Пайғамбар (с.ғ.с.) және құбыланың өзгеруі
Ислам тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі - құбыланың Құдс мешітнен Қағбаға қарай өзгеруі.
Қасиетті режеп айының 15 жұлдызы Ислам тарихының маңызды оқиғасымен тұспа-тұс келеді. Бұл күн мұсылмандардың құбыласының әл-Ақса мешітінен әл-Харам мешіті және Қағбаға қарай қаратылған күні. Хиджри-қамаридің 2 жылы Исламның ұлық пайғамбары Медине қаласыынң Бани Саламе мешітінде зуһр намазын оықп отырған кезде, «...жүзіңді әл-Харам мешіті жаққа қарат. (Әй мүміндер!) Қайда болсаңдар да (намазда) жүздеріңді солай қаратыңдар...», - деген аят түсті. («Бақара» сүресі,150-ші аят). Содан кейін Пайғамбар (с.ғ.с.) намазын Құдстан Қағбаға қарай өзгертіп оқитын болды. Мешітте Пайғамбардың артынан намаза оқып тұрған ерлер мен әйелдер де хазіретпен бірге Қағбаға қарай бұрылды. Осы күннен Қағба мұсылмандардың тәуелсіз құбыласы саналатын болды. осы оқиғаға орай бұл мешіт «екі құбыланың мешіті» деп аталды.
Құдс мұсылмандар, христиандар мен еврейлер үшін ерекше маңызды ең қасиетті жерлердің бірі. Бұл жердегі әл-Ақса мешіті әлемнің ең қасиетті мекендерінің бірі ретінде танымал. Бұл қасиетті мекеннің ерекшелігіне назар аударып, Исламның ұлық пайғамбары пайғамбарлық міндетіне сайланған соң 13 жыл бойы Мекке қаласында оған қарай намаз оқыды. Хазірет Меккеден Мединеге қоныс аударып, исламдық үкімет құрған соң, хиджри қамаридің екінші жылының режеп айының ортасына дейін Құдске қарай намаз оқыды.
Осы уақытта еврейлер, әсіресе Медина қаласындағы яһудилер өз дінің негізгі қылып көрсетіп, мұсылмандарға күмән тудырып, Исламның ұлық пайғамбары құрған үкіметтің негіздерін осалдату үшін: «Мұсылмандар біздің дінімізге қарсы болғандарымен тәуелсіз емес, олар біздің дінімізді ұстанып, біздің құбыламызға қарай намаз оқиды»,- деді. Пайғамбар бұл сөздерден уайым-қайғыға түсетін. Хазірет Меккеде болған кезде. Қағба мүшіріктері пұттарының орталығы саналды. Мұсылмандар намаздарын әл-Ақса мешітіне қарай оқыды. Хиджраттан кейін Пайғамбар (с.ғ.с.) илаһи бұйырықты күтті. Бірақ еврейлер Құбыла мәселесін мұсылмандардың азаптайтын құрал деп білді. Еврей және христиан ғұламаларын өздерінің діни кітаптарынан екі құбылаға қарай намаз оқитын пайғамбардың келетінінен хабардар болған. Құран Кәрімнің «Бақаре» сүресінің 150-ші аятында: «...жүзіңді әл-Харам мешіті жаққа қарат. Адамдар үшін сендерге қарсы бip дәлел болмасын»,- деп айтылды. Тәпсіршілердің бірі бұл аят жөнінде: «Егер құбыла өзгермегенде, мұсылмандарға қарсы тілдер ашылатын еді. Басқа жақтан еврейлер «біз Тәураттан бұл пайғамбардың белгісі екі құбылаға намаз оқу деп оқыдық», сондай-ақ мүшіріктер «ол хазірет Ибрахим дінің жаңғырту үшін келді, олай болса, тауһидтің алғашқы үйін ұмытты» деп айтатын еді. Мединада Пайғамбардың (с.ғ.с.) үкіметінің құрылуымен мұсылмандардың күші нығайды. Сондықтан енді Құдстың құбыла болуы қажет болмады. Илаһи бұйырық келіп, құбыла Қағбаға қарайтын болды. Алла Тағала «Әл-Имран» сүресінің 96-шы аятында: «Негізінен адам баласы үшін Меккеде алғаш құрылған үй (Қағба) бүкіл әлемге мүбарак және тура жол»,- деген болатын. Кейбір рауаяттар бойынша, хазірет Адам Қағбаны салып, өзі оны тәуәп етті. Сондықтан Қағба алғашқы әлемдік ғибадатхана, тауһидтің ең көне орталығы және хазірет Адаманан соңғы Пайғамбарға (с.ғ.с.) дейінгі бүкіл пайғамбарлардың құбыласы. Құбыланың өзгеру үкімінің бекітілуімен мұсылмандар Қағбаға қарау бұйырыққа ие болды. Бұл мәдени жеңіс болды. «Бақаре» сүресінің құбыланың өзгерісі туралы 143-ші аятында Алла Тағала аяттың басында құбыланы мұсылмандардың кезеңдік құбыласы ретінде таныстырды: Осылайша сендерді (артық, кемсіз) орташа бір үммет қылдық. Адамдарға куә болуларың сондай-ақ пайғамбардың сендерге куә болуы үшін...»,- деп айтылды. Сол кезде христиандар ғибадат жасаған кезде, хазрет Исаның Бейт әл-Мұқадастағы дүниеге келген жеріне қарай және еврейлер Бейт әл-Мұқадасқа қарай қарап тұратын. Бірақ Қағба оның екеуінің ортасында орналасып, Құран бұл мәселеге тоқталып: «Біз Қағбаны ортада орналастырып, сіздер мұсылмандарды орта үмбет қылып қалыптастырдық»,- деді.