Имам Мұхаммад Бақер (ғ.с.) шәһид болған күні
(last modified Mon, 27 Jul 2020 15:04:53 GMT )
Шіл 27, 2020 21:04 Asia/Almaty
  • Имам Мұхаммад Бақер (ғ.с.) шәһид болған күні

Жетінші зилхадже имам Мұхаммад Бақердің (ғ.с.) шәһид болған күні. Әлемнің барша мұсылмандарына имам Мұхаммад Бақердің (ғ.с.) шәһид болған күніне байланысты көңіл айтамыз.

 

Имам Мұхаммад Бақер (ғ.с.) әкесі имам Саджад (ғ.с.) шәһид болған соң 35 жасында имамат міндетін өз мойнына алып, 20 жыл мұсылмандардың имамы мен басшысы болды. Имам Мұхаммад Бақердің (ғ.с.) имаматы кезінде үкімет Умайе әулетінен Аббаси әулетіне ауысқан кезең. Олардың арасындағы саяси қақтығыстар мен қайшылықтар Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетінің  жақтастарына қарсы қысымдардың азаюына себеп болды. Имам Бақер (ғ.с.) Умайе әулеті билігінің құлдырауы кезеңнің пайдаланып, Ислам мен оның тағылымдарың таратуды кеңейтті. Имам Бақер (ғ.с.) мәдени революция жасау қажет деп санады. Имам өзінің қарапайым өмірінде білім мен ғылымды таратып, әр мұрсатты халықты ояту үшін пайдаланды. Имам діни оқу орындарын құрып, көптеген әйгілі шәкіртерді тәрбиеледі және Пайғамбар әулетінің жақтастары мен басқа мұсылмандарға тағылым-тәрбиені кеңейтті.

Имам Бақер (ғ.с.) халықты Исламның алғашқы 100 жылдық, яғни Пайғамбардың (с.ғ.с.) дүниеден озуынан өзінің кезеңіне дейінгі тарихымен таныстырып,  дұшпанның тарихи бұрмалануларынан хабардар етті. Имам Мұхаммад Бақер (ғ.с.) дінді тарату мен дамыту және ислам әлеміндегі мәдени өзгерістерге маңызды әсерін тигізді.  Аятолла Хаменеи имам Бақер (ғ.с.) туралы: «Имам Бақердің (ғ.с.) еске алу яғни әртүрлы бұрмалануларға қарсы исламдық негіздердің қайта жаңғыруын еске алу»,- деді.

Имам Бақердың (ғ.с.) білімі  басқа пәк имамдардың (ғ.с.) білімі сынды уаһи бұлағынан нәр алды. Пәк имамдардың (ғ.с.) Алладан басқа оқытушылары болмаған. Олар мектепке барып сабақ оқымаған, олардың білімі - илаһи. Имам Бақер  (ғ.с.) басқа пік имамдар ие болмаған мұрсатқа ие болып, оны әртүрлі тәпсір, калам, ахкам, фикх және басқа ғылымдарды таратуға пайдаланды. Имамның талпынысы мен күресі басқалар үшін үлгіге айналды. Көптеген қиындықтарға қарамастан, дұрыс идеологиялық ағымды құра алды. Адасқан материалдық дүниеде шындықты тарату имам Бақердың (ғ.с.) үлкен жұмыстарының бірі  болды.

