Коронавирустың әлемнің әртүрлі қалаларындағы таралуы (2)
(last modified Sat, 02 May 2020 10:23:42 GMT )
Maм 02, 2020 16:23 Asia/Almaty
  • Коронавирустың әлемнің әртүрлі қалаларындағы таралуы (2)

Тарих бойындағы осыған дейінгі әртүрлі эпидемиялар мен пандемияларға жасаған шолудан адамдардың әрқашан осындай проблемалармен бетпе-бет келгенін көреміз. Вирустар мен олардың зардаптарын нақтырақ зерттеп, вакцина шығару арқылы оларға қарсы тұруға болады. Бүгін коронавирустың физикалық, әлеуметтік және қаланың психикалық кеңістігіндегі зардаптарына тоқталамыз.

 

Қалалар коронавирустың барлық тізбектері байқалатын, әрі көрінбейтін бөлшектер шоғырланатын маңызды орта. Қалалардың қоғамдық және жеке кеңістіктері, ұйымдар, үкіметтік және акционерлік мекемелер, ғимараттары мен  көшелері, мәдени, білім, сауықтыру, спорт орталықтары мен  бүкіл құрылымдық жүйесіне пандемия әсер етеді. Физикалық кеңістікке қала орталықтарында орналасқан жоспарлау жүйесі, экономикалық құрылым, әлеуметтік және мәдени орталар кіреді. Сондықтан физикалық кеңістік шешім қабылдау, атқарушы әрекеттер, сондай-ақ іс-әрекеттердің нәтиже орталығы ретінде қарастырылады. Бұл кеңістікте таралған механизмдерге қаланы басқару шаралары, аурудың өршу қаупі бар қала тұрғындарын басқару, жұмыс пен бизнес, білім беру, денсаулық сақтау және мәдени мекемелер жұмысы, қалалық және қаланың сыртындағы көлік қатынасын бақылау, сауда орталықтарын, үкіметтік және үкіметтік емес қызмет орталықтарын дайындау кіреді. Қалалық жүйенің түбегейлі өзгеруіне алдын алу және емдеу үшін күштерін жұмылдыру мен телекоммуникация, медициналық орталықтар, ауруханалар мен дәріханалардың қызмет көрсетуге дайындығы себеп болды.

 

 

Қалалардың физикалық кеңістігіне басқалардан көбірек шешім қабылдау және эпидемиямен күресу шаралары өз әсерін тигізеді. Пандемиямен бетпе-бет келген елдердің жағдайы өзгеше. Сондықтан олардың нәтижелері де әртүрлі болады. Қазіргі кезде бірнеше миллиард халық  өз елдерінде карантинге жабылып, үйлерінде жатыр. Сонымен бірге қалалардың көпшілік халқынан әлеуметтік қашықтықты сақтап, вирустың таралуының алдын алу үшін үйде қалу сұралды. Бұл істің әртүрлі салдарлары болды. Барлық ғылыми жұмыстар медицина саласында жүргізіліп, коронавирусқа шалдыққан адамдарды емдеуге арналды. Сөйтіп, адамның жер бетіндегі тіршілігі «көрінбейтін бөлшекке» қарсы шықты. Адамзат тарихы бірінші рет жылдам және бақылауға көнбейтін қазіргідей оқиғамен алғаш рет бетпе-бет келген болар. Қазіргі дағдарыс адамды қорғау және табиғатпен келісімге келу саласындағы талпыныстардың артуына себеп болды.  

 

Әртүрлі топтар, соның ішінде миллиондаған оқушы мен студенттер үйлерінде отыр. Миллиондаған қызметкер жұмыссыз қалды немесе қашықтан жұмыс істеп жатыр. Миллиондаған спортшы, өнерпаздар, сәулетшілер және басқалар жұмыстарын тоқтатып, үйлерінде отыр. Қоғамтанушы Фарастхахтың пікірінше,  коронавирустың пандемия ретінде таралуы жай демографиялық және медициналық құбылыс емес, әлеуметтік құбылыс ретінде қалыптасқан, сондықтан мәдени және әлеуметтік аспектілерге ие құбылыс. «Үйде отыру» ұранының нәтижесінде қалыпты, күнделікті өмір айтарлықтай өзгеріп, бос уақытты жоспарлау бағытына қарай негізделді. Эпидемиямен  күресуге, адамдардың өз-өзін басқаруына, адамдарды әрекеттесу мен  шешім  қабылдауға, келісімге келуге жігерлендіруге әлеуметтік ұйымдар көмектесе алады.

Коронавирус біздің денеміз бен рухымызға ғана емес, сонымен қатар мінез-құлқымызға да әсер етеді.

Қытай үкіметінің Дүнежүзілік денсаулық сақтау ұйымына жолдаған мәлімдемесі Қытайдағы эпидемия таралуының алдын алудағы жетістіктің жалпы қауіпке қарсы ұжымдық әрекетінің арқасында  ғана жүзеге асқанын көрсетеді. Жергілікті деңгейде бұл міндеттеме облыстар мен қалалар арасындағы ынтымақтастық пен зардап шеккендерге қолдау көрсету түрінде іске асырылды. Аурудың өз аймақтарында өршуіне қарамастан, жауапты басшылары мен әкімдер Хубей мен Уханьға медицина қызметкерлерін және жеке қорғаныс үшін қажет құралдарды жіберуді жалғастырды. Әлеуметтік қашықтық сақтау  жобасы іске асырылып, спорттық іс-шаралар, кинотеатрлар мен театрлар жұмыстарын тоқтатты.

