Ауғанстанның мың жылдық ағашы
(last modified Sat, 06 Nov 2021 12:48:00 GMT )
Қар 06, 2021 18:48 Asia/Almaty
  • Ауғанстанның мың жылдық ағашы

Бүкіл әлем COVID-19 деп аталатын вирустан қорқып, үйлеріне жабылып, барлық уайымдары қолдарын жуу болса, соғыс пен террор мен басқыншылықтан шаршаған Құндыздың кедей әрі дәрменсіз мұсылмандары бетпердесіз, оққағарсыз жұма намазына жиналды.

 

Бірнеше айдан бері жарылыс пен жақындарының өлімі туралы хабарды естімегендеріне қуанышты олар келешекке деген үмітке толы жүректерімен жұма намазының уағыздарын тыңдады. Уағыздар аяқталып, намаз оқуға жиналған халық намаздың иқамасына дайындалды. Күтпеген жерден өткен жылдардағы оқиға қайталанды. Қуаныштарының орының уайым-қайғы мен айқай және жылау басты. Әрқайысы жақынының қолынан ұстап қашты, көбі үйінді астынан, өлгендер мен жаралылар арасынан жақындарын іздеп жатты. Сағаттар бойы Сейед Абад көшесінен қорыққан және зардап шеккен халықтың дауысы естілді. Адамдар шылы-жансар бауырын, баласын немесе әкесін құшақтап, олардың өмірін сақтап қалармын деп, ауруханаға қарай асықты. Бас мешіттің есігі мен қабырғасы жазықсыз адамдардың қанына боялды. Олар тек намаз оқығысы келді және бұл олардың қылмысы болды, олар имамы хазірет Әлиге (ғ.с.) еріп, намаздың үстінде қайтыс болды.

 

Мұсылмандардың бауырларынан айырылуы бірінші, сондай-ақ соңғы рет емес. Бір аптадан кейін Қандағар шиіттері жұма күні бір Алланың алдында бастарын иіп, намаз оқып  жатқанда, дәл осындай тосын оқиғаны басынан өткерді.

Иә, қырық жылға жуық уақыт жаулап алу мен соғыстың аясында ауған жерінде ұқсас тосын оқиға сан рет қайталанды. Қырық жыл бойы жақын адамдардың өлімге ұшырауы Ауғанстанда кең таралған және елдің бүкіл жеріне таралған апат болды. Бір күні Кеңес Одағы, бір күні Англия, бір күні марксизм, бір күні Америка. Бұл күндердің барлығы Ауғанстан тарихының  қара түндері. Егер осынау зұлмат күндер мен қара түндер болмаса, Ауғанстанның пуштун, түрікмен, өзбек, белуджилерден бастап, хазарлар, гезелбаштар мен садаттарға дейінгі барлық тайпалары бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүрер еді. Бұл сабырлы және азап көрген адамдар әрқашан бейбітшілік пен достықты қалайды. Соғыстардың аясында олар шиіт болсын, сүннит болсын, жылдар бойы бірге азап шегіп, бірге қайғырды.

40 жыл бұрын Хомейнидің күні Иранда көтерілгенде, оның жарығы Ауғанстандағы Кеңес Одағы дәуірінің қара түндеріне жетті. Бұл жарық Кеңес Одағын өз жерінен шығару үшін шиіт пен суннит моджахедтік топтарын біріктірді. Әлі күнге дейін ауғандық мұсылмандардың жүрегінде сүйікті имам Хомейни бұл адамдардың ержүректілігі мен батылдығын  ерекше қуаттап, Ауғанстанның моджахед жастарын Кеңес Одағын сәтсіздікке ұшыратқан абыройлы жастар деп атады.

