Қасиетті қорғаныстың құндылықтары (5)
(last modified Sat, 26 Sep 2020 10:31:23 GMT )
Қыр 26, 2020 16:31 Asia/Almaty
  • Қасиетті қорғаныстың құндылықтары (5)

Қасиетті қорғаныс жылдарында ержүректілікті тек жауынгерлер ғана көрсетпеді. Аналар, әйелдер мен қыздар бүкіл қиындықтарға қаармастан перзенттерін, жұбайлары мен аға-інілерің соғысқа шығарып салды.

 

Олар жақындарынан айырыламыз деп қорықандарымен Ислам революциясын қолдап, туған жерін қорғау үшін жауынгерлерге қолдау көрсетті. Шәһид Маджид Қанбаридің анасы перзентінің Алланың жолындағы жанкештілігі туралы былай деді: «Соғысқа бару шешім қабылдаған кезде Маджид 18 жаста еді. Әкесі: «Сен қал, мен барамын. Мен қайтып келген кезде, сен барасын»,- деген. Ол келіспей: «Мен баруым керек»,- деді. Соғысқа аттанатын күні балама: «Маджиджан, мен сенің аяқ-қолыңнан айырылғанынды көргім келмейді. Абай бол, майданға жарақат алып қайту үшін барма»,- дедім. Ол күліп: «Анашым, алаңдама, мен тіпті мәйітім қолына жетпейтіндей кетемін»,- деді. Мен: «Не деп тұрсын?»- дедім. Ол жауап бермей, үнсіз қалды. Аттанар кезде бүкіл балалар   аналарымен бірге болды. Маджид қасыма келмеді. Мен де басқалар сынды баламның қасыма келіп отырғанын күттім. Бірақ Маджид қасыма аз жақындады және келген кезде бетіме қарап: «Анажан, неге өңіңіз қашып кетті? Неге абыржып тұрсыз?»- деді. Мен: «Бұл не жағдай? Мен өмірімнің гүлінен алыстайын деп отырмын. Бұл соңғы сәттерде басқа басидждер аналарының қасында, сен неге әрі-бері жүре бересін, қасымда отырмайсын?»- деп сұрадым. Ол басында жауап бермеді. Мен қайтадан қасымда болуды сұрадым. Сол кезде: «Анашым, мен қасында отырып, сенің аналық сезіміңді көріп, шайтан күдіктендіріп, майданға кетпей қаламын деп алаңдаймын. Анамның махаббаты майданға аттануыма кедергі болады ма деп қорқамын. Сондықтан қасына аз жақындаймын»,- деді. Ол кетерден бұрын қасыма келіп: «Анашым, автобусқа мінген кезімде, мен оның ортасында тұрып, саған қараймын, сізде маған қараңыз. Мүмкіндік болғанша, бір-бірімізге қарайық»,- деді. Көлік жылжыды, мен соңғы сәтке дейін қолымды бұлғадым, ұлым да қолын бұлғады. Екеуіміз бір-бірімізге қарап тұрдық, бұл бір-бірімізді соңғы рет көрген күн болды. Бірнеше күннен кейін шәһид болғаны туралы хабар келді. Өзі айтқандай, мәйіті де қайтпады. Осы күнге дейін қайтпады».

