Имам Хасан Аскари (ғ.с.) шәһид болған күн
(last modified Sat, 23 Sep 2023 08:08:17 GMT )
Қыр 23, 2023 14:08 Asia/Almaty
  • Имам Хасан Аскари (ғ.с.) шәһид болған күн

Имам Хасан Аскари (ғ.с.) үздіксіз және тынымсыз талпыныстары мен қиындықтарға төтеп беруіне қарамастан, шаршаған ойлар мен жандарға әрқашан үміт сыйлады.

 

Самера көшелерінің есіктері мен қабырғалары  қайғыға батты. Жел пальма ағаштарының жапырақтарының арасында жылап, жоқтау үнін ойнағандай болды. Талдар мұңын шағатындай мазасызтанды. Самера бірнеше жылдан бері уайым-қайғыда болды. Имам Хадидің (ғ.с.) үйін осы қаланың Аскар аймағына әкелінген уақыттан бері. Бұл жерді әскери казармаға теңеуге болады. Имамды (ғ.с.) осында толық бақылау үшін әкелген. Имамның  үйіне кірген кез-келген адам үкімет сарбаздарының бақылауында болды. Әкеден кейін балаға, Имам Хасан Аскариге (ғ.с.) кезек келді. Бірақ енді бұл үйден жалдамалылардың көзі жойылды. Өйткені ұлы да әкесі сияқты шәһид болды.

 

Бүгін раби әл-әуәл айының 8-і. Хижраның 260 жылы осы күні Самерада Имам Хасан Аскари  (ғ.с.) шәһид болған. Мұсылмандардың 11-ші имамы имам Хасан Аскари (ғ.с.) жас кезіндегі мінез-құлқы мен сөйлеген сөздері сүйіспеншілік пен білім, имандылық, ізгілік және адамгершілік сабақтары болды. Оның махаббат дұғалары аспанда жаңғырықты.  Оның түнгі құлшылықтары хазірет Әлиді (ғ.с.) және сүйіспеншілікке толы намаздары анасы Заһраны (ғ.с.) еске түсіретін.  Оның ұзақ сәжделері Саджад (ғ.с.) сияқты, ал тұтқыны Мұса Казем (ғ.с.) сияқты болды.

Хазірет Имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) имаматы кезеңі – пәк имамдардың (ғ.с.) өміріндегі ең қиын кезеңдердің бірі. Имам да, оның шәкірттері де бұрын-соңды болмаған саяси және әлеуметтік шектеулерге тап болды. Имам аптасына екі рет үкіметтік орталыққа өзі туралы хабарлауға міндеттелген. Тіпті серіктеріне оны қоғамдық орындарға шақыруға да рұқсат етілмеген. Имам ислам әлемінің әртүрлі аймақтарына өз өкілдерін жіберді. Бұл құпия желінің қызметі имам Хади (ғ.с.) мен имам Хасан Аскари (ғ.с.) кезінде күшейді. Өйткені, бір жағынан шиіттердің саны көбейіп, ислам географиясының ең алыс аймақтарына тарады. Екінші жағынан, олар шиіттерді имам Мәһдидің (ғ.с.) ғайып болатын кезеңіне дайындады. Шиіттердің жиналатын орталықтарының кеңеюі мен таралуы бір жағынан шиіттердің имамат аймағымен байланысын, екінші жағынан олардың бір-бірімен байланысын орнату үшін тұрақты байланыс ұйымының болуын талап етті. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) шиіттердің көрнекті тұлғаларынан өкілдер таңдап, оларды көптеген аймақтарға тағайындап, осылайша ол ізбасарларымен байланыста болды. Имам бұл хабарларында ізбасарларына Аллаға деген үміт пен сенім алдында  басшылардың қысымына мән бермеуді бұйырды.

Имам Хасан Аскари өз заманындағы ең ізгі, ардақты, тақуа адамдардың бірі болған. Ол Аллаға құлшылық етуде және мадақтауда ерекше болды. Ол ғибадат пен қызметке берілгені сонша, жүректерді баурап алып, басқалардың да Алланы есіне алуына себеп болды. Тіпті адасқан адамдарды да тура жолға салған. Мысалы, үкіметтің аға күзетшісі Салех бин Васифті атап өтуге  болады. Ол алавиттерге табанды қарсылас болды.  «Салех» имамды одан бетер азаптау үшін екі әдепсіз сарбазды тағайындады. Бірақ имамның жағдайын, қимылдарын жіті бақылап отырған екеуі сол имамның (с.ғ.) ықпалына түсті. Біраз уақыттан кейін олар өздерінің зорлық-зомбылық әрекеттерін тастап, имамды мадақтады. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) туралы Бәни Аббас халифатының министрлерінің бірі және маңызды мүшелерінің бірі  Ахмад бин Убайдулла бин Хақан  "мінез-құлқы, ар-намысы, пәктігі, инабаттылығы, ізгілігі жағынан Әли ұрпақтарынан шыққан адам   Хасан бин Али бин Мұхаммад сияқты адам көрмедім және өз отбасы, Бани Хашем, қосбасшылар, министрлер және барлық адамдар  құрметтейтін адамды танымадым. Мен Бани Хашемнің әрқайсысынан, басшылардан, жазушылардан, қазылардан, заңгерлерден және басқа адамдардан сұрадым, олар оны ең үлкен құрметті, барлық отбасы мен үлкендерден артық адам  ретінде таныстырды. Ол туралы досы да, жауы да жақсы сөзбен еске алды" деп мойындады.

Имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) өміріндегі маңызды сәт – ұлының дүниеге келуі. Ардақты Пайғамбардан (с.ғ.с.) уәде етілген Мәһдидің тууы, ғайып болуы, келуі және жаһандық көтеріліс пен басқа да сипаттар туралы көптеген жаңалықтар мен рауаяттар келтірілген. Бұл рауаяттардың көпшілігінде әлемді зұлымдық пен зорлық-зомбылықтан азат етуші имам Хасан Аскари (ғ.с.) ұлы екендігі туралы хабар адамдарға жетті. Ол өз  көтерілісімен дүниеден зұлымдық пен зорлық-зомбылықты жойатын адамзат әлемінің құтқарушысы.  Сондықтан Аббаси халифтері имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) баласының дүниеге келуіне алаңдап, мұндай баланың дүниеге келуіне жол бермеуге тырысты. Осыған сәйкес имам Аскари (ғ.с.) бұл мәселені толығымен жасырды. Сондықтан Алланың қалауымен имамның әйелінің жүктілігі Мұса пайғамбардың (ғ.с.) анасының жүктілігі сияқты құпия сақталды. Имам Мәһди (ғ.с.)-ның анасы Нарджес Хатунның жүкті екенін сәби дүниеге келгенге дейін ешкім сыртынан білмеген. Аббасид билеушілері бақылаушылары мен тыңшылары арқылы қадағаласа да, мұны түсінбеді. Бірақ бала дүниеге келгеннен кейін имам Хасан Аскари (ғ.с.) әртүрлі қалалардағы өкілдеріне хат жазып, перзентінің дүниеге келгені туралы хабардар етті. Имам Хасан Аскари (ғ.с.)  хатпен бірге бір ақша жіберіп, өкілдерінен сол ақшаға қой сатып алуды, оның етін шиіттерге бөліп, 12-ші имамның туылғанын хабарлауды сұраған. Бұл қойлардың саны 400 басқа дейін жеткен. Имам шәһид болмас бұрын одан кейінгі адамдар өз заманының имамын білу үшін әртүрлі қалалардан 40 шақты шиіт ақсақалдарын шақырып, оларға баласын көрсетті.

Имам Хасан Аскари (ғ.с.) түрмеде жатқан кезде жақтастарының біріне: «Аллаға ант етемін, балам келеді. Ол  зұлымдық пен зорлық-зомбылық таралған әлемді әділет пен мейірімділікке толтырады",- деген.

 

Тегтер