Исламның ұлық пайғамбары – жаһандық ғиззат пен қадір-қасиеттің көрінісі
(last modified Wed, 10 Mar 2021 16:02:54 GMT )
Нау 10, 2021 22:02 Asia/Almaty
  • Исламның ұлық пайғамбары – жаһандық ғиззат пен қадір-қасиеттің көрінісі

Мабас – Аллаға иман келтірген адамдардың мейрамы. Әлемнің барша мұсылмандарын Мабас мейрамымен құттықтаймыз!

Мабас – Аллаға иман келтірген адамдардың мейрамы. Алла  елшісінің (с.ғ.с.) беғсаты өткен ғасырлар бойы және қазіргі заманда мұсылмандар үшін иман, ғиззат пен мақтаныш әкелді. Хазірет Мұхаммад-Мұстафаның (с.ғ.с.) Мабасы мұсылмандардың әлемдік үстемшілердің зорлық-зомбылығына қарсы бірлігі мен ынтымақтастығының көрінісі. Мабас мейрамы – әлем Пайғамбардың (с.ғ.с.) ресалятының нұрымен жарқыраған және адамзатты бірлік пен бақыт және жоғары деңгейге жігерлендірген күн. Мабас бізге Алла елшісінің (с.ғ.с.) беғсатының және оның жолдауларының шындығы туралы көбірек ойлануға мүмкіндік беретін күн.

 

Хазірет Мұхаммад - Амин (с.ғ.с.) өзінің ата-бабалары сияқты әрдайым бір Аллаға құлшылық етіп, хазірет Ибраһимнің дінінде болған. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) пайғамбарлық міндетін бастардан бұрын жыл сайын бір ай бойы Хира тауына барып, ғибадат жасайтын. Содан соң әл-Харам мешітіне баратын және Алланың үйіне жеті рет тәуәп еткеннен кейін үйіне қайтып оралатын. Әлиге (ғ.с.) үлкен қамқорлық көрсеткен хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) Хира үңгіріне ғибадат етіп, дұға жасау үшін барғысы келсе, оны өзімен бірге ертіп кететін. Сондықтан хазірет Әли (ғ.с.) бұл күндері Пайғамбармен (с.ғ.с.) бірге болатын жалғыз адам еді. Хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.)  шын жүректен айтқан дұғаларына құлақ асып, Аммул филдің 40 жылының  раджаб айының 27-ші түнінде  уаһи періштесі Жебрейл «Алақ» сүресінің алғашқы аяттарын Исламның ұлық пайғамбарына оқып беруге және хазіреттің пайғамбарлық міндетіне құрмет білдіруге міндеттелді. «Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол, адам баласын ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Ол Раббың аса ардақты. Сондай қаламмен үйреткен. Ол, адамзатқа білмеген нәрселерін үйреткен». («Алақ» сүресі, 1-5 аяттары).

Хазірет таудан түсіп, мейірімді өмірлік серігінің үйіне барып, орын алған оқиғаны айтып берді. Хазірет Хадиджа Алланың Мұхаммадты (с.ғ.с.) сайлағанына иман келтіріп, хазіреттің (с.ғ.с.) уәде етілген соңғы пайғамбардың өзі екенін  мойындады.

 

Қиямет күндерінің атауларының бірі - «Яум әл-Баас», өйткені Алла Тағала есеп-қисап жүргізу үшін өлілерді тірілтіп,  қабірден шығарады. Исламның ұлық пайғамбарының беғсаты да - набави тәлім мен тазарудын арқасында жердегі Алланың халифасы болу үшін кез келген адамның болмысында қалыптастырған иманың сыртқа шығару. Хазіреттің беғсатының адамзаттың бүкіл араб және араб емес қоғамдарында әкелген өзгерістері таңқаларлық әрі терең болды.

Алла елшісінің (с.ғ.с.) пайғамбарлық мідетті адамның ой-өрісі жеткен жерге дейін таралды және пәк және Аллаға иман келтірген ақылдарға ықпалын тигізіп, уаһи түскен кездегі қоғамдарға және басқаларға әсер етті. Алла елшісінің  пайғамбарлық міндеті адамдардың ақылқорларын әшкерелеу болды. Имам Әли (ғ.с.) «Наһдж ул-Балағенің» құтпаларының бірінде: «Алла Тағала адамдар арасында даналық қазынасын ояту үшін пайғамбарларды жіберді»,- деп айтқан болатын.

