Имам Резаның (ғ.с.) туған күні
(last modified Fri, 10 Jun 2022 14:36:49 GMT )
Маусым 10, 2022 20:36 Asia/Almaty
  • Имам Резаның (ғ.с.) туған күні

Исламның ұлық пайғамбарының (с.ғ.с.) ұрпағы хазірет Әли бен әр-Резаның туған күні құтты болсын!

 

Хорасан осы күндері шаттық, нұр, руханияттың көрінісі. Хазірет Әли бен Мұсаның (ғ.с.) туған күнінің жылдығында Иранның солтүстік-шығысында орналасқан бұл діни қала әлемнің түкпір-түкпірінен зияратқа ағылған қалың халыққа толы.  Бұл жердің толқуында біз Алла Елшісінің (с.ғ.с.) жүректерді билеп, қашанда халықтың мұң-мұқтажына  жомарттығымен жауап берген Әһле Бәйтінің (ғ.с.) ұлылығы мен қасиеттілігін сезінеміз. Олар тот басқан, қараусыз қалған жүректерден жалғыздық, дүниеқоңыздық, дүниеқұмарлық шаңын кетіреді. Мұның барлығы Алла Елшісінің (с.ғ.с.) айтуынша, Әһле Бәйттің (ғ.с.) құтқару кемесі болғандықтан, осы құтқару кемесіне отырған адам құтқарылады.

Исламның ұлық пайғамбарының (с.ғ.с.) ұрпағы хазірет Әли бен әр-Резаның туған күні құтты болсын!

 

Имам Реза (ғ.с.) хиджраның 148 жылы зилқаеде айының 11 жұлдызы күні Мәдина қаласында дүниеге келген. Оның мүбәрәк аты – Әли, күние аты – хазірет Әбу әл-Хасан, Реза - оның ең танымал лақаб аты. Оның ұлы имам Джавад (ғ.с.) әкесінің  бұл лақап аты туралы: «Алла оны Реза деп атады, өйткені Алла оған көкте, Алла елшісі мен пәк имамдар оған жерде разы болды. Сондай-ақ мінезі жақсы болғандықтан дос та, ағайын да, дұшпан да риза болатын»,- деген. Әкесі имам Мұса Ибн Джафар (ғ.с.)  шәһид болғаннан кейін имам Реза (ғ.с.) 35 жасында Ислам үмбетінің имамдығы және жетекшілігін өз міндетіне алды. Бұл кезең 20 жылға созылып, оның 17 жылы Мәдинада, соңғы үш жылы Марвте өтті. Имам Резаны (ғ.с.) Марвке баруға Аббаси  халифасы Мамун мәжбүрледі. Мамун имамның әлеуметтік және интеллектуалдық қызметін   және халықтың әртүрлі топтарының онымен қарым-қатынасын бақылау үшін имам Резаны (ғ.с.) Мәдинадан өз үкіметінің орталығына көшірді. Имам Резаның (ғ.с.) өмірінде халықтың Пайғамбардың (с.ғ.с.) әулетіне деген бейімділігі шарықтау шегіне жетіп, хазірет ұрпақтарының танымал негіздері барған сайын кеңейе түсті. Имамның  ахлағы жалпы және ерекше қызығушылық тудырды. Сондай-ақ имам Резаның (ғ.с.)  жоғары білімі Ислам әлемінің түкпір-түкпірінен көптеген адамдардың оны зиярат етуіне себеп болды.

Бір күні ғылыми жиында имам Резаға (ғ.с.): «Алла Тағала иманды неліктен парыз етті?» деген сұрақ қойылды. Хазірет: «Адамдар Аллаға иман келтірмесе, күнәларынан алыстамайды және нәпсі қалауларын бақылауға алмайды. Мұндай жағдайда адамзат қоғамы толығымен жойылып, адамдар бір-біріне қысым жасайды. Сонымен қатар, иман ішкі бұзылудан сақтайды, өйткені адам кейде жалғыз өзі,   басқалардың көзінен алшақ, бұзақылық пен күнәға бет бұрады.  Демек, қоғам мен адам игілігінің бірізділігі мен сабақтастығы дана Аллаға деген иманмен байланысты.  Әшкере мен ғайыпты білетін, жақсылыққа әмір етіп, тура жолды бұйырған, бұзақылықтан тыюшы, одан (Алладан) еш нәрсе жасырын емес»,- деді.

