Таулы Қарабақ дағдарысы: Таулы Қарабақ пен Палестина
Әрине Қарабақтың басып алынуы Палестинаның жаулануылындай айыпталатын тақырып, сондықтан басқыншылар жаулап алған аймақтардан шығулары керек
Таулы Қарабақ дағдарысының өршуі және Әзірбайжан мен Армения арасындағы шиеленістің күшеюі Кавказдағы дағдарыс орталықтарының бірін тағы да әлемдік жаңалықтардың алдыңғы қатарына шығарды. Әзірбайжан мен Армения 1988 жылы Кеңес Одағы ыдырағанға дейін және Таулы Қарабақтың Әзірбайжаннан бөлінуі жарияланғаннан кейін өзара дау-дамайға шырмалды. Кеңес Одағы ыдыраған соң бұл соғыс жалғасып, 1994 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) бастамасымен атыс тоқтату жарияланды. Бұл атысты тоқтату режимді бақылауға алып, Қарабақ мәселесін шешетін келіссөздерді жалғастыру үшін ЕҚЫҰ-ның негіздерінше Минск тобы құрылды. АҚШ, Ресей мен Франция бұл топты бірігіп басқару міндетке ие және Беларусь, Германия, Португалия, Нидерланды, Швеция, Финляндия, Түркия, сондай-ақ Армения мен Әзірбайжан аталмыш топтың мүелері саналады. Атыс тоқтату жарияланғанымен қақтығыстар жалғасты. Қарабақ армяндары Таулы Қарабақтың таулы аудандарын бақылауға алу және Әзірбайжанның жеті ауданың буферлік аймақ ретінде алып, Әзірбайжанның шамамен бестен бірін басып алады. Қарабақтың және оның айналсындағы жеті ауданның жүздеген мың әзірбайжан тұрғыны босқынға аналып, бұл аймақтан көшіп кетті.
Қарабақтың басып алынуы мен бұл мәселені қалай шешу туралы әртүрлі пікірлер айтылды. Кейбіреулер Қарабақтың басып алынуын Палестинаның жаулап алынуымен салыстырады, сондықтан исламдық елдерден Қарабақтың азат етілуіне қолдау көрсетуді сұрауда. Әрине Қарабақтың басып алынуы Палестинаның жаулануындай айыпталатын тақырып, сондықтан басқыншылар жаулап алушы аймақтардан шығулары керек. Бірақ Палестинаның басып алынуының Қарабақ немесе Кашмир сынды басқа жерлердің басып алынуынан айырмашылығы бар.
Палестина мұсылмандардың ғана емес, илаһи ірі діндердің қасиетті жері. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) беғсатынан кейін 13 жыл бойы намазды Бейт әл-Мұқадастағы әл-Ақса мешітіне қарай оқыды. Кейін Алланың бұйрығымен Меккедегі Қағба мұсылмандардың құбыласы болып сайланды. Сондықтан Бейт әл-Мұқадас әрдайым мұсылмандар үшін ерекше орынға ие болды. Бейт әл-Мұқадас - тарихтың ұлы монотеистік діндерінің бесігі және өркениеттер тоғысы. Иман келтірген адамдардың пікірінше, әлемнің ешбір жері Бейт әл-Мұқадас бола алмайды. Егер пайғамбарлар тарихы зерттелсе, Бейт әл-Мұқадастың қасиеттілігікөбірек анықталады. Рауаяттар бойынша, хазірет Иса Бейт әл-Мұқадас мешітіне жақын жерде дүниеге келді. Хазірет Адам, хазірет Мұса мен хазірет Юсеф және Исраиль әулетінің бүкіл пайғамбарлары Бейт әл-Мұқадаста жерлеуді өсиет еткен. Пайғамбарлар, олардың ішінде хазірет Ибраһим, хазірет Исхақ пен хазірет Яқуб бұл қасиетті жердің топырағына аяқ басты. Хазірет Мұса осы жерде жерленді. Алла хазірет Исаны осы жерден аспанға әкетті. Әл-Ақса мешіті мұсылмандар үшін басқа жағынан да маңызды. Өйткені миғрадж түні Пайғамбар (с.ғ.с.) әл-Харам мешітінен бір сәтте әл-Ақса мешітіне исра жасады (аратарда түнгі сапарды исра деп айтады) және бұл мешіттен аспанға көтерілді. «Құлын (Мұхаммед Ғ.С. ды) бір түні өзіне белгілерімізді көрсету үшін Месжід Ақсаға апарған Алла, әр түрлі кемшіліктен пәк. Шәксіз Ол, естуші, білуші». («Исра» сүресі, 1-ші аят).
Әл-Ақса мешіті ән-Наби және әл-Харам мешіттерімен бірге мұсылмандардың маңызды үш мешітінің бірі және бұл жер Мекке мен Мединеден кейін мұсылмандар үшін ерекше маңыз бен құрметке ие жер саналады. Әл-Ақса мешіті және Бейт әл-Мұқадастың айналасындағы басқа да ислам ескерткіштері - мұсылман үмбетінің тарихи ұлылығының көрмесі. Палестинаны басып алу бір жер мен бір елді басып алу емес, Исламға қарсы отарлық және ислам әлемінің жүрегіндегі обыр безі. Палестинаны басып алу ислам әлемін жою және исламдық өркениеттің құрылуының алдын алуды көздейді. Палестина мәселесі діни тұрғыдан басқа, исламдық елдердің тәуелсіздігі, қауіпсіздігі және ұлттық мүдделерімен тығыз байланысты.
