Сардар Қасем Солеймани және бірлік арманы
(last modified Sat, 01 Jan 2022 14:09:20 GMT )
Қаң 01, 2022 20:09 Asia/Almaty
  • Сардар Қасем Солеймани және бірлік арманы

«Мүміндерден, Аллаға деген уәделерін шындыққа шығарған ерлер бар: Олардан кейбіреуі жанын құрбан қылды. Және кейбіреуі күтуде. Олар серттерін әсте ауыстырмады». («Ахзаб» сүресі, 23-ші аят).

Хиджраның 1398 жылы дей айының 13-і күні (3 қаңтар 2020 ж.) таңертеңге хабар бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Бұл хабардан кейін Иранның барлық қалалары  ұлы тұлғаны жоқтап, уайым-қайғыға батты. Бұл азапта ирандықтар жалғыз болған жоқ. Бұл дүниеден озған адамды тек ирандықтар ғана емес, аймақтағы көптеген халық жақсы көрді. Палестина, Ливан және Сириядан Ауғанстанға, Нигерияға, Йеменге және Бахрейнге дейін. Көптеген еуропалықтар жарқын болашағы үшін осы ирандық  қаһарманға үміттенген болатын. Ол Хомейнидің басидж (ерік күштері) жауынгерлерінің бірі болды. Ол Хомейнидің шақыруымен жер мен уақытты және барлық теңеулерді өзгерткендердің керуенінің қалғандардың бірі еді. Көптеген жылдар өтсе де, ол әлі де Хомейниді мақсаттарын жүзеге асыруға талпынды. Хомейнидің мақсаттары тек саяси әрекет болмады. Бұл мұрат  үстешілердің бүліктерін залалдандыру үшін барша мұсылмандар мен дүниедегі мазлұмдардың бірлігі болды. Ұлы Хомейни дүниежүзіндегі езілгендерді діни биліктің туының астында бірігуге сан рет шақырды. Ол Құранға сүйену, діни билікке бағыну мен бірлікті мұсылмандар мен дүниедегі мазлұмдардың жеңісінің кілті ретінде таныстырды. Имам Хомейниден кейін аятолла Әли Хаменеи және Сардар Қасем Солеймани сияқты жанкеш сарбаздардың болуы бұл мұрат туының желбіреуіне себеп болды.

Сардар Солеймани мен оның серіктерінің шәһид болуы әлемде дүрбелең тудырды. Иран халқы Ахваз, Теһран, Мешхед, Құм және Керман қалаларында өздерінің сүйікті сардарымен қоштасу жаппай жиналды. Мұндай қоштасуды имам Хомейнимен қоштасқаннан кейін ешкім көрмеген еді. Уайым-қайғы қорқақ адам өлтірушілерге деген өшпенділік сезімімен қатар жүрді. Иран халқы сан рет революцияның армандары болып табылатын сардардың армандарына табанды екендерін және дұшпанның қастықтарының сәтсіздікке ұшырайтынын қуаттады.

Көптеген ирандық балалар өздерінің қаһарманың танып, оны өздеріне үлгі етті. Болашақта олардың әрқайсысы Қасым Солеймани болатыны сөзсіз. Сардардың шәһид болуы оған ғашықтарының     мақсатқа жетудегі ерік-жігері мен қадамдарын шыңдай түсті.

Көптеген исламдық, тіпті исламдық емес елдерде  сардардың жолына қосылған әлемнің мазлұмдарының барлығында ортақ сезім болды. Бұл ортақ сезім әлемдік үстемшілдерге деген өшпенділік және керісінше, азаттық, әділдік, адамзаттың жаңғыру жолына деген терең сүйіспеншілік сезімінен басқа ештеңе емес еді.

Жылдар бойы сардар мен оның серіктерінің иығына сүйенген Палестина, Ливан, Сирия, Ирак, Газа, Йемен, Бахрейн және Ауғанстан сияқты елдердің халқы Иран халқымен бірге аза тұтты. Бұл ұлы тұлғадан айырылған ирандықтардың қайғысына ортақтасып, қайғыға батқан олар ғана емес, Пәкістан, Үндістан, Мысыр, Түркия, Нигерия, тіпті Ресей, Қытай, Беларусь, Канада  АҚШ, Ұлыбритания және Германия халықтары да ортақ сезімге ие болды.

Бұл сардар бар өмірін арнаған бірліктің өзі. Бұл бірлік саяси келісім емес, ол жазбай-ақ, келісім-шартсыз жүзеге асатын, әрі жалғаса беретіні сөзсіз. Бұл бірліктің елдер мен олардың саясаткерлері арасындағы саяси қарым-қатынасқа еш қатысы жоқ. Бұл – азат жүректердің, қанның, жанның, жүректің бірігуі. Бұл бірлік саяси келісімдерден әлдеқайда күшті және жаһандық үстемдікті жоятын нәрсенің өзі.

