Жетекші көзқарасы: Құдс күні
Аятолла Хаменеи ислам үмбетінің басты мәселесін Палестина мәселесі деп атады. Ол Рамазан айының соңғы жұмасында Дүниежүзілік Құдс күніне орай сөйлеген сөзінде: «Палестина оқиғасы әлі күнге дейін ислам үмбетінің ең маңызды әрі өзекті мәселесі болып отыр.»,-деді.
Иран Ислам республикасының негізін қалаушы имам Хомейни (р.) Палестинаның мазлұм халқын қолдау және сионистік режимнің қылмыстары мен басқыншылықтарына ашық қарсылық білдіру мақсатында Рамазан айының соңғы жұмасын Дүниежүзілік Құдс күні деп жариялаған соң Палестина жолындағы күресте жаңа тарау ашылды. Құдс күні ислам әлемі мұсылмандарын Палестина халқының заңды құқықтарын қолдауға жұмылдыратын бір халықаралық күнге айналды. Сол кезден бастап Палестинаны қолдау ислам әлемі аясынан шығып, бүкіл әлемге таралды.
Иранда Палестина мәселесі әрдайым Ислам республикасы жүйесінің стратегиялық мәселелерінің бірі саналады. Аятолла Хаменеи ислам үмбетінің басты мәселесін Палестина мәселесі деп атады. Ол Рамазан айының соңғы жұмасында Дүниежүзілік Құдс күніне орай сөйлеген сөзінде: «Палестина оқиғасы әлі күнге дейін ислам үмбетінің ең маңызды әрі өзекті мәселесі болып отыр. Зұлым капиталистік жүйенің саясаттары бір халықты үйінен, өз отанынан, ата-бабасының жерінен айырды. Ол жерге лаңкес режим мен бөгде жұрт қоныстандырылды.»,-деді.
Аятолла Хаменеи «Сионистік режимді құрудағы қисыннан әлсіз әрі негізсіз не бар?» деген сауал қойып, қоғамның назарын мына жайтқа аударды: Батыс Азиядағы бір халықты босытып, қырып-жою арқылы еврейлердің кегі мұсылмандардан алынуда. Ол: «Батыс елдері үкіметтерінің сионистік режимге қалтқысыз қолдау көрсетіп отырғандағы қисыны – осы. Олар осылайша адам құқығы мен демократияға қатысты өздерінің жалған уәждерін бүркемелеп келеді. Мұндай күлкілі де қайғылы жағдайдың қалыптасқанына 70 жылдан аса уақыт өтті. Арагідік оған жаңа оқиғалар легі қосылуда»,-деді.
Аятолла Хаменеидің көзқарасынша, сионистер басып алынған Палестина жерін бірінші күннен бастап терроризмнің ошағына айналдырды. Сондықтан «Израиль бір мемлекет емес, Палестина халқы мен барша мұсылман халықтарына қарсы лаңкестік база болып табылады. Бұл залым режиммен күресу – зұлымдық және лаңкестікпен күресу. Ал бұл – баршаның міндеті».
Ислам революциясының жетекшісі Палестина жеріне қол салуды алдын ала белгіленген мақсат деп атап, узурпатор режим құрылғаннан бірнеше жыл бұрын ислам аймағының осы бір бөлігіне қол салу ісі басталған. Бұл жылдар Батыс елдерінің ислам мемлекеттерінің ішкі істеріне белсене араласып, секуляризм мен әсіре национализмді таратып, деспоттық жүйелер құрып, Батысты жақтайтын адамдарды билік басына әкелген кездерімен тұспа-тұс келді.
Ислам революциясының жетекшісі сионистік режимнің ислам үмбетінің осы бір бөлігіне иелік етуінің ислам әлемінде көптеген әлсіздіктер мен қиындықтарға себеп болып отырғанын айтып, ислам үмбетінің алауыздығы мен әлсіздігі Палестинаны басып алуға жағдай жасағанын айтты. Ұлыбритания қастандықты жобалап, ілгерілетті. Сионист капиталистер ақша мен қарудың күшімен оны орындауды өз мойындарына алды. Кеңес одағы заңсыз құрылған мемлекетті ресми түрде танып, еврейлерді жаппай көшірген алғашқы мемлекет болды.
