Минадағы апат 1
Қажылық рәсімі Ислам дініндегі ең айбынды рәсім саналады. Мыңдаған адамның белгілі бір уақыт пен белгілі бір мекенде жиналып, қажылық рәсімдерін орындауы үшін қауіпсіздікке ие болуы керек. Қауіпсіздікпен қамтамасыз ету – қажылықты өткізу міндетіне ие Сауд Арабиясының мойнында.
Ислам соңғы және ең кемел, әрі қасиетті дін ретінде адамды кемелдікке жеткізіп, Аллаға жақындату үшін әртүрлі ғибадаттарды тағайындады. Бұл ғибадаттардың әр біреуі әсерлі, адамды тартатын ерекшеліктері мен әдет-ғұрыптарға ие. Исламдық ғибадаттардың арасында қажылық ерекше орын алады. «Әл-Имран» сүресінің 97-ші аятында Алла Тағала қажылықты мұсылмандарға уәжіп етіп: «...Сондай-ақ кім оған кірсе, аман болады. Оның жолына шамасы келген кісілер Алла үшін Қағбаны зиярат ету (хаж қылу) керек. Ал кім қарсы келсе, Алла барлық әлемнен бай» деді. Осыған орай қажылыққа бару мүмкіндігіне ие әрбір адам үшін өмірінде кемінде бір рет бұл ғибадатты орындау уәжіп етілді. Бұл ғибадат адамның өзін тәрбиелеп, рухани кемелдікке жетуі жолындағы маңызды қадам. Рухани қажылық сапарына барып, оның рәсімдерін орындап, рухтары өзгеріп, нәтижесінде өмірлерін жақсы жаққа бұрған көптеген адамдарды кездестіруге болады.
Қажылық рәсімі қызықтыратын ерекшеліктерге ие. Олардың біріншісіне қажылықтың халықтың жаппай қатысуымен өтуі жатады. Бұл рәсімге әлемнің әртүрлі елдерінің мыңдаған мұсылмандары қатысып, бірдей ғамалдарды орындайды. Қажылықтың келесі ерекшелігі оның әл-Харам, Арафат, Машғар мен Мина сынды қасиетті және белгілі мекендерде өтуі саналады. Үшінші ерекшелігі, ол қажылықтың белгілі әрі шектеулі айда, нақты айтқанда зихадже айында өтетіндігінде. Сөйтіп, Алла Тағала әртүрлі елдердің өкілдерінен белгілі бір уақытта қасиетті Мекке қаласы мен оның аймағындағы басқа да қасиетті мекендерде жиналып, ғибадат рәсімдерін өткізуді талап етті.
Алайда «Әл-Имран» сүресінің 97-ші аятында және әртүрлі хадистерде айтылғандай қажылық барлық адамдарға емес, тек жағдайлары мен мүмкіндіктерге ие адамдар үшін ғана уәжіп етілген. Ислам ғалымдары көбінесе бірнеше нәрсені қажылыққа барудың шарттары ретінде атайды: біріншіден, қажылыққа баратын адамның физикалық мүмкіндігі лайық болуы керек, егер адам физикалық тұрғыдан сапарға шыдай алмайтын болмаса, ол өзінің атынан басқа адамды жібере алады. Қаржы мүмкіндігі – қажылыққа барудың екінші шарты. Қажылыққа барғысы келген адам өзі жоқ кездегі жанұясы мен өзі сапарының қаржысын қамтамасыз ете алатындай мүмкіндікке ие болуы қажет. Бірақ ең маңызды шарттардың бірі қауіпсіздік мәселесі болуы керек. Яғни, Алланың үйіне зиярат жасауға баратын адам қауіпсіздік пен тыныштыққа ие болғаны жөн.Бұрынғы заманда қауіпсіздік мәселесі көбінесе адамның Меккеге жету жолындағы қауіп-қатерге байлынысты болатын. Өйткені бұрынғы замандарда жолаушылар жолға ат және түйемен шығып, қарақшылар мен ұрылар жолда олардың мүліктерін тартып алатын. Бірақ қазіргі кезде мұндай қатер жоқ деп айтуға болады. Дегенмен қажылардың қауіпсіздігі олардың Мекке мен Мединедегі қауіпсіздігі мен тыныштықтарына байланысты. Исламда жұма намазы мен жамағат намазы сынды ұжымдық ғибадаттар болғанымен қажылық рәсімі Ислам дініндегі ең айбынды рәсім саналады. Мыңдаған адамның белгілі бір уақыт пен белгілі бір мекенде жиналып, қажылық рәсімдерін орындауы үшін қауіпсіздікке ие болуы керек. Қауіпсіздікпен қамтамасыз ету – қажылықты өткізу міндетіне ие Сауд Арабиясының мойнында.
Бірақ Хиджаз жерлерін Сауд үкіметі билеп отырған жылдар бойы олар қажыларды қауіпсіздікпен қамтамасыз ете алмады. Саудиялықтар өз мұнайынан түскен долларларымен Мекке мен Мединедегі қасиетті мекендерді кеңейтіп, екі қаланың исламдық тарихи ғимараттарын қиратты. Әйтсе де олар осы кезге дейін қажылардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ете алмады. Негізінде ғылым мен технологияның алға ілгерілеуі, әсіресе байланыс пен қауіпсіздік, полиция күштерінің жетістіктеріне сүйеніп, жаңа құралдар мен тәсілдерді пайдаланып, оқиғалардың алдын алуға немесе шығынды мүмкіндігінше азайтуға болады. Бірақ өткен жылдағы қажылық кезіндегі көптеген ащы оқиғалар Сауд режимінің қажыларды қауіпсіздікпен қамтамасыз ете алмайтын көрсетті.