Жүректердің оя болуы әрқашан үстемшілердің өз мақсаттарына  жетулеріне үлкен кедергі болды.  Үстемшілер үлкен мемлекеттердің бөлшектеп, әлем халықтары арасында тыныштық орнатылмас үшін этникалық, тайпалық және діни қайшылықтарды таратуға тырысты. Олар тәртіпсіздіктерден пайда көрмек. Олар әртүрлі сылтаулармен азаматтық, аймақтық және жаһандық соғыстардың дабылын соғып, өздерінің қару-жарақ зауыттарына тұтынушыларды тарту және  Таяу Шығыстағы қаржылық және табиғи ресурстарына қол жеткізуді көздеуде.  Елдерде күшті билік болмаса немесе олар тәуелді болса, үстемшілер барлық мақсаттарына жетеді. Олардың мақсаттарында адамгершілік пен әділеттілікке орын жоқ және тек пайда туралы ойлайды. Мақсаттарына жету үшін олар  Әл-Каида, ДАИШ және Джебхат ан-Нусра сияқты лаңкестік топтарды құру арқылы жылдар бойы Таяу Шығысқа тынышсыздық орнатуға талпынды. Мұндай топтарды құрумен тағы бір мақсат көзделеді, ол – Ислам діні мен әлем мұсылмандарының беделіне нұқсан келтіру, өйткені Ислам үстемшілердің пайдакүнемдік мақсаттарының ең үлкен жауы.

Сардар Қасем Солеймани үстемшілердің барлық қастандықтарын бірінен соң бірі жойды. Ол лаңкестік топтармен бетпе-бет күрестің көшбасшысы болды. Жаһандық үстемшіл Сирияны бөлшектеп,  талан-тараж бен тынышсыздық тудыруға талпынып, лаңкестер әйелдер мен балаларды, қарттар мен жастарды өлтіріп, Сирия үкіметі мен әскерилері оларға қарсы тұра алмаған жағдайда, Дәл осы Қасем Солеймани серіктерімен жағдайды өзгертті. Сардар мен Оның және серіктерінің күш-жігері Сирия халқына бейбітшілік пен қауіпсіздікті қайтарды.

 

Сирияда тұйыққа тірелген жаһандық үстемшілдік бұл жолы лаңкестік топтарын әртүрлі атаулармен Иракқа жіберді және  өзі оларға қолдау көрсету үшін Иракта жаппай қырып-жою қаруы бар деген сылтаумен бұл елге шабуыл жасады. Лаңкесткпен күресуді және соғысты сылтауратып, соғыс ашып, лаіңкестерді қолдау -үстемшілердің әдісі. АҚШ-тың Иракты басып алған кезінде америкалық әскерлер мен олардың одақтастары танктері мен көліктерімен көшелерде шеруге шыққанда, лаңкестер көптеген қылмыстар жасады. Олар шиіттер мен сүнниттердің арасында діни соғыс тудыруды көздеді, сондай-ақ Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуі мен тәуелсіздігі туралы уәжденді. Иракта халық айуандық лаңкестік шабуылдардан қорғанатын қару-жарақ таппай қалған жағдайға жетті. Ирак халықтық күштерінің қолбасшыларының бірі: «ДАИШ-ке қарсы біздің жағдайымыз сондай нашар болды, бізде әрбір он адамға бір ғана бос «Калашников» болды, бұл іс жүзінде қару жоқ дегенді білдіреді»,- деді. Осындай  жағдайда Сардар Қасем Солеймани алаңға шықты. Ол дос пен дұшпанды жеткілікті танып, ақылы және қырағылығымен, Алланың көмегімен аймақ халықтарының жүрегіне жол тапты. Шиіттердің, сүнниттердің, күрдтердің және христиандардың барлық тайпалары оны басшы деп біліп, мәселелер мен дауларды шешуде оның сөзіне құлақ асатын.  Ол әртүрлі этникалық топтар арасындағы келіспеушіліктерді шешу үшін Иракқа қайта-қайта сапар шегіп, халықтың оған деген сүйіспеншілігі арта бастады. Кез келген ұлттан, тайпадан және діннен тұратын ирактықтар ДАИШ-ке қарсы күресу үшін Қасем қажының қасында бірігіп, бұл одақтың нәтижесі әлемдегі ең ірі лаңкестік топтың жеңілуі болды. Сардар Қасем Солейманидің болуы және оның және серіктерінің ДАИШ-ке қарсы жеңісі мазлұмдарды қорғау және зұлымдыққа қарсы тұрудағы Исламның шынайы рухын көрсетті және әлемдіктерге ДАИШ-тың құрылуының  Ислам мен мұсылмандарға еш қатысы жоқ екенін дәлелдеді. Ол барша әлемге үстемшілердің әшкереледі, енді адамзаттың нағыз жауы кім екенін бәрі біледі.

Сардар жауды майдан даласында ғана емес, ақпарат  майданында да жеңді. Сәтсіздікке ұшырау адамзат жаулары үшін өте ауыр болды. Олар бұдан былай оның әртүрлі ареналарда болуына шыдай алмады. Сондықтан олар Трамп деген ессіз адамға осы ұлы адамды сахнадан алып тастауға рұқсат берді. Олар Сардарды өлтіру оны саханадан шығарып қана қоймай, олардың жойылуын жылдамдататын жаңа теңеулер орнататынын білмеген. Бұдан былай көптеген адамдар   кек алу үшін күні-түні жұмыс істейтін болады.

 

Тегтер