Имам Хасан Аскари (ғ.с.) - нағыз басшы
(last modified Sat, 24 Oct 2020 19:42:54 GMT )
Қаз 25, 2020 01:42 Asia/Almaty
  • Имам Хасан Аскари (ғ.с.) - нағыз басшы

«Сәлем саған үмбетті дұрыс жолға нұсқаушы. Сәлем саған нығметтердің иесі. Сәлем саған ислам әлемінің қазынасы. Сәлем саған сабырлылық кемесі. Сәлем саған мұсылмандар күтіп отырған имамның әкесі».

 

Хиджридің 260 жылының (миладидің 873 жылы) раби ул-аууал айының 8 жұлдызында халық имам Хасан Аскариді (ғ.с.) жерлеуге жиналды. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) Аббаси басшыларының бірі Мотамедтің қастандығынан шәһид болды. Он бірінші имамның сөзі мен амалы - махаббат пен білімнің, ахлақ пен адамгершіліктің сабағы. Имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) мүнәжәттары мен түнгі ғибадаттары хазірет Әлиді (ғ.с.) имамның намаздары анасы Захраны (ғ.с.) еске салатын. Имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) ұзақ сәжделері имам Саджадтың (ғ.с.) сәжделеріне  және тұтқында болуы имам Мұса Каземнің (ғ.с.) тұтқында өткізген уақытына ұқсас болды. 28 жастағы  имамның (ғ.с.) болмысында бүкіл жақсылық пен адамгершілік жинақталған еді.

Имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) шәһид болған күнінде әлемнің барша мұсылмандарына көңіл айтамыз. «Сәлем саған үмбетті дұрыс жолға нұсқаушы. Сәлем саған нығметтердің иесі. Сәлем саған ислам әлемінің қазынасы. Сәлем саған сабырлылық кемесі. Сәлем саған мұсылмандар күтіп отырған имамның әкесі».

Имам Хасан Аскари (ғ.с.)- мұсылмандардың он бірінші басшысы. Имам өзінің қысқа өмірінің көп уақытын әкесі имам Хадимен (ғ.с.) бірге Самера қаласындағы әскери базада Аббаси халифаларыны үстем билігінің қатаң бақылауында болды. Әкесі шәһид болған соң бұл жағдай жалғасып, Аббаси халифаларын теңдессіз тұлғаның иманы мен абыройын, адамгерішлігі мен кемелдігін мойындағандарына қарамастан имам Хасан Аскари (ғ.с.) сан рет қамалды. Аббаси халифалары билігінің уәзірлерінің бірі Убайдолла бен Хақан перзенті Ахмадқа имам Хасан Аскари (ғ.с.) туралы: «Мен Самерада алавилердің арасынан Хасан бен әли (ғ.с.) снды адамды көрмедім. Егер билік Аббаси әулетінен кететін болса, Хасан Аскариден (ғ.с.) басқа ешкім халифа болуға лайық емес»,- деді.

Имам Хасан Аскари (ғ.с.) өз заманының ең тақуа және және ең жомарт адамы болды. Жаратушының мадақтап, Оған ғибадат жасауында теңдессіз еді. Имамның ғибадаттары мен пенделігі адамдарды өзіне тартып, басқалардың алла еске алуларына себеп болатын. Хазірет адасқан және дұрыс жолдан ауытқыған адамдарды дұрыс жолға салып, оларды ғибадат жасауға жігерлендірді. Тұтқында имамды қатаң бақылауға алуға міндеттелген Салех бен Уасиф: «Екі ең жаман және қатар күзетшіні имам Аскариді (ғ.с.) бақылауға қойдым. Бірақ бұл екеуі имаммен қатысып, сөйлесіп, сөздерінің әсеріне қалып, ғибадат жасап, мүнәжәт оқуға бет бұрды. Содына осң бұл екеуін шақырып, аббасилердің алдында олардан имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) жағдайы туралы сұрадым. Олар: «Біз күндерін ораза тұтып, түндерін ғибадат жасап, Алланы есіне алып, тек Ол туралы айтатын, сондай-ақ біз оған қараған кезде, денеміз дірілдеп, өзімізді бақылай алмайтын күйге түсетін адам туралы не айтамыз»,- деді. Алайда аббасилер пәк имамдардың мистикалық және рухани болмысынан әрдайым қорқып, халық пен имамдар арасында алшақтатуға талпынды.