Аятолла Хаменеи имам Бақердің (ғ.с.) діни және мәдени қозғалыс құруы туралы: «Революция мен көтерілістің негізі  діни және мәдени қозғалыс екенін ескере отырып, имам Бақер (ғ.с.) осы бағытта өте терең және жақсы негіз қалады. Имам Бақерден (ғ.с.) кейін оның перзенті имам Садық (ғ.с) ислам университеті ретінде төрт мың шәкірті бар діни оқу орын ашып, бұл қозғалысты нәтижеге жеткізіп,   ислам тарихында ұмытылмайтын маңызды жұмысты атқарды»,- деген болатын. ислам революциясының жетекшісі сондай-ақ имам Бақердің (ғ.с.) шәкірттер тәрбиелегеніне тоқталып: «Имам Бақер (ғ.с.) Мұхаммад ибн Мүслім, Зорарат ибн Аин, Абу Басир және Борайд ибн Муавие Эджли  сынды шәкірттер тәрбиеледі. Имам Садықтың айтуынша, «бұл төрт адам әскесінің хадистер мектебін жаңғыртты». Бұл шәкірттерден басқа да шәкірттер болды.  олардың әрқайсы үлкен хадисшы және моджтаһед болды.  имам Бақер (ғ.с.) шәкірттерінің бірі Джабер Джафиге: «Уа, Джабер! Егер зорлық-зомбылық бетпе-бет келсендер, зұлымдық жасамаңдар. Егер қиянатпен бетпе-бет келсендер, қиянат жасамаңдар. Егер сені қабылдамаса, ашуланбаңдар. Егер мақтаумен бетпе-бет келсендер, қуанбаңдар.  Егер сізді сынап жатса, шағымданбаңыз және айтылған нәрселер туралы ойланыңыздар»,- деді.  

Шамның ерлерінің бірі имам Бақердің (ғ.с.) қарсыластарынан еді, бірақ имаммен қатынас орнатқан. Ол қатынас орнатуының себебін имамның жақсы ахлағы мен жақсылық жасауы деп атады. Ол имамға: «Мен сізді шешен адам деп білемін, сіз тақырыпты анық баяндайсыз, сіз әдеп сақтап, тек жасқы сөзде айтасыз, сондықтан сізбен қарым-қатынас орнатып,  жиындарыңызға қатысамын»,- дейтін. Имам Мұхаммад Бақер (ғ.с.) надандар мен әдепсіздердің қянаттары мен әдепсіздіктерінің алдында сабыр сақтап, махаббатымен жүректердн орын табатын.  

Күндердің бірінде христиан ер адам «Бақер» деген сөзді масқара етіп, «бақр», яғни сиыр деп, имамға: «Сен малсын»,- деді.  Имам реніш білдірмей және ашыланбай: «Мен бақр емес, Бақермын»,- деді. Христиан адам: «Анаң қара, ұятсыз және тілі ащы адам болды»,- деді. имам: «Егер анам туралы айтқан сөздерін рас болса, Алла оны кешірсін. Ал егер өтірік болса, Алла сенің күнәләріді кешірсін»,- деді. алла елшісінің ұрпағынан шыққан имамның бұл жомарттылығы христиан адамға әсерін тигізіп, ол Ислам дініне бет бұрды. Христиан адам  имамның ахлағын көріп, мұсылман болды.

Жетінші зилхадже имам Мұхаммад Бақердің (ғ.с.) шәһид болған күні. Бұл күндерді еске алып, пәк имамдардың (ғ.с.) өмірі мен жолын еске алып, олардың жолдарының Исламның ұлық пайғамбары мен Құранның жолы екенін және олардың адамды дұрыс жол мен кемелдікке нұсқайтынын көреміз.

Имам Мұхаммад Бақер (ғ.с.) Әһле бейт мектебінің достары мен жақтастарына: «Біздің ақыл-кеңестерімізді тыңдаңыздар, достарыңыз бен дұшпандарыңызбен отырған келісімдерді бұзбаңыздар, мұқтаждарға садақа беріңіздер, бірлік сақтап бір-бірлеріңізге қамқор болыңыздар,  екіжүзділік пен қиянат жасамаңдар. Иман келтірген соң күмәнденбеңдер, шешім қабылдаған соң алаңдамаңдар. Жұмыстарың тек Алла үшін және шешімдерін тек Пайғамбарларыңның  жолында болсын. Алладан көмек сұраңдар, сабыр сақтаңдар. Өйткені Алла Тағала тіленген пенделерін жердің мұрагері етеді және оларды тақуалар қатарына енгізеді»,- деді.

 

  

 

 

Тегтер