Бірлік апталығы - 2022: Бірлік пен жаңа ислам өркениетінің арақатынасы
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи жаңа ислам өркениетін құруды Иран Ислам Республикасының мақсаттарының бірі деп атап, шиіт пен сүннит мұсылмандардың бірлігі болмаса, жаңа ислам өркениетін құрудың маңызды мақсатына жету мүмкін емес деп тауып: «Мұсылмандардың бірлігінің басты көрсеткіші Палестина мәселесі, палестиналықтардың құқықтарын қалпына келтіруге қаншалықты шынайы жұмыс жасалса, соғұрлым ислам бірлігі нығая түседі»,- деді.
Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) - шынайы Ислам мектебін ұстанушылар үшін бейбітшілік пен достықтың символы. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ең көрнекті қасиеттерінің бірі оның жақсы мінезі еді. Адамзат тарихында сол кездегі тас жүрек, шөлейт топтардың басын қосып, олардың арасында бірлік пен ынтымақ тудыра алмады. Исламның ұлық пайғамбары (с.ғ.с.) айналасына өз заманындағы барша мүшріктерді, халықтарды жинап, жақсы мінез-құлқымен, болмысымен Ислам дінін әлемге таныта білді. Мұсылмандар арасында бірлік, исламдық мазхабтар арасында бірлік қажет. Пайғамбар (с.ғ.с.) өз заманындағы біріктіре білді. Мұсылмандар арасындағы бірлік пен жанашырлық, адамдық қадір-қасиетті жаңғырту және ұлтшылдықты теріске шығару Ислам пайғамбарының нығметтерінің қатарында болды. Пайғамбардың (с.ғ.с.) беғсаты – үлкен тарихи оқиға және адамзат тарихындағы үлкен бетбұрыс. Алла оны адамдар үшін ең жоғары нығмет деп атайды. Өйткені Алла Тағала жер мен көктің арасын дәнекер етіп, адамдарға болмыстың білімдері мен ақиқаттарына жету жолын үйрету үшін олардың арасынан бір адамды кемелдік дәрежесіне жеткізген. Жаңа ислам өркениеті исламдық үкімдерге негізделген жаңа өркениет ретінде тек Ислам үмбетінің бірлігі болған жағдайда жүзеге аспайды, өйткені Ислам өркениеті бүкіл адамзаттың оның көлеңкесінде толық руханилық пен әділеттілікте өмір сүруі үшін.
Пайғамбар (с.ғ.с.) адамдарды надандық пен қараңғылықтан өткізіп, кемелдік жолға салу үшін жіберілген. Негізінде, Пайғамбардың (с.ғ.с.) бірінші міндеті халықты болмыстың ілімі мен ақиқаттары, таухид, Алланы және өмірдің бастауы және соңымен хабардар ету болды. Олардың көлеңкесінде адам кемелдік пен бақытқа жете алады. Исламның ардақты пайғамбарының (с.ғ.с.) беғсатының мақсаты баршаны күпірлік пен қараңғылықтан нұрға және тақуалыққа бағыттау болды.
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи жаңа ислам өркениетін құруды Иран Ислам Республикасының мақсаттарының бірі деп атап, шиіт пен сүннит мұсылмандардың бірлігі болмаса, жаңа ислам өркениетін құрудың маңызды мақсатына жету мүмкін емес деп тауып: «Мұсылмандардың бірлігінің басты көрсеткіші Палестина мәселесі, палестиналықтардың құқықтарын қалпына келтіруге қаншалықты шынайы жұмыс жасалса, соғұрлым ислам бірлігі нығая түседі»,- деді. Ол сөзін жастарға жолдап: «Жас шиіттер мен жас сүнниттер олардың арасындағы келісім, бірге өмір сүру, өзара түсіністік пен жанашырлық өте үлкен нәрсе екенін білуі керек. Бұл Иранның, Исламның және Құранның дұшпанына қарсы жасалған ең үлкен соққы. Осыны біліп, сақтаңдар. Бүгінде Ислам үмбетінің бірлігін нығайтатын кез келген қозғалыс берекелі, бр жақсылық. Ислам дұшпандарының ниеті – жіктеу. Біз Исламға сенушілердің ниеті Ислам әлемі мен Ислам үмбетінің арасында бірлік құру болуы керек»,- деді.
Мұсылмандар арасындағы бірлік бөлінудің алдын алып, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бірлік ислам діндері арасындағы діни қайшылықтарды жояды. Расында, бірлік болмаса, жер де, өңір де тынышсыз болады. Мұсылмандар бір-бірінің қасиеттерін сыйлай алмаса, олардың өміріне, мал-мүлкіне, қаласы мен өміріне қауіп төнетінін білуі керек. Бұл қазіргі дәуірде де, ислам тарихында да, одан бұрынғы дәуірлерде де ислам өркениетінің барлық жерінде басынан өткерген мәселе.
