Рамазан 2023: Достың қасында (21)
(last modified Sun, 16 Apr 2023 15:37:52 GMT )
Сәу 16, 2023 21:37 Asia/Almaty
  • Рамазан 2023: Достың қасында (21)

Уа, Раббым, ол арқылы дініңді және пайғамбарыңның жолын жария ете гөр, сонда халықтан ешбір шындық жасырын қалмасын. Алланың махаббаты бүкіл әлемге жайылып, ешкім оның махаббатынан мақрұм қалмаған.

Рамазан Мүбәрәк – құлшылық пен дұға айы. Адам дұға ету арқылы  Аллаға, Оның мейірімі мен кешіріміне жақындауға тырысады, бұл бізді Оның алдында   кішіпейіл етеді. Кішіпейілділік сүйіспеншілік пен махаббатпен үйлеседі, оның қайнар көзі, әрине, Алла Тағала болып табылатын сүйіспеншілік, өйткені Оның бізге деген сүйіспеншілігі болмаса, біз Оның пенделеріне деген сүйіспеншілігін түсіну былай тұрсын, мүлде болмас едік.

Рауаяттардың бірінде Алла Тағаланың махаббатты жүз бөлікке бөліп, сосын тоқсан тоғыз бөлігін өзіне қалдырып, бір бөлігін әлем халқына бөлгені айтылады. Сонда Алла Тағала осы бір бөлікті жүзге бөліп, тоқсан тоғыз бөлігін пайғамбарлары мен әулиелеріне, бір бөлігін басқаларына берді. Демек, Алланың жаратылысқа деген сүйіспеншілігі біздің жүрегіміздегі Оған деген сүйіспеншіліктен мың есе артық. Аллаға деген сүйіспеншіліктің алғашқы нәтижесі – имамдарға, пайғамбарларға және илаһи әулиелерге деген сүйіспеншілік, әрине, бұл махаббат кішіпейілділікпен бірге болатыны сөзсіз. Тәкаппарлық – кімде бар болса, ол ешқашан Алланың әулиелері мен пәк имамдарына ғашық бола алмайтын нәрселердің бірі. Міне, осы тәкаппарлық алты мың жыл құлшылықтан кейін шайтанды азғындық аңғарына жетелеп, Алланың қасынан қуып жіберді.  

Алла Тағаланың құлдарына деген сүйіспеншілігі оның барлық жаратылыстардың бар болуына берген сүйіспеншілігінен әлдеқайда артық болғаны сияқты, илаһи пайғамбарлар мен әулиелердің басқаларға деген сүйіспеншілігі де біздің оларға деген сүйіспеншілігімізден әлдеқайда жоғары. Уәде етілген Мәһдидің (ғ.с.) адамдарға деген сүйіспеншілігі ананың балаға деген махаббатынан да артық. Аналардың балаларының қиналғанын көруге шыдамайтыны сияқты, имам Заманның (ғ.с.) жүрегі халыққа жасалған әділетсіздіктен қысым мен азапқа ұшырайды.

Көптеген мүміндер өмірлерінің көптеген сағаттарын имамдармен (ғ.с.) бірге өткізеді. Олар осы ұлы тұлғалардың өмір тарихына шолу жасайды. Олардан хадистер мен ғылымдарды үйреніп, басқаларға үйретеді, имамдардың қуанышына қуанады, ал қайғысына мұңайып, қаралы жиындар өткізеді. Олардың кейбіреулері өз заманының имамы туралы мәлімет іздейді. Олар әрқашан имамының келуін күтіп, оның келуі үшін дұға етеді. Имам Заман, уәде етілген Мәһди (ғ.с.) қоғамымызда жоқ болса да, ол мүміндердің жүрегінде орын тауып, билік жүргізді. Мұндай көрініс, сөзсіз, имамның үмбет арасында белгілі бір көрінісі болуы мүмкін, сондықтан имамға (ғ.с.) деген сүйіспеншілік сезім ғана емес, сонымен бірге жаңа өркениет құрудың алғышарттары болып табылады. Ислам мен Құранның шынайы ілімдеріне негізделетін өркениет.

