Ислам революциясы жеңісінің 41 жылдығы
(last modified Mon, 10 Feb 2020 16:22:03 GMT )
Ақп 10, 2020 22:22 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жеңісінің 41 жылдығы

22 баһман (11 ақпан) Ислам революциясы жеңісінің 41 жылдығы!

 

1979 жылдың 11 ақпаны әлем тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі. Бұл күні күресшіл діни азамат, яғни имам Хомейни басқарған Иран Ислам революциясы жеңіске жетті. Иран Ислам революциясы әлемдегі ірі оқиғалар тізіміне тіркелді. Сондықтан оның нәтижесі залым монархияның құлауымен шектелмеді. Иран Ислам революциясының жеңісі  Таяу Шығыс (Батыс Азия) аймағына және бүкіл әлемге әсер етті. Осы себепті Ислам революциясы әлемдегі ең үлкен революциялардың бірі болып саналады. Ислам революциясының әлемдік аренадағы маңызы Иранның   2500 жылдық үстем патшалық режимді құлатудан кем болмады. Иран Ислам революциясы авторитарлыққа қарсы саяси және әлеуметтік қозғалыс болды. Ол сондай-ақ отаршылдыққа қарсы қозғалыс болды әрі 41 жыл  бойы үстемдік және зорлық-зомбылық күштермен күресуді жалғастыруда. Иран Ислам революциясы әлемдегі кез-келген саяси және революциялық өзгерістер либералдық демократия немесе марксистік екі ағымына тәуелді болатын уақытта сәтті болды. Бірақ имам Хомейнидің қозғалысы 1963 жылдан бастап исламдық ілімдерге сүйене және әлемдік үстемдік державаларына қарсы күресіп, Шығыс және Батыс ойға тәуелді болмай-ақ жеңіске жетті. Осы себепті, Мұхаммадреза Пехлевидің имам Хомейнидің исламдық қозғалысын марксизмге жақын көрсету  әрекетін Иранның қоғамдық пікірі де, саяси және университеттік тұлғалар да қабылдамады. Алайда Шахтың диктатурасы Мұхаммадреза Пехлевидің сенімін сынға алуға мүмкіндік бермеді. Батыстың саяси орталары Иранның патшалық режимін тұрақты деп бағалады. Таяу Шығыстағы Пехлеви режимі екіполюстік арал үшін тұрақты әрі қауіпсіз саналды. АҚШ, Ұлыбритания және Франция 1978 жылы Гваделупа саммитіне дейін Иран монархиясының құлауын күтпеді. Джимми Картер Мұхаммадреза Пехевидің үкіметінен бір жыл бұрын 1978 жылдың қаңтарында Теһран сапарында шахты халықтың сүйіктсі және Ираны тұрақтылық пен қауіпсіздікті аралы деп атады.   

Азаттық пен демократия жөнінде уәжденетін Батыс үкіметтерінің Мұхаммадреза Пехлевидің үстем режимін қолдауы Иран шахының халық наразылықтарын басып-жаншуына көп әсерін тигізді. Иранның замамнуи жазушыларының бірі Ғұламреза Неджати бұл салада: "1978 жылдың 1 қаңтарындағы Картердің Ниаваран сарайындағы мақтап сөйлеген сөзі Мұхаммадреза шахтың өзіне деген сенімін нығайтты. АҚШ-тың қолдауы оны қысым көрсету және басып-жаншу саясатын жалғастыра алады және озіне қарс шыққандардың басшылары, әсіресе Наджафта оның режиміне қарсы белсенділігін жалғастырып отырған имам Хомейниді сахнадан алып тасай алады деген ойға итермеледі",- деп жазды. Ғұламреза Неджати Джимми Картердің Иранның патшалық үкіметін қолдауын сынап: "АҚШ Президентінің 1978 жылдың 1 қаңтарынд ондаған мың ирандықтың қанына қолы былғанған  шахты  мақтауы "Адам құқығы, азаттық, демократия" деген ұранның АҚШ-тың тәуелсіз және оған бағынбайтын елдерге қысым көрсету құралы екенін анықтады. Картер "әлемде мен үшін шахтан құрметтілеу әрі жақындау басшы жоқ" деді. АҚШ Мұхаммадреза шахтың үкіметінің құлауынын 25 жыл бұрын 1953 жылы Мосаддеқ басқарған Иранның ұлттық үкіметіне қарсы төнкеріс жасап, шахты қайтарып, 25 жыл бойы патшалық режимге қолдау көрсетті. Бұл кезеңде шах үкіметіне қарсы наразылықтарды басып-жаншу үшін әлемнің ең үрейлі тыңшылық ұйымдарының бірі САВАК құрылды. Осыған орай имам Хомейни шахқа қарсыласуымен тұспа-тұс АҚШ пен Израиль режиміне қарсы күресін бастады.  Мұхаммадреза Пехлевидің үкіметі Құдтсы жауалп алушы режиммен өте жақын саяси, экономикалық, әскери және ақпарат қатынастар орнатқан болатын. Өткен 41 жылдағы Иран халқының АҚШ пен сионистердің Ислам революциясына қарсы дұшпандылығына халықтың аталмыш оқиғаға дейінгі күрестерімен байланысты. Иранның Ислам революциясы АҚШ пен Батыс үкіметтерінің талаптарына қайшы Иранды әлемнің үстемшіл үкіметтері  билігінен шығаруымен бірге АҚШ-тың Таяу Шығыс аймағы елдерінің істеріне араласуына тыйым салды.

