Американың Мемлекеттік департаментінің Ирандағы адам құқығының бұзылуы туралы уәждерін сараптау 1
(last modified Thu, 05 May 2016 14:12:31 GMT )
Maм 05, 2016 20:12 Asia/Almaty
  • Американың Мемлекеттік департаментінің Ирандағы адам құқығының бұзылуы туралы уәждерін сараптау 1

Маңызды тақырып саналатын адам құқығы мәселесі неліктен Батыстың саяси мақсаттарының құрбаны болуы тиіс немесе осы саладағы шынайы мәселелерге неліктен көзжұмбайлық танытылуы керек?

Батыс елдері әлемдегі адам құқығы жағдайына алаңдаушылық білдірген уәждер айтуда. Осы бағытта олар БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесіне ықпал жасап, саяси есептерді адам құқығының шындықтарының орнына үстемшіл жүйемен қарсылас елдерге қысым жасайтын құралға айналдырып отыр. Бірақ маңызды тақырып саналатын адам құқығы мәселесі неліктен Батыстың саяси мақсаттарының құрбаны болуы тиіс немесе осы саладағы шынайы мәселелерге неліктен көзжұмбайлық танытылуы керек деген сұрақ туындайды. 

Шәксіз, адам құқығына қатысты алаңдаушылық маңызды тақырып. Егер бұл алаңдаушылық шынайы және сындарлы орын мен бағытта айтылатын болса, адамзат қоғамы үшін үлкен нәтижелердің бастауы болмақ.

ИИР діни және адами құндылықтарға сәйкес, адам құқығы саласындағы шынайы алаңдаушылықтарды азайтуға ерекше мән беретіндігін сан рет қуаттаған болатын. Сонымен қатар бұл алаңдаушылықты, яғни батыстың адам құқығы мәселесіне қатысты алаңдаушылықты Иранға қатысты саясиландырып отырғанын да сан рет ескерткен болатын.

Осы саладағы индукциялы каналдардың қатарына жыл сайын Американың Мемлекеттік департаменті мен Англия СІМ тарапынан «Адам құқығын бұзушы елдер» деген атаумен жарияланатын есептер жатады. Әлемдегі адам құқығы туралы уәж айтушылар есептерінде Иранды әлемдегі адам құқығын бұзушы ел деп таныстырады. БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесі де осы салада өзінің құжатқа негізделмеген есептерін жариялайды.

Америка мен Батыстың Иранға қарсы әрекеттері соңғы жылдары негізгі үш тақырып бойынша, яғни, Иранның ядролық жұмыстары туралы уәждерді тарату, Ираннан үркіту мақсатында Иранды терроризмге қолдау көрсетуші және адам құқығын бұзушы ел деп таныстыру бойынша жүзеге асырылды. Бұл тақырыптар Америка тарапынан әрдайым саяси құрал ретінде теріс пайдаланылып келеді. Американың Мемлекеттік департаменті әртүрлі кезеңдерде «Елдердегі адам құқығының жағдайын қарастыру» деген тақырыпта жалған есептер ұсынып, ИИР-ның жүйесін осы салада да түйткілге тіреді. Бұл есептердің бір бөлігін БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесінің баяндамашысы Ахмад Шахид дайындайды. Ол ұсынатын есептерінде айғақ-дерексіз сөздер мен сұхбаттарды пайдаланып, ешбір құжатсыз Иранды «ұйымдастырылған түрде және жүйелі түрде адам құқығын бұзушы» деп айыптайды.

