Діни жетекші елдің әлеуетінің маңыздылығы жөнінде
(last modified Sun, 19 Jul 2020 11:12:20 GMT )
Шіл 19, 2020 17:12 Asia/Almaty
  • Діни жетекші елдің әлеуетінің маңыздылығы жөнінде

Иран халқының рухани әлеуеті Ислам революциясының жеңісінен, Иранға қарсы соғыс және қазіргі кезге дейін елді қиын жағдайлардан өткізіп, күш-қуаты мен құдыретін арттыруға әкелді.

Иран Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеидің маңызды кездесулерінің бірі болып, заң шығаратын билік, яғни Ислам Кеңесі Мәжілісі өкілдерімен кездесуі саналады. Ислам Кеңесі Мәжілісі елдің шығаратын негізгі органы және оның өкілдері Иран халқымен сайланғандар. Ола сайлаудан кейін 4 жыл бойы елдің заң билігін өз міндеттеріне алады. Аятолла Хаменеи видео форматта өткен халық өкілдерімен кездесуінде маңызды мәселерге назар аудартып, Мәжілістің бұл шақырылымын «халықтың үміті» деп атап: «Ерік-жігер, иман мен білімге ие әрі іскер жастардың революцияшыл, атқару тәжірибесі мол басшылардың  қасында болуы, сондай-ақ құрамына бұрын Мәжіліс өкілі болған азаматтардың  енуі 11-ші Мәжілісті жақсы және перспективалық мәжіліске айналдырды. Мәжілістің 11-ші шақырылымы  революциядан кейінгі ең мықты әрі ең революцияшыл мәжілістердің бірі»»,- деп бағалады.

Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасынша, Мәжіліс өкілдері ел үшін пайдалы және тиісті заңдар қабылдап, елдің атқарушы күштеріне жол картасын белгілейді.  Дұрыс  жолды белгілеу дегеніміз   халықтың мәселелерін шешу үшін үкіметті дұрыс жолға қоюға мүмкіндік беретін тиімді және тиісті заңдар құру болып табылады. Сондықтан заң шығарушы органның рөлі маңызды. Аятолла Хаменеи депутаттарға заң қабылдаған кезде елдің маңызды әлеуетіне көңіл бөлу қажеттілігін ескертті. Бұл кісі елдің адами, материалдық және рухани әлеуетін үш маңызды фактор деп санап, елдің бұл күшті негіздері қатаң санкциялар, тұрмыс жағдайының қиындықтары, ұлттық валютаның құнсыздануы мен басқа мәселелерге қарамастан исламдық Иранның құдыретінен айырымауына себеп болатынына сенімді. Аятолла Хаменеи елді маңызды мүмкіндіктері туралы: «Дәл осы мүмкіндіктердің арқасында елдің экономикалық саласына қарсы ең қатаң санкциялар енгізілген кезде,   білімге негізделген бірнеше мың компания құрылды,  жүздеген инфрақұрылымдық жобалар жасауға қол жеткізілді, бұл уақыттағы санкциялар  және мұнайдан түсетін түсімдердің азаюына қарамастан, Парсы шығанағы  зауыт салу сияқты үлкен жұмыс атқарды. Сондай-ақ энергетика, су мен электр тоқ салаларында көптеген жұмыс жасалды. Бұл шындық. Біздің дұшпандарымыз, қарсыластарымыз санкцияларды енгізгендер. Дұшпандарымыз санкциялар енгізіп, олар арқылы Иранды бағындырамыз деп ойлады. Енді олардың өздері Иранды бағындыра алмағандарын мойындайды»,- деді.

Ислам революциясы жетекшісі сөзінің жалғасында Иранның кен-тау қорлары, ормандары, географиялық  орналасуы, климаттық түрлілігі,  тарихы мен ұлттық ерекшелігінің материалдық мүмкіндіктеріне жататынын қуаттады. Алайда аятолла Хаменеидің пікірінше, елдің ең маңызды әлеуеті халықтың руханияты. Ол Иран халқының діни және революцияшыл иманынан тамырланады деп біліп, Мәжіліс өкілдеріне дәл осы рухани мүмкіндіктеиге көңіл бөлып, оларға сүйенуге шақырды. Иран халқының рухани әлеуеті революцияның жеңісінен, бұл елге қарсы соғыс пен одан кейінгі кезеңде елді қиындықтардан өткізіп, жеңіске жеткізіп, құдыретінің артуына әкелді. Халықтың рухани әлеуеті ретінде қасиетті қорғаныс жылдарындағы жастардың жанкештілігіне тоқталуға болады. Бұл кезең экономикалық және әскери санкциялармен тұспа-тұс келді. Егер бұл ащы кезеңде халық жүректерінің руханияты мен мейірімі болмағанда, сәтсіздікке ұшырайтын едік.  Соғыс кезіндегі халықтың рухани әлеуеті ерлік пен жиһадтың көрінісі болып, жүректерді бір-біріне жақындатып, иманың күшейтіп, қиындықтарды залалсыздандырды. Руханият бірлік пен құдыретке әкеледі.

