Каземаин әлемінің шуағы
(last modified Sat, 26 Feb 2022 13:36:28 GMT )
Ақп 26, 2022 19:36 Asia/Almaty

Бұл жер Каземаин және бұл күндер қасиетті раджаб айының күндері.

Каземаин қасиетті кесенесі

Имам Мұса Каземнің (ғ.с.) шәһид болған күнінің қайғылы батысы  Каземаин аспанын бөледі. Бұл түрмедегі зұлмат күндерді, соққы мен ашудың ащы күндерін, жетінші имамның (ғ.с.) дұғаларын еске түсіретін кеш. Күнтізбе беттері ең таза әулеттен, яғни Алла елшісінің (с.ғ.с.) пәк әулетінен шыққан бір адамның шәһид болған күнің көрсетеді.

Сәлем саған, Мұса бен Джафар, уа, Баб әл-Хаваедж. Иә, ол Баб әл-Хаваедж («тілектер орындалатын үй») деп танымал болды,   өйткені хазіретке келген әрбір адамның тілегі орындалатын. Бүгін кесенеңіз қолдарын жайып,  үмітпен келген табынушылар мен ғашықтарға толы. Ағажан, мен сіздің шыдамдылығыңызға әлі таң қаламын, барлық уақыттағы ең қара залымдардың алдында сабыр сақтадыңыз. Біз Әһле Бәйт (ғ.с.) ғашықтарымен бірге жүрегімізді Каземаинге жеткізіп: «Сәлем саған уа, пайғамбарлар ілімінің қазынашысы. Сәлем саған Мұса бен Джафар (ғ.с.)»,- дейміз.

Жетінші имам Мұса бен Джафардың (ғ.с.) имаматы қиын кезең болды. Хазіреттің  35 жыл имаматы кезінде Аббасид билеушілері Әһле Бәйт жақтастарына ең ауыр азаптар мен қысымдар қолданды.   Бұл билеушілер моральдық азғындыққа ұшырағандар. Олар өздерін мұсылмандардың халифалары деп атағанымен шарап ішу рәсімдерін өткізген, жемқорлықпен айналысып, көп шығындады. Олар халықты кедейлендіре отырып, қазынаның дирхамдары мен динарларын өздерінің той-томалақтары мен ойын-сауықтарына оңай жұмсады. Халифаттың билеушілері мен басып алушылары, әділ имамның, яғни имам Қаземнің (ғ.с.) қасына жиналып,  Аббасид билеушілерін құлатпауы үшін әсіресе алавидтерді кедейлікте ұстады. Алавиттердің қарсылығын басып,  билікті өз қолына алған,   Аббасид басшылары билікке келгеннен кейін алавидтер мен Әһле Бәйт (ғ.с.) жақтастарына қатты дұшпандық танытты. Осы зұлмат кезеңде сейіттерді өлтіру немесе оларды қудалау Аббасидтердің жағымсыз қылықтарының бірі болды. Бұл әшкере зұлымдық Аббасидтердің Омеядтар сияқты Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетіне  дұшпандық пен өшпенділік білдіретінін көрсетті.

Харун әр-Рашид заманы Аббасидтер билігінің шыңы еді. Елді кеңейту мен үлкен байлық  Аббасидтер әулетін ең бай үкіметтердің біріне айналдырды. Тіпті Рим билеушілері де оларға салық төлеп тұрған. Харун бұл байлықты халықтың игілігі үшін жұмсаудын орнына, сән-салтанатқа жұмсады. Харун ең үлкен мерекелерді өткізіп, мұндай рәсімдерге көп ақша жұмсады. Басқа жағынан өзін мұсылмандардың қамқоршысы, халық арасында діндар адам ретінде көрсетуге тырысты. Тарихшылар, әсіресе, Харун әр-Рашид кезіндегі қаржылық ысыраптың оғаш статистикасын тіркеген. Әйелі Зубайдаға (Аминнің анасы) үйлену тойында Харун тіпті оның  аяғының астына алтын кілем төсеген. Аббаси халифалары өздерін ислам қауымының қамқоршысы және көшбасшысы санады, бірақ сыртқы түрі мен ішкі келбеті жағынан Исламнан бірнеше шақырым қашықтықта болған.

Харун әр-Рашид тұсындағы Аббаси халифатының аймақтары  (786-809ж.ж.)

Аббасид билеушілері, әсіресе Харун бастапқы исламды қандай жолмен болса да бұрмалауға көп күш салды. Алдыңғыларға қарағанда айлакер Харун әр-Рашид жалған қиссалармен, жалған хадистермен халықтың санасын исламның бастапқы тағылымдарынан бұрмалау  үшін хадистерді құрастырушыларға  және жеткізушілерге ақша мен жеңілдіктер берді. Имам Каземнің (ғ.с.)  заманында әрқайсысы бастапқы исламға шабуыл жасаған азғын секталар көп болды. Аббасид билеушілері имамдардың (ғ.с.) Алла елшісінің (с.ғ.с.) ұрпақтарынан және нұр мен тура жолдың қайнар көзі екенін білген. Оларға иләһи білімде, рақымдылық пен тақуалықта тең келер ешкім жоқ, ал мұсылмандарға басшылық ету олардың ажырамас құқығы,   бақыт пен құтқарылу жолы солардың қолынан өтеді.