Никсон доктринасында Парсы шығанағы аймағындағы   байлығы мен халқы, стратегиялық орналасуы, салыстырмалы тұрақтылығы мен әскери әлеуті сияқты факторларға байланысты Иранға жандарм болу міндет жүктелді. Осы доктринаға сәйкес Иран мен Сауд Арабиясының үкіметтері АҚШ бағдарламаларының екі негізгі тірегі ретінде Парсы шығанағындағы оның мүдделерін қорғауға міндеттелді. Бұл екі тіректің маңыздылауы Иран және екіншісі Сауд Арабиясы саналды. Сауд Арабиясы  көбінеде қауіпсіздік бағдарламаларды қаржымен қамтамасыз етуші болды. АҚШ-тың бұрынғы Қорғаныс министрі Гарольд Браун Иранның Ислам революциясы алдындағы АҚШ-тың сыртқы саясатындағы Иранның орының маңыздылығына тоқталып, Парсы шығанағы мұнайын бақылау Батыс Еуропа мен Жапонияға үстемдік етуге мүмкіндік беретінін жақсы түсінді. Бұл тақырып Ислам революциясы жеңісінің АҚШ-тың аймақ пен әлемдегі билеп-төстеуші саясаттарына қандай ауыр соққы бергенін көрсетеді. Сондықтан АҚШ үкіметтері өткен 41 жылда Иранның өзгерістерін түсініп, Иранның халық демокартиясы жүйесіне қарсы дұшпандылығын тоқтақылары келмеді. Өткен 41 жылдағы АҚШ-тың Иранға қатысты саясаты Ислам республикасы жүйесінөзгерту болды. Осыған орай Америка өткен қырық жылда Иран халқына қарсы кез-келген қастықты іске асырды. Оларды ішінде ең маңызды қылмыстарының бірі Ирак диктаторы Саддамды Ислам ревоюциясының жеңіңсінен 18 ай өткен соң 1980 жылы ИИР-на қарсы соғыс ашуға итермелеуі болды. АҚШ-тың соңғы әрекеті ИИР-на қарс экономикалық санкцияларды күшейтуі болды. Иран халқы АҚШ-тың дұшпандылықтарына қарсыласу және табандылық білдіру жолды сайлады және  бұл жолында экономикалық, саяси, қауіпсіздік және әскери жетістіктерге жетті. 

Иран халқының АҚШ пен сионистердің зорлық-зомбылығына қарсы тұруы Ислам Республикасының шекараларымен ғана шектелмейді. Бүгін Таяу Шығыстағы қарсыласу майданының аясында Иран АҚШ пен Құдсты жаулап алу режимінің билеп-төстеу саясатына қарсы шықты. Иран халқы бұдан 40 жыл бұрын 40 000 американдықты елінен шығарған. Осы кезде аймақ халықтары американдық күштердің шығуы мен әскери базаларын жабуды талап етуде. 11 ақпан Ислам революциясы жеңісінің 41 жылдығы  Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы жасағының қолбасшысы генерал майор Ғасем Солеймани мен Ирактың  «Хашд әш- Шааби» халықтық күштері ұйымы басшысының орынбасары Абумахди әл-Моһандестің шәһид болған күнінің қырықымен тұспа-тұс келді. Трамп Ғасем Солеймани  мен Абумахди әл-Моһандесті террорист деп атады, бірақ Иран мен Ирак халықтары бұл шәһидтермен қоштасы рәсімдеріне жаппай қатысып, кімнің лаңкес және кімнің олармен күресу екенін көрсетті. ИИР Ғасем Солеймани мен Абумахди әл-Моһандесті қазаға ұшыратқан лаңкестік әрекетке жауап ретінде Ирактағы Американың Ейн әл-Асад әуе базасын атқылауы АҚШ-тың Иран халқының алдындағы дәрменсіздігін анықтады. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің бірде-бір ел жүздеген әскери күші орналасқан АҚШ базасын нысанаға алған емес. 11 ақпанда Иран халқы Ислам революциясының жеңісінің 41 мерейтойына тағы жаппай қатысып, Ислам революциясының көсемі имам Хомейнидің армандары мен оның қазіргі жоғарғы жетекшісі аятолла Хаменеи басшылығына табанды екендерін әлемге тағы бір мәрте қуаттайды. Аллаға иман келтірген және жастарына арқа сүйген Иран халқы АҚШ үкіметі  тудырып отырған экономикалық қиындықтарға қарамастан барлық салада дамып, әлемдегі барлық қоғамдар үшін үлгі болып қалады.