Шын мәнінде, ирандық отбасылар Ислам революциясының әртүрлі кезеңдерінде және оның жетістіктерін қорғауда, әсіресе Саддам режимінің Иранға қарсы соғыс кезінде маңызды әрі үлгі болатындай әсер етті. Басқаша айтқанда, егер біз соғыстың  барлық құндылықтар туралы, жанқиярлық пен жауынгерлер мен сарбаздардың құрбандықтары туралы айтатын болсақ, бірақ біз аналар мен олардың әйелдерінің маңызды рөлі туралы айтпасақ, дұрыс болмайды. Расында, соғыс негізінен ерлердің ісі  және зорлық-зомбылық әрекет  болып, қорықпау мен батылдықты қажет етеді. Бірақ ержүрек жауынгерлерді тәрбиелеуге олардың аналары мен әйелдері үлкен рөл атқарды. Тек бір перзентін емес, үш-төрт перзентін майданға жіберген және олардан айырылған кезде сабыр сақтаған аналар қандай ержүрек. Тұрмыс құруларынан бернеше күн немесе бірнеше апта ғана өткен жағдайда жұбайларын соғыс майданына шығарып салған әйелдері қандай мықты. Бұл әйелдер өздерінің күштері мен сенімдерімен  жауға қарсы тұруға көмектесіп,   жауынгерлерді қолдап, кез келген  жауапкершілікті қабылдап, міндеттерін шынайы атқарды. Аятолла Хаменеи  шәһидтердің аналарының сабырлығы мен төзімділігі туралы: «Қасиетті қорғаныстың маңыздылғы аналарға байланысты. Аналар сөзбен жеткізуге болмайтын сезімдеріне перзенттерінің соғыс майдандарынан аттануларына төзімділік білдірді және оларды шәһид болуын мақтан тұтты. Біз сегіз жылға созылған соғыс кезінде және одан кейін аналардың шағымын естімедік, керісінше аналардың әкелерден ержүректілеу болғанын көрдік. Мен кейбір шәһидтердің отбасыларымен бірге отырып, олармен сөйлесу мүмкіндіккеие болдым. Еш уақытта ананың  перзентінің шәһид болуына шағымданғанын естімедім. Жоқ, керісінше аналар перзенттерін мақтан тұтады. Бұл өте маңызды»,- деді.    

Басқа жақтан жауынгерлер отбасылары мешіттерде жиналып, халық көмегін жинап,  майдандағы жауынгерлерге көмек жинап жіберді. Жауынгерлер мешіттен майданға аттанған күні оның айналасындағы кеңістік адыраспан иісі мен аналардың дұғасына толы болды. Сондай-ақ шәһидтің мәйітін әкелген кезде барша шәһид отбасының қасына келіп, жылап, аза рәсімін өткізетін. Қасиетті қорғаныс кезінде ешкім жұмыссыз отырмайтын. Қарт әйелдер бас киім мен мойынорағыш тоқитын, жас әйелдер әртүрлі тамақтар мен тосап дайындайтын. Соғыс кезіндегі көршілес тұрғындардың жанашырлығы мен қолдауы олардың барлығын бір отбасының мүшелеріне айналдырды.   Күндердің бірінде бір шәһидтің белі бүгілген анасы мешітке кішкентай қап көтеріп келді. Ол ауызы мықты байланған қаптың ауызын ашып: «Мен жауынгерлерге жіберу үшін бұл күрішті біртіндеп жинап, 10 килограммға жеткіздім»,- деді. Қаптың ішінде күріштың кішкентай пакеттері болған және кемпірдің күрішті  ұзақ уақыт жинағаны анықталды. Әрине бұл кезеңде жауынгерлер үшін қолында бар нәрсесімен бөлісен тек бір қарт әйел ғана емес.

Қасиетті қорғаныс кезінде ысырапшылдық, әл-әуқат, сән-салтанат қоғамда таралмаған болатын. Өйткені қоғамның бүкіл адамдары ортақ мақсатқа ие болды, яғни мектеп, отан және имамның армандарын қорғауды көздеді. Материалдық және экономикалық мәселелер барша үшін маңызды болмады. Аналар мен жұбайлар соғыс пен жауынгерлерге көмектесу үшін тіпті неке сақиналарын сатуға дейін баратын. Отбасылар мен жұбайлар сол кездің жағдайынан хабардар болған. Іс-әрекеттің негізі тек экономикалық емес, ең алдымен рухани нанымдар мен құндылықтарға байланысты болды. Қасиетті қорғаныс кезіндегі отбасының мәдени және әлеуметтік ерекшеліктері кейінгі кезеңдерде отбасылар үшін үлгі болды. Шын мәнінде, сол кездегі отбасы мен ата-аналар көңіл-күйі  бұл адамдарға құндылықтарды сіңіріп, оларды өсіруге және жетілдіруге мүмкіндік беретін етіп қалыптастырды.

 

Тегтер