Ораза айт – Алланың сыйы таратылатын мереке
Әлемнің түкпір түкпіріндегі барша мұсылмандар Ораза айт күні шаттыққа бөленіп, Аллаға құлшылық жолын абыроймен өткені үшін қайта тірілу әнін шырқайды.
Бір айлық ғибадат пен құлшылықтан кейін Ораза айт та келіп жетті. Бұл айт Күн сияқты мүміндердің жүректеріне әдемі таң шапағын сыйлайды. Ораза ұстаған мүміндер Рамазан айында жүректерін Құран оқып нығайтып, Қадір түндерінде дұға оқып жылап, тәубеге келуге мұрсат алып, енді Ораза айтты қарсы алуға барады. Осы күні ғұсыл алып, хош иіс аңқыған таза киім киіп, көшелерді әрлеп, гүл мен шәрбат тарату арқылы әлемнің барша мұсылмандары шаттыққа бөленіп, Аллаға құлшылық жолын абыроймен өткені үшін қайта тірілу жырын жырлайды. Фетр (Ораза) әуезі ойнап тұр, періштелер лек-легімен аспаннан жерге түсіп, Алланың рақымы мен кешірімі жайлы ізгі хабарды мүміндерге сүйіншілейді.
Ұлық пайғамбар (с.ғ.с.) былай деген: «Алла тағала Ораза айт күні періштелерден «Міндеттерін орындағандардың сыйы қандай болуы керек?» деп сұрайды. Періштелер: «Құдай, олардың сыйы сенің қолыңда» деп жауап береді. Сонда Алла «Сендер, періштелер, менің өз құлдарымды кешіргеніме куәгер болыңдар» дейді екен.
Ораза айт күнінің таңы салтанатты түрде намаз оқумен басталады. Бір ай бойы Алланың рақымы мен кешірімінің қонағы болған мұсылмандар ақ әрі таза киімдерімен айт намазының сапына тұруға асығады. Олар Алла деп сыбырлап, жүректері ерекше шаттыққа бөленеді. Азаншы мұнарадан «Ләббайк, ей, Алла!» деп дауыстағанда, бүкіл жаратылыс пен мақлұқтар осы сөзді азаншымен бірге айтатын сияқты. Көптің біртұтас болғаны қандай керемет! Көпті жаратқан теңдессіз Алланың айналасына бірігу қандай ғажап! Мүміндер «Ләббайк» айтып, намаз сапын түзейді. Ораза айт – адамның өз шынайы болмысы мен рухани дүниеге қайта оралуы мерекесі, Жаратушыға ғашықтық пен шынайы құлшылықты жариялайтын мейрам. Қайта тірілу дұғасы күбірлеп айтылады: Аллаһу акбар, Аллаһу акбар уал лелаһул хамд, алхамдуллаһи ала ма һадена.... Рамазан айында ораза ұстағандар алғыс айтады, өйткені олар періштелер әлемінің қонағы болып қайтты, Алланың ұлылығын бар жан-жүрегімен сезінді. Аллаға мойынұсынып, құлшылық етудің белгісі ретінде айтылатын «Ләббайк, Аллаһума, ләббайк» сөзі қандай әдемі!
Ораза айт намазы – мұсылмандардың иманы мен рухани қуатын көрсететін салтанатты жиын. Діни жетекшілер осы жиынға қатысуға кеңес берген. Ислам діні әлеуметтік дін болғандықтан онда бірлік тудыратын шаралар өте маңызды. Діни парыздардың бірқатары, соның ішінде қажылық ұжыммен орындалады. Қажылық исламның қадір-қасиеті мен шарапатын көрсетеді, мұсылмандардың бір-бірімен танысуына және ислам әлемінің қиыншылықтарын шешуге жағдай жасайды.
Ораза және Құрбан айт кезінде оқылатын намаздар да ислам елдеріндегі мұсылмандар жиналатын маңызды шаралар. Имам Реза (ғ.): «Ораза айт күні халық Құдай үшін сыртқа шығып жиналып, Оның берген нығметтері үшін Оған мадақ айтатын мереке деп белгіленген. Ол күн – қауым болып жиналып, табиғи болмысқа қайта оралып, пітір садақасын беріп, алғыс айтып, жалынып-жалбарынатын күн»,-деген.
Ораза айт намазы әрбір ел мен қалада әдетте қасиетті орындар мен маңызды мешіттерде өткізіледі. Екі ракат пен жалпы 9 ғунуттан тұрады. Ең салтанатты Ораза айт намаздарының бірі – Теһранда Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің басқаруымен өтетін айт намазы. Сондай-ақ қасиетті Мешхед қаласындағы имам Реза (ғ.) кесенесінде де бір ай бойы ораза ұстап, тәубеге келіп, сәресінің мінәжаттарын оқып, енді Алланың рақымы мен кешірімін сұрауға келген намазхандарды көруге болады.
Аятолла Хаменеи: «Мұсылмандар Рамазан айынан нұрланып шығады. Рамазан айында ораза ұстап, Алланың аттарын атап, Оны мадақтап, Оған дұға жасап, Құран оқып, басқа ізгі амалдар жасаған мүмін адамның жүрегі нұрланып, жаны кірден арылады. Шын мәнінде Қадір түнінен бастап ораза ұстаған мүмін жан былайша айтқанда жаңа жыл бастайды. Қадір түнінде Алла тағала тарапынан оның тағдыры анықталады. Адам бір жаңа жыл, жаңа кезеңге аяқ басады. Шын мәнінде жаңа хикая мен жаңа туу орын алады. Адам тақуалықпен осы жолды жүріп өтеді. Ораза айт намазы Рамазан айында Алланың берген нығметтеріне және қайта тууға мұрсат бергеніне алғыс айту үшін орындалады»,-деді.
اللهم اهل الکبریاء والعظمه / و اهل الجود و الجبروت / و اهل العفو و الرحمه / و اهل التقوی و المغفره / اسئلک بحق هذا الیوم الذی جعلته للمسلمین عیدا / و لمحمد ٍ صل الله علیه و آله زخرا ً و شرفا ً و کرامتا ً و مزیدا ً / ان تصلی علی محمد و ال محمد / و ان تدخلنی فی کلّ خیر ٍ ادخلت فیه محمدا ً و آلَ محمد و ان تخرجنی من کل سوء ٍ اخرجتَ منهُ محمدا ً و الَ محمد صلواتک علیه و علیهم / اللهم انی اسئلک خیرَ ما سئلکَ منهُ عبادکَ الصّالحون / و اعوذ بک ممّا استعاذَ منهُ عبادکَ المخلصون "
«Ей, Алла! Ұлылық пен ірілік Саған лайықты. Кешіру немесе жазалау да Саған лайықты. Кешірім мен рақымшылық жасау да Сенің қолыңда, тақуалық пен кішіпейілдік сыйлау да Сенің құзыретіңде. Бұл күнді Мұсылмандарға айт деп белгілеуің әділетті. Оны Мұхаммед пен оның әулетінің дәрежесі артып, шарапаты таситын күн еттің. Мұхаммед пен оның әулетіне сәлем жолдауыңды сұраймын. Мұхаммед пен оның әулетіне берген құт-берекені маған да нәсіп ете гөр. Мұхаммед пен оның әулетін қорғап қалғандай мені де жамандықтан сақтай гөр. Ей, Алла! Мен Сенен лайықты құлдарың сұраған ең жақсы нәрселерді сұраймын. Ықыласты құлдарың қашқан дүниеден безіп, мен де Сенен пана іздеймін»
Ғунуттың соңғы сәттерінде Алладан былай деп сұраймыз: «Құдайым, бізді де Мұхаммед пен оның әулеті кірген иман, ақлақ және ізгі амал жұмағына кіргіз. Әулие-әнбиелерді аман сақтағандай бізді де лайықсыз әрі арам істер, нашар мінез-құлық пен бүлдіргі ойдан сақтап, қорғай гөр». Намазхан Ораза айт намазында Алладан Рамазан айында ораза ұстап, жақсы амалдар жасап жинаған тақуалығын сақтауға көмектесіп, бұрыс жолға түспеуін, азғындыққа салынбауын қадағалауды өтінеді.
Әрине, мүміндер Ораза айт күні осы ұлы мақсатты сипаттап, Алладан осыны сұрайды. Әрине, әрбір адам күнәдан алыс болуға тырысып, Алланың тура жолында қалуға міндетті. Хадистерде келтірілгендей, «Адам күнә жасамаған күннің бәрі – мереке».
Имам Саджад (ғ.) Рамазан айында нөкерлері мен күңдерін жазалаудың орнына олардың қателіктерін бір жерге жазып қойып, Ораза айт күні қарсаңында оларды жиып алып, қателіктерін жасалған күнімен қоса естеріне салып отырған. Содан соң олардан мойындауды талап етіп: «Ей, пәленше! Ана бір күні мынадай күнә жасағаның есіңде ме? Мен сені жазаламадым» деген. Олар «Иә, Алла елшісінің ұлы!Сен біздің күнәмізді кешіргендей, Алла да сенің күнәларыңды кешірсін» деген. Сонда имам Саджад (ғ.) нөкерлері мен күңдеріне қарап: «Мен сендерді кешірдім. Егер мен сендерге жамандық жасасам, сендер де мені кешіріңдер» деген.
Имам Са
Имам Саджад (ғ.) Ораза айт күнінде оларға белгілі бір мөлшерде сыйлық беріп, босатып: «Алла тағала Рамазан айының соңғы күнінің ауызашар кезінде 70 мың адамды тозақ отынан құтқарады. Рамазан айының соңғы түнінде (Ораза айт қарсаңында) бүкіл ай бойы азат еткен көлемде адамдарды босатады. Қазір Алла менің сендерді босатып жатқанымды көргенін қалаймын. Сонда Құдай да мені тозақ отынан құтқарады деп үміттенемін»,-деген.
Ораза айт құтты болсын!