Велаят пен имамат онкүндігі
(last modified Sat, 16 Jul 2022 00:17:20 GMT )
Шіл 16, 2022 06:17 Asia/Almaty
  • Велаят пен имамат онкүндігі

Құрбан айт пен Ғадир Хом арасындағы уақыт аралығы велаят пен имамат онкүндігі атанды.

 

Құрбан айт  пен  Ғадир Хом арасындағы уақыт аралығы велаят пен имамат онкүндігі атанды. Бұл мұсылмандар, әсіресе шиіттер үшін өте маңызды уақыт.

Велаят онкүндігі Ислам дінінің негізгі құрылымдарын еске түсіріп,  Әһле Бәйттің (ғ.с.) Исламның ауытқуының алдын алудағы рөлін баяндауға қолайлы алаң болып табылады. Құрбан айт - хазірет Ибраһимнің, ал Ғадир мерекесі - хазірет Әлидің (ғ.с.)  имаматы күні. Басқа тұрғыдан алғанда, Құрбан айт - сүйіспеншілік пен бағынудың, дүниелік тәуелділіктен құтылудың және Раббысының разылығына мойынсұнудың көрінісі. Ғадир күні - діннің кемелдік мерекесі және Аса мейірімді Алламен келісім күні.  

Велаят және имамат онкүндігі

 

Хазірет Ибраһим (ғ.с.) Алла Тағаланың ұлық пайғамбарларының бірі әрі алғашқысы ретінде әлемнің Раббысын адамзатқа кеңейтіп, танытуға көп күш салды. Ол пайғамбарлық  міндетіне ие болған кезде өміріндегі ең үлкен сынақтан, яғни сүйікті ұлы хазірет Исмаилды  бауыздау бұйрықты орындауға дайындығын білдіргеннен кейін Аллаға жақындап, имамат дәрежесіне жетті. Ибраһим (ғ.с.) бұл илаһи жағдайды балалары үшін де сұраған. Алла Тағала жауабында хазірет Ибраһимге имаматтың илаһи таңдау екенін,  жеке адамдардың таңдауы  емес, кез келген зұлымдық пен зорлық-зомбылықты жасамаған адамдарға берілетінін айтты. Хазірет Әлидің (ғ.с.) имамат және велаятқа сайлануы осы мәселенің жақсы көрсеткіші.

Ғадир күні Алла Тағала Пайғамбарға (с.ғ.с.) адамдардың өзінен кейінгі имамы әрі қолбасшысы болып табылатын хазірет Әлиді  (с.ғ.с.) адам баласына тура жол көрсетуші ретінде таныстыруға  міндеттеді. Барша пәк имамдардың (ғ.с.) адамды Алламен байланыстыратын көпір екенін білеуі керек.  Хазірет Әли (ғ.с.) – білімнің, тақуалықтың, жиһадтың, тақуалық пен Алла жолында құрбандықтың, иман мен Исламдағы артықшылықтың айқын үлгісі және адамдар  құрметтейтін барлық құндылықтар мен ерекшеліктер оның бойында жинақталған. Әли (ғ.с.) – шиі болсын, сүннит болсын, әр адам құрметтейтін тұлға. Тіпті ешбір дінге мүлде сенбейтін адам да осы ұлы тұлғаның болмысын білгенде оның алдында бас иеді. Хазірет Әли (ғ.с.) – Алла Елшісінен (с.ғ.с.) кейін қоғамды басқаруға және жол көрсетуге ең лайықты тұлға.

«Мәида» сүресінің 55-аяты осы лайықтылықты растайды. Бұл аят мүміндердің  басшысы болуға лайық деп ерекше сипаттарға иелерді   таныстырады: «Шынайы түрде сендердің достарың Алла және Елшісі және де намазды толық орындайтын, зекет беретін әрі рүкуһ  қылушы мүміндер». Тәпсіршілердің айтуынша, сол кезде бұл ерекшелік тек бір адамда болған және ол  намазда рукуһ жасап тұрып зекет беретін Әлиден (ғ.с.) басқа ешкім емес еді. Бұл аятта кім туралы айтылғанына ешкім күмәнденбеді. Хазірет Әлидің (ғ.с.) мешітте рүкүһ жасап жатқанда жүзігін бір кедейге бергенін бәрі біледі. Осыған сәйкес, көптеген мұсылмандар Пайғамбардан (с.ғ.с.) кейін Әлиді  (ғ.с.) басшы, қамқоршы ұстануды өздерінің міндеті деп санады. Осы арада Пайғамбардың мұрагері болып, билікке жетуді ойлағандар жанталаса бастады.

Кейбіреулер «уәли» сөзін дос, жолдас мағынасында қабылдап, қамқоршылық мағынасын елемеген. Бірақ Ғадир оқиғасында Пайғамбар (с.ғ.с.) Аллаға мадақ айтып, халықты жинап: «Мен сендерге өдеріңнен артық лайық емеспін бе?»- деді. Халық растағаннан кейін: «Олай болса, кім мені басшысы, қамқоршысы ретінде қабылдаса, енді Әли де оның басшысы әрі қамқоршысы»,- деді. Негізінде Пайғамбар (с.ғ.с.) халықтың өзінің басшылығы мен қамқорлығын  қуаттағанына сүйеніп, Әлидің (ғ.с.) басшылығы туралы тақырыпты көтерді. Сондықтан, «уәли» деген сөз бірінші сөйлемде  қамқорлық пен билікті білдірсе, келесі сөйлемде достық деген мағынаны білдіреді деп айтуға болмайды, өйткені бір-біріне қайшы болады.

