Палестина - барлық діндер үшін қасиетті жер (1)
(last modified Fri, 28 Feb 2020 09:05:11 GMT )
Ақп 28, 2020 15:05 Asia/Almaty
  • Палестина - барлық діндер үшін қасиетті жер (1)

Палестина - монотеистік діндердің бесігі және илаһи пайғамбарлардың отаны.

Палестина жері мыңдаған жылдарға созылған тарихқа ие және алғашқы адамзат өркениеттері пайда болған жерлердің бірі. Палестина Азия құрлығының батыс шетінде және Жерорта теңізінің шығысында орналасқан және Египет, Иордания, Сирия және Ливанмен шектесетін жер. Бұл жер тарих бойында мұсылмандар, христиандар және еврейлердің мекені болған. Археологтар Палестинаның кейбір аймақтарында ертедегі адамдардың сүйектерін тапты. Зерттеулерге сәйкес бұл сүйектер біздің дәуірімізге дейінгі 12000 жыл бұрынғы кезеңнің сүйектері. Сондай-ақ Палестинаның кейбір Иерихон, Маджд және Газа сынды қалаларының әлемнің ең көне қалаларынан саналады.

Палестина жерінің географиялық орыны

Географиялық жағдайы, кәсіп пен өндірістің және ауылшаруашылығының өркенеуіне байланысты бұл жерге қарай көшу біздің дәуірге дейін бірнеше ғасыр бұрын басталды. Палестина тарихында хазірет Иса дүниеге келуінен 2500 жыл бұрын, Араб түбегінен және Хиджаздың жүрегінен бірнеше араб тайпалары Палестина сияқты жерлерге қоныс аударғаны  айтылды.   Олар қанахандық арабтар еді. Осылайша Палестинаның алғашқы танымал тұрғындары қанахандықтар болып, олар Палестина жерін «Қанахан елі» деп атады. Олар құнарлы Палестина жерлерінде егіншілі  және мал бағумен өмір сүрді және басқа халықтармен сауда байланыс орната отырып, олар ежелгі өркениеттің негізін қалады.

Қанахандықтар шамамен 200 қаланы, олардың ішінде әйгілі Кудс және Наблус қалаларын тұрғызды. Бірақ Палестина географиялық жағдайына, жерінің құнарлылығына және қасиеттілігіне байланысты тарих бойында көптеген қақтығыстардың куәсі болды. Біздің дәуірге дейінгі XIII ғасырда Палестинаға Крит аралынан және Эгей теңізінен жауынгер тайпалар келді, олардың алғашқы атауы Пелест болды. Үшінші Рамсестен қалған жазбаларда «Палестина» атауының филистимдіктер (Pulasti) тайпаларынан шыққаны айтылды. Палестиналықтар дәуірімізге дейінгі ХІІ-ХІІІ ғасырларда бұл аймаққа Эгей теңізі аралдары (ықтимал бойынша Крит аралы) және Жерорта  теңізінің басқа аймақтарынан келіп, Джафа мен Газа жағалауларына қоныстанды. Рауаяттар бойынша, қалалар мен олардың алғашқы тұрақтау орталықтары Ашдод, Ашкалон, Газа, Экрон және Гат порттары мен қалалары болды.

Айта кететін жәйт, бұл аймақта палестиналықтардың  грек қышын еліктеп жасаған қыш ыдыс табылды. Бұл қыш ыдыстардың бетіндегі суреттер филистимдіктердің жауынгер адамдар болғандарын көрсетеді. Олар қанахандықтардың дініне қызығып, өздерінің Дайгон, Баал және Аштар құдайларына табынған. Олар сонымен бірге темір ресурстарын өндіру мен оларды пайдаланып, темір әскери құралдар жасауға шебер еді. Таурат кітабында бірнеше рет айтылғандай, олар Исраиль әулетінен шыққан Ешуа жерді жаулап алғысы келіп, шабуыл жасаған кезде, өздерін қорғады. Исраиль әулетінің алғашқы патшасы Саул  палестиналықтармен алғашқы шайқасында жеңіске жетті. Бірақ палестиналықтар Гильвуе (Гильбао) аймағында басқа шайқаста Саул әскерін жеңіп, оның патшалығын аяқтатты. Саул жеңіліп, өз-өзіне қол жұмсады.

