Рамазан 2023: Достың қасында (1)
Рамазанды мүбәрәк етіп, құлдарын өзіне тура жолға түсіретін жолдардың біріне айналдырған және бұл айды басқа мыңдаған айлардан артық еткен Аллаға сансыз шүкір. Ораза айы, Ислам айы, Құран түсірілген және дұғаларды қабыл ететін Рамазан айына қош келдіңіздер.
Міне, табиғаттың көктемімен бірге Алланың мейрамы да келіп, бізге күлімсіреп тұрғандай, осы сәтті пайдаланып, осы көктемді жан дүниесінің өсіп-өну мезгіліне айналдырған пенде қандай бақытты. Биыл табиғаттың көктемі, Құран көктемі мен жандардың көктемі бірге келді.
Имам Садық (ғ.с.): «Дұға қабыл болатын үш мезгіл бар: біріншісі – әрбір парыз намаздан кейін, екіншісі – жаңбыр жауғанда, үшінші – Алла Тағала құлдарына белгілерінің бірін көрсеткенде»,- деп айтқан.
Белгі – бізді мақсатқа жетелейтін нәрсе. Жалғыз Алланың ұлылығын көрсетіп, Оған жетелейтіннің бәрі Алланың белгісі. Рамазан айынан нұрлылау белгі жоқ. Алла Тағала сөзінің түсуі үшін барлық айлардың ішінен осы айды таңдады. Бұдан артық қандай қасиет бар?! Дұға жасау үшін бұдан артық қандай мұрсат бар?!
Рамазан айының басталуымен жәннат есіктері ашылып, мүміндердің рухтарына илаһи мейірім жаңбыры жауады.... Бұдан артық қандай жаңбыр бар?! Бұл айда әрбір парыз намаздан кейін ғана емес, кез келген сәтте Алланың мейірімінің жауған жаңбырының астында қолыңызды көтеріп дұға етіп, Алланың нығметтері мен кешіріміне ие бола аламыз.
Имам Әли (ғ.с.) былай дейді: «Дұға - илаһи мейірімнің кілті және қараңғылықтың нұры«. Зұлмат пен тіршілігіміздің қараңғылығы Алланың мейірім жауынынан пайда алуымызға кедергі болады. Мүмкіндікті пайдаланып, қасиетті Рамазан айының басынан бастап құлшылыққа кірісіп, дұғаларымыздың нұрымен болмысымыздан қараңғылықты кетірейік. Осы қараңғылықтарды болмысымыздан кетірмегенше, Алланың мейірімінің жауынынан пайдалана алмаймыз. Дұға арқылы Алланың мейіріміне, кешіріміне жақындау парызымыз.
Әр нәрсенің, әр істің өз жолы мен әдісі бар. Алла Тағаладан тілеудін де ең алдымен үйренуге тиісті әдебі бар.
Дұғаның бірінші әдебі – таза болу. Дұға ішімізді күнәлардың ластануынан тазартады. Бірақ оған дейін сыртқы келбетімізді ластанудан тазартып, ғұсыл алып, вузу алып, содан кейін дұғаға кірісу керек. Хазірет Әли (ғ.с.) былай деген: «Үлкен әрі қиын іспен бетпе-бет келгенде, вузу алып, сосын қолдарыңызды көтеріп дұға етіңіздер».
Дұғанын екінші әдебі – намазды барлық істер сияқты Алланың атымен бастау. Исламның ұлық Пайғамбарынан (с.ғ.с.) рауаят етілген хадисте: «Пендесі «Бисмиллаһи Рахмани Рахим» дегенде, Алла Тағала: «Құлым менің атыммен бастады. Оның жұмысын істеп, береке беру менің міндетім»,- дейді. Алла елшісінің келесі бір хадисінде: «Бисмиллаһи Рахмани Рахим деп басталатын дұға қабыл болады»,- деп айтылды.
