«Фаджр» онкүндігі: Ислам революциясы дарындар мен қаһармандар тудырды (6)
Ислам өркениеті тарих бойында ғылымның түрлі салаларында құнды еңбектер жазып, адамзат қоғамының дамуына зор ықпал етіп, ғажап із қалдырған дарындарды тәрбиелеп шығарды.
Ислам өркениеті тарих бойында ғылымның түрлі салаларында құнды еңбектер жазып, адамзат қоғамының дамуына зор ықпал етіп, ғажап із қалдырған дарындарды тәрбиелеп шығарды. Шын мәнінде ислам өркениетінің шарықтауы осындай көрнекті адамдардың талпыныстарына қарыздар. Олар түрлі оқиғалардың басында тұрып, құбылыс тудырып, тарих жасады. Мұндай таңдаулылар тек өз мүдделерін ойламайды. Олар халыққа қызмет ету міндетін сезініп, әрекет етеді. Шын мәнінде олар билікке емес, қызметке құштар. Олардың көбі адамзатты сүю деген жоғары қасиеттерді гүлдендіріп, халыққа қызмет етуді бүкіл болмысымен қабылдады. Діни революция ретіндегі Иран Ислам революциясының ерекшеліктерінің бірі – дарындар мен қаһармандардың қалың тобын шығаруы. Революция болған күннен алыстаған сайын қаһармандардың саны артуда.
Ислам революциясы жеңіске жеткен күннен бастап осы революция дискурсында және оның ұлы жетекшісі имам Хомейнидің (р.) ойларында ғылым мен білімді дамыту биік орынға ие болды. Өйткені бұл ірі оқиға Иран халқының тарихи талаптарының бірі, яғни дамуға қол жеткізуге жауап беруді көздеді. Бұл мақсатқа ғылым мен білімге арқа сүйеусіз жету мүмкін емес еді.
Ислам революциясы діни болмысқа ие болғандықтан ғылым‑білім үйренуді бір жағынан, тәуелсіздік алу және өз‑өзіне сенуді екінші жағынан өзінің құндылықтар жүйесінің ажырағысыз бөлігі санады. Ғылымды парыз деп білу және басқа жағынан тәуелсіздік пен дамуға қол жеткізу үшін ғылымға арқа сүйеу Иран қоғамында ғылым мен ғылыми мәдениетке қол жеткізуге қолайлы жағдай жасады. Ғылым білім мен технологияға ұмтылумен шектелмеді. Қайта ғылым даму ғана емес, өмірдің барлық салаларында, соның ішінде саяси, әскери, мәдени және әлеуметтік мәселерде де ғалымдар мен таңдаулыларды тәрбиелеуді назарға алды.
Имам Хомейниден (р.) кейін аятолла Хаменеи дарындарды қоғамның қаймағы, басқа сөзбен айтқанда «рухани капитал» деп атады. Рухани капиталдардың ешқашан материалдық көрсеткіштермен бағаланбайтыны белгілі. Сол себепті осы рухани байлық жоғары құндылыққа ие болады. Оларды басқалардан ерекшелендіретін даналық пен қарым‑қабілет өмірдің қарқындай түсуіне септігін тигізеді.
Ислам революциясынан бір жыл өтпей жатып, Ирак Президенті Саддам Хусейн «Үш күнде жаулап алу» ұранымен Иранға шабуыл жасап, 8 жыл бойы теңсіз соғыс жүргізді. Осы соғыстағы басты ерекшелік – Иран жастарының көптеп қатысуы. Олар университет пен мектепті тастап, имам Хомейнидің бұйрығымен майданға аттанды. Бұл соғыста намысшыл қайратты жастар анықталды. Олардың әрқайсысы иман, джиһад пен табандылықта өз түрінде теңдессіз болды. Олар Иранға таңылған соғыстың ауыр күндерінде ғылым мен иманды байланыстырып, шектеулерге қарамастан, Батыс пен Шығыстың қолдауына ие Саддамның әскеріне төтеп беруге күш салды. Университеттердің үлгілі жастары сол жылдары елді қамтамасыз ету үшін жасампаз джиһадтық қозғалыс бастады. Соғыстан кейін де революцияның әрбір қысылтаяң күнінде ирандық жастар өздерінің қарым‑қабілетіне сенім білдірген жетекшіге адалдық сақтап, даму кезеңдерін жүріп өте алды. С өйтіп ислам жүйесін асулардан өткізді. Ирандық дарындар революциялық жүйенің саясында тек технологияларды игерумен шектелмеді, керісінше университеттерде мәдени‑джиһадтық топтар сияқты мәдени‑әлеуметтік дамуларға жол ашты.
Дарындар халықтардың тарихын тудырушылар атанып, қоғамда өзгеріс жасайтын күшке ие. Саяси мәселелерде, басқару негіздерінде, ой, ғылым, технология, өнер мен мәдениет салаларындағы өзгерістерде олардың рөлі айқын көрінеді.