Әзірбайжанның ақпарат құралдарында Палестинаның басып алынуын Қарабақтың басып алынуымен салыстыратын кейбір адамдар неге Әзірбайжан үкіметінің Палестинаны басып алған сионистік режиммен саяси-қауіпсіздік және әскери қарым-қатынас орнатып отырғаны туралы айтқылары келмейді. Әрине Палестинада болсын, Таулы Қарабақта болсын, кез-келген жердегі басқыншылық айыпталады. Бір жағынан Палестинанының жаулап алынуы туралы айту және басқа жақтан басқыншы сионистік режиммен қатынас орнатуға болмайды. Әзірбайжан сионистік режимнің басқыншылығын ескермей, мың шақырымнан астам қашықтықта орналасқан Израиль режимімен стратегиялық қатынастар орнатып отыр. Бірақ Иранның өзінің көршілес елдерінің бірі ретінде Армениямен қатынасын қалыпты етіп, стратегиялық қатынас орнатуына қисынсыз наразылығын білдіруде. Сионистік режим мен Арменияның арасындағы айырмашылық сионистік режимнің палестиналықтардың елін және қасиетті Құдс жерлерін басып алу арқылы құрылған болса, Армения көршілес шекаралас елдің жерінің бір бөлігін басып алды. Өткен 30 жыл бойы бұл жерлерді қайтару туралы келіссөздер өттіп, бірақ олар нәтижеге жетпеді. Бұл мәсееден басқы ешбір мәселеде Армения мен ислам әлемінің арасында дұшпандылық жоқ. Егер Армения басып алған Әзірбайжан жерлерінің мәселесін шешсе, екі елдің дұшпандылығына ешбір себеп қалмайды, сондай-ақ ислам әлемі мен ИИР бұл дағдарыстың салдарынан құтылады. Баку мен Ереванның келісімімен шешілетін Қарабақ мәселесіне керісінше сионистік режимнің басқыншылығы тек бұл режимнің ыдырауымен ғана шешіледі. Әзірбайжанның кейбір ақпарат құралдары мен кейбір тұлғаларының Қарабақтың басып алынуын палестинаның басып алынуымен салыстыруының мақсаты Иранның Палестинаның езілген халқын қолдау көрсетуіне және Қарабақтың басып алынуын елемеуіне күдік-күмән тудыру болып табылады. Сионистік режим әрқашан әртүрлі елдермен қатынасын қастық ниетімен орнатты, сондықтан қатынасы көптеген елдерде өкінішті жағдайға әкелді. Израильдің Ирактың Күрдістан аймағындағы, Дорфур мен Оңтүстік Судан, Судан, Үндістанның Кашмир аймағы мен Пәкістанға араласуы сепаратистік мәселені күшейтті немесе Судан сынды үлкен исламдық елдің бөлінуіне себеп болды. Кавказ аймағында да Израиль қауіпсіздік-әскери саласындағы ынтымақтастық пен көмек пен қару-жарақпен қамтамасыз етуді сылтау етіп, Әзірбайжанның қорғаныс, әскери және мұнай салаларын толығымен өзіне тәуелді етті және осы тәуелділікті пайдаланып, Таулы Қарабақ соғысын тұтатып, мәселені шешу жағдайды қиындатты. Иран Әзірбайжанның сионистік режимге мұнай, энергетика, қауіпсіздік және қорғаныс салаларындағы тәуелділігін тоқтату үшін бірнеше рет Бакуге маңызды ұсыныстар жасады, бірақ Баку олардың барлығын қабылдамады. Иран Таулы Қарабақ дағдарысының саяси сипатын ескере отырып, соғыс пен әскери қақтығыстар арқылы шешілмейтін бұл дағдарысты саяси және азаматтық жолмен шешу қажеттілігін қуаттады. Алайда сионистік режим өзінің бүлікшіл болмысына сәйкес Әзірбайжанға қару-жарақ сатып, пайда көру үшін Таулы Қарабақ соғысын өшіктіріп, Әзірбайжан республикасын соғысты жалғастыруға итермелеуде. Кавказ аймағыдағы тұрақсыздық АҚШ пен сионистік режимнің мүддесіне. Олар ИИР-на дұшпандылық білдіріп,Әзірбайжан мен Иранның арасындағы қарым-қатынастарды бұзуды көздеп, Кавказдағы шиеліністі күшейткісі келеді. Олай болса Қарабақ мәселесі жақын арада шешілмейді. Бұрын сионистік режиммен байланысты жергілікті элементтер өздерінің болмысын жасырып, Иранның Палестина мен Таулы Қарабаққа қатысты ұстанымының екіжүзділігі туралы мәселені көтеріп, қоғамдық пікірді басқа жаққа бұруға талпынды. Соңғы кезде жаулардың алдауына түсіп, Әзірбайжанның кейбір достары мен діндарлары Кудс пен Таулы Қарабақты бірдей деп санап, қате нәтижеге жетті. Құдс пен Таулы Қарабақты бірдей санау қате көзқарас бұл аймақтың мәселесі мен дағдарысты шешуді қиындатты.