Сол есептерде жүйелі түрде Иран қоғамы туралы алаңдатарлық, қаралы бейнелер ұсынылады. Көбінесе Канада, Америка және Британия сынды елдердің кеңестері және ықпалдарымен дайындалатын аталмыш есептерде Ирандағы адам құқығының жағдайы сарапталып, талданады. Бірақ шын мәнінде негізгі мақсат Иранға халықаралық ареналарда саяси тұрғыдан қысым жасап, осы елді оқшауландыру болып табылады. Ирандағы адам құқығының бұзылуы және әлеуметтік азаттықтардың жоқтығы туралы әбден жауыр болған саясат бағытында жарияланатын есептер шын мәнінде батыстың адам құқығын құрал ретінде пайдаланатынын көрсетеді. Олардың есептерінде Иранда адам құқығына қолдау көрсететін заңдарды қамтитын ережелер мен саясаттарға көзжұмбайлық танытылады деген уәж айтылады. Осы тектес есептерді әзірлеушілер, мейлі ол Американың Мемлекеттік департаменті тарапынан, мейлі Адам құқығы кеңесінің арнайы баяндамашысы Ахмад Шахид тарапынан дайындалсын, бәрібір, олар Ирандағы адам құқығының жағдайын дағдарысты етіп көрсетуге күш салады. Сол есептерде Иранда ислам ахкамдарына сәйкес қабылданған қылмыстық және әкімшілік жазалардың жүзеге асырылуы Ирандағы адам құқығы түйткілдерінің дәлелдері ретінде аталады. Американың Мемлекеттік департаментінің биылғы жылғы есебінде де бұрынғы жылдардағыдай Ирандағы қысас жазасы, есірткі заттарын тасымалдайтын контрабандистерді дарға асу, сөз азаттының жоқтығы, діни азшылықтарға қысым жасау сынды тақырыптар Ирандағы адам құқығының бұзылуы туралы уәждер үшін сылтауға айналды.

Американың Иранда адам құқығының бұзылуы туралы уәждерінен тұратын есептері шын мәнінде Батыстың Иранға қарсы ядролық жұмыстар мен Иран терроризмнің қолдаушысы деген мақсаттағы әрекеттерінің алқасын толықтырушы шынжырлар болып отыр. Бұлардың барлығы, сайып келгенде Ираннан үркіту мәселесіне келіп тіреледі. Америка Мемлекеттік департаментімен қосылып, Англияның да «әлем елдеріндегі адам құқығының жағдайы» атты есепте Ирандағы адам құқығының бұзылуы туралы жалған есептерді растаған уәждерге тарау арнауы кездейсоқ іс емес.

Осы тектес есептерді дайындаушылардың мақсаты БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесін өздерінің саяси заңсыздықтары мен қоғамдық пікірді арандатып, Ираннан үркіту ағымын өршіте түсу мақсатында асыра пайдаланып, ИИР-ның бейнесін бұзып көрсету болып табылатындығы шәксіз. Алайда Адам құқығы кеңесінің міндеті адам құқығын қарастырудың саясилануы мен іріктемелі түрге айналуына тосқауыл қою болып табылады.

Америка Мемлекттік департаментінің есебі, шынтуайтында Америка мен осы елдің батыстағы одақтастарының Иранға қарсы дұшпандық саясаттарының көрінісі. Америка ядролық тақырып бойынша соңында өзінің бұрынғы жалған ұстанымынан кейін шегінуге мәжбүр болғандықтан, енді Ирандағы адам құқығының жағдайына алаңдаушылық уәждері тақырыбын өзінің жауластық әрекеттерінің жалғастыруын ақтайтын құралға айналдырған.

Сауал мынада: Америка мен басқа да уәж айтатын елдер өздерінің есептерінің шындыққа жанаспайтынын, саяси мақсаттарға ие екенін біле тұра, неліктен Иранды адам құқығын бұзушы елдердің қатарында табандап қайталауда? Келесі сауал мынадай: адам құқығын қорғау туралы уәж айтатын осы елдердің өзінде бұл заңдар қаншалықты сақталады немесе осы елдер барлық жағдайларда адам құқығына қатысты бірдей көзқарасқа ие ме немесе адам құқығы оқиғасында да терроризмге қатысты елдерді классификациялағандай жақсы және жаман деп бөлетін негізге сүйенеді ме?

