Имам Реза (ғ.с.) – қайырымды тұлға
(last modified Thu, 02 Jul 2020 20:37:43 GMT )
Шіл 03, 2020 02:37 Asia/Almaty
  • Имам Реза (ғ.с.) –   қайырымды тұлға

Бүгін жұлдыз сынды жарқыраған имам Әли бен Мұса әр-Резаның (ғ.с.) туған күні. Алла елшісі: «Қиямет күні Алламен ашық жүзімен кездескісі келген адам имам Әли бен Мұса әр-Резаның (ғ.с.) достығына ие болуы керек»,- деген.

 

Бүгін мұсылмандардың мерекесі. Хиджри-қамари күнтізбесінің 148 жылының зилқаеде айының 11 жұлдызы күні Алла елшісінің ұрпағынан шыққан имам Әли бен Мұса әр-Реза (ғ.с.) дүниеге келді. Ол жетінші имамның (ғ.с.) перзенті және оның анасы ахлағы және иманымен танымал болған Наргес Хатун еді. Бұл қасиетті күні хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) мен хазіреттің әулетіне сәлем мен салауат айтып, Алладан бұл пәк имамға  нұрын жаудыруды сұраймыз.

Әлемнің барша мұсылмандарын имам Резаның (ғ.с.) туған күнімен құттықтаймыз!

Имам Реза (ғ.с.) өмірі бойында өз амалы мен сөзінде мейірім мен жомарттылықтың үлгісі болып, шәһид болған соң хазіреттің қасиетті кесенесі Пайғамбар (с.ғ.с.) әулеті ғашықтары үшін  қауіпсіз жерге айналды. Имам Резаның (ғ.с.) адамгершілігі мен жанашырлығы сондай жоары болғандықтан хазіреттің қасиетті кесенесіне кез келген мазхабтың, түсі мен ұлты әртүрлі адамдар жиналып, кейде жылайды, кейде қуанышқа бөленіп, Алламен сырласуға кіріседі. Әртүрлі ниетпен келген кез келген адам соңында тыныштық пен ризалыққа бөленіп, сегізнші имамның (ғ.с.) кесенесінен кетеді. Имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесі адамдардың шөлін қандыратын мейірім мен махаббатқа толы шексіз мұхит сынды. Отбасымен Иранға сапар шеккен ресейлік турист әрі шығыстанушы имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесін көрген кездегі сезімі туралы: «Ресейде мұндай руханият жоқ, сондықтан бұл қасиетті жердегі мистикалық рухани сезімді түсіндіру өте қиын. Бұл жер мені тыныштыққа бөлейді, сондықтан  Мешһедке тағы сапармен келгім келеді»,- деді.

Мейірім - Алланың әдемі қадір-қасиеттерінің бірі және оны пәк имамдардың (ғ.с.) болмысынан да байқауға болады. Имам Реза  (ғ.с.) үшін махаббат пен достықтың маңыздылығы сондай маңызды болып, хазірет оны халыққа ұсынуымен бірге өзі де өмірі бойында іс жүзінде оларға табанды болды. Хазірет халық үшін мейірімнің орталығы болды. Тегі алжирлық француз профессор Рашид бен Иса: «Мен бауырымның перзентін 12 жыл бойы жоғалтып, тірі әлде өлі болуын білмедім. Кез келген адамнан ол туралы сұрадым, бірақ жауап алмадым. Соңында достарымның бірі: «Неге имам Резаның (ғ.с.) қасына барып, мәселенді айтпайсын?»- деді. Мен Иранның Мешһед қаласына барып, имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесіне ендім. Зиярат жасауды және оның сөздерін білмедім, бірақ шын жүректен имам Резаға (ғ.с.): «Имам Реза (ғ.с.), кешіріңіз! Ассаламун алейкум. Сіздің шапағатыңызды тілеймін. Ата-бабаңыздың атымен маған бауырымның перзентін табуға көмектесіңіз. Тірі немесе өлі екенін түсінетін хабарды жіберіңіз»,- деп сұрадым. Екі ай өтпей бауырымның перзентінің әйелі Лондоннан менің Париждегі үйіме телефон шалып, перзентіме «біз Лондонда өмір сүреміз» деп хабарлады. Сондықтан мен рақыметімді айту үшін имам Резаның (ғ.с.) кесенесіне қайтадан бардым.  Мен бұл оқиға ағымында имам Резаның (ғ.с.) мұғжизасын көрдім. Жылдар бойы бауырымның баласын іздеп, таба алмаған едім. Имам Реза (ғ.с.) үмітсіз қалған жағдайымда сұрағаныма көмектесті».

Имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесі

Имам Резаның (ғ.с.) мейірімінен мұсылмандарға ғана емес, мұсылман еместер де пайдаланды. Имам Реза (ғ.с.) халық жүрегінде орын тапты.   Хазіреттің ахлағы, амалы, мейірімі, қарапайымдылығы мен достығы халықты өзіне жақындатты. Имам Реза (ғ.с.) кішіпейілділікті халыққа жақсылық жасау деп біліп: «Кішіпейілділік халыққа өзіне де қалаған нәрсеңді бер»,- деді. Сондай-ақ әкесінің серіктерінің бірі Мұхаммад бен Сенанға: «Кішіпейілділік адам өз қадірін түсініп, өзі жақтырмайтын істі басқалар үшін жасамайтын, егер кімде-кім оған жамандық жасаса, жақсылықпен жауап қайтаратын, ашуын басып, халықтан кешірім сұрайтын қадір-қасиет. Алла Тағала жақсылық жасаушыларды жақсы көреді»,- деген болатын.

Имам Резаның (ғ.с.) моншада ер адамды жуындырған оқиға хазіреттің тәлім-тәрбие беретін сахналарының бірі. Имамның өз үйінде монша салып алу немесе қоғамдық моншаға барған кезде басқа билікке иелер сынды өзіне арнайы уақыт белгілейтін жағдайы болғанымен, қарапайым түрде басқа халықпен бірге қоғамдық моншаға баратын. Күндердің бірінде бөтен ер адам моншаға еніп, арқасын ысқылап беруді сұрап, айналасына қарап, көзі имам Резаға (ғ.с.) түсіп: «Ағай, мүмкін болса, арқамды ысқылап бересіз бе?»- деп сұрады. Имам Реза (ғ.с.) адамға көмектесіп, арқасын жууға кірісті.  Сол кезде моншаға басқа адамдар еніп, имамға «Алла елшісінің перзенті» деп амандасты. Бөгде адам қателескенін түсініп, имамды тоқтатқысы келді. Бірақ имам ысқылауды жалғастырып, оны жұбатты. Имам Реза (ғ.с.) өте қарапайым адам болған.   

Білім мен ғылымға жетік болу – имамның келесі қасиеттерінің бірі. Бұл жердегі білім мен ғылым – Құдайдың әулиелер мен таңдаулы пенделеріне сыйлаған білімі. Бұл білімнің қайнар көзі илаһи ғылым болғандықтан, имамның білімі мен хабардарлығы ешкімнің біліміне тең келмейді. Мамун имам Реза (ғ.с.)-ды Марвке әкелгеннен кейін әртүрлі ғалымдардың қатысуымен көптеген ғылыми отырыстар өткізді. Мамунның ғылыми жиындар өткізудег мақсаты өзін ғылымның жақтасы ретінде көрсету болды. Ол сол ғылыми отырыстарға имам Реза (ғ.с.)-ды шақырып, хазіреттің ғылыми негізіне күмән тудыруды көздеді. Бірақ имамның терең білімі Мамунның өзіне қиындық тудырды.  Мамун әртүрлі діни ағымдардың белгілі ғалымдарын имамға қарсы қойып, ол хазіреттің ғылыми және қоғамдық деңгейін төмен көрсеткісі келді. Бірақ ешбір адам имамға қарсы тұра алмай, оның дәлелдерін қабылдайтын. Сондықтан ғылыми жиналыстар тек имам Реза (ғ.с.)-ның ғылыми деңгейін анықтаудан басқа нәтиже бермеді.

 

 

Тегтер