«Фаджр» онкүндігі (3): Ислам революциясы – әділет пен дамуды талап етуші
(last modified Mon, 03 Feb 2020 14:27:32 GMT )
Ақп 03, 2020 20:27 Asia/Almaty
  • «Фаджр» онкүндігі (3): Ислам революциясы – әділет пен дамуды талап етуші

Ислам революциясының көсемі имам Хомейни бұл революцияны дүниежүзі революцияларынан өзгеше деп санаған. Өйткені ол әділет пен руһани негіздерге сүйенеді. Аятолла Хаменеи де Ислам революциясының төртінші онжылдығындағы әділет пен даму мақсатын белгіледі.

Құран Кәрімнің айтуынша, барлық діндер әділетті өз мақсаты етті. Алла Тағала «Хадид» сүресінің  25-ші аятында: «Расында елшілерімізді ашық мұғжизаларымызбен жібердік. Және елшілермен бірге адам баласының әділ тұруы үшін Кітапты, мизанды (әр нәрсенің өлшеуін) жібердік...»,- деді. Бұл аят қасиетті Кітаптардың қоғамда әділет орнатып, оны кеңейтуді мақсат ететінін көрсетті. Құранда зорлық-зомбылық жасаушылар таптарының үнемі пайғамбарларға қарсы болғандарына назар аудартты. Алла Тағала  «Сәбә» сүресінің 34-ші аятында:  «Бір кентке ескертуші жіберген болсақ, әсіресе олардың байлары: “Рас сендер арқылы жіберілген нәрселерге қарсымыз” деді. Сондай-ақ барлық діндер үміттендіретін тарихи қозғалыстың соңы әділеттің және Алланың дінінің орнатылу болатынына сенеді. «Әл-Ясин зияраты» дұғасында: «Жер бетін зорлық-зомбылық пен әділетсіздік жайлаған кезде, әділетті таратады»,- деп айтылды. Бүкіл пайғамбарлар мен діндер әділет орнатуды көздеді. Алланың қолдауына ие болған қасиетті Ислам діні әділет пен теңдіктің мектебі, исламдық үмбет басқа үмбеттер үшін мөлшер болып таныстырылды.

Иран Ислам революциясының ұзақ мерзімді мақсаттарының бірі - пайғамбарлардың ой-пікірлері мен барлық шынайы жақтаушылардың ұмтылыстары мен тілектерін жүзеге асыру. Яғни Ислам мен пайғамбарлардың тағылымдары бойынша өмір сүретін адамдардың қауымдастығын қалыптастыру дегенді білдіреді. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Біз адамзат бақытына пайғамбарлардың тәлімдері арқылы жетеді деп сенеміз. Адам пайғамбарлардың тағылымдары болмаса, рухани даму түгілі, материалдық дамуға да қол жеткізе алмайды. Қоғамда пайғамбарлар ой-пікірі іске асырылуы үшін ұзақ мерзімді қажет етеді. Бұл революция осы мақсатпен орын алды»,- деді. Ислам революциясының негізін қалаушы имам Хомейни бұл революцияны әлемдегі басқа революциялардан өзгеше деп қарастырды, өйткені ол әділеттілік пен руханиятты кеңінен таратқан армандарға негізделген болатын. Аятолла Али Хаменеи хиджри-шамси күнтізбесінің 1387 жылы алғаш рет Ислам революциясының төртінші онжылдығындағы негізді   әділеттілік пен даму деп атап,  осы онжылдықта әділеттілік пен кең ауқымды дамуға қол жеткізуді мақсат рретінде анықтады.

Әділеттілік дегеніміз - адамның илаһи сипатына негізделген ұғым. Әр адам әділетті талап етеді. Тіпті дінді қабылдамайтын адам әділетсіздікті сезген кезде, дауысы шығады. Сондықтан әділетті орнату илаһи пайғамбарлардың негізгі міндеті.    

Әділдік тарих бойындағы мазлұм адамдардың ежелден енсап келген арманы. Бүгінгі таңда адамзат әлеуметтік жүйелердегі зорлық-зомбылықпен бетпе-бет келіп отырған жағдайда, әділеттілікке мұқтаж. Аятолла Хаменеи: «Егер әділет қамтамасыз етілсе, адам құқығы мен адагершлік те қамтылады және адамдар өз құқылары мен азаттыққа жетеді. Сондықтан әділет барлық нәрсенің негізі»,- деді.