Аятолла Хаменеи: «Бүгінде әлемнің жағдайы ол кездегідей емес. Біз бұл шындықты ұдайы назарда ұстауымыз керек. Қазір әлемдегі билік таразысы ислам әлеміне қарай бұрылды. Еуропа мен АҚШ-тағы түрлі саяси және әлеуметтік оқиғалар Батыс әлеміндегі басқару құрылымы мен ақлақтық жағдайдағы терең ауытқушылықтар мен әлсіздіктердің бетін ашты. АҚШ сайлауы кезіндегі оқиғалар мен тәкаппар басшылардың сынға түсуі, АҚШ пен Еуропада таралған коронавируспен бір жыл бойы сәтсіз күресу және соған қатысты ұятты жағдайлар, Еуропаның басты елдерінде соңғы кездерде болып жатқан саяси-әлеуметтік наразылықтар – осының барлығы Батыс блогының құлдырап бара жатқанының белгілері»,-деді.
Ислам революциясының жетекшісі «Ислам әлемінің ең маңызды аймақтарында қарсыласу күштерінің нығаюы, олардың қорғаныс және шабуылдаушы қабілеттерінің артуы, мұсылман халықтарының қырағылығы, стимулы мен үмітінің артуы, ислами-құрани ұрандарға бет бұрудың артуы, ғылыми даму, халықтарда тәуелсіздік пен өзін-өзі қамтамасыз етуге талпыныстардың артуы – жақсырақ болашаққа үміт беретін берекелі нышандар» деп атады.
Палестина жері – өркениеттердің тоғысқан жері. Палестина мен Бейтулмұқаддас – илаһи діндер мен пайғамбарлар шығып, таралған жер, мұсылмандардың алғашқы құбыласы, әрдайым әлемдегі барша халықтар пен ірі діндер өкілдерінің құрмет тұтып, үнемі көңіл аударатын орталығы. Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасынша, осы қасиетті жерді азат ету үшін мұсылман елдердің интеграциясы басты мақсат болуы керек. Бұл мақсатқа қол жеткізу алыс емес сияқты. Аятолла Хаменеи: «Мұсылмандардың Палестина мәселесінде бірлесуі сионистер мен олардың америкалық және еуропалық демеушілері үшін қорқынышты түстей. «Ғасыр мәмілесі» атты сәтсіз жоба және содан кейін бірнеше әлсіз араб елдері мен сионистік режим арасында қарым-қатынасты қалыптандыруға тырысу – осы қорқынышты түстен қашу үшін жасалған әрекеттер. Мен кесімді түрде айтамын: Бұл талпыныстар нәтиже бермейді, сионистік режимнің құлдырау үдерісі басталды, енді тоқтамайды»,-деді.
Ислам революциясы жетекшісінің айтуынша, болашақ тағдырды айқындайтын факторлар – басып алынған жерлерде қарсыласуды жалғастыру, джиһад пен шаһадат рухын нығайту және дүниежүзі мұсылмандарының палестиналық күрескерлерді қолдауы.
Палестина жерінде қарсыласу қозғалысының жалғасуы және джиһад пен шаһадат шебінің нығайту, әлемдегі мұсылман халықтар мен үкіметтердің палестиналық күрескерлерге халықаралық қолдау көрсетуі болашақ тағдырды айқындайтын факторлар саналады. Барша саясаткерлер мен ағартушылар, діни ғұламалар, партиялар мен топтар, қайратты жастар мен басқа әлеуметтік топ өкілдері осы дүниежүзілік қозғалыста өз орындарын тауып, тиісті рөл атқаруы керек.
Аятолла Хаменеи өз сөзінің соңғы бөлігін араб тілінде айтты. Оны Палестина жастарына арнады. Шындығында, айуан дұшпанмен айбын, күш-қуат позициясынан басқа тілмен сөйлесе алмайсың. Мұндай айбын палестиналық жастарда бар. Ол Палестина халқы мен жастарына, шәһид болып, қарсыласу қозғалысында өшпес із қалдырған көрнекті тұлғаларға сәлем жолдағаннан кейін: «Палестиналықтардың күресі мен қарсыласу қозғалысы шәһидтерінің төккен қаны Палестина туын желбіретіп ұстап тұруға көмектесіп, палестиналық джиһадтың ішкі қуатын жүздеген есе арттыруға септігін тигізді. Палестиналық жастар бір күні өздерін таспен қорғады. Ал бүгінде нысананы дәл көздейтін зымыран ату арқылы дұшпандарға жауап береді»,-деді.
