Сардар Солейманидің Исламдық қарсыласуға қалдырған мұрасы
Қасем Солеймани шетелдік ақпарат құралдармен Батыс Азия аймағындағы қуатты және ықпалды адам және халықаралық қарсыласу нынашы ретінде сипатталды.
Исламдық қарсыласу ағымын Иран Ислам революциясының жеңісінен кейін Ислам революциясының ұлы сәулетшісі имам Хомейни қалыптастырды. Қарсыласудың басты мақсаты қасиетті Құдсты үстемшілдік пен сионизмнің жұдырығынан азат ету болды. Кейін Қарсыласу майданына айналған бұл қарсыласу Ирак, Сирия, Ливан және басып алынған Палестинада, соңғы кезде Йеменде саяси және әскери топтардың құрылуымен кеңейді. Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің батыл қолбасшысы қажы Қасем Солеймани тек әскери қолбасшы ғана емес, сонымен бірге қарсыласу ағымының нышаны болды. Оның үстемшіл АҚШ пен сионизмге қарсы күресте Қарсыласу майданының жеңістеріндегі маңызды рөлі Ирак пен Сириядағы өзін-өзі жариялаған ДАИШ халифатының жойылуына және қажы Қасем Солейманидің «әлемдегі лаңкестікпен күрестің нышаны» атануына себеп болды.
Сауд Арабиясы, АҚШ және сионистік режим қарсыласу ағымын жоюға тырысты. Сондықтан олар Ливан, Сирия және Иракты бөлшектеу үшін тәкфиршіл және лаңкестік топтар құрды. Бірақ шәһид қажы Қасем Солеймани қарсыласу алаңында елдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғап, басқыншы топтарға қарсы тұрды және жаулардың аймақтағы қарсыласу майданың құрту зұлым мақсаттарына жетуіне мүмкіндік бермеді. Сардар Солеймани күшті және ықпалды қолбасшы болды. Ол Аллаға және Әһли Бәйтке (ғ.с.) арқа сүйеп, қарсыласу майданында өзіне деген сенімділік пен абырой рухын қалыптастыра отырып, Ирак пен Сириядағы үстемдіктің араласуы мен тәкфирлік қозғалыстың күшейе түсуінің алдын алып, аймақтық қауіпсіздікті аймақтағы қарсыласу топтарына, одан кейін ИИР-на әкелді. Жанкештілік, шынайы жиһад, шәһид болуды сүю және майдан шебінде дұшпанмен бетпе-бет келу сардар Қасем Солейманидің ең маңызды қасиеттері болды. Сардар Солеймани таза хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) Исламының бет-бейнесін іс жүзінде көрсету арқылы шынайы исламның аймақтық символы ДАИШ болған америкалық исламмен ешқандай ортақтығы жоқ екенін дәлелдеді. Шәһид сардар Солейманидің осы қасиеттері мен ерекшеліктері оны Ислам әлемінің жетекші шәһиді және қарсыласу сардары ретінде танытып, таныстырды.
Шәһид Қасем Солеймани жаһандық үстемдік пен езгі жүйесіне қарсы күрестің нышаны болды. Аятолла Хаменеи 1394 жылы және Иран мен АҚШ арасындағы ядролық келіссөздерден кейін: «Сионистік режим алдағы жиырма бес жылды көрмейді. Иншалла, алдағы 25 жылда Алланың рақымымен аймақта сионистік режим болмайды»,- деп жариялады. Бұл мәлімдеме Ислам әлемінің қарсыласу негізі мен маңдайының түпкілікті сенімі. Өңірдегі саяси жағдайға жасаған шолу, қарсылық майданының бастаған мұраттын жүзеге асыруға қаншалықты жақын болғаны анық.
Сардар Солеймани әлемнің езгі көргендеріне құдырет пен абырой беріп, залымдар мен залым үстемшілерді билік тағынан құлату үшін әрқашан Исламды ұстанушы болды. Ол дүниеқұмардардың торына түскен жәбір көргендердің құқығын үнемі қорғап отырды. Шәһид Солейманидің ең тарихи мәлімдемелерінің бірі оның шәһид Хаджаджидің шәһид болуына байланысты көңіл айту хабарламасында айтқан сөздері болды: «Имам Хұсейннің (ғ.с.) жолының қадірлі шәһидінің кесілген көмейіне ант етеміз. Біз осы қарғыс атқан ұрпақты қудалауды және ислам әлемінің денесіндегі қауіпті безді соңына дейін жойғанша күресімізді тоқтатпаймыз». Иә, шәһид Солейманидің бұл сөздері мен көрегендігі шәһид Хаджаджидің қаны үшін кек алу туралы уәде болды. Айтқанындай болды, 3 айдан аз уақыт ішінде ДАИШ-тің жойылғаны жарияланды.
Қажы Қасем Солейманидің Ислам революциясы мен аймақ елдерінің қарсыласу мен тұрақтандыру майданын ойлауын дамыту стратегиясы түріндегі рөлі маңызды болды. Шын мәнінде, сардар Солеймани басқаратын қарсыласу майданы «қарсылық осін» «қарсыласу ағымына» кейін «қарсыласу одағына» айналдырды. Сардар Солеймани халық арасында өзіне деген сенімділік рухын күшейту арқылы олардың діни және саяси мүмкіндіктерін пайдаланып, бірлікке баса мән беріп, баршаны Ислам мен Әһле Бәйтті (ғ.с.) қорғау үшін біріктірді. Шәһид Солеймани ықпалды тұлға және қуатты қолбасшы ретінде жиырма жыл ішінде билеп-төстеудің және Ирак пен Сирияда тәкфирліктің таралуының алдын алып, ИИР мен аймақтағы қарсыласу топтарды қауіпсіздік әкелді.
Күмәнсіз, қарсыласу майданын ұйымдастырып, басқаруда қажы Қасем Солейманидің рөлі таптырмас еді. Қасем Солеймани Құдс күштерінің қолбасшысы ретінде Ирак, Сирия және Ливан, сондай-ақ Палестинада тайпалық қауымдастықтарға сіңіп, олардың арасында бірлік пен жанашырлық туғызып, қарсыласу майданын біріктіре алды. Қарсыласу майданы өзінің ДАИШ сынды одақтасының көмегімен бұл елдерді ыдыратуға ұмтылған үстемшіл жүйесіне тойтарыс беріп, оған зұлым мақсаттарына жетуіне мүмкіндік бермеді. Ислам революциясының жетекшісінің пікірінше, Құдс күштері мен Исламдық қарсыласу майданы соғыс көлеңкесін ИИР-ның шекарасынан алыстатты және жебенің ұшы – басып алынған аумақтар шекарасындағы сионистік режимге соққы беріп, бұл режимді қиын жағдайға тіреді.
Шәһид Солеймани шетелдік операцияларда Құдс күштерінің әскери және саяси қуатын өзгерту арқылы Иран мен Қарсыласу майданының үлкен стратегиялық күшін сионистік режимнің алдында әшкереледі. Сардар Солеймани мен Қарсыласу майданының аймақтағы қолбасшылары мен саяси және әскери күштерінің дана шаралары мен талпыныстары ДАИШ-тің жойылуына және Қарсыласу майданының жеңісіне себеп болды. Бұл мәселе сионистерді қорқытып, олардың американдықтардың көмегімен сардарға қастандық жасауға итермеледі. Олар қуатты қолбасшыны кетірумен қарсыласу майданы әлсірейді деп ойлады.
Шетелдік ақпарат құралдармен Батыс Азия аймағындағы қуатты және ықпалды адам және халықаралық қарсыласу нынашы ретінде сипатталған Құдс күштерінің қолбасшысы, қажы Қасем Солеймани шәһид болғаннан кейін халықаралық және аймақтық қарсылық ағымын екі есе күшейтті. Халықтарды біріктірген сардар Солейманидің шәһид болуы қарсыласу күштерін біріктіріп қана қоймай, сонымен бірге бүкіл мұсылман әлемінде, Батыс Азияда және бостандық сүйгіш халықтар арасында антиамерикандық көңіл-күй толқынын артырды.
Қажы Қасем Солейманиді өлтірудің түпкілікті нәтижесі аймақтың кең географиясында және одан тыс жерлерде қатаң кек алу үшін жаңа энергияның қалыптасуы болды, оның бір бөлігі аймақтағы американдық араласуды тоқтату болды. Генерал Солеймани революциялық күштерді жұмылдыру арқылы АҚШ және сионистік режиммен ымыраға келу теориясын толығымен жойды, ймақтағы американдық-сионистік жоспарлардың жүзеге асуына кедергі жасады. Ақырында, американдық әскерлердің көпшілігі Ирактан шығарылды.