Араб әлемі Алла елшісінің беғсатының қарсанында дағдарысқа тірелді. Надандық, талан-тараж, қысым, сыбайластық пен ұстамдылық, кемсіту мен әділетсіздік, адамгершіліктен алыстау сол кездегі барлық адамзат қоғамдарын шырмады. Пайғамбарлардың басты міндеті надандықты жойып, орнына илаһи құндылықтарды тарату болды. Бұл мақсатқа тек таухидке шақыру және кез келген көпқұдайшылық пен пұтқа табынушылықтан алыстау арқылы жетуге болады. Алла елшісінің пайғамбарлық міндетінің келесі мақсаты адамдарды тәрбиелеу және дұрыс жолға нұсқау болды. Бұл мақстақа жету үшін Алла адамдарға илаһи аяттарды оқуды бұйырды. Бұл аяттардың тәлім-тәрбиесі халықтың рухы мен жаның тазартады. Алла елшісі сабақ оқымаған, Алла оны Хиджаздың оқымағандары үшін илаһи аяттарды жеткізсін және оларға қасиетті Ктіпатың сырын ашсын деп, олардың арасынан таңдады.  «Жұма» сүресінің 2-ші аятында: «Ол сондай Алла, сауатсыздардың ішіне өздерінен; оларға Алланың аяттарын оқып, оларды тазартатын сондай-ақ оларға; Кітап, даналық үйрететін бір Пайғамбар жіберді. Негізінде олар бұрын ашық адасуда еді»,- деп айтылды. Бұл аят бойынша, Пайғамбар (с.ғ.с.) халыққа Алланың кітабы Құранды үйретіп, надандық пен адасудан құтқарады, содай-ақ сабыр және жақсы мінез-құлқымен оларды тәрбиелейді.

 

Алла елшісінің беғсаты үлкен революция саналады. Сөзсіз Исламның ұлық пайғамбары (с.ғ.с.) адам баласының ақыл-ойының өркендеуінде және адамдарды нәпсінің шынжырларынан босатуда ең маңызды рөл атқарды және адам ойы талпынысына байланысты. Құран Кәрімнің айтуынша, Пайғамбар (с.ғ.с.) келіп, адамды нәпсісінің тұтқынынан босатады. «Ағраф» сүресінің 157-ші аятында: «...Енді соған (Мұхаммед Ғ.С.ға) сенгендер, олар оған құрмет етіп әрі оған көмек көрсеткендер сондай-ақ оған түсірілген нұрға (Құранға) ергендер, міне солар құтылушылар»,- деп айтылды. Исламның ұлық пайғамбары баршаға монотеистік наным-сенімді ұсынды және өз міндетінің  мақсатымен таныстыруға талпынды. Қазіргі кезде әртүрліқоғамдарда азаттық дауысы естіледі. Кейбіреулер адамның азаттығы қалағанындай өмір сүру және өз нәпсісіне бағыну деп санайды. Бірақ шын мәнінде азаттық ол емес. Шынайы азаттық адамды мәңгі бақытына жетуге кедергі болатын күнәләр мен өтпелі ләззаттардан босатады.

 

Алла Тағала Исламның ұлық пайғамбарына екі нәрсені сый етті. Біріншіден, хазіретке мақсатты белгіледі және екіншіден, мақсатқа жеткізетін дұрыс жолмен таныстырды. Алла адамдарға Пайғамбарға (с.ғ.с.) бағынуды бұйырды, өйткені адам – жолаушы,  ал жолаушының белгілі мақсаты болуы керек. Алла елшісі адамзат керуенінің мақсатын да  және оған жететін жолды да жақсы біледі. Сұбхан Алла «Нәжм» сүресінің 1 және 2-ші аяттарында: «Батып бара жатқан жұлдыздарға серт. Жолдастарың (Мұхаммад с.ғ.с.) адаспады да, ауытқымады»,- деді.

Хазірет Мәһди (ғ.с.) – Алла елшісінің (с.ғ.с.) ұрпағынан шыққан. Хазірет Мәһди (ғ.с.) адамзаттың құтқарушысы және мұсылмандар әрдайым хазіреттің келуін Алладан тілейді. Рауаяттардың бірінде: «Алла Тағала Мұхаммадты (с.ғ.с.) әлемдіктерге мейірімін білдіріп, нығметтерін аяқтау үшін сайлады»,- деп  айтылды. Иә, Алла мейрімді және рақымды өзінің ең үлкен рақымын мұсылмандарға сый етті. Өйткені ең жақсы пендесін өзінің орынбасары ретінде сайлап, адамзатқа шариғат пен рухани көзқарасын ұсынып, дұрыс жолға нұсқады.

 

Беғсат оқиғасы мұсылмандардың мәдениетіне үлкен ықпалын тигізді. Беғсат – алғашқы жылдары аздаған жақтастары және қиын жағдайда басталған Ислам дінінің басталуы. Ардақты Пайғамбардың (с.ғ.с.) табандылығы мен шыдамдылығы және адамдар алдында байқалған адамгершілік қасиеттері  арқылы бұл дін бүкіл әлемге таралды. Бүгін біз бақытқа жол нұсқайтын діннің жақтастарының санының артуының куәсі болудамыз. Хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.) бүкіл адамдарға күпірілік пен зұлымдыққа қарсы табанды болу және  ахлақ пен руханият сабағын үйретті.  Алла  елшісінің (с.ғ.с.) беғсаты өткен ғасырлар бойы және қазіргі заманда мұсылмандар үшін иман, ғиззат пен мақтаныш әкелді. Хазірет Мұхаммад-Мұстафаның (с.ғ.с.) Мабасы мұсылмандардың әлемдік үстемшілердің зорлық-зомбылығына қарсы бірлігі мен ынтымақтастығының көрінісі. Мабас мейрамы – әлем Пайғамбардың (с.ғ.с.) ресалятының нұрымен жарқыраған және адамзатты бірлік пен бақыт және жоғары деңгейге жігерлендірген күн.

 

Тегтер