Джафар бен Мұхаммад Садық (ғ.с.) - даналық пен ізгілік мұхиты
(last modified Fri, 27 May 2022 02:52:05 GMT )
Maм 27, 2022 08:52 Asia/Almaty
  • Джафар бен Мұхаммад Садық (ғ.с.) - даналық пен ізгілік мұхиты

Әлемнің барша мұсылмандарына Джафар бен Мұхаммад Садықтың (ғ.с.) шәһид болған күніне орай көңіл айтамыз.

                                                                                                                                    

Бұл күні Мәдинаның Бақия зиратында Алла елшісінің ұрпағының нұрының бірі имам Джафар бен Мұхаммад Садық (ғ.с.) жерленді. Имам Джафар бен Мұхаммад Садықтың (ғ.с.) күние аты – «Аба Абдолла», лақаб аты – «Садық». Ол білімнің биік шыңдарын бағындырып, Тәңірдің әсем жырын шығарған. Джафар бен Мұхаммад Садықтың (ғ.с.) сыныбы ойларды, саналарды, жүректерді таң қалдырды және дұғаларының жалындауы жүректерді бірегей Жаратушыға бұрды. Хазірет соңғы демінде де баршаға құлшылықтың ең маңызды элементі, яғни намазға ерекше назар аудартып: «Расында, біздің шапағатымыз намазды жек көретініндерге жетпейді»,- деді.

Бүгінде Әһл-Бәйт (ғ.с.) әулетінің барлық ғашықтары мен ізбасарларының көз жасы Бақия аспанының мұңды бұлттарынан жауып жатыр және  «Сәлем саған, Джафар бен Мұхаммад, сәлем саған игілердің басшысы, сәлем саған, уа, мұсылмандардың Раббысы, сәлем саған, уа, адасқандардың тура жол көрсетушісі» деген дұғаны естуге болады.

Әлемнің барша мұсылмандарына Джафар бен Мұхаммад Садықтың (ғ.с.) шәһид болған күніне орай көңіл айтамыз.

 

Имам Садықтың (ғ.с.) қадамдарымен Мәдина гүлденіп, хазіреттің сөзінен ақиқат күннің нұрындай жарқырап тұрды. Дос пен дұшпанның айтуынша, ол өз заманының ең білімді адамы болған. Имам Садық (ғ.с.) абырой тауы, білім теңізі, хикмет пен ізгілік мұхиты, мейірім мен ғибадаттың ауқымы болды.

Имам Садық (ғ.с.) сабақтарынан көп пайда көрген сүннит фиқһ имамдарының бірі Малик Ибн Әнас хазіреттің сопылығы, ғибадаты мен мистицизмі туралы: «Бір күні қажылық парызын өтеу үшін имам Садықпен (ғ.с.) бірге Мәдинадан Меккеге шықтық. Үстімізге Ихрам киімін кидік және ләббейік айттық.

Имам Садықтың (ғ.с.) уақыты Омеядтардың соңғы бірнеше халифалары және Аббасидтердің алғашқы екі халифалары Сафах пен Мансур Даваниқидің халифалығымен тұспа-тұс келді. Хазіреттің өмірі өте ауыр және қиын кезең болды.  Күрделі саяси-экономикалық жағдайдағы халық секталық күдіктерден абдырап қалды, кейде қарапайым халық кейбір қарапайым ережелерді де білмей қалды. Екінші жағынан, Алланың бар екенін жоққа шығарушылар атеизмді тудыру үшін барын салды. Ақиқат пен өтірік тоғысқан осынау лас кеңістікте имам Садықтың (ғ.с.)  болмысының шуағы жүректер мен саналарға нұрын шашып, оның шынайы сөздері ақиқат пен жалғанның шекарасын айқындап берді. Имам Садық (ғ.с.) имаматының басталуымен алдымен ауыр экономикалық қиыншылықтар мен үкімет тарапынан қысымға ұшыраған және халифалардың қысымымен бетпе-бет келген Әһле-Бәйт (ғ.с.) жақтастарын зардап пен өлімнен аман қалу үшін жасырынуға шақырды. Бірақ хазірет жасырын түрде діни ілімдерді тарату және имамдық мәселесін дұрыс түсіндіретін  үлкен үгіт-насихат желісін басқарды. Ол асыл әкесі Имам Бақер (ғ.с.) салған жолды жалғастырды. Имам Мұхаммад Бақердің (ғ.с.) мәдениет пен өркениетті ілгерілету, кадр құру және мұсылмандар арасында байланыс желісін құру мақсатындағы әрекеттері имам Садық (ғ.с.) тарапынан жемісті болды және кеңейтілді. Имам Садық (ғ.с.) отыз жылдан астам халықтың басшысы болды және оның өмірінде тамаша ғылыми және мәдени өзгерістер шарықтау шегіне жетті.