Дін мамандары имамның Алламен тағайындалуын игілік деп біледі. Өйткені Ислам қоғамында имамның Алла Тағалмен тағайындалуы  адамдардың Аллаға мойынсұнып, күнәлардан аулақ болуына жағдай тудырады және қоғамда әділеттілік орнаған кезде әділдік пен халықтың құтқарылуының негіздері қамтамасыз етіледі. Имам – адамдардың діни және дүниелік істерінің тағдырын өз қолында ұстайтын адам, ал ислам терминологиясында илаһи әмірмен адамзатқа Алла жолында басшылық етуші және жол көрсету нәрсені немесе адамды имам деп атайды. «Әнбия» сүресінің 73-ші аятындағыдай адам болсын «оларды әміріміз бойынша, тура жол көрсететін басшы» немесе «Ахқаф» сүресінің 12-аятындағы кітап болуы мүмкін: «Құраннан бұрын жолбасшы әрі игілік түрінде Мұсаның (ғ.с.) кітабы бар еді».

Аяттар мен рауаяттар бойынша, Алла Тағала хазірет Мұхаммадты (с.ғ.с.) бәдәуилер мен мүшріктерге таухид пен құтылу жолын көрсету үшін пайғамбар етіп жіберген болса, Пайғамбар (с.ғ.с.) қайтыс болғаннан кейін де дәл осы себептен Ислам қауымы  қоғамды басқару үшін қамқоршыға мұқтаж деп білді. Исламның ұлық пайғамбарының (с.ғ.с.) хазірет Әлиді (ғ.с.) соңғы қажылық сапарында және дүниеден озар алдында бір жыл бұрын Ислам пайғамбарынан кейін халықтың басшысы әрі қамқоршысы ретінде таныстыруы осы бағытта жасалды. «Ниса» сүресінің 59-шы аяты «Әй мүміндер. Аллаға бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар...» және «Сақалайын» хадисі, тіпті сүнниттер кітаптарындағы сенімді рауаяттар Ислам пайғамбарынан кейінгі пайғамбарлықтың жалғасында имаматтың растығына дәлел. Ислам пайғамбары «Сақалайын» хадисінде: «Мен сендердің араларыңда  екі қымбат нәрсе қалдырамын. Бірі – Алланың кітабы, ол аспаннан жерге дейін созылған жіп. Екіншісі - менің туыстарым мен отбасым. Олар ешқашан ажырамайды. Кәусар хауызының қасында қасыма жеткенше...»,- деп айтылды.

Ғадир Хом күні

Осылайша, хазірет Әлидің (ғ.с.) қамқорлығы ислам қоғамындағы үкімет ережелерінің негізі болып табылады. Бұл исламдық көзқарас бойынша Пайғамбардың өзінен кейінгі дәуірге Алланың әмірімен енгізген басқару үлгісінің вилаят пен имамат екенін көрсетеді. Велаят, мүміндерді басқарупәк имамдар (ғ.с.) бар кезеңде солардың міндеті. Ал пәк имам (ғ.с.) ғайып кезде, қоғамды басқару -  парасаттылық пен әділеттілік пен қоғамды басқару қабілеті сияқты белгілі бір шарттарға ие дінтанушының міндеті. Бұл үкіметте, шын мәнінде, Алла басты басшы, ал имам немесе қамқоршы Алланың бұйрығын орындаушы ғана және ол өз еркімен билік ете алмайды. Осы себепті, велаят пен имаматтың шарттарының бірі имамның қатесіздігі мен пәктігі болып табылады. Басқа жағынан имандылық, мәдениет және өркениет қайнарларының бағдары ислам қоғамында және басқа да қоғамдарда таралуы үшін велаят пен имамат Пайғамбардың (с.ғ.с.) миссиясын жалғастыруды көздейді.  

Ислам қозғалысының бастаушылары және шынайы діни мәдениеттің жақтаушылары ретінде Әһле Бәйт (ғ.с.) имамдары ислам дінінің негіздерін нығайтумен қатар, оны бұрмалаулар мен ауытқулардан қорғады. Олар ғылымды үйрету және халықты тәрбиелеу арқылы әлемді қауіпсіздікке, әділеттілікке, бейбітшілікке бағыттады. Хазірет Әли (ғ.с.) пәк имамдар (ғ.с.) қозғалысының басында болды. Ол тек көзі тірісінде ғана емес, Пайғамбардың (с.ғ.с.) көзі тірісінде де беделді дәрежеге ие болып, иман, ғылым және әділетті орнатуда үлкен рөл атқарған. Кез келген әрекетке кіріспес бұрын хазірет Әли (ғ.с.) исламдық аймақта дін мен рухани құндылықтарды жаңғыртуға талпынды және билігінің алғашқы күнінде ол өзінің саясаты туралы: «Менің биліктегі мақсатым   – дінді қайта жаңғыртып, қоғамда әділдік пен теңдікті орнату және менің әдісім ардақты Пайғамбардың (с.ғ.с.) жолы сияқты болады»,- деді.

Қасиетті Құранның айтуынша, түнде аспандағы жұлдыздар жол іздегендер үшін жақсы белгі болса, бейкүнә имамдар да бақыт пен құтылудың жолын көрсететін қараңғылықтағы жанып тұрған шамдар сол сияқты.  

 

Тегтер