Имам Хасан Аскари (ғ.с.) аталары мен әкесі сынды мұқтаж адам қажеттілігін айтпастан бұрын оны мұқтажсыз ететін. мұқтаж адамдарға көмектесу және олардың қаржы қажеттіліктерін қамту имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) әдемі амалдарынан болды. Имамның кезінде өмір сүрген ақын Абу Юсеф: «Ер балам дүниеге келген кез еді, жағдайым нашар болып, біраз адамға қағаз жазып, көмек сұрадым. Бірақ олардан үмітсіздендім. Не істерімді білмей отырған кезде, имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) елшісі Абу Хамзе төрт жүз дерхам ақшасы бар қара қалтамен үйден сыртқа шығып: «Имам «бұл ақшаны жаңа туған сәбиі үшін жұмсасын және Алла бұл баламен саған берекет әкеледі» деді»,- дегенін»,- есіне алатын. Абу Хашим Джафари де: «Мен қаржылық қиындықтарға тап болып, жағдайымды имам Аскариға (ғ.с.) хат арқылы жазғым келді. Брақ ұялып, жазбадым. Имамның үйіне енген кезімде, имам маған 100 динар жіберіп, хатында: «Қажет еткен кез келген жағдайда, ұялма және бізден Алланың көмегімен мақсатына жетуді сұра»,- деп жазды.

Пәк имамдар (ғ.с.) илаһи құндылықтар мен қоғамдық-саяси өмірлеріңдегі Құран аяттарының көрінісі болып табылады. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) алты жыл имаматы кезінде биліктің бақылаулары мен  тудырған шектеулеріне қарамастан саяси және қоғамдық  жасырын жұмыс жүргізді. Бұрыннан пәк имамдар мен әртүрлі қалалардағы шиіттердің арасында орнатылған қатынас желілер имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) кезінде одан сайын кеңейіп, Иран мен Ирактың маңызды қалалары мен мұсылмандар өмір сүретін басқа аймақтарда өз өкілдері мен жақтастарына ие болды. халық бұл өкілдер мен хаттар арқылы өздерінің діни мәселелерін имам Хасан Аскариге (ғ.с.) жеткізіп, хазіреттен жауаптарын алып тұрды. Аббаси билігінің қатаң бақылауларына байланысты имам Хасан Аскари (ғ.с.) мұсылмандармен қатынасын әртүрлі жолдармен орнатты. Имам мен халықтың жолдауларын бір-біріне жеткізген ең жақын серіктерінің бірі Осман бен Саид Амри болды. Ол сұйық май сатушы ретінде имамның қасына келіп, мұсылмандардың мүліктері мен хаттарын май құйатн ыдыстарға салып, имамға әкеліп беретін. Сондай-ақ имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) кейбір хаттарын ағаштың арасына салып, ағаш шабатын адам оларды Осман бен Саидке тапсырғаны туралы айтылды. Пәк имамдар кез келген жағдайда илаһи міндетіне немқұрайдылық танытпай, халықтың дұрыс жолға нұсқау  және мұсылмандардың күдік-күмәннен алыстатумен айналысты. 

Имам Хасан Аскари (ғ.с.) өз өмірінде әртүрлі бұрмаланған ағымдарға қарсы тұрып, олармен күресіп, бедғаттарды шетке қойып, исламдық дұрыс көзқарасты қалыптастыруға талпынды. Хазірет сондай-ақ қысым кезеңге қарамастан шәкірттер тәрбиелеп, ойшылдармен қатынас орнатты. Шейх Туси хазіреттің жүзден астам шәкіртін тіркеді. Аббасилер Исламның ұлық пайғамбары әулетінің халыққы тигізетін әсері туралы хабар болып, халықтың оянуына алаңдап, имам Хасан Аскариді (ғ.с.) өлтіру туралы ойға түсті. Залым басшы Мотамед Аббаси имамды уландырып, өлтірді. Бірақ ол имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) дұрыс жолға нұсқайтын нұрын сөндіре алмады. Өйткені имам Хасан Аскариден (ғ.с.) діни тағылымдары мен адамзатты құтқаратын және әділет пен бейбітшілік және шындықты тарататын перзенті қалды. Имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) перзенті күндердің бірінде Алланың бұйырығмен  келіп, әлемді зорлық-зомбылықтан және дерттен құтқарады. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) адамзатты құтқаратын перзенті хазірет Мәһди (ғ.с.) туралы: «Менен кйінгі имамды көрсетпей, дүниеден кетпегенім үшін Аллаға алғыс айтамын. Ол түрі және мінезімен Пайғамбарға (с.ғ.с.) өте ұқсас болды. Ғайып кезеңде Алла Тағала оны жасырады, содан соң зорлық-зомбылыққа толған жерде әділет пен теңдікті тарату үшін хазірет Мәһдиді (ғ.с.) әкеледі.

Имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) шәһид болған күні әлемнің барша мұсылмандарына көңіл айтамыз.

  

 

 

Тегтер