Имам Садық (ғ.с.) заманында мұсылмандар арасында ғылым   үйренуге құштарлық күшті болды. Имам Садық (ғ.с.) да осы кеңістіктен ең көп пайда көрді және сәйкес интеллектуалдық және мәдени контекст және қоғамның үстемдік ету атмосферасының дайындығы арқасында Мәдинада ұлы Джафари университетін құрды. Алыс-жақыннан адамдар келіп, имамның сабақтарына қатысатын.     Мұсылмандардың ұлы ғұламаларының бірі шейх Туси «Рижал» кітабында имам Садеғ (ғ.с.) шәкірттерінің санын 3223 деп атап, олардың есімдерін атап өткен. Имам Резаның (ғ.с.) сахабаларының бірі Хасан Ибн Әли Уаша да былай деген: «Куфа мешітінде мен тоғыз жүз адамның Джафар бен Мұхаммедтен (ғ.с.) хадис айтып жатқанын көрдім». Имам Садықтан (ғ.с.) басқа имамдарға қарағанда хадис және рауаят  көбірек келтірілген.  Хазіреттің хадистері мен рауаяттары  шәкірттерімен жинақталған. Қазір оларды 22 және 24 томдарда көруге болады. Бұл сөздер діни ілім, фиқһ, ережелер, Құран тәпсірі, ахлақ тағылымы, өмір салты, өзін-өзі жетілдіру, әлеуметтік, экономикалық, саяси қарым-қатынастар және т.б. тақырыптарға тиесілі.

Имам Садықтың (ғ.с.)  танымалдығы Ислам елдерінің тұрғындары арасында күн санай артып келеді. Діни ғұламларының арасындағы келіспеушіліктерге қарамастан, олар имамға (ғ.с.) әртүрлі мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Имам Садықтың (ғ.с.) мейірімді және кешірімді мінез-құлқы оған көптеген жүректерді тартты. Имамның жұмсақ әрі мейірімді болғаны сонша, ол басқалардың  балағаты мен жаласына  жауап қайтармай, Алладан сол адам үшін дұға етті. Бір күні Мәдинаға Алла үйіне зиярат етуге келгендердің бірі бір жерде ұйықтап қалады. Ол оянғанда алтыны болған әмияның ұрлап кетті деп ойлады. Сөйтіп жолға шығып, намаз оқып жатқан имам Садық (ғ.с.) көрді. Имамды танымай, әмиянымды алдың деп имамға жала жапты! Өте жомарт әрі сабырлы имам Садық (ғ.с.) бұл жағдайды көргенде: «Қанша ақша бар еді?» - деп сұрады.  Әлгі адам: «Мың динар»,- деп жауап берді. Имам оны өзімен бірге үйіне апарып, мың алтын динар өлшеп, оған берді.  Әмиян да табылды. Әлгі адам имамға келіп, кешірім сұрап, ақшаны имамның алдына қояды. Бірақ имам ақшаны қайтып алмады, хазірет: «Сый еткенімізді, қайтып алмаймыз»,- деді.

 

Аббасидтердің екінші халифасы Мансур Дованиқи имам Садықтың (ғ.с.) халық арасында танымал болуынан үнемі алаңдап, қорқатын. Осы себепті ол әлсін-әлсін Мәдинадан имамды Бағдадтағы (Ирактағы) билік орнына шақырып тұратын және  үнемі имамды (ғ.с.) өлтіруді ойлады. Ибн Шахр Ашуб былай деп жазды: «Бір күні Мансур Әбу Ханифаға: «Халық Джафар бен Мұхаммадқа ерекше назар аударады. Бірнеше сұрақ дайындап, оны шешуін сұраңыз. Оларға жауап бере алмаса,  адамдардың алдында беделінен айырылады», - деді. Әбу Ханифа да қырық қиын сұрақ дайындаған. Имам Садық (ғ.с.) бұл сұрақтардың барлығына толық жауап берді. Хазірет Әбу Ханифаның сұрақтарына: «Бұл сенің пікірің, мәдиналықтар былай дейді, біз олай дейміз, ол әртүрлі көзқарастарды білдірді», - деді. Пікірталастан кейін Әбу Ханифа имамның үлкен білімін мойындады. Ол талай рет имамды өлтіремін деп қорқытып, ақыры хиджридің 148 жылы шаууал айының 25-і күні имам Садықты (ғ.с.) улы жүзіммен улап, білім мен ізгілік мұхиты  имам Садық(ғ.с.) 65 жасында шәһид болды.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        

 

 

 

Тегтер