Аятолла Хаменеи елдің рухани әлеуетінің жаңа үлгілері туралы халық өкілдеріне былай деді: «Халықтың ұлттық, революцияшыл және діни иманына сүйенген маңызды әлеуеттердің бірі халықтың коронавирус пандемиясының бірінші толқынындағы жанкештілігі мен белсенділігі болып табылады. Медициналық қызметкерлер бұл күрестң алғшқы шебінде болды. Олардан кейін халық, жастар әртүрлі жерлерде қолдарынан келгенше көмек көрсетіп, Иран халқының қауіпті вирусқа қарсы тұруына көмектесті»,- деді. Коронавирустың таралуы бастаған күндеі аятолла Хаменеи халықтың мүмкіндіктерін біліп, «мүміндер көмекгі» деп аталған жобаны жариялады. Елдің түпкір-түпкіріндегі халық діни басшысының шақыруын естіп, коронавирустан зардап шеккен және әлсіз топтарға көмектесуге кірісті. Ерлер, жастар және тіпті қарт адамдар жәрдемдесуге қатысып, маскалар тігу және көшелерді дезинфекциялаумен айналысты. Әйелдер мен қыздар әртүрлі қалаларда ешбір төлемақысыз, тек Алланың ризалығы үшін маска тігу сынды жұмыстармен айналысты. Бірақатар адамдар халық көмекгін жинап, мұқтаж адамдарға таратуға көмектесті.  

Аятолла Хаменеи сөзінің жалғасында халықтың шәһид болған генерал Ғасем Солейманимен қоштасуын елдің рухани әлеуетінің көрінісінің бірі болғанына тоқталып: «Рухани әлеуеттің тағы бір көрінісі халықтың шәһид Солейманимен қоштасу рәсімге қатысуы болды. Иран халқының Теһранда және елдің басқа әртүрлі қалаларында әйгілі сардардың шәһид болуын қалай құрметтегенін өздеріңіз көрдіңіздер. Бұл тек эмоционалдық қозғалыс деп ойлау қателік. Бұл халықтың жиһадқа деген иманының көрінісі. Халық қарсыласу, үстемдікке қарсы күреске сенімді екенін көрсетті.

Халық ұлттық құдырет пен Иранның жиһадтық құдыретін көрсетеетін адамды құрметтейтінін көрсетті. Шәһид Солеймани бұл құдыреттін үлгісі болды. Бүкіл аймақта дұшпандарға Иран халқының құдыретін көрсетті. Революцияның дұшпандары оны өлтірді. Халық оны құрметтейді»,- деп қуаттады.  

Аятолла Хаменеи депутаттарға еш уақытта елдегі, әсіресе халықтың рухани қабілетінен немқұрайдылық білдірмеуді қуаттады. Бұл кісінің пікірінше, әртүрлі салалардағы Иран халқының мүмкіндіктерін теріске шығараған адам талтүсте күннің шыққанын теріске шығарумен бірдей. Діни жетекші 1378, 1388 және одан кейін революция дұшпандарының өздері, сондай-ақ олар мен елдің ішіндегі кейбір мұнафықтердің басқаруымен орын алған бүліктердің халықтың рухани және революцияшыл сана-сезімімен залалсыздандырылғанын еске салды.  Аятолла Хаменеи өз сөзінде елдің медициналық қызметкерелеріне рақметін айтып, кейбір жауапсыздықтарға өкінішін білдіріп: «Мен кейбіреулердің маска тағу сынды ең оңай істі орындамағандарын көргенімді, жанкеш дәрігелер мен медбикелерден ұяламын. Олар өмірлерін аямай жұмыс жасап жүргенде, адам маска таға алмайма»,- деп мәлімдеді.    

Коронавирустың екінші толқыны және оған шалдыққан науқастар санының артуымен Ислам революциясының жетекшісі уайымға батуы туралы айтып, халықтан мүміндер көмегін көрсетуді сұрар: «Өздеріңіз қатысқан «мүміндер көмегі» ағымы  өте маңызды жұмыс болып, отбасылар уайым-қайғысын азайта алды. Менің ойымша бұл жақсы істі қайта бастау қажет. Негізінде көмек көрсету тоқтаған емес. Бірақ оған серпіліс беріп, дамыту керек. Балаларды қуантып, отбасыларға көмектесіп, ата-аналарға перзенттерінің күштелікті қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жәрдемдесіңдер. Бұл халықтың қолынан келетін іс»,- деді.

Ислам революциясы жетекшісі сөзінің соңында басшылары мен халықтың мәселелер шешілу үшін дұға жасау ен тавосул етуді ұмыпауға шақырып: «Біз басынан бастап, яғни коорнавирустың таралуы басталсымен тамавулдың өте маңызды екеніне назар аударттық. Дұға жасаңжар,Алладан сұраңдар, әсіресе мөлдір судай жүректері таза жастар дұға жасасың, олардың дұғалары  қабыл болады. Түнгі дұға қиындықты шешуге көмектеседі. Иншалла»,- деді.  

 

 

 

Тегтер