Ислам революциясына дейін ешбір жауапты органда дарынды адамдар болмады. Ислам революциясынан кейін, әсіресе соңғы жиырма жылда Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи дарындарды анықтап, қолдауға жауапты органдар және ғылыми ұйымдар құру сияқты іс‑шаралар атқару арқылы елдің ғылыми кеңістігінде дискуссия мен ағымдар тудыруда маңызды рөл ойнады. Осы орайда Дарындардың ұлттық қоғамы х.ш.ж.с.б. 1385 жылы таңдаулылардың ғылыми әлеуеттерін елді дамыту, білім өндіру және компьютерлік бағдарламаларды жасау жолында революциялық қозғалысты жалғастыру үшін дұрыс әрі тиімді пайдалану мақсатында құрылды. Қазіргі таңда 12 мыңнан аса талантты тұлға Дарындардың ұлттық қоғамының қарауына алынып, қолдауына ие болып отыр.
Ислам революциясының жетекшісі елдегі дарындар әсер еткен салалардың бірін білімнің жаһандық шекараларын бұзу екенін айтып: «Бүгінде білім ел сатысында емес, адамзат деңгейінде белгілі бір аяда тұр. Біз осы шекараларды бұзып, ілгерілеп, аяны кеңейтуге үлес қосып, рөл ойнай аламыз. Білім мен ізденіс шекарасын кеңейту керекпіз. Осы тұрғыдан мен дарындарға маңыз беріп, құрмет көрсетемін. Біздің дарындарымыз тұрмыс жағдайын жақсартуда, бағдарлама жасау сапасын жетілдіруде, ел мен әлемнің дамуында да ықпалды рөл атқара алады»,‑деді.
Ғалымдармен жылына оннан аса жалпы кездесу және жүйелі түрде апталық отырыстар өткізу жетекшінің ғылыми дамуға күш салып жатқанын көрсетеді. Оның сенімінше, дарындарды анықтап, тәрбиелеп, оларды бір ұйымға біріктіру елде серпінді даму ағымының қалыптасуына себеп болды.
Ислам революциясына дейін жарияланған статистикаға сәйкес, Иранда әлемдік деңгейде бірде‑бір ғалым болмаған. Бірақ 2016 жылы Web Of Science беделді халықаралық сайтының мәліметіне сәйкес Иранда 208 үздік ғалым бар. Олар әлемдегі ең үздік 1 пайыз ғалымдардың қатарында. Бұл рейтинг әлем зерттеушілерінің соңғы онжылдықта 22 ғылым саласында атқарған еңбектеріне қатысты деректер санына байланысты есептеледі. Ал ислам ғылымдары саласындағы ұстаздар бұл рейтингке кірмейді.
Өткен жылдарда жас ғалымдар ғылымның түрлі салаларында, соның ішінде діңгекті жасушалар, нанотехнология, биотехнология, атом қуаты, инженерия және т.б. жетістіктер мен жаңалықтарға қол жеткізді. Бұл жас буынның әлеуетін көрсетеді.
Өткен жылдарда революцияға қарсылар, әсіресе АҚШ Иранның ғылыми дамуына тосқауыл қоюға тырысты. Олар қысым тетіктері, соның ішінде Иранға қарсы ғылыми‑технологиялық санкциялар салу арқылы Иранды оқшаулап, бағынышты елге айналдырғысы келеді. Дарындар үшін санкциялар үлкен түйткіл болды. Күн сайын санкциялардың саны арта түсті. Шынымен‑ақ ауыр еді. Бірақ соның нәтижесінде дарындардың асыл болмысы айшықтала көрінді. Егер соғыс болмаса, Бакерилер, Каземилер мен Солейманилер сияқты қаһармандар мен қолбасшылар танылмас еді.
Үстемшіл жүйе әрдайым бұл байлықты халықтардан тартып алуға тырысты. Ғылым мен технологияны өз мүддесіне пайдаланып, одан туындайтын байлық пен билікті монополиялап алғысы келді. Ұлттық қаһармандар мен дарынды ғалымдарды өлтіру – үстемшіл жүйе үшін халықтарды осындай қазынадан мақрұм қалдырудың бір жолы. Қазір де дұшпандардың ядролық ғалымдар мен әскери қолбасшыларды нысанаға алудағы мақсаты – Иран Ислам революциясын тоқтату. Сардар Қасым Солеймани сияқты әскери тұлға мен доктор Мохсен Фахризаде секілді ғалымға террор жасау Ислам революциясының биік армандарының орындалуына тосқауыл қою мақсатында жүзеге асырылды. Дұшпан Ислам революциясы жеңісінің бас кезінде Мұтахари, Мофатех, Бехешти, Раджаи, Бахонар сияқты тұлғаларды өлтірді. Мақсаты революциялық қозғалысты тоқтату болды. Олар қазір де осы саясатты қайталап отыр.
Барлық қастандықтарға қарамастан, ИИР тұрақты дамуға қол жеткізу үшін зерттеу саласында қарқынды қадамдар жасады. Ирандық зерттеушілер мен ғалымдар ешбір елге бағынбастан ғылымның түрлі салаларында, соның ішінде діңгекті жасушалар өндіру, клондау, атом қуаты, нанотехнологияда айтарлықтай жетістіктерге жетті. Бүгінде елдің дарындар қоғамы, әсіресе намысшыл әрі талапты студенттер жақында қастандықпен өлтірілген ядролық корғаныс саласындағы ғалым Фахризаде сынды ғылым‑білім жолындағы шәһидтердің жолын жалғастырып, оның орнын толтырып, Иранды одан ары нығайтуға әрекет етуде. Коронавирусқа қарсы вакцина жасау – ирандық жастардың мақтануға тұрарлық соңғы ғылыми жетістіктерінің бірі.