Құдс мәңгілікке Ислам әлеміне тиесілі (1)
https://parstoday.ir/kz/radio/west_asia-i33279-Құдс_мәңгілікке_Ислам_әлеміне_тиесілі_(1)
Ислам әлемінің Трамптың дұшандық әрекеттеріне қатысты ашу-ызасы мен жеккөрініші күннен күнге күшейіп барады. Трамп Құдсты Израильдің астанасы ретінде жариялағаннан кейін ашу-ызаның жаңа толқыны көтерілді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 25, 2017 06:38 Asia/Almaty
  • Құдс мәңгілікке Ислам әлеміне тиесілі (1)

Ислам әлемінің Трамптың дұшандық әрекеттеріне қатысты ашу-ызасы мен жеккөрініші күннен күнге күшейіп барады. Трамп Құдсты Израильдің астанасы ретінде жариялағаннан кейін ашу-ызаның жаңа толқыны көтерілді.

Құрама Штаттарының үкіметі халықаралық ережелер мен заңдарға қайшы әрі  адамгершілікке жат осы әрекетімен халықаралық қарарларды еш құрметтемейтінін және оларға көзжұма қарайтынын тағы дәлелдеді.

Трамп заңға қайшы осы әрекетімен әлемнің барлық елін қорлады. Ол Ислам әлемінің ажырамас маңызды бөлігін оның барлық діни құндылықтары және көне тарихымен қоса, зорлықшыл режимге тарту етіп, басқыншылықты ресми түрде растады.

Израиль өзінің аймақтық саясаттарында шынайы қиындықтарға тап болып отырған жағдайда осындай әрекет орын алды. Сионистік режимнің пайдасына қарай жасалған кез келген қадам мен жаңа дағдарыстың басталуы аймақта жаңа қақтығыстардың отын жағу үшін мүмкіндікке айналады.

Израильдің аймақтағы жағдайы нашарлағаннан кейін АҚШ осындай арандатушылық әрекеттер жасап, бұрынғы жаралардың бетін қайта ашуға талпыныс жасауда. АҚШ-тың бұрынғы үкіметтері де елшілікті Бейт ул-Мұқаддасқа көшіру жобасын іске асырмақ болды. Алайда бір себептермен бұл жоспарлары іске аспай қалды.

Осындай сезімтал уақытта Трамп қабылдаған орынсыз шешімдердің арқасында олар іске асқан жағдайда Израильдің жағдайы өзгеруі мүмкін. Сол себепті өзінің осы сұм мақсатына жету жолын қысқарту үшін ислам елдері арасындағы алауыздықтарды арттыруды көздеп отыр. Нетаньяху өзінің жуырдағы бірнеше баяндамасында араб елдерімен қарым-қатынастардағы құпияларды әшкере етіп, Ислам әлеміне «Израиль – аймақ пен Таяу Шығыстың тарихи шындығының бір бөлшегі» деген үндеуді жеткізуге тырысты.

АҚШ-тың осындай әрекеттері барлық елдерді өз міндеттерін қабылдап, Құдсты азат ету үшін әрекет етуге итермелейтін қауіп-қатер болып табылады. Себебі, уақыт өтіп жатыр. Бұл жара ескірген сайын тереңдеп, асқына береді. Трамптың басып алынған Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде тану туралы шешімінің жағымсыз салдарлары барлық елдерге зарарын тигізетіні анық.

Көптеген айғақтар АҚШ-тың аймақта жаңа өзгерістерді жүзеге асыруды көздеп отырғанын, Израильдің басқыншылығын растауды Ислам әлеміне таңуға талпынып жатқанын көрсетеді.

Бұл шешім алаңдаушылық тудырып отыр. Тіпті, Трамп пен Израильдің Таяу Шығыстағы жақын одақтасы Сауд Арабиясы да АҚШ-тың өз елшілігін Құдсқа көшіру және осы қаланы Израильдің астанасы ретінде ресми түрде тану шешімін құптамады. Бір саудиялық қайраткер бұл жайында: «Бұл әрекеттің көптеген ауыр салдарлары болады. Барлық мұсылмандарды ашуландырады. Бұл әрекет АҚШ-тың Палестина мәселесіне қатысты әділ шешім табу мүмкіндігіне ауыр соққы болады. Құдс туралы шешім қабылдау Израиль мен Палестина арасындағы кеіссөздердің соңғы кезеңіне қалдырылуы керек еді» деді.

Құдсты Израильдің астанасы ретінде ресми түрде тану Израильдің бұрынғыдан бетер арсыздана түсуіне себеп болады. Ислам әлемінің АҚШ-тың бұл әрекетін Құдс және әл-Ақса мешіті сияқты исламдық қасиетті мекендерге төнген қауіп-қатер санайтыны мәлім. Осы қасиетті мекендердің маңыздылығына байланысты бұл әрекет әлем халқының 22 пайызын құрайтын 1,5 миллиард мұсылманның алаңдаушылығы мен ашу-ызасын тудырады.

Трамптың қисынсыз әрекеті әлемді АҚШ-тың сыртқы саясаты аймақ пен әлем үшін қауіп-қатерге айналып бара жатыр деген ойға қалдырғаны анық.

Палестинаны азат ету ұйымы Израильмен бітім келіссөздері бағытында жасаған барлық талпыныстарына қарамастан, АҚШ-тың Бейт ул-Мұқаддасты сионистік режимнің астанасы ретінде тану әрекетінің бітім үдерісін тоқтататыны туралы ескерткен болатын.

Палестинаны азат ету ұйымының Вашингтондағы кеңсесінің басшысы Хусам Зумлут бір баяндамасында: «АҚШ-тың Бейт ул-Мұқаддасты Израильдің астанасы ретінде ресми түрде тану әрекеті бітім үдерісін тоқтататын болады» деп қуаттады.

Мұндай келісім АҚШ-тың Таяу Шығыстағы жалпы саясаты мен стратегиясын өзгертіп, аймақта қатыгездіктердің үдеуіне соқтыруы ықтимал.

Осындай шешім қабылданғаннан кейін Reuters ақпарат агенттігі бір құжат жариялады. Бұл құжатта АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті  Израильден АҚШ-тың аймақтағы мүдделеріне зарар келтірілу ықтималдылығы болғандықтан, палестиналықтардың Құдсты осы режимнің астанасы ретінде тануға қатысты наразылықтарының алдында сабыр сақтауды сұраған.

Құжаттың келесі бір бөлігінде: «Біз сіздердің (Израиль) осы хабарды (Құдсты астана ретінде тану) ашық түрде құптайтындықтарыңызды біле отырып, сіздерден наразылықтарға қатысты ресми реакцияларыңызды жұмсартуларыңызды сұраймыз. Біз Таяу Шығыс пен әлемдік деңгейде осы хабарға қатысты қарсылықтардың туындайтынын білеміз. Сонымен қатар, осы шешімнің АҚШ-тың шетелдердегі әскери базалары мен құрылымдарына тигізер әсерлерін зерттеп жатырмыз» деп жазылған.

Ливан Хезболласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролла АҚШ-тың Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде тану хабарына реакциясында кейбір аймақтық елдердің осы алаңдағы қателіктерін сынға алып: "Алдағы бірнеше күнде кейбір араб елдерінен АҚШ-тың осындай заңсыз әрекетінің қатерлерін азайту үшін «бұл әрекет аса маңызды емес» деген реакцияларды еститін боламыз. Алайда, шын мәнінде, біз тағы бір «Бальфур декларациясымен» бетпе-бет келіп отырмыз. АҚШ үшін Израильден артық әрі маңыздырақ одақтас жоқ. АҚШ-тың араб және мұсылман одақтастарының Трамп үшін қандай маңызы бар?! Шын мәнінде, ешқандай. АҚШ Израиль мен оның мүдделерінен басқа нәрсені маңызды санамайды" деді.

Сейіт Хасан Насролла айтқандай, Бальфур декларациясы жарияланғаннан  100 жыл уақыт өткеннен кейін оның екінші нұсқасы бекітілді.

Шын мәнінде, Израильдің  жылдар бойы көздеп келгенін Трамп бір сәтте-ақ жүзеге асырды. Бұл – шынайы қауіп-қатер. Трамп келіссөздерді нысанаға алып отыр. Себебі, Палестинаның жүрегі мен оның негізгі болмысын, яғни, Құдсты тартып алғаннан кейін Палестина құрдымға кетеді.

Палестина – мұсылмандардың Таяу Шығыстағы болмысының бір бөлшегі, ал Құдс сол бөлшектің жүрегі болып табылады. Сондықтан, Құдс мәселесі саяси және діни мәселе болуымен қатар, мұсылмандардың болмысы мәселесіне айналды. Сондықтан, Құдс Палестина жері мен оның исламдық ел ретіндегі болмысынан да ауқымдырақ мәселе болып табылады.

АҚШ-тың бұрынғы басшылары Бейт ул-Мұқаддастың Израиль мен Палестина арасындағы бітім келіссөздеріндегі орнының белгіленуі қажеттілігін қуаттап келді. Алайда, АҚШ қанша айтса да, Израиль қанша қастық жасаса да, Құдс мәңгілікке Палестина үкіметінің астанасы болып қалады.