Жылдар бойы Шығыс пен Батыстың айлакер бүлікшілері пұт бұзушылардың одақтастығын бұзуды көздеуде. Олар бір күні этникалық және тайпалық келіспеушіліктерді сылтауратып, келесі күні шиіт пен сүнниттік келіспеушіліктерді сылтауратып, осы бірлікті нысанаға алуда. Бұл жолы олардың сылтауы – дін айырмашылығы, олардың айтуынша, шииттер мен сүнниттердің айырмашылығы. Олар шиіттер мен сүнниттер екі түрлі діни мазхаб болғанымен, олардың арасында қайшылықтың жоқ екенін білмейді. Өйткені олардың діні, Жаратушысы, Пайғамбары және Кітабы бір. Шиіт болсын, сүннит болсын, Құбыласы бір, бір Алланы еске алып намаз оқиды, мешітті құрметтейді.

Ауғанстан – шиіттер мен сүнниттердің бірлігінің елі. Ынтымақтастық шиіттер мен сүнниттердің ақылға қонымды қатар өмір сүруінің нәтижесі. Бірақ бұл маңызды факт бұл халықтың жауларына ұнамады. Ауғанстанның әр жерінде болып жатқан жан түршігерлік және жүректі ауыртатын оқиғалар Ауғанстанның дұшпандары шиіттер мен сүнниттердің арасындағы бауырластық пен бірлікті нысанаға алғанын анық көрсетеді. Ауғанстанның қырағы және сабырлы халқы осынша қастықтар мен айла-амалдарға қарамастан, бірлік пен ынтымақтан бас тартқысы келмейтінін бірнеше рет дәлелдеді. Ауғанстанда Ханафи және Джафари мектебінің жақтастары болып табылатын әртүрлі халықтар жылдар бойы бауырмалдықпен, исламдық тазалық пен жақындықта қатар өмір сүріп келеді. Олар мешіттерде және бір-бірлерінің жамағат имамының артында намаз оқиды, бір-бірінің жаназасына қатысып, қайғы мен қуанышта бірге жүреді. Сүннит бауырлар шиіттердің ең үлкен азасына ортақ болып, яғни имам Хұсейн (ғ.с.) шәһид болған күндерін аза тұтып,  имамды (ғ.с.) еске алады. Рәсімдерге қатысып, кеуделерін соғып, жылайды. Әрине, Исламның ұлық пайғамбарының немересі хазірет Хұсейн (ғ.с.) баршаның имамы және хазіретке аза тұтатын күндер бірліктің көрінетін күндері болып табылады.

Шиіттер пен сүнниттер бірлігінің түп-тамыры барлығының Алла елшісінің бір елі болуына байланысты. Бұл үмбетте әркімнің рөлі бар, бірақ олардың барлығы бір дене және біртұтас болмысты құрайды. Бұл шынайы бірлік. Бұл бір дене мүшелерін кімде-кім сырттан ауру етпесе, олар бір-біріне қарсы шықпайды, бір-біріне зиян келтірмейді. Ұзақ жылдар бойы Исламның дұшпандары біртұтас елді іштен ыдырату үшін сыртқы фактордың рөлін атқарып келеді. Сыртқы факторлардың біздің заманымыздағы көрінісі тәкфірші идеясы болып табылады. Ол ДАИШ сынды топтардың   идеясы. Ешбір қылмыстан тартынбайтын біржақты немесе алданған адамдар, ең сорақысы бұл қылмыстарды Ислам атын жамылып жасайды. Көшбасшылары әділеттілікке шақыратын дін жазықсыз әйелдерді, балаларды және ер адамдарды өлтіруге бұйрық бермейді.  Тек ауру сана ғана Исламды бұрыс түсінеді.  Ислам туралы бұрыс түсінікті қабылдаған ақыл жынның апиынымен өзгергені сөзсіз. Әйтпесе Алланың үйінің жанында намазда тұрған баланы қандай күнәсі үшін өлтіреді? Бұл баланы өлтіргендер мұсылман емес түгіл, адамгершіліктін не екенін де білмейді. Олар өздерін қалай атаса да, азапталады. Олар ешқашан азаптан құтылмайды.

Уа, Алла, бір Өзіннен барлық қиыншылықтардан  құтқаруды сұраймыз. Біз әр қиындықта да, оңайлықта да Саған сенеміз және жағдаймыздың жақсаруы үшін Өзіннен  басқа ешкімге үміт білдірмейміз.