Осы сауалдар мен осы саладағы басқа да көптеген сұрақтардың жауабы көбірек зерттеулерді қажет етеді. Шындық мынада: Иран үстемшіл жүйеге қарсы тұр. Бұл үлкен шаруа. Егер ИИР барлық айбынымен қысымдарға қарсы тұрмағанда, бүгінде Ирандағы адам құқығының бұзылуда деген уәждер мен Ираннан қорқыту ағымы мүлдем болмаған болар еді. Иран үстемшіл елдердің әлсіз орталықтарының бірі ретінде ерекше орынға ие болған болар еді.

Бұл мәселені сараптағанда кез келген тақырыптан бұрын мына жайтқа назар аударған жөн: үстемшіл елдер әрдайым исламдық Иранның бейнесін бұзуды көздейді. Бірақ ИИР табандылықпен, шынайы құндылықтарды қорғауда үстемшіл елдердің заңсыз талаптары негізінде өзінің қатынасын өзгертуге әзір еместігін көрсетті. Сол себепті өзінің құқығын қорғау үшін енді оның өтемін төлеуі қажет болып отыр. Иранға қарсы орынсыз уәж айту және қайта-қайта қаралау шын мәнінде зорлықшыл елдерге қарсы ислам республикасының табандылығының нәтижесі.

Тәжірибе зорлықшыл елдердің әлемнің ешбір жеріндегі ешбір халыққа үстемшіл жүйеге тәуелді болмай және оның талаптарын орындамай, күн бермейтінін көрсетіп отыр. Ислам революциясының жеңісінен кейінгі барлық жылдарда үстемшіл елдер, әсіресе солардың басында тұрған Америка Иранды мойынсұнуға мәжбүрлеп, өз мақсаттарына жету үшін барлық құралдарды қолданды. Еш күмәнсіз, егер олар Иранның ең кішкентай осал тұсын тапқанда немесе Иранда ықпал ету үшін бір саңылауды, тіпті адам құқығы тақырыбы бойынша кез келген сылтау тапқанда Иранға соққы беру үшін мүмкіндікті қолдан жібермеген, осы салада мәлімдеме немесе есеп жариялаумен шектелмеген болар еді. Шын мәнінде батыстың адам құқығы жағдайы туралы уәждері көптеген мәселелермен, тіпті батыс қоғамдарының өзінде көптеген түйткілдермен бетпе-бет келіп отыр. Сол себепті бұл елдер осы салада интернет кеңістігін пайдаланып, ИИР-ның жүйесін бұзып, әлсірету үшін негізді елдің ішінен әзірлеуге тырысуда. Алайда ИИР-ның жүйесі өзінің мақсаттары мен мұрат-мүдделеріне жету үшін мықты ерік-жігерге ие. Иран барлық қысымдарға қарсы тұрады. Бұл табандылықтың жарқын үндеуі – әлемдік үстемшіл елдерді қабылдамау.

Батыстың Ирандағы адам құқығы жағдайына күмән тудырудағы талпынысы шындығында Америка мен оның одақтастарының ИИР-ның жүйесіне қарсы стратегияларының бір бөлімі. Енді ядролық тақырып батыстың Иранды қаралауы жолындағы жалған уәж айтудағы уысынан шығып кетті. Бірақ басқа уәждер, соның ішінде Ирандағы адам құқығының бұзылуы мен Иранның қорғаныс әлеуетінің қатер тудыруы және баллистикалық зымырандарға ие болуы Ираннан қорқыту саясаттарының жалғасуы үшін сылтау болуда. Мұндай уәждер Американың Иранға қарсы адамзатқа жат әрекеттерінің үлкен тізімі тіркелген немесе адам құқығы туралы жалған уәж айтушылардың, әсіресе Американың араласушылығымен немесе тікелей, я жанама түрдегі қолдауларымен орын алуда. Бұл әрекеттердің келесі бөлімін алдағы бағдарламада қарастыратын боламыз.


Тегтер