Қадір түні: Аспандардың қонағы (1)
Қадір түні – Құдайға ғашық миллиондаған мүмін толқыған жүректері және жасқа толы жанарларымен қолдарын жайып, әлемнің мейірімді әрі кешірімді Жаратушысынан күнәһар пендесін кешіруді сұрайтын түн. Қадір түні – мәселелер шешіліп, адасқандар өз жолын табатын, келесі жылдың тағдыры белгілі болатын түн. Бұл түні барша аспандықтардың қонағы болады.
Шағбан құтпасы – Алла елшісінің (с.ғ.с.) шағбан айының соңында өз серіктері үшін қасиетті Рамазан айының айбыны туралы айтқан ең әдемі және ең маңызды құтпасы. Құтпаның бөлімдерінің бірінде хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.): «Рамазан – Алла өзінің қонағы болуға шақыратын ай. Бұл айда сендердің тыныстарың мен ұйқыларың ғибадат саналады. Амалдарың қабыл болып, тілектерің орындалады. Дұрыс ниет және пәк жүрекпен Алладан оразаларың мен оқыған Құранды қабылдауды сұраңдар»,- деді. Алла Тағала бұл қасиетті айда тілектерді орындауы үшін пәк жүрекке ие болып, күнәдан алыс болу қажет.
Қадір түні – Құдайға ғашық миллиондаған мүмін толқыған жүректері және жасқа толы жанарларымен қолдарын жайып, әлемнің мейірімді әрі кешірімді Жаратушысынан күнәһар пендесін кешіруді сұрайтын түн. Қадір түні – мәселелер шешіліп, адасқандар өз жолын табатын, келесі жылдың тағдыры белгілі болатын түн. Бұл түні барша аспандықтардың қонағы болады. Бұл түнде аспан жерге жақындайды. Бұл жарық түнде жүректеріміз аспанға жақындап, шайтан дайындаған тұтқындықтан құтқарыламыз. Қадір түні – жүрегі ояу мұсылмандар қадірлейтін түн. Хабарсыздар оны түсінуден мақұрым қалады. Мейірімді және рақымды Алла Тағала мұсылман үмбетіне тәубесі қабыл болатын Қадір түнін сыйлады. Бұл түндегі ғибадат мың айдағы ғибадаттан артық. Құран тәпсіршілері 97-ші «Қадір» сүресіне сүйеніп, «Қадір» сөзінің екі мағынасына тоқталады. Кейбіреулер «Қадір түні» Алланың ұлылығы мен құрметін білдіреді деп санап, бұл түнді «құрмет түні» деп атайды. Басқалар Қадір түнінің ерекшеліктері туралы рауаяттарға сүйеніп, «Қадір» мөлшерді немесе тағдырды білдіреді және адамдар дұға және тілегімен Алладан тағдырын белгілеуді сұрай алады деп санайды. Қадір түні адамның бір жылғы тағдыры белгіленетін болған соң бұл түнді ояу өткізіп, тәубе етіп, әлем Жаратушысынан кешірім сұраймыз. Әрине, тағдыры шешілетін уақытта адам ұйықтап, хабарсыз қалмағаны жөн.
Алла Тағала «Бақаре» сүресінің 185-ші аятында: «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді» және «Қадір» сүресінің 1-ші аятында: «Негізінен Құранды Қадір түні түсірдік»,- деп айтты. Құран Рамазан айында жіберілді. Бірақ ғұламалардың арасында бұл түннің Рамазан айының 19, 21, 23 және 27 түні болғаны туралы түрлі пікір айтылуда. Айта кететін жайт, басқа түндерге қарағанда 23-ші түннің Қадір түні болуы жөнінде рауаят көбірек кездеседі. Сондықтан адамдар бұл түндерде Алламен сырласу мұрсатынан айырылмауы керек.
Қадір түндеріндегі амалдардың бірі – Құранды басқа қою. Ораза тұтқан адам Алланың айы саналатын Рамазан айында Алланың үйі саналатын мешітте илаһи Құран кітабын ашып, басына қойып, дұға жасайды. Олар Құран тақырыбы туралы ойланып, оны пана тұтып, келісімге келеді. Бұл түндердің келесі амалы – жүз рекет намаз оқу. Имам Садық (ғ.с.) Қадір түннің әрқайсында жүз рекет намаз оқып, таң атқанша дұға жасап, Алламен сырласу керек деген. Қадір түндерінде насихатталатын келесі амал – «Джоушан Кабир» дұғасын оқу. Бұл дұғада бір мың илаһи есім аталады. Адам бұл қасиетті есімдерді атап, әлем Жаратушысының алдында әлсіз әрі кедей екенін мойындайды.
Қасиетті Рамазан айының 19-шы түні хаваредж тобының тасжүрегі Ибн Молджам Морадидің имам Әлиге (ғ.с.) қылышымен соққы беріп, жаралауымен тұспа-тұс келді. Алла елшісі (с.ғ.с.) қасиетті Рамазан айының ерекшелігі туралы айтқан кезде Әли (ғ.с.) орнынан отырып: «Уа, Алла елшісі, бұл айдың ең жақсы амалы не?»- деп сұрайды. Пайғамбар: «Тақуалық және тыйымдардан бас тарту»,- деп жауап беріп, жылайды. Имам Алла елшісінен жылауының себебін сұрағанда хазірет: «Уа, Әли! Менің жылауымның себебі бұл айда саған жасалатын зорлық-зомбылықта. Мен сенің намаз оқып тұрғанда өткен және келешек ұрпақтың ең тас жүрек, ең бақытсыз адамы сені қылышпен ұрғанын көріп тұрмын»,- деді. Имам: «Сол кезде менің дінім сақталып қала ма?»- деп сұрадым. Алла елшісі: «Иә, дінің аман қалады»,- деп жауап берді.
Уа, Алла, жүрегіміз құрғап, жарылды. Өзіңнің рақым мен мейірімге толы бұлағыінан жүректеріміздің шөлін қандырып, иманымыздың нұрын арттырып, ластықтардан алыстата гөр.