Ислам бірлігі үмбетке билік беріп, сыртқы дұшпандардың қастығы мен ислам елдерінің ішкі істеріне араласуының алдын алады. Соңғы онжылдықтарда үстемшіл үкіметтердің қауіпсіздікті қамтамасыз ету сылтауымен кейбір ислам елдеріне шабуыл жасағанын көрдік. Олар қауіпсіздікті қамтамасыз етпес түгіл, керісінше мұсылман елінің әр жерінде әртүрлі өркениеттік залал келтірді. Мысалы, Ирак сияқты бірнеше мыңжылдық өркениет тарихы бар елде АҚШ-тың әскери шабуылы қыруар шығын әкеліп, мұнай мен басқа да ұлттық байлықтарды, тіпті сол елдің мұражайларын талан-таражға салып қана қоймай, жарты миллион мұсылман әйелдері мен балалардың өліміне себеп болды.
Хазірет аятолла Хаменеи өткен жылы Халықаралық Ислам Бірлігі конференциясына қатысушы қонақтармен кездесуінде Ислам үмбетінің міндетін «адам өмірінің барлық салаларында исламның жан-жақтылығын түсіндіру және насихаттау» деп таныстырды. Ол: «Саяси және материалдық күштер бұрынғы кезден бері Исламды адам өмірінің барлық салаларына арналған жоспары бар жан-жақты дін ретінде емес, жеке іс-әрекеті пен жүрек сенімі ретінде көрсетуге талпынуда. Олар жазушылар мен зиялы қауым өкілдерінің сөзінен теориялық негіздей отырып, Ислам «өркениет және қоғамды басқару», «экономика және билік пен байлықты бөлу», «соғыс және бейбітшілік», «ішкі және сыртқы саясат», «әділдік орнату және зұлымдық пен зұлымдыққа қарсы тұру» сынды мәселелерді шеше алмайды деп уәжденуде.
Алла Тағала Құран Кәрімде мұсылмандарға жеңісті уәде етті, бірақ оған жетудің жолы – мазхабаралық қайшылықтар мен қақтығыстардан аулақ болу және Ислам үмметі арасындағы ортақтық пен жақындасуға сүйену екенін баса айтты. «Әнфал» сүресінің 46-шы аятында: «Аллаға және оның елшісіне бойсұныңдар, керіспеңдер. Әйтпесе үрейде қаласыңдар, күш-қуаттарың кетеді. Сабырлы болыңдар. Анығында Алла солармен бірге»,- деп айтылды.
Дұшпандар мен үстемшіл үкіметтер әрқашан Ислам дініне кек сақтап, өтірік тарату және Исламға және ардақты Пайғамбардың (с.ғ.с.) әулетіне тіл тигізу арқылы мұсылмандарды бөлшектеуге тырысып, осы жолмен көптеген мақсаттарына қол жеткізді.
Исламофобия мәселесі, әсіресе Батыс елдерінде Ислам үмбетінің бірліктің қажеттігін бұрынғыдан да көбірек түсінуіне әкелді. Исламдық үкіметтер, әсіресе, осы сыни кезеңде Ислам дұшпандарының іріткі салу арқылы біртұтас Ислам үмбетін жіктеуге жол бермеуі керек. Мұсылмандар теория немесе фиқһ салаларында айырмашылықтар болуы мүмкін екенін білуі керек, бірақ түпнұсқалық пен принцип бірлікте болуы керек. Мұсылмандар ислам өркениетін жүзеге асыру үшін бірлік пен жақындасу жолында жүруі керек. Бірлік дегеніміз – барлық ислам мазхабтарының өз тенденцияларын сақтай отырып, ортақтықтарға сүйеніп, алға ілгерлеуі. Мысал ретінде соңғы бірнеше жылда шарықтау шегіне жеткен ислам өркениетінің қалыптасуының зор мүмкіндіктерін көрсететін имам Хұсейнді (ғ.с.) еске алатын Арбағин шеруін атап кетуге болады.
Арбағин жаяу шеруін үш: шиіт, ислам әлемі және адамзат қоғамы тұрғысынан бағалауға болады. Арбағин шеруіне 20 миллионға жуық адам, соның ішінде шиіттер мен сүнниттер, мұсылмандар мен христиандар немесе кез келген басқа дін өкілдері қатысады. Халықтың шеруге жаппай қатысуы ислам өркениетін көрсететін имам Хұсейнге (ғ.с.) негізделген әлеуметтік бірегейлікті қалыптастырады. Ортақ жол мен ортақ мақсат – Ислам өркениетінің қалыптасуында тиімді болып, әлемге тұрақты үлгі бола алатын Арбаиннің маңызды ерекшеліктерінің бірі.