Әділеттілік дегеніміз – әр нәрсені өз орнына қою және әр адам мен әр нәрсенің құқығын өзіне беру.  Имам Әли (ғ.с.) әділеттілік жеке адамнан, оның нәпсісінен басталады деп санады. Имам Әлидің (ғ.с.) айтуынша, «өзін халықтың  басшысы еткен адам, басқаларды үйретуден бұрын өзін тәрбиелеуі керек». Хазірет үкіметтің мақсатын зұлымдыққа қарсы табандылық,  кемсітушілікпен күресу және езілгендерді қорғау деп тапты. Оның саяси және үкіметтік бағыты мен іс жүзіндегі қисынының  ең көрнекті элементі ретінде әділеттілік болып табылады.  

 Имам Әли (ғ.с.): Өзін халықтың  басшысы еткен адам, басқаларды үйретуден бұрын өзін тәрбиелеуі керек. 

Әр революция мен әр үкіметтін ең қиын мәселесі әділетті іске асыру болып табылады. Әділетті іске асыру саясаттар мен бағдарламаларды және қиындықтар мен шығындарға төзуді қажет етеді. Иран халқы өз революциясын дінге негіздеп, нәтижеге жеткізді. Ислам революциясының дәл осы әділеттік талап етуі әлемдік үстемшілдіктін оған қарсы күресуіне себеп болды. Сондықтан Иран халқы мен Ислам республикасы жүйесі басшыларының  дұшпандардың алдындағы қырағылығы мен тұрақтылығы әділетті іске асыру жолындағы қажеттіліктердің бірі. Сөйтіп, әділетсіздік жағдайларын анықтап, оларды шешуге тырысу керек. Ақсүйектер, сән-салтанат, шектен тыс сұраныс, нысандарға, ресурстарға және мүмкіндіктерге қол жетімділіктің жеткіліксіздігі, байлық пен табыстың тең бөлінбеуі, өркендеу мен өмір сүру мақсатындағы қалалық және ауылдық қауымдастықтардың теңсіздігі сынды мәселелер әділетсіздіктің факторы, сондықтан оларды шешуге талпыну қажет.

Аятолла Хаменеи елдің дискуссияларының көбін Ислам революциясының төртінші онжылдығында әділет пен дамуға арнап, бұл екі негізді бір-біріне қажет деп таныстырды. Кез-келген қоғамдағы дамуды түсіндіру оның дүниетанымына байланысты. Адамның өмірін бесігі мен қабірдің арасымен шектеп бейнелейтін материалдық дүниетанымның ілгерілеуі адамды мәңгілік деп санайтын илаһи дүниетанымындағы ілгерілеуден мүлдем өзгеше. Илаһи дүниетанымында адам ойлану, сенім арту, сезімдерін көрсету,  сондай-ақ оның барлық әрекеттері мен жүріс-тұрыстарына қабілетті мәңгілік жанға ие. Сондықтан илаһи дүниетанымдағы ілгерілеудің негізі - илану және өзін-өзі тазарту аясында  құтқару. Сондықтан Құран түсініктері мен илаһи дүниетанымға негізделген Иран Ислам революциясындағы ілгерілеу діни ілімдер шеңберіндегі интеллектуалдық, діни және практикалық аспектілердегі ілгерілеуге негізделген. Батыс үшін даму дегеніміз - материалдық алға ілгерлеу.  Батыстың көзқарасынша даму, яғни  пайда, байлық және күш-қуатты арттыру. Бұл жағдайда даму материалданған кезде ахлақ мен имандылық оның құрбанына айналады. Исламдық-ирандық даму үлгісінің инфрақұрылымы - Құран мен Аһле-Бейттің (ғ.с.) тағылымдарына негізделген исламдық дүниетаным. Оның мақсаты адамгершілікті,  адамның кемелдікке жетуі, Исламның негіздері мен ережелерін тарату болып табылады. Ислам мен исламдық пікірлерге сүйенген даму тек мұсылмандар үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін пайдалы.

Аятолла Хаменеи: «Әлемдегі кейбір елдер мен жүйелер сияқты, біз тек даму туралы ғана ойламаймыз, біз әділеттілікпен бірге дамуды қалаймыз. Ғылыми тұрғыдан дамыған көптеген елдер бар. Мысалы, олардың жан басына шаққандағы кірісі өте жоғары. Бірақ маңыздысы бұл кірістін халықтың арасында қалай бөлінетіні!  Илаһи емес, үстемшіл жүйелер бұл мәселеге көңіл бөлмейді. Алайда біз көңіл бөлмей қалдыра алмаймыз. Біз дамумен біргі елді әділетпен басқарғымызы келеді. Әділеттің дамусыз және дамудың әділетсіз болмағаны жөн»,- деді.

Ислам революциясы - әділет пен дамудын көрінісі

 

 

 

 

Тегтер