Құдс мәңгілікке ислам әлеміне тиесілі (2)
АҚШ-тың Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде ресми түрде тануға қатысты қисынсыз шешімі АҚШ үкіметінің сұм ниетін айқындай түсті.
АҚШ-тың әрекеті Трамптың сионистік режимнің Құдсты басып алуын толығымен қолдайтынын растады. Алайда бұл шешімнің әлем мен аймақ үшін қандай жағымсыз салдарлары болуы мүмкін?
Шындық – осы