Жарқын келешек (7)
(last modified Sun, 09 Feb 2020 11:58:32 GMT )
Ақп 09, 2020 17:58 Asia/Almaty
  • Жарқын келешек (7)

Ислам революциясы мен Ислам республикасы жүйесі велаят факих негіздерінен тамырланған нығметке ие.

Пәк имам ғайып кезде, халық сырт көзге Исламның ұлық пайғамбары әулетінің басшысының басқаруынан мақрұм болғанымен, қоғамды дұрыс жолға нұсқау, яғни имамның (ғ.с.) орынбасары ретінде қоғамды басқару діни ғұламалардың міндеті болып табылады.  Иранның Ислам революциясы имам Хомейнимен құрылып, ғұлама басшының қырағы басқаруымен миллиондаған халықтың жүректерінен орын тауып, тауһид пен Аллаға қарай нұсқаған оқиға болды. Имам Хомейнидің Ислам республикасының алғашқы онжылдығында дауылды теңіздегі кеменің рөлін атқарды. Әртүрлі саяси дағдарыстар, сепаратизм, экономикалық бойкоттар және әскери агрессия кез-келген революцияны сәтсіздікке ұшырату үшін жеткілікті болды, бірақ өзінің ерекше басшылығымен имам Хомейни жаңадан қалыпастқан Ислам республикасы жүйесін тұрақты және тыныш кезеңге жеткізді. Имам Хомейни  дүниеден озған соң діни жетекшісі Хобрегон мәжілісі төтенше отырысында аятолла Хаменеиді имамның орнына сайлады. Нәтижесінде исламдық жүйе аятолла Хаменеидің басқаруымен өз жолын жалғастырды. Ислам революциясының жетекшісі шиіттер әлемінің әйгілі ғұлама ретінде біірнші рет 30 жыл бойы діни үкіметті басқарып, өз жолын жалғастырды. Аятолла Хаменеи іс жүзінде теоретик және зияткер, рационалдылық, уақыт пен орын оның шешімінің негізі болып табылады. Ол революциядан бірнеше жыл бұрын өзінің еңбектерінде имаматтық тақырыбын баяндады.

БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Хавье́р Пе́рес де Куэ́льяр басшылықпен кездесуден кейін: «Мен көптеген саяси қайраткерлермен, әлемнің барлық елдерінің президенттері және көшбасшыларымен кездестім. Бірақ осы кезге дейін аятолла Хаменеи сынды саясаткер  мен ақыл-парасатты тұлғаны көре алмадым», - деді.

Дағдарысты басқару және үміт пен мүмкіндікті арттыру - олардың басқарушылығының көрінісі. Діни жетекшісі бүкіл қарулы күштердің басшысы ретінде жаулардың алдын алып, исламдық жүйенің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде түбегейлі рөл атқарды. Көптеген зиялы қауым үшін,  Иран Батыс Азия аймағында тұрақты және қауіпсіз болуына діни жетекшінің басшылығы мен халқының басшысының қасында бірігуіне борыштар. Осындай басшылық аясында келешектін жаңа жетістіктерге жететіні анық. Ислам революциясы жетекшісі: «Келешектың   жақсы, анық, үмітті және бұрынғыдан артық болатынын сан рет айттым. Алла Тағала өз Пайғамбарына (с.ғ.с.): «Әрине сен үшін ақырет, дүниеден жақсы болады»,- деген. («Духа» сүресінің 4-ші аяты). Имам Хомейнидің еккен тұқымдары келешекте нәтижеге жетеді. Сондықтан біздің келешегіміз жақсы, айқын және үмітті болады»,- деді. 

 

Тегтер