18 желтоқсан - Иранда діни оқу орындар мен университтердің бірлігі жарияланған күн
(last modified Thu, 17 Dec 2020 14:06:44 GMT )
Жел 17, 2020 20:06 Asia/Almaty
  • 18 желтоқсан - Иранда діни оқу орындар мен университтердің бірлігі жарияланған күн

1979 жылдың 18 желтоқсанында Ислам революциясының белсенділерінің және имам Хомейнидің серіктерінің бірі болған аятолла Мұхаммад Мофатех революцияның қарсыластарының оған қарсы лаңкестік әрекетінде шәһид болды.

 

18 желтоқсан - Иранда діни оқу орындар мен университтердің бірлігі күні атанды.  41 жыл бұрын хиджри-шамси күнтізбесі бойынша 1358 жылдың 27 азарында (1979 ж. 18 желтоқсан) Ислам революциясының белсенділерінің және имам Хомейнидің серіктерінің бірі болған аятолла Мұхаммад Мофатех  революцияның қарсыластарының оған қарсы лаңкестік әрекетінде шәһид болды. Діни оқу орындарының әйгілі ұстазы және діни мәселелері маманы болған Мофатех университетте білім алып, Иранда діни оқу орындар мен университтердің бірлігінің шынайы белгісіне айналды. Ол сондай-ақ Иранның қоғамындағы ғылым және мәдениет өкілдерінің бірлігіне сеніп, Ислам революциясын бұл екі маңызды таптың бірлігінің нәтижесі деп біліп, бұл бірлікті жалғастыру және тереңдету қажеттілігін қуаттады.

Шәһид Мофатех - діни оқу орындар мен университеттер бірлігінің үлгісі

Тарихи тұрғыдан діни оқу орындарының ислам әлемінде, әсіресе шииттер арасында үлкен тарихы бар, шиіттердің алғашқы діни оқу орыны қамаридің төртінші ғасырында Ирактың Наджаф қаласында шейх Тусимен құрылды. Бірақ университеттер заманауи орган саналады. Университеттер Иран қоғамының Батыспен өзара қиын әрекеттесуінен туындайтын және елді дамыту және Батыспен өндірістік, әскери және экономикалық алшақтықты азайта алатын мамандандырылған адамдарды тәрбиелеу мақсатында туындайтын кейбір объективті қажеттіліктерге байланысты құрылды.

Университеттің құрылуы туралы алғашқы қадамдар Әмір Кабирдің билігі кезеңінен және Өнер академиясының құрылуынан жасалғанымен, Иранның бірінші жоғары оқу орын Теһран университеті 1934 жылы құрылды. Содан бері 85 жылдан астам уақыт өтіп, елдің бұл және басқа университеттерін көптеегн студенттер аяқтап, Иранды абадтап, дамытуға қатысуда. Алайда діни оқу орындар ғасырлар бойы жастарды оқыту және тәрбиелеу жұмыспен айналысты. Діни оқу орындар Иранда университеттер ашылмастан бұрын жылдар бойы жастарға білім берді.

Аятолла Хамеримен салынған Құм қаласындағы діни оқу орыны

Иранда университеттің білім беру орган ретінде  құрылуымен және білім беру жүйесінің діни емес бағыттарына байланысты  діни оқу орын мен университетті  екі бөлек, тіпті бір-біріне қарама-қайшы орган екені туралы пікір айтылды. Өйткені университет    ғылым, гуманизм мен ақылға, ал діни оқу орындар құлшылық пен иманға негізделген. Бұл ой-пікір қоғамда университет құрылғаннан кейін жиырма жылға жуық уақыт бойы басым болды. Бірақ 1950 жылдардан кейін мүмін студенттердің университеттерге енуімен және жастардың жаңа ғылымдармен көбірек танысуымен екі органның арасындағы қайшылықтар жойылып, ынтымақтастық үлгісіне айналды. Ирандағы үстем кеңістіктің нығаюымен студент жастар мен діни оқу орындары шәкірттерінің билік басындағы саяси жүйені сынаулары үйлесіп, олардың қарым-қатынастары тереңдеді. Имам Хомейнидің елдің саяси сахнасында пайда болуы және оның университет пен студенттерге деген оң көзқарасы, діни шәкірттер мен студенттердің ынтымақтастығы мен бірлігінің қажеттілігіне баса назар аударуы діни оқу орындар мен қоғамның жағымсыз ойларын өзгертті. Имам Хомейни елді құтқарудың және басқарушы саяси озбырлықы жеңу үшін халықтың саяси жұмылдырылуының жеңуінің жалғыз жолы діни оқу орын мен университеттің бірлігі екенін түсінді және   басынан бастап бұл маңызды мәселені қуаттады.

