Халықаралық қолөнер күні
10 маусым - әртүрлі ұлттар мен халықтардың рухын бейнелейтін қолөнер туындыларын құрметтейтін күн.
Қолөнер әр ел үшін ерекше маңызға ие - қаржы-экономикалық мәселелерден бастап, елдің және ұлттың өркениетінің ежелгі тарихын баяндауға дейін. Қолөнер біздің жалғыздық сәттерімізді толтыра алады және әлемдік нарықтың аласапыранында құнды серіктес бола алады.
10 маусым – Халықаралық қолөнер күні және әлемнің түкпір-түкпірінде осы ежелгі адамзат өнерін атап өтуге арналған түрлі бағдарламалар өткізіледі. 1964 жылдан бастап, ЮНЕСКО-ның қарамағында Дүниежүзілік қолөнер кеңесі (W.C.C) құрылуымен, қолөнер халықтардың мәдени-экономикалық өмірінің бөлігі ретінде қарастырылды. Иран 1968 жылдан бастап Дүниежүзілік қолөнер кеңесінің мүшесі болды.
Қолөнер - бұл кейбір тарихи құжаттарға сәйкес тас дәуірінен бастау алатын адамның ежелгі іс-әрекеттерінің бірі. Деректер әртүрлі қолөнердің тарихының он екі ғасырды құрайтынын және осы кезең ішінде экономика, қоғам және саясаттың оған үлкен ықпал еткендігін көрсетеді. Мысалы, Еуропалық өнеркәсіптік революцияның келуі - ең үлкен тарихи оқиға, ол қолөнердің өзгеріске ұшырауына әкелді және қолөнердің кейбір түрлы бұл революцияның нәтижесінде жойылды. Осыдан мыңдаған жылдар бұрын болған қолөнердің қолданыстағы үлгілері сол кездегі мәдениеттің, өнердің, наным-сенімнің және әдет-ғұрыптың жарқын көріністерін жинады. Қолөнер бұйымдары бізге адамдардың өткенде не туралы ойлағандарын, ғаламмен байланысты қалай орнатқанын және олардың материалдық өмірінің сапасын көрсетеді. Бұрын қолөнер бұйымдары адамдардың күнделікті өмірінде көп қолданылып, олармен бірге өмір сүрген. Мысалы, ирандықтар қолдан тоқылған кілемдері мен төсеніштерге отырды, өздерінің мәдениеті мен өнерінің өрнектері ойылған ыдыстан су ішіп, өздері тоқып алған киімдерін киген. Қолөнер олардың өмір тұрғысын әдемілеу етті.
Археологиялық қазбаларда табылған әртүрлі заттар мен зерттеулерге сәйкес, Иран Үндістанмен және Қытаймен бірге әлемдегі қолөнер бұйымдарының бесігі және негізгі орталығы болып табылады. Сонымен қатар, Иран қолөнер әртүрлілігі бойынша осы елдердің көшбасшысы болып табылады. Иранда қолөнердің 152 түрі анықталды және оның тармақтарының саны 350-ге жетеді. Бұл елдердегі қолөнер өзінің жоғары мәдени рөлінен басқа, ғасырлар бойы экономикалық және әлеуметтік тепе-теңдікті қамтамасыз етуге көмектесті. Мұндай салалар әрдайым қалалық және ауылдық қолөнершілер үшін жұмыс орындары мен кірістер құрып отырды және бұл ауыл экономикасының өркендеуінің маңызды факторы саналды.
Иранда әртүрлі қолөнер бұйымдары топырақ, тас, ағаш, металл, мата, тері және әйнек сияқты материалдардан жасалады. Әрине, бұрын қолөнер адамдардың күнделікті өмірінде едәуір орын алып, қолданатын құралдар болған, бірақ қазіргі кезде бұл құралдардын қолданысы төмендеп, көбінде сәндік үшін қолданылады. Не дегенімен, қолөнердің әртүрлі салаларындағы жұмысшылардың көптігі және оның кірісі мен валюта айырбасындағы маңызды рөлі Иранда қолөнерді сақтау мен кеңейтудегі маңызды экономикалық себептердің бірі болып табылады.
Қолөнердің әлемнің түкпір-түкпіріндегі ортақ белгілерінен басқа, қолөнердің әр саласы белгілі бір аймақтағы дәстүрлер мен мәдениеттің хабаршысы болып табылады және сол жердің қоршаған ортасы мен адамдарының ерекшелігімен таныстырады. Бүгінгі күні, кең байланыс пен бұқаралық ақпарат құралдарына және әлемнің әр түкпірінен келген адамдардың бір-бірімен таныс екендігіне қарамастан, әлемнің түкпір-түкпірінде әдемі қолөнер бұйымдарын тамашалауға болады.
Коронавирус пандемиясы басталғаннан бері өткен бір жарым жылда көпшілігіміздің өмір сүру жағдайлары өзгерді. Үйдегі карантин және көптеген қызметкерлердің қашықтықтан жұмыс істеуі және бүкіл әлем бойынша студенттердің білімі біздің көпшілігіміз үшін үйде болған уақытымызды көбейтті. Осындай қиын жағдайларда өнер мен әдебиет көптеген адамдар үшін маңызды, тыныштандыратын рөл атқарды.
Көптеген зерттеулер сәндік-қолданбалы өнердің психикалық денсаулықты жақсартатынын және адамның өз күші мен шығармашылығын бағыттауға мүмкіндік беретінін көрсетті. Өнер және қолөнер әртүрлі себептермен тыныштандырады, клиникалық және клиникалық емес көптеген зерттеулер олардың стресс деңгейін төмендететінін анықтады. Көркемөнер және қолөнер - мидың барлық мүмкіндіктерін пайдалануды қажет ететін жоба түрі. Өнермен айналысу және қолөнер туындыларын жасау өзін-өзі бағалау сезімі арқылы нәпсіге деген сенімді арттырады.
Қолөнердің көптеген салаларындағы іс-шаралар өте күрделі құралдар мен жабдықтар мен көп капиталды қажет етпейді, расында талғам, дарындылық пен шеберлік өндірістің басты және маңызды факторы болып табылады. Үйде жасалатын қолөнер бұйымдар қымбат құралдар мен жетілдірілген мүмкіндіктерді қажет етпейді. Қолөнер бұйымдарын жасау үшін жүн немесе иірілген жіп пайдаланылады. Мұндай жағдайда біз өз қолымызбен бір нәрсе жасап қана қоймай, сонымен бірге жеке немесе отбасы мүшесімен немесе досымызбен бірге жұмыс жасай аламыз. Қолөнер бұйымдарын жасау ақыл-ойды тыныштандырып, мазасыздық сезімін жояды. Қолөнер стресті төмендетуден басқа, ойды тыныштандыруға және үйренген жаңа шеберлікті мақтан тұтуға мүмкіндік береді. Психикалық тыныштықты сезіну үшін шебер өнерпаз болудың қажеті жоқ. Адам шығармашылық мен көтеріңкі көңіл-күйді қажет етеді. Жоба туралы ойлау немесе өнердің негізін білу үшін адам алдымен қызығушылығы туралы ойлаңып, содан кейін шыдамдылықты арттыруы керек. Жаңадан бастаушылар үшін ғаламтордағы видео сабақтарды көру пайдалы болады. Адамның өз қолымен жасаған бұйымдары шеберлердің бұйымдарынан өзгеше көрінуі мүмкін болғанымен, адамның өз қолымен жасағаны маңызды.