Минадағы апат 3
https://parstoday.ir/kz/radio/west_asia-i14257-Минадағы_апат_3
Сауд үкіметі Минадағы жан түршіктірерлік қылмыстарды жасыруға тырысты. Бірақ бұл апаттың үлкендігі соншалықты оны жасыру мүмкін болмады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 09, 2016 13:22 Asia/Almaty
  • Минадағы апат 3

Сауд үкіметі Минадағы жан түршіктірерлік қылмыстарды жасыруға тырысты. Бірақ бұл апаттың үлкендігі соншалықты оны жасыру мүмкін болмады.

өткен жылғы қажылық кезіндегі жан түршіктірерлік апаттарға тоқталамыз.  Олардың біріншісі үлкен құрылыс кранының әл-Харам мешітінің үстіне құлауы болды. Бұл саудиялықтардың кесенені кеңейту жобасын іске асыру үшін қолданып жатқан ондаған құрылыс крандарының ішіндегі ең үлкен кран еді. Олар қажылық кезінде миллиондаған адамның  әл-Харам мешітіне жиналатынын біле тұра ауыр құрылыс крандарын қасиетті мекеннен шығармаған.

2015-ші жылдың 11-ші қыркүйегі, яғни хиджри қамари күнтізбесінің 1436-шы жылының зиқаеде айының 27 күні үлкен әрі ауыр құрылыс краны әл-Харам мешітінің үстіне құлап, қасиетті мекенде 107 адам шәһид болып, 238 адам жарақат алды.

әл-Харам мешітінің үстіне құрылыс кранының құлауы

Алайда Мина жеріндегі негізгі оқиға қажыларды алдыда күтіп тұр еді.  2015-ші жылдың 24-ші қыркүйегі, өткен жылғы Құрбан айт күнінің таңында қажылар әдеттегідей «шайтанға тас лақтыру» рәсімін орындау үшін Мина жеріндегі Машғар даласына бет алды. Бірақ саудиялық қауіпсіздік күштері негізгі жолды жауып, адамдарды жанама жолға қарай бағыттап, енсіз жолдың шығатын бөліктерін де жауып тастады. Бірте-бірте қажылардың саны артып, 7 мыңнан астам қажы ыстық күннің астында қалып, қалың халықтың қысымының салдарынан әлсіреп, аяқтың астында қалып, қаза болды. Бұл апатқа себеп болған саудиялық полиция қызметкерлері  қажыларға сындарлы көмек көрсетудің орнына көптен кейін келіп, құрбан болған қажылардың санының артуына кінәлі болды. Сөйтіп 2015-ші жылдың қажылығы кезінде Құрбан айт күні Мина жерінде көптеген қажылардың қаза болуына себеп болған ең үлкен апат орын алды.

 

Сауд үкіметі Минадағы жан түршіктірерлік қылмыстарды жасыруға тырысты. Бірақ бұл апаттың үлкендігі соншалықты оны жасыру мүмкін болмады. Апат орын ала салысымен суреттер мен хабарлар әлеуметтік желілерде жарияланып, Сауд әулетінің мойындаудан басқа амалы қалмады. Сонымен бірге Сауд үкіметі әдеттегідей құрбандардың санын азайтып көрсетуге әрекет жасап, құрбан болғандардың санын 700-4000 адам деп жариялады.

2015-ші жылдың Құрбан айт күні мыңдаған қажының қырылғаны туралы ойлау оңай емес. Өткен жылғы ащы оқиғаның куәсі болған Алланың үйін зиярат етушілердің жағдайын түсіну үшін бұл оқиға туралы оны жақыннан көрген адамның аузынан есту қажет. Ирандық Мұхаммад деген қажы өткен жылдың қажылық рәсімдерінде орын алған Мина оқиғасына куә болған.

 Ирандық Мұхаммад есімді қажы өткен жылғы қажылығы туралы былай деп есіне алады: «Бірақ уақыт күтіп, көтерінкі көңіл-күй және үмітпен уаһи жеріне аттандым. Ұшақтың ішіндегі кеңістік рухани сапары мен әртүлі мәселелер туралы ойлануға жақсы жағдай тудырды. Иранда қажылық керуенінің әртүрлі отрыыстарында қажылық рәсімдерін үйрендім, бірақ оларды дұрыс орындай аламын ба деп алаңдадым. Алаңдауларымының бір бөлімі Сауд үкіметінің қажылыққа жауапкершілік танытпай, жыл сайын Алланың үйінің зиярат етушілерінің ащы оқиғалармен бетпе-бет келулері қатысты болды. Сондай-ақ саудиялық уаһабшылардың олардың наным-сенімдерін қабылдамайтын, әсіресе шиіт қажыларға жақсы қарамайтыны туралы білдім. Алайда Аллаға тәуекел етіп, жақсылық туралы ойлап, Қағбаның айбындылығы мен Исламның ұлық пайғамбарының кесенесінің әдемі күмбезін көз алдыма елестетіп, ұйықтап кеттім».

 Мұхаммад қажы сөзін былай деп жалғастырды: «Ұшқыштың дауысы Мәдине әуежайын жеткеніміздің белгісі болды. Ұшақ жерге қонған соң әуежайдың әртүрлі тексерістері басталып,  әр біреуінен өту үшін біраз уақыт өтті. Саудиялық полиция қызметкерлері төлқұжаттың болуына қарамастын ирандық азамат екенін анықтау үшін дәлелсіз шамадан тыс назар аударды. Олар чемодандар мен жүктерді теексерген кезде де қисынсыз күмән-күдік көрсетті. Олар бір нәрсені іздегендей болды. Менің кезегім келген кезде саудиялық полиция қызметкері қол сөмкемдегі кішкентай Құранды дөрекі түрде шетке тастады. Мұндай құрметсіздікке қатты ызаландым, бірақ  әр білдірген наразылыққа реакция болатыны туралы біліп, одан тек ненга Құранымды алғаны туралы сұрадым. Ол   мұсылмандардың Құранды құрметтейтіндеріне назар аудармай: «Әл-Харам және әл-Наби мешіттерінде Қүран көп»,- деп жауап қайтарды. Кейін қонақ үйге келгн соң үлкен чемодандарымды алған соң  саудиялық полиция қызметкерлерінің барлық Құран және қажылыққа қатысты кітаптарды өз еркілерімен алып қойғандарын көрдім».

Медине әуежайы