Имам Резаның (ғ.с.) дәуірі әртүрлі мазһабтардың шиіттік мазхабпен диалогы кезеңі болып саналды.  Аббасидтердің ең білімді халифасы болған Мамун имам Резаның (ғ.с.)  мектебіне қарсы тұру үшін әртүрлі діндер мен секталардың ғылыми көзқарастарын ұсынуға көбірек жағдай жасауға тырысты. Осы стратегиялық жоспар арқылы имам Резаның (ғ.с.) ғылыми беделіне күмән келтірмек болды. Ол имамның ғылыми ерекшеліктеріне қарсы шығу үшін имам Реза (ғ.с.) мен христиан және еврей ғалымдары арасында маңызды пікірталастар ұйымдастырды. Мамун тіпті Дехрюн деп аталатын Алланы жоққа шығарушылар мен фиқһ және теологиялық діндердің ақсақалдарын жинады. Ұлы имам сияқты өзінің стратегиялық және зерделі басқаруымен бұл қауіптерді мүмкіндікке айналдырды. Бұл баршаны таң қалдырды және ғасырлар өтсе де имам Резаның (ғ.с.) ойы мен әрекеті әлі де көптеген ойшылдардың назарын өзіне аударып келеді. Имам Резаның (ғ.с.) Хорасанға сапары сол жердің халқы үшін өте құнды әрі пайдалы нәтижелерге ие болды және имамның бұл жердегі беделі күннен-күнге арта түсті. Имам Резаның (ғ.с.) Хорасанға сапары сол жердің халқы үшін өте құнды әрі пайдалы нәтижелерге ие. Алаңдаған  халық   имам Резадан (ғ.с.) намаз оқып, жаңбыр мен Алладан рақым мен мейірім тілеуді сұрады. Имам (ғ.с.) қабылдап: «Адамдар үш күн ораза ұстаулары керек», - деді. Үшінші күні имам Реза (ғ.с.) қалың жамағатпен шөл далаға шығып, сонда намаз оқыды және: «Уа, Алла, Әһли Бәйттің (Пайғамбар әулетінің) адамдар алдындағы құқығымызды жоғары бағаладың. Сен бұйырғандай, олар бізге жүгініп, сенің рақымың мен мейіріміңе үміт артып, сенің жақсылығың мен нығметіңді күтеді.Уа, Раббым, оларға мейіріміңнің жаңбырын жаудыр және бұл қамқорлықты кешіктірме»,- деп сұрады. Осы кезде Алла Тағала мейірімінің есігін ашып, мол жаңбыр жердің шөлін қандырды. Адамдар бұл илаһи рақымдылық пен мейірімге шүкіршілік етіп, имам Резаның (ғ.с.) сүйспенділігін бұрынғыдан да жүректерінде сезінді.

Бүгінгі күні де, ғасырлар өткенімен Иран халқы Хорасандағы хазірет Әли ибн Мұса әл-Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесінің болуына байланысты илаһи мейірім жаңбырының астында және күн сайын имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесіне зиярат ету үшін жиналатын халыққа куәміз.

Зиярат - Алланың әулиелерінің алдында саналы және сүйіспеншілік  білдіру. Зияраттың арқасында адам баласы ешбір материалдық пайдамен салыстыруға келмейтін игіліктерге ие болады. Имам Реза (ғ.с.) сияқты ұлы тұлғаның нұрлы мекеніне барудың нығметі жан тыныштығынан басқа, Пайғамбармен (с.ғ.с.) және хазіреттің әулетімен  келісімін жаңартуыдың бір түрі болып табылады.

Исламның ұлық пайғамбарының (с.ғ.с.) ұрпағы хазірет Әли бен әр-Резаның туған күні құтты болсын!

 

Тегтер