Аятолла  Мофатех имам Хомейнидің осы идеясын жүзеге асыруға талпынған имам Хомейнидің танымал шәкірттерінің бірі болды. Ол діни оқу орын мен университетте оқып, қоғамға олардың бірлігінің үлгісін ұсына алды және осы идеяны өзінің өмірінде теориялық тұрғыдан негіздеді. Ол университет ортасындағылар ислам ғылымдарын үйрену арқылы және өздері мен студенттерде  тақуалық рухын қалыптастыру арқылы елдің болашағы үшін сенімді ұрпақты тәрбиелей алады,  сонымен қатар діни шәкірттер дүниежүзілік білімді және университеттердің заманауи  ғылымдарын пайдаланып, ислам білімдерін насихаттау үшін бұрынғыдан гөрі жақсы қадамдар жасай алады деп сенді. Мофатех «Ислам мектебі» басылымында жарық көрген өзінің «Мешіт пен университет бірлігі» мақаласында діни оқу орын мен университет бірлігінің қажеттілігін қуаттап: «Егер университеттік және діни топтар арасында қайшылық туып, екі топ әртүрлі жолды таңдаса, сәтсіздік пен артқа шегінудін алғашқы кезеңімен бетпе-бет келеді»,- деп жазды. Бұл идея Ислам революциясы диалогының негіздерінің бірі. Имам Хомейни күрес жылдарында осы идеяның жүзеге асырылуына баса назар аударды және діни оқу орыны шәкірттері мен ғұламаларына студенттер және  университет ұстаздарымен қарым-қатынасты нығайту керектігін әрдайым қуаттады. Ол діни оқу орын мен университеттің бірлігін революцияның маңызды жетістіктерінің бірі деп санап: «Мен университеттер мен діни оқу орындар арасындағы келісімді ең үлкен жеңіс  деп білемін»,- деді.

Имам Хомейни мен Мұхаммад Мофатех

Революция жеңсіне жеткеннен кейінгі жылдары діни оқу орындар мен университеттің бірлігі және бұл бірліктің елдің болашағындағы рөлі туралы мәселе маңызды мәселелердің бірі болды. Кейбіреулер діни оқу орын мен университеттің бірлігі екі институтты біріктіруді қажет етеді және бұл бірлік  шынайы және ұзақ мерзімді болмайды деп санайды. Бұл көзқарас қоғамда көптеген жақтастарын таба алмады. Екінші көзқарас бойынша имам Хомейни діни оқу орын мен университеттің бірлігін механикалық бірлікті емес, ғылым мен әлеуметтік өзара әрекеттесу бағытындағы жақындасуды мақсат етіп біріктіруді және елдің дамуы мен ілгерілеуіне жол ашуды білдіреді. Діни оқу орындар мен университеттердің жақындасуына Аллаға иман келтірген ұстаздар мен студенттер және діни шәкірттер маңызды рөл атқарды.  Аятолла Мотахари, аятолла Мофатех пен аятолла доктор Бехешти сынды әйгілі тұлғалар аталмыш ұстаздардан болды. Өкінішке қарай олар революцияның жеңісінен кейінгі жылдары шәһид болды. Бұл тұлғалардың шәһид болуымен олардың жолы тоқтап қалмады, исламдық революция диалогының аясында  олардың құнды жұмыстары жалғасып, діни оқу орыны мен университет бірлігі саласында жаңа ойшылдар пайда болды.

Аятолла Мотахари мен аятолла Бехешти

Соңғы бір-екі онжылдықта діни оқу орын мен университет бірлігінің нышанына айнала алған жаңа қайраткерлердің бірі - марқұм доктор Давуд Фирахи болды. Ол діни оқу орынында оқумен қатар, Теһран университетінде саясаттану ғылымдарының докторы дәрежесін де алды және жиырма жылдай   Теһран университетінің заң және саясаттану факультетінің ғылыми кеңесінің мүшесі болды. Ол дін мен демократияның үйлесімділігінің интеллектуалды және философиялық негіздерін теориялық тұрғыдан тұжырымдап, көптеген исламдық қоғамдардың үстемдік еткен саяси озбырлықтан шығуына жол ашты. Ол діни мәдениеттің  негіздерін сақтай отырып, оларды жаңа теориялар түрінде жаңартып, университеттің сіңірген еңбегінің практикалық моделін қоғамға ұсына алды. Ол діни оқу орын мен университеттің бірлігі туралы шу шығармай, бұл идеяны саяси және күнделікті мәселелерге байланыстырмай, олардың бірлігінің нақты көрінісіне айналды. Ол Хомейнидің діни оқу орындары мен университеттегі перзенттерінің оның ізін жалғастырып жатқанын және, жүздеген діни шәкірттер мен студенттердің Мофтех сияқты шәһидтерден үлгі алып тәрбиеленін көрсетті. Өкінішке қарай шамамен екі ай бұрын коронавирустың салдарынан ғалым Фарихи дүниеден озды.

Давуд Фирахи