Хазірет Мәһдидің (ғ.с.) маңызды миссияларының бірі – Құранды қайта жаңғырту және Ислам ілімдерін қайта жаңғырту. Құран – мәңгі кітап,   Ислам – мәңгілік дін болғанымен, қоғамда діннің әмірлері орындалмай, Құран заңдары орындалмай жатқанда, «ол қоғамда дін өлі» деп айтуға болады.   Имам жоқ кезде дінге көптеген ауытқулар мен бидғаттардың байланғаны сонша, оның ақиқаты қалың елес перделерінің астында жасырынып, бетіне ескіліктің шаңы қонып, оны тоздырады. Хазірет Мәһдидің (ғ.с.) негізгі әрекеттерінің бірі - Исламда уақыт өте келе пайда болған ауытқуларды, бидғаттарды, ырымдарды, бұрмалауларды және жалған түсіндірмелер мен қате түсініктерді жою. Хазірет Ислам мен Құранның ілімдері  мен заңдарын қоғамда қалыптастырады.  Бұл жаңғыру мен жаңарудың ауқымды және түрлендіруші болатыны сонша, кейбір адамдар оның   өздерінің сенімдері мен әдеттеріне қайшы деп санайтындықтан, оны «жаңа дін» деп атайды. Негзінде оның кітабы сол Құран және ол жаңа дінге емес, Исламға шақырады.  

Иә! Хазірет Мәһди (ғ.с.) пайғамбар және жаңа дін мен кітап әкелуші емес, пайғамбарлардың соңғы дінінің қорғаушысы. Имам Садықтан (ғ.с.): «Махдидің жолы мен өмірі қалай?» деп сұрағанда,  Имам (ғ.с.) былай деп жауап берді: «Ол Алла елшісінің істегенін істейді.  Алла елшісі надандық әрекеттерді бұзып,  Исламды қалыптастырғандай, бұрынғы [дұрыс емес] бағдарламаларды бұзады».  

«Эфтетаһ» дұғасынан былай деп оқимыз: «Уа, Раббым, ол арқылы дініңді және пайғамбарыңның жолын жария ете гөр, сонда халықтан ешбір шындық жасырын қалмасын».

Алла Тағала «Хадид» сүресінің 25-аятында: «Расында елшілерімізді ашық мұғжизаларымызбен жібердік. Және елшілермен бірге адам баласының әділ тұруы үшін Кітапты, мизанды (әр нәрсенің өлшеуін) жібердік.

Иә, адамдар әділдікті талап етіп, әділдікті жүзеге асырсын деп 124 мың пайғамбар келді, бірақ тарих куәлігі бойынша адамдардың жалпы әділдікті қалап, оны жүзеге асыруы бұрын-соңды болмаған. Демек, пайғамбарлардың миссиясы әлі толық жүзеге аспай, бұл жол жалғасып жатқаны анық. Бірақ неге  Пайғамбарлардың мұрагері болған имам халықтан жасырынып, ғайыпта өмір сүреді?

Күмәнсіз, пәк имам (ғ.с.) Алланың адамзатқа берген нығметінің арашысы және оның адамдар арасында болуы қос рақымдылық. Бірақ бұл нығмет үшін шарттар мен алғышарттар қажет, онсыз халық имамның қатысуынан жеткілікті пайда көре алмайды. Бұл үшін алғашқы алғышарттардың бірі - имамның өмірі қауіпсіз болуы. Имам Бақер (ғ.с.) он екінші имамның ғайып болуының себебін оның өлімінен алаңдауы деп санап, былай деді: «Имам Мәһди (ғ.с.) келгенде, одан неге жерде болмадың деп сұрағанда? Шәра сүресінің 21-аятын оқиды: «فَفَرَرْتُ مِنْکُمْ لَمَّا خِفْتُکُمْ ...» Яғни, мен сендерден жанім үшін қорықтым. Раббым рұқсат беріп, істерімді реттегенде, мен келдім».  

Бұл аят Мұса пайғамбарға (ғ.с.) қатысты. Хазірет Мұса  перғауынның үйінде 40 жылдай өмір сүрді, содан кейін өміріне аландап Медиянге қашып кетті, сонда ол Шуайб пайғамбармен бірге шопан және бақташы болды. Сол уақытта сол сүйікті пайғамбардың қызына үйленіп, он жылдан кейін әйелі мен балаларымен Мысырға оралды. Содан кейін ол илаһи елші ретінде Перғауынға келді. Перғауын оған қарап: «Сен біз өсірген, бізбен көп жыл бірге болған бала емессің бе?»,- деп сұрады. Хазірет жауабына: «Мен  өзің айтқан баламын, сенен қорқып қаштым, бірақ қазір қасымда Алланың жарлығы бар, қорықпаймын»,- деді.

Қасиетті хадисте хазірет Мәһди (ғ.с.) шыққан кезде жалпыға ортақ хабар ретінде бір аятты оқитыны, бұл оның бір адамнан немесе адамдардан қорқып, ғайыпта болғанын білдірмейді, бұл енді ол илаһи үкіметтің құдіретіне ие болды және Алланың бұйрығымен әлемді өзгерту миссиясын орындауға келді дегенді білдіреді.

Тегтер