 

Қытай қалаларының біріндегі карантин

Психикалық кеңістік адамның сыртқы жағдайларға деген көзқарасы мен реакциясы. Ақпарат пен жаңалықтар  кеңінен таралған кезде өзін-өзі тану мен ақыл-ойды игеру маңызды рөл атқарады. Бірақ мұны кім істей алады? Басқамен бірге болудан аулақ болу,  достық қарым-қатынастың жоқтығы, қорқыныш пен қоғамдық күйзеліс, жаңалықтар, қысым мен күйзеліс –  атмосфераны ластайтын және алаңдаушылық тудыратын факторлар. Өкінішке қарай, кейбір жағдайларда ғаламтор қорқыныш, күйзеліс пен алаңдаушылық тудыруда маңызды рөл атқарады. Ғаламтор өзінің миллиондаған пайдаланушыларына клиптер, видеолар, суреттер мен  аудио хабарларды жеткізеді. Сөйтіп, адамдар соңғы хабарсыз қалуға алаңдамайды. Мұндай жағдайда азаматтар арасында сенімсіздік таралуы мүмкін. Арнайы ақпарат, ескертулер, әлеуметтік-азаматтық міндеттермен қатар негізсіз ақпараттарды өндіру ғаламторда кең таралған хабарлардың қатарына жатады. Қарама-қайшы жаңалық көп, сондықтан олардың өз оқырманын тауып, жылдам таралуы таңғалатын жайт емес. Бос сөз коронавирустан жылдам таралады.  Психологиялық қажеттілік азаматтарды соңғы хабарларды білуге жігерлендіреді. Өзін қауіпті сезіну қала тұрғындарының арасында кең таралған сезім. Әлеуметтік желілерде мамандырылған мәліметтермен бірге негізсіз хабарлардың таралатынын айқын байқауға болады. Қарама-қайшы хабарлар жылдам таралады. Сондықтан басшылар тарапынан дұрыс және нақты ақпараттың таратылуы бос сөздердің алдын алып, қоғамдағы адамдардың психологиялық және психикалық тыныштығына себеп болады. 

Коронавирустың тығыз қоныстанған қалаларда таралуы іс жүзінде адазат қоғамының өміріне әсерін тигізіп, тіршіліктің басқы салаларын нысанаға алды. Медициналық ережелерді  ұстанып, оларды орындау азаматтардың ең маңызды міндеттерінің бірі. Вирусты үйде отырып тоқтату, гигиеналық ережелерді сақтау арқылы аурудан қорғану, жеке адам мен қоғамның физикалық және психикалық саулығына назар аудару, қоғамды  ақпараттандыру, жауапкершілікті қабылдау, әлеуметтік көзқарастар, үкіметтік емес ұйымдар мен жеке мекемелерді ерікті күш құруға жұмылдыру, жанашырлық, ынтымақтастық, қарт адамдарға ерекше көңіл бөлу  қуатталды.

Ақпараттық ғасыр, ғаламтор, әлеуметтік желі үстемдігі, географиялық шекаралардың жойылуы,  жаһандану, өмірді қолдау жүйесіне немқұрайдылық таныту, тіршілікті қолдау жүйелері, климаттың өзгеруі, ядролық қауіптер, гендік  инженерия және басқалары – күн сайын болып жатқан қазіргі кезеңнің белгілері. Бірақ қазіргі кезде көзге көрінбейтін жауға қарсы күрес барлық қиындықтан басым болып, адамзат баласын тарихи күйзелістер мен ескертулерге қарсы қойды. Қазір біз капиталистік жүйенің әлеуметтік-таптық жарықты тереңдетуіне куә болып отырмыз. Коронавирус сияқты көрінбейтін бөлшек адамның қадір-қасиетін көрсетті. Антропология ғылымдарының профессоры, доктор Факухидің пікірінше, тіршілікті табиғи ресурстардың мүддесіне қарай түбегейлі өзгерту  қажеттігі,  тіршілікті қолдайтын экожүйелер мен   табиғи жүйені өзгерту, білім мен технологияны көрсету –коронавирустың бірінші сабақтары. Адамдар  мүмкіндіктерінше аурудың таралуының алдын алуға талпынуы керек.  Сақтық шаралары қолданбаған жағдайда бұл пандемия уақыт өте қоғам адамдарының көбіне таралуы мүмкін. Қазіргі жағдайда адамдар уақытының көбін бір-бірінің қасында үйлерінде өткізуде. Сондықтан адамдар бос уақыттарын  пайдалы өткізуге талпынуы керек. Коронавирус әлем халықтарын қатерге тіреп, олар бұл қатермен күресу деген сынақтан өтуде.   Мұндай жағдайларға шыдамдылық білдіріп, олардан өту қалалар мен басқа жерлердегі барлық адамдардың ортақ келісімін талап  етеді. Бұл ащы тәжірибе және қиын сынақ бізді шыдамымызды арттырып, күшейте түседі.

 

 

  

 

 

 

Тегтер