Палестина

Алланың жалғыз болуына сену хазірет Ибраһим пайғамбардың Палестинаға келуінен басталды. Хазірет Ибраһим пайғамбар біздің заманымыздан шамамен 1900 жыл бұрын Палестинаға Ирактан енді. Хазірет Ибраһим - шариғат пен қасиетті ілімдер мен пайғамбардың еркіне ие болған, сондай-ақ монотеизмді тарату үшін көп жұмыс жасады  ұлы пайғамбарлардың бірі. Хазірет Ибраһим пұтқа табынушы немесе ай мен күн сияқты аспан объектілеріне табынатын тайпалардың арасында теологияның негізін таратқан алғашқы адам болған. Хазірет Палестинаға енген кезде, әл-Халилде (Хеброн) қоныстанды. Хазіерт Ибраһим тек монотеизмнің бастаушысы ғана емес, сонымен бірге балаларды құрбандыққа шалуды тоқтатушы болды.  Құдайдың бұйрығымен хазірет оған иман келтіргендермен бірге Ур қаласынан кетіп, Қанаханда қоныстанды. Қанаханда ол адамзат негіздеріне қайшы келетін рәсімдерге ие адамдарды кездестірді. Олар өз балаларын  құдайларының бірі үшін құрбан етті. Бұл хазірет Ибрахим жойған канахандықтардың  әдет-ғұрыптарының бірі еді.

Хазірет Ибрахимнің бірінші әйелі Сарадан, Исхақ атты, ал одан бұрын екінші әйелі Хаджардан Исмаил деген ұлдары болды. Хазірет Яқұб хазірет Исхақтың перзенті. Хазірет   Яқубтың перзенттерінің бірі Юсуф пайғамбар еді. Хазірет Юсеф Мысырда адамдарды монотеизмге шақырып, пұтқа табынушылықтан алыстатты. Сөйтіп пұтқа табынатын ғибадатханалардың діни қызметкерлерінің ашуына себеп болды, бірақ хазірет оларды жеңді. Хазірет Юсеф Мысырда жоғары лауазымды қызмет атқарып, осылайша халыққа қызмет етті. Хазірет Яқұб пен перзенттері хазірет Юсуфтың білгі кезінде Мысырға сапар шекті. Хазірет Яқұбтың перзенттері Мысырда қалып, кейін Алланың пайғамбары хазірет Мұсамен Палестинаға оралады.

Хазірет Мұса хазірет Имранның (Яқұбтың немерелерінің бірі)  перзенті. Ол хазірет Ибрахимнен 500 жылдан кейін өмір сүрді. Оған Мұса деген есм қойылды, өйткені оның бесігі суда тұрған ағаштан қасынан табылды. Хазіреттің анасы Жокебедтің есімі Тауратта айтылған. Хазірет Мұса Мысырда залым Перғауынның біилігі кезінде дүниеге келді және кейін өз тайпасымен Палестина жеріне енді.

Палестина жеріндегі Исраиль әулетінің пайғамбарлары өз халқын басқару және дұрыс жолға нұсқаумен айналысқан. Бірақ Исраиль әулеті басқа ұлттарға қарағанда өз пайғамбарларына  көбірек зорлық-зомбылық көрсетіп,  сөздерін елемей, оларды өлтірді. Олар тәубе етіп, олардың алдында рақымдылық есіктері ашылатын. Бірақ қайтадан нығметтерге күпірлік білдіріп, адасып, Алладан алыстап, илаһи азаппен бетпе-бет келетін.

Хазірет Дәуіт және әсіресе хазірет Сүлейман кезінде Исраиль әулеті өркендеді. Негізінде еврейлердің күш-қуаты сол кездегі абадталған жерлердің үлкен бөлімдерін жеңіп алған хазірет Сүлейманның билігі кезінде жоғары болды. Алайда еврейлердің тәкаппарлығы мен олардың арасындағы қайшылығы олардың бір-бірлерінен ыдырап, билігінің бірнеше жылға ғана жетулеріне себеп болды. Бірақхазірет Сүлейман дүниеден озған соң еврейлер мен сол аймақтың тұрғындары қақтығысып, екі үкімет атап айтқанда солтүстігінде  - Израиль  және оңтүстігінде – Яһуда деген екі үкімет құрылды. Екі үкіметтің арасындағы соғыс пен қантөгіс күшейіп, ассириялықтардың  Израиль үкіметін өз бақылауына алуымен аяқталды. Яһуда билігі де Бабылдың қанды патшасы Бахт Эль Насермен құлатылды және еврейлер құлдыққа түсті. Тауратта палестиналықтардың еврейлерге қарсы көптеген шайқастары туралы айтылған. римдіктер яһудилерді христиан дініне қабылдап, олардың көпшілігін өлтірді. Сөйтіп еврейлердің Палестинада болуы аяқталып, олар әлемнің түкпір-түкпіріне бытырап кетті.

 

Тегтер