Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) қадір-қасиеттері (12)
Ардақты Пайғамбардың (с.ғ.с.) қызы хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) жанкүйерлері сансыз. Оның ізгі қасиеттері, ізгілігі, жоғары дәрежесі көп мадақталды. Достар мен дұшпандар оның кемелдігі мен ұлылығын мойындап, ұлылығын мадақтады.
Хазірет Фатиманың (ғ.с.) баса назар аударған негізгі мәселелерінің бірі – бала тәрбиесі және олардың діни парыздарды орындауға бейімділігі болды. Хазірет Фатиманың (ғ.с.) балаларының физикалық тәрбиесінде де, рухани тәрбиесіне де ерекше көңіл бөлді. Фатима (ғ.с.) қаншама қиыншылықтарға қарамастан, Құрайш тайпасының көптеген әйелдеріне ұқсамай, балаларына күтуші жалдаудан бас тартып, өз құшағын балаларының тыныштығының бесігіне айналдырды. Тарихи мәліметтер сенімді хадистермен бірге Фатиманың (ғ.с.) өмірінің соңғы сәттеріне дейін балаларының тағдыры мен тәрбиесіне көңіл бөлгенін көрсетеді. Ол имам Әлиге (ғ.с.) өсиетінде балаларына мейірімді болуды сұрайды.
Хазірет Фатима (ғ.с.) діни парызын орындау, ғибадат ету ауыртпалық болмас, керісінше оларды ынтамен орындау үшін перзенттеріне Аллаға деген сүйіспеншілік пен байланысты бала кезінен үйретті. Кейбір хадистерде хазірет Фатиманың (ғ.с.) Қадір түнінде балаларын ояу ұстағаны айтылған. Мұның барлығы діни білімдеріне ерекше ілтипат пен көңіл бөлуін білдіреді. Хазірет Фатима (ғ.с.) бұл түннің маңыздылығына байланысты балалары оны ояу өткізу кезінде физикалық және психикалық жағдайлары жақсы болуы үшін күндіз ұйықтататын. Оның бұл жұмыста шынайы болғаны сонша, бұл туралы имам Әли (ғ.с.): «Фатима (ғ.с.) Қадір түнінде отбасынан ешкімді ұйықтатпады. Сондықтан алдыңғы күннен бастап Қадір түнін ояу өткізуге дайындалып: «Бұл түннің берекетінен мақұрым қалған адам мақұрым» дейтін»,- деген болатын.
Үй шаруасымен айналысып, бала-шағасына қамқорлық жасауы, балаларға арналған тақпақтар айтып, мейірімді де жұмсақ сөздері де Фатиманың (ғ.с.) балаларының сезім тәрбиесіне көңіл бөлгенінің тағы бір дәлелі. Ол балаларымен ойнап, ойында ананың сөзі, қимылы балаға үлгі болатынына да мән берген. Сондықтан орынды сөздер мен сөйлемдерді қолданған. Әсіресе қарапайымдылығымен баланың жан дүниесіне жалғыз Аллаға құлшылық рухын ұялататын сөздерге ерекше мән берген.
Фатима (ғ.с.) да балаларының әлеуметтік тәрбиесінде көп көңіл бөлді. Алла Елшісін (с.ғ.с.) шақырып, үйінде күтіп алу немесе балаларды мешітке жіберу де осы ілтипаттың бір көрінісі. Хадистерге қарағанда, имам Хасан (ғ.с.) жеті жасында мешітке барып, Алла Елшісінің (с.ғ.с.) мінберінің қасында отыратын және Пайғамбар түскен уахи туралы естігенін мешіттен оралған соң анасы Фатима (ғ.с.) айтып беретін.