Имам Хасан Аскари (ғ.с.) шәһид болған күн
(last modified Fri, 15 Oct 2021 01:44:33 GMT )
Қаз 15, 2021 07:44 Asia/Almaty
  • Имам Хасан Аскари (ғ.с.) шәһид болған күн

Хиджридің 260 жылының раби ул-аууал айының 8 жұлдызы күні имам Хасан Аскари (ғ.с.) Самеррада шәһид болған. Мұсылмандардың он бірінші имамы, хазірет Хасан Аскари (ғ.с.) әдемі іс-қимылымен, мистикалық ғибадаттары және ахлағымен жүректерді баурап, илаһи жолға нұсқады.

Имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) шәһид болған күніне орай әлем мұсылмандарына көңіл айтамыз. Имамат – Исламның ұлық пайғамбары әулетінің жақтастарының наным-сенім қағидалараның бірі. Бұл мектеп тұрғысынан алғанда, имамдар (ғ.с.) Алланың өз елшісінің (с.ғ.с.) иығына жүктеген миссиясының жалғасы болып табылады. Олар дұрыс жолға нұсқайтын жарық және үмбетті  құтқаратын кеме, сондай-ақ жер еш уақытта имамсыз қалмайды.

 

Алла елшісінің (с.ғ.с.) ұрпағынан шыққан сегізінші имам хазірет Реза (ғ.с.): «Расында, имамат ақыл мен оймен тануға болатын жағдайдан жоғары, оған халықтың дауысымен ие болуға болады»,- деді. Осылайша, бұл шынайы орынбасарлардың керемет қасиеттері мен илаһи мәртебесі бар. Имамға үнемі илаһи қолдауға және оған байланысты ең жоғары білім мен хабардарлыққа ие. Ол адамдардың бұл дүние мен ақыреттегі бақытна қажет барлық құпияларды біледі. Имам қателеспеу қасиетке ие және күнә мен тайып кетуден сақталған. Сондықтан имам өз заманының ең тақуа және әділ адамы болып табылады және адамгершілік пен ізгіліктің ең жоғары дәрежесінде болады. Хадистер мен рауаяттарда имаматтың  Алланың тарапынан жүктелген ауыр жауапкершілік және имамның Алла сый еткен ерекше дарыны мен құзыреттілігінің бар екені айтылды. Дүние мен ақыретке қатысты мәселелерде имамға бағыну адамдардың құтқарылуы мен бақытына себеп болады және мұсылмандарға парыз саналады. Имамдар Алла елшісінің (с.ғ.с.) ұрпағынан шыққан. Имамдар саны он екі адам, олардың соңғысы, яғни хазірет Мәһди (ғ.с.) көзден ғайып, ол әлем құтқарушысы болып табылады.

Он бірінші имамның қасиетті есімі – Хасан, күние аты – Абу Мұхаммад,  танымал лақап аты – Заки мен Аскари. Халес, Хади, Хас, Сәмет, Сирадж, Таки - имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) басқа лақап есімдері.   Оның анасы өз заманының ең ізгі әйелдерінің бірі болып саналады. Имам Хади (ғ.с.) бұл құрметті ханымды мадақтауда: «Салил - оған лайықты есім, себебі ол кез келген аурудан, кемістіктен, кір мен жамандықтан тазартылған», - деген.

Имам Хасан Аскари (ғ.с.) асыл әкесі имам Хадидің (ғ.с.) және пәк әрі ардақты анасы Салил ханымның құшағында тәрбиеленіп, өсті. Бірақ имамдардың (ғ.с.) өмірі көптеген қиындықтарға тап болғандай, имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) өмірі де көптеген қиыншылықтарға толы болды. Ол туылғаннан екі жылдан кейін Мутавакел Аббасидің бұйрығымен жанұясымен Самерраға қуылды. Әскери қала және гарнизон болған бұл қалада имам Хади (ғ.с.) мен одан кейін имам Хасан Аскари (ғ.с.) мұқият бақылауда болды. Хазіреттің шиіттер және олардың отбасыларымен бір шамалы қатынас орнатуы бақылауға алынып, шиіттер мен Әһли бейт (ғ.с.) достары имаммен оңай қатынас орната алмады.

Имам Хасан Аскари (ғ.с.) Мутавакел түрмелерінде көбірек уақыт өткізді және түрмелердегі қиыншылықтарға төтеп берді. Бірақ тақуалық, кішіпейілділік, мейірімді сөздер және имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) бірегей және мистикалық болмысы, тіпті Мутавакелдің қорқынышты түрмелерінде жүректерді шындыққа баулады. Мұхаммед ибн Исмаил Алави: «Хазірет Аскари (ғ.с.)  Әли ибн Оташпен түрмеге жабылды. Әли ибн Оташ Пайғамбардың (с.ғ.с.) отбасының қатал жауының бірі болды. Ол Алла елшісінің (с.ғ.с.) балаларына және отбасына өте қатыгез болды. Мутавакел оған имамға (ғ.с.) мүмкіндігінше қатаң бол және қорлық көрсет деп бұйырды. Бір күнге жетпей, әлгі адам имамның (ғ.с.) алдында өте кішіпейіл болды. Ол имам Хасан Аскариді (ғ.с.) қатты құрметтегенінен, тіпті хазіреттің көзіне де қарамай, басын төмен түсірді. Имам (ғ.с.) оның қасынан кеткен кезде, бұл адам ең жақсы шиіттердің бірі болып саналды және ол Әһле-бейт (ғ.с.) пен имам Хасан Аскариді (ғ.с.) жақсы көрді»,- деді.

Имам Хасан Аскари (ғ.с.) қарсылас адамдармен ымыраға келу туралы ақыл-кеңес беріп: «Қарсыластармен ымыраға келу кез келген садақадан артық. Өйткені дұрыс әрекет дұшпанды досқа айналдыруы мүмкін»,- деді.

Самеррадағы имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) кесенесі

Имам Хасан Аскари (ғ.с.) көрген адаммен амандасып, қарым-қатынаста өте сыпайы және кішіпейіл болды. Ол кішіпейілділікті   қызғаныш тудырмайтын үлкен нығмет деп біліп, баршаны тәкаппарлықтан аулақ болып, кішіпейілдікке шақыратын. Имам Аскари (ғ.с.), құрметті аталары сияқты, Аллаға құлшылық етуде үлгі болды. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) намаз уақыты келген кезде, кез келген нәрседен бас тартып, еш нәрсені намаздан басым көрмеді.  Абу Хашим Джафари: «Күндердің бірінде он бірінші имамның қасына бардым. Хазірет бір нәрсе жазып отырды. Намаз уақыты келді, имам жазуды шетке қойып, намазға тұрды»,- деді.

Мотавакел имам Аскариді (ғ.с.) бақылауға өзінің ең қатал түрме күзетшілерінің екеуін қойды. Біраз уақыттан кейін барлық адамдар екі күзетшінің имаммен қарым-қатынастың арқасында ғибадат жасауға кіріскенін көрді. Мотавакел екі күзетшіні шақырып: «Сендерді өзгерткен имам Аскари қандай адам?»- деп сұрады. Олар: «Күндерін ораза тұтып, түндерін ғибадат жасап өткізетін, сондай-ақ Алладан басқа ешкім туралы айтпайтын адам туралы не айтамыз. Ол бізге қараған кезде денеміз дірілдейді және өзімізді бақылаудан айырыламыз»,- деп жауап берді. 

 

 

Тегтер