Рамазан 2023: Ұлылық жолдында (23)
(last modified Thu, 20 Apr 2023 14:43:15 GMT )
Сәу 20, 2023 20:43 Asia/Almaty
  • Рамазан 2023: Ұлылық жолдында (23)

Рамазан түндері негізгі тілектер үшін алтын мүмкіндік болып табылады және өзін-өзі түзету және кемшіліктерді жою осы мүбәрәк түндердегі дұғалардың ең жақсы тілектері бірі бола алады.

Имам Саджадтың (ғ.с.) «Макарам Ахлақ» дұғасы – қараңғы түндерде жанып тұрған нұр. Адамды аспанның нұрына апарып, пенделікке толы кеңістікте Аллаға жақындататын нұр. Имам Саджад (ғ.с.) осы дұғаның тамаша бір бөлігінде ардақты Пайғамбарға (с.ғ.с.) және оның әулие әулетіне сәлем бергеннен кейін Алладан ішкі хидаят пен негізгі кемшіліктердің жойылуын сұрайды. Кемшіліктер жойылса, адам жетелеу жолында жақсырақ жүріп, ізгіліктер мен кемелдіктерге тезірек жетеді. Ол былай дейді: «Уа, Алла! Хазірет Мұхаммадқа (с.ғ.с.) және оның отбасына (ғ.с.) сәлем жолдады. Менен барлық  жамандықты рақымыңмен кетір және мені рақымыңмен тәрбиеле және мені үлкендігіңмен түзет және мені мейіріміңмен емде және мені өз көлеңкеңе орналастыр және мені рахат пен разылығыңмен толтыр. Жолдар тоғысқан жерде бізге ең түзу жолдарды көрсет, ал істер шатасса, бізді жақсы істерге жетеле; Ал діндер арасында айырмашылық болған кезде, мені ең қолайлы дінге бағытта».

Өмірдің бақытсыздығын санау мүмкін емес, кейде болжау мүмкін емес. Бұл аяттың бірінші сөйлемінде имам Саджад (ғ.с.) Алладан барлық жамандықтар мен қиыншылықтарды жоюды сұрайды. Содан кейін олар Алладан ерекше нығметтерімен өсіруін сұрайды. Таза және халал нығметтер адамды өсіріп, түзеуге, ал харам нәрселер адамды ақиқат жолынан тайдырады. Халал ризық-несібе алуға талпыну – адам баласына жүктелген міндеттердің бірі. Имам Саджад (ғ.с.) Алладан өзін түзетуін сұрауды жалғастыруда. Адамның барлық сыртқы және ішкі кемшіліктерінің орнын толтырып, кемелдік пен ізгілікке қол жеткізетін түзету. Пенделер өз кемшілігімізге аз көңіл бөлетіндіктен, көп жағдайда кемшілігімізді мойындамайтындықтан, шынайы өзгертудің қалай жүзеге асатынын білмейміз. Адамның кемшіліктері тек физикалық аурулар мен көрінетін материалдық мүмкіндіктердің жетіспеушілігі ғана емес, сонымен қатар адам кемелдік пен ізгі қасиеттерден пайда алу үшін өзін-өзі жетілдіруді қажет етеді. Ол илаһи бұйрықтарды орындау және қызметтің дұрыс бағытында жүру үшін илаһи көмекке мұқтаж. Сондықтан имамдар осы маңызды нәрсені Алладан сұрап, былай дейді: «Уа, Алла! мендегі әрбір кемшілікті, менде жоқ әрбір кемелділікті өтей гөр, бізді түзеп, тура жолға сала гөр. Қадір түндері негізгі тілектер үшін алтын мүмкіндік болып табылады және өзін-өзі түзету және кемшіліктерді жою осы мүбәрәк түндердегі ең жақсы дұғалардың бірі болуы мүмкін».

Имам Саджад (ғ.с.) осы аяттың соңғы үш сөйлемінде Алла Тағаладан адамдарды тура жол анық емес түсініксіз мәселелерде анық әрі дұрыс өлшеммен тура жолға салуын сұрайды. Тарихқа жүгінсек, күдік пен абыржу толқындарының қоғамды кенеттен басып, қатты дауылдай әр жолы талай надандарды шарпығанын аңғару қиын емес. Ол иман негіздеріне және кейбір қасиетті нәрселерге нұқсан келтіріп, адамдарды шатастырады. Сондықтан дін өкілдері бұл дауылдардан сақтандырып, Исламның сүйікті елшісі Құран Кәрімнің тағылымдары мен Әһле Бәйттің  тазалық жөніндегі нұсқауынан пана болу керектігін ескертті. Имам Саджад (ғ.с.) осындай бейберекет жағдайларда әлі де Аллаға бет бұрып, бұлік пен екіжүзділіктің қиын кезеңдерінде Алладан жәрдем тілейді.