Имам Каземнің (ғ.с.) 35 жылдық имаматы кезеңі Мансур, Хади, Мәһди және Харун Аббасидің билігімен тұспа-тұс келді. Аббасид билеушілері имамға өте қатал болды. Сейіттердің өлімін және әміршілердің қолынан Әһле Бәйт жақтастарының жойылғанын көрген имам Қазем (ғ.с.) Аббасидтердің зұлымдығынан аман қалу үшін ізбасарларын такия етуге шақырды. Бірақ Пайғамбар (с.ғ.с.) әулеті жақтастарына Аббасидтермен ынтымақтасудан және оларға қызмет етуден үзілді-кесілді тыйым салды.  Тіпті  түйе иесі  Сафуан Жамалға  түйелерін Харунға жалға беруге тыйым салғаны айтылды.  Бірде Харун имамды қорлау үшін құрған мәжілісте имам Қазем (ғ.с.) Құран аяттары арқылы анасы хазірет Заһра (ғ.с.) арқылы Пайғамбар  (с.ғ.с.)  әулетінің таңдаулы  болуын әрі ұлылығын дәлелдеді. 

Имам Каземнің (ғ.с.) 35 жыл имаматы кезінде Аббасидтер тұзағынан құтылып, таза Исламды тарату үшін әртүрі жолдарды қолданды. Имам (ғ.с.)  өзінің илаһи тапқырлығымен Әли бен Яқтинді Харунның билігіне орналастырып, ол бұл үкіметте министр болды. Имам  Казем (ғ.с.) Харунның мұсылмандарға қарсы шығарған шешімдері туралы Әли бен Яқтин арқылы хабардар болды әрқашан Әли ибн Яқтиннен ең қиын қаржылық қысым мен кедейлікке ұшыраған Әһли Бәйт (ғ.с.) жақтастарына көмектесуін сұрады. Әли бен Яқтин солай етті. Имам Казем (ғ.с.) белсенді және еңбекқор болды. Ол Ислам үмбетінің әртүрлі аймақтарын аралап, адамдарды өз өкілі етіп тағайындады. Бұл өкілдер шын мәнінде халық пен имам арасындағы байланыстырушы еді. Ислам әлемінің барлық жерінде Пайғамбар әулетінің жақтастары имамның өкілдерімен жасырын байланыста болып, олар арқылы имамға діни сұрақтарын жолдап, жауаптар алатын.

Имам Казем (ғ.с.) мейірімділікті және адамдарға көмектесуге ерекше көңіл бөлді.  Имам (ғ.с.) басқыншыларға, дөрекілерге, жәбірлеушілерге деген ашуларын басып, есесіне оларға мейіріммен қарады.  Нәтижесінде бұл адамдардың көбі имамның көркем мінез-құлқын көріп, тура жолға түсіп, Әһле Бәйт (ғ.с.) мектебінің жақтастарының қатарына қосылды. Имамның (ғ.с.) бойында осы қасиеті ерекше болғаны сонша, «Казем», яғни «ашуын басушы» деген лақап  атқа ие болды. Омар бен әл-Хаттабтың ұрпағының бірі имам Каземнің (ғ.с.) алдында асыл бабалары хазірет Әлиді (ғ.с.) балағаттады. Имам Каземнің (ғ.с.) сахабалары оған шабуыл жасамақшы болды, бірақ имам оларды тоқтатып, оған мейірімділік танытты. Соңында балағат айтқан адам имамның ұлылығын мойындады.

Шиіттер мен сүнниттік деректерде имам Каземнің (ғ.с.) сабырлылығы мен жомарттығы туралы әртүрлі мәліметтер бар. Шейх Муфид имам Каземді (ғ.с.) түнде Мәдина кедейлерін тамақпен қамтамасыз етіп, кедейлерді мұқтажсыз қылған өз заманының ең жомарт адамдары санаған. Сондай-ақ имам (ғ.с.) өзін азап көрсеткендерді кешіріп, тіпті оларға сыйлық жіберген. Имам Казем   (ғ.с.) көп ғибадат жасауына байланысты "Абд Салех" деп атанды. Хазіреттің (ғ.с.) көп ғибадат етіп, ұзақ сәжделерде Алланы еске алуы тіпті абақты қызметкерлеріне де әсер еткен. Имам (ғ.с.) барлық оқиғаларда, тіпті Харунның бұйрығымен түрмеге түскенде  Аллаға әрқашан шүкіршілік етіп: «Раббым, мен әрқашан ғибадат үшін  уақыт сұрадым және маған бұл уақыттың бергенін үшін рақметімді айтамын»,- деді.

Имам Каземді (ғ.с.)  қамаридің  183 жылы Харун әр-Рашид түрмесінде Сэнди ибн Шахак есімді залым  уландырды. Оның салдарынан имам Казем (ғ.с.) шәһид болды. Имам Каземнің (ғ.с.) түрмедегі қаһармандық өмірі таухид ақиқаты және имамның (ғ.с.) Алламен шынайы қарым-қатынасы болды. Имам Казем (ғ.с.) сабырмен, зұлымдыққа қарсы тұра отырып, тұтқында да тақуалық, еркіндік, ізгілік шырағын өшірмей ұстауға болатынын баршаға үйретті.

 

 

 

Тегтер