Дұғаның үшінші әдебі - оны Алланы мадақтаумен бастау. Имам Садық (ғ.с.): «Аллаға мадақ айтылмаған тілек орындалмайды». Бұл әдепті дініміздегі үлкендерден қалған көптеген дұғаларынан көре аламыз. Бұл дұғалардың көбі Алланы мадақтаудан басталады.
«Әбу Хамза Самалидің» дұғасы, «Саһар» дұғасы және Рамазан күндерінің дұғадары - қасиетті Рамазан айында оқуға ұсынылған дұғалар. Олардың барлығының мазмұны өте әдемі. Бұл қасиетті айдағы дұғалар жинағының ішінде «Эфтетах» деп аталатын тағы бір дұға бар. Әйгілі рауаят бойынша, имам Мәһди (ғ.с.) оны өзінің екінші арнайы өкілі Мұхаммад бен Османға үйреткен және Мұхаммад бен Осман оны жариялаған. Кімде-кім бұл дұғаны қасиетті Рамазан айының түндерінде оқыса, имам Мәһдидің (ғ.с.) күткен сахабалар мен күтушілерінің бірі болып саналады»,- делінген. Бұл дұға, басқа дұғалар сияқты, Алланы мадақтаумен басталады.
Осы дұғаның басында оқимыз:
Уа, Алла! Мен мақтауды сенің мақтауыңмен бастаймын, Сен Мейірімділігіңмен мені жарылқап, қайырымдылыққа жетеледің.
Пенденің Алланы мақтау құдіреті Жаратушының сый еткен нығметі саналды. Расында, адам әуел бастан Алланы мадақтағысы келетінін мойындайды. Ол мақтауды Оны мадақтаумен бастайды және бұл мақтау Оның құлдарына деген қамқорлығынан екенін біледі. Алла рұқсат етпесе, ешбір адам Оны мадақтай алмайтын еді. Сондықтан: «Уа, Алла, бәрі сенен. Әркімде бар нәрсе - Өзіңнің бергенін. Кемелдік дәрежесіне жеткен кез келген адам сенің еркіңе сай жетті. Егер кіиде-кіи дұрыс жолмен жүрсе, бұл шын мәнінде Сенің оған көмектескеніңнің нығметі болып табылады»,- деп айтылады. Бұл Алланың қос нығметі, кім Оның жолын таңдаса, Алла оны разы етеді.
Бұл дұғаның жалғасында:
«Уа, Алла, мен сенің кейде кешірімді және мейірімді екеніңді, басқалардан мейірімділеу екеніңді толық түсіндім. Ал, қай жерде жаза қажет болса, сен барлық жазалаушылардан да қаталсың. ал тәкаппарлық пен ұлылықтың биігінде сенің үрейің кез келген билеушіден жоғары»,- деп оқимыз. Міне, Алланың мейірімін түсініп, сізбен сөйлескенде, мен сенімділікке және тыныштыққа толы болатынымды мәлімдеймін. Сенің махаббатың ана махаббатынан жоғары екеніне және сен ең мейірімдісің деп сенемін, бұл сенің әділдігің. Жақсы адамдарды жаман адамдармен бірдей деңгейге қою ешқашан мүмкін емес. Алла бұл екі топ ешқашан бірдей болмайды деп уәде еткен. Кешегі перғауын мен Нәмруд сияқты залымдар өлтірушілермен немесе соғысты тұтандырып, жазықсыз адамдарды жаппай қырып-жоятын қарумен өлтіретін бүгінгі шайтандармен қалай күресуге болады? Алланың мұндай жаратылыстың алдындағы орны, әрине, азап пен жазаның орны. Алланың даналығы мен әділдігі бұдан басқа нәрсе бола ала ма?»- деп айтылды.Дәл осы жерде қолымызды көтеріп дұға етуіміз керек:
«Уа, Алла, бізді залымдар мен қара ниеттілілерден қылма!»