Ислам революциясының жетекшісі былай деп еске салды: «Палестина мен Құдс жерлері ең жауыз адамдардың қолына түскеніне ондаған жыл болды. Олар 70 жылдан аса уақыт бойы жер иелерін қырып, мүлкін талан-таражға салып, халықты қамап, азаптады, бірақ олардың ерік-жігерін мұқалта алмады».
Аятолла Хаменеи: «Палестина тірі. Ол джиһадты жалғастырып жатыр. Құдайдың қолдауымен ақырында дұшпанды жеңеді. Қасиетті Құдс пен бүкіл Палестина сол жердің халқына тиесілі. Сондықтан оларға қайтарылады, бұйырса. «Бұл іс Аллаға қиын емес»,-деді.
Осы орайда аятолла Хаменеи бүгінде бірлікті палестиналықтардың ең үлкен қаруы деп атап: «Газа секторы, Құдс, Иордан өзенінің батыс жағалауы, 1948 жылғы жерлер, тіпті лагерьлерде қалған палестиналықтардың барлығы біртұтас қоғам құрып, бірлесу стратегиясын ілгерілетуі тиіс. Әр бөлік бір-бірін қорғауы керек. Оларға қысым жасалғанда қолда бар құралдарды пайдалануы тиіс»,-деді.
Аятолла Хаменеи өз сөзінің бір бөлігінде: «Бүгінде жеңіске жету үміті басқа кезден көбірек. Күш-қуат таразысы палестиналықтардың мүддесіне қарай өзгерді. Сионист дұшпан жыл өткен сайын әлсіреуде. Өзін «Ешқашан жеңілмейтін армия» деп таныстыратын сионистік режим армиясы Ливанда 33 күндік соғыс, Газада 22 күндік және 8 күндік соғыстарды бастан өткергеннен кейін бүгінде «жеңістің жүзін көрмейтін» армияға айналды. Екі жылда төрт сайлау өткізуге мәжбүр саяси жағдайы бар. Ал қауіпсіздік шаралары бірінен соң бірі жеңіліс тауып жатыр. Еврейлердің Палестина жерінен көшуге ынталарының артуы сионистік режимнің масқарасын шығарды. АҚШ-тың көмегімен бірнеше араб елімен қарым-қатынасты қалыптандыруға талпыну – сионистік режимнің әлсіздігінің тағы бір белгісі. Әрине бұл да оған көмектеспейді»,-деді.
Ал бұл жағдайда қарсыласу қозғалысының күш-қуаты артып келеді. Ислам революциясының жетекшісі осы туралы: «Сионистік режим құлдырап бара жатқанда қарсыласу қозғалысының күш-қуатының арттыруы жарқын болашаққа үміт береді. Әскери-қорғаныс қабілетті арттыру, әсерлі қару-жарақ жасауда өзін-өзі қамтамасыз ету, күрескерлердің өз-өздеріне сенімді болуы, жастардың хабардарлығының артуы, қарсыласу қозғалысын Палестинаның түкпір‑түкпіріне және одан тысқары жерлерге тарату, жастардың жуырда әл-Ақса мешітін қорғауға жұмылуы және Палестина халқының талпыныстарына әлемнің көптеген аймақтарында оңды реакция білдірілуі – соның көрінісі»,-деді.
Ислам революциясының жетекшісі Палестина халқын өз талап-тілектеріне жеткенге дейін күресті жалғастыруға шақырып: «Палестиналық күрескерлер Палестинаның негізгі түрғындары арасында бір референдум өткізе алады. Бұл референдумда елдің саяси жүйесі айқындалады. Оған кез келген дін мен ұлттан шыққан негізгі тұрғындар, соның ішінде палестиналық босқындар қатыса алады. Ол саяси жүйе босқындарды елге қайтарады және елде қоныс тепкен бөгделердің тағдырын анықтайды. Палестиналық күрескерлер узурпатор режиммен заңды күресін осы талапты қабылдағанға дейін жалғастыруы керек»,-деді.
Аятолла Хаменеи сөзінің соңында: «Кім Алла жолына жәрдем етсе, Алла оған жәрдем етеді» ("Хаж" сүресі. 40-аяттың бір бөлігі)»,-деді.