Минадағы апат 2
Қажылық рәсімі кезіндегі ең үлкен апат Меккеден бес шақырым жердегі Мина жерінде орын алды. Бірде өрт салдарынан, енді бірде халық санының көп болуына байланысты орын алды деп айтылған Мина апатының салдарынан тыныш кеңістікте қажылық рәсімдерін орындау үмітімен Сауд Арабиясына сапармен келген мыңдаған қажы өз еліне оралмады.
Қажылық – мыңдаған адамның қатысуымен өтетін рәсім. Сондықтан бұл рәсім қауіпсіздік бағдарламаларын қажет етеді. Бірақ Сауд Арабиясының үкіметі осы уақытқа дейін қажыларды қауіпсіздікпен қамтамасыз ете алмады. Өткен жылдары Алланың үйін зиярат етуге барған адамдар көптеген оқиғалармен бетпе-бет келді. Қажылық рәсімі кезіндегі ең үлкен апат Меккеден бес шақырым жердегі Мина жерінде орын алды. Бірде өрт салдарынан, енді бірде халық санының көп болуына байланысты орын алды деп айтылған Мина апатының салдарынан тыныш кеңістікте қажылық рәсімдерін орындау үмітімен Сауд Арабиясына сапармен келген мыңдаған қажы өз еліне оралмады.
1975-ші жылдың 10-шы желтоқсанында Минада газ баллондарының жарылысынан шыққан өрт салдарынан 200-ден астам қажы қаза болып, жүздеген адам жарақат алды. Бұл оқиғадан аман қалғандар өлген немесе өрттен күйген қажылардың жан түршіктірерлік көріністерін көрді. Бірақ бұл оқиға кезінде саудиялық жедел жәрдем берушілер көрінген жоқ. Адамдардың өздері бір-біріне көмектесті.
Аталмыш ащы оқиға Сауд Арабиясының үкімет басшыларын осындай апатты оқиғалардың алдын алу туралы ойдандырған жоқ. 1995-ші жылы Минада шатырлар өртенген кезде де шамамен 100 адам қаза болып, көп адам жарақат алды. Бірақ екі жылдан кейін одан үлкен оқиға орын алып, 343 қажы қаза болып, 1500-ден астам қажы жарақат алды. Аталмыш апат Сауд үкіметі 1975-ші жылдан бастап 22 жыл бойы адам өліміне себеп болатын апаттардың алдын алу үшін тиісті шара қолданатын уақыт болған жағдайда орын алды. Алайда Сауд үкіметі үшін қажылардың өмірі маңызды емес сынды, өйткені олар өз ақшаларына сүйеніп, өздері үгіт-насихаттан пайда көре алатын жерлерде жұмсайды. Мина апатындағы қажылардың қаза болуы қажылардың санының көптігі мен саудиялық полиция қызметкерлері бағдарламасының жоқтығы және олардың дұрыс бақылау жүргізбеуіне байланысты болды деп айтылды. Уақыт өткен сайын мұндай төтенше оқиғалар көбейіп келеді. 1990-шы жылы қажылық кезінде Минаға жетіп аяқталатын тоннель ирандық қажылар өтіп бара жатқан кезде жабылып, ауа желдеткіші бұзылып қалды. Күннің ыстығы мен адамдардың көптігінен 1426 адамның өмірі қиылып, көптеген адам жараланды. Сондай-ақ 1998-ші жылы да адамдардың көптігінің қысымынан 118 қажы өліп, 180-ні жарақат алды. Минадағы оқиғалардың көбі «Рами джамарат»-«Шайтанға тас лақтыру» рәсімі кезінде орын алады. 1994-ші жылы 270 адам, 2001-ші жылы 35, 2004-ші жылы 251, 206-шы жылы 360 қажы қаза болып, ондаған адам жарақат алды. Сонымен бірге 2006-шы жылы Меккеде бір қонақ үй құлап, 76 адам көз жұмды.
Меккеде орын алған маңызды мәселелердің көбі саудиялық қауіпсіздік күштерге байлынысты болды. 1979-шы жылы қажылық рәсідер аяқталған соң Сауд үкіметіне қарсылардың тобы әл-Харам мешітін өз бақылауына алды. Екі жақтың қақтығысында 153 қажы құрбан болды. 1987-ші жылы Меккеде бұрын-соңды болмаған қылмыс орын алып, Сауд режимінің қауіпсіздік күштері АҚШ пен сионистік режимге жиіркеніш білдіру үшін шеруге шыққан қажыларға қарулы шабуыл жасады. Олар 402 қажыны айуандықпен өлтіріп, 650 қажыны жаралады. Бұл қылмыс Сауд үкіметінің қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмауының ұятты оқиғасы ретінде тіркелді.
Сауд режимінің қажылық істеріндегі біліксіздігі мен Алланың үйне зиярат етіп келген қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмауы өткен 2015-ші жылдағы апатта анықталды.