Ол өз өмірін Алла жолында өткізді. Шәһид болу – оның жылдар бойғы талпыныстары үшін берілген сый. Дүниеден озуымен оның ісі тоқтамайды, жолы жабылмайды. Қолдарын сардар Солеймани мен осы оқиғада шәһид болған басқа да адамдардың қанына былғағандарды қатаң кек күтіп тұр",- деді.

                                                                              

 

                                                                              

Аятолла Хаменеи Ғасем Солейманиді "Золфағар" белгісімен марапаттады

 

Исламда шәһид болу ержүрек рух пен хабардар түрдегі таңдаудың нәтижесі; қоғамның қарсыласуы мен серпілісін көздейді. Өйткені табандылық, күпірлікпен күресу, бірлік, ақырет пен жоғары мүмкіндікке негізделеді. Бұл факторлар қоғамның қарсыласуын арттырып, қоғамды ілгерілетеді. Шәһидтер  қоғамның қарсыласуы мен серпілісіне кепілдік беріп,  қоғамдағы әлсіздіктерді жояды. Исламның ұлық пайғамбары шәһидтер  туралы: «Шәһидтен жерге аққан қанның бірінші тамшысымен оның бүкіл күнәсі кешіріледі. Шәһидтің басы  екі періштенің қасында болып, олар оны айналып, бетін топырақтан тазартып, оған «Қош келдің!» дейді.  Шәһидке жаннаттың киімі кигізіледі. Жынныттағы күтушілер шәһидті әтірлеу үшін бір-бірімен бәсекелеседі. Шәһидтің рухы денесінен бөлінбестен бұрын жаннаттағы өз орнын көреді.  Жаннатта оның рухына «Қалаған жеріңе орналас» деп айтылады. Оның көзі жарқырап, ерекше мейірімді көріп, қуанышқа бөленіп, Жаратушының ризалығын сезеді»,- деп айтқан болатын.

Алла Тағала «Ахзаб» сүресінің 23-ші аятында: «Мүміндерден, Аллаға деген уәделерін шындыққа шығарған ерлер бар: Олардан кейбіреуі жанын құрбан қылды және кейбіреуі күтуде. Олар серттерін әсте ауыстырмады»,- деді.

Сардар Солеймани Аллаға құлшылық ететін әрбір жүректен орын тапты. Ол шәһидтердің балаларын ойлап, зорлық-зомбылық пен қиындық көргендерді жұбататын.  Исламның ең қарапайым әрі ең қалаулы осы қолбасшысы өз уәдесін орындап, Алла жолында шәһид болды. Ислам мәңгі, оның тағылымдары жаңа; адамзатты жақсылық, бейбітшілк пен әділетке шақырады. Шәһидтің таза қаны қарсыласу ағымы жауынгерлерімен бірге болу жолын ашады.

 

 

 

Қастандықпен өлтіру  дұшпанның әлсіздігін білдіреді. Қастандықпен өлтіру  – азаттық пен шындықты талап етушілермен бетпе-бет келетін күш-қуаты жоқ адамдардың сәтсіздікке ұшырағандарының белгісі. Алайда дұшпандар сардар Солеймани сынды ұлы тұлға шәһид болған кезде басқа солейманилердің көтеріліп, өзін жалғандыққа қарсы күрестің бірінші қатарында көрсететінін білмейді. Алла мен пайғамбарлар, илаһи әулиелер шәһид Ғасем Солеймани мен оның қасындағыларға сәлем мен салауат айтады. Бұл кісінің шәһид болуына байланысты әлемнің бүкіл азаттық талап етушілеріне көңіл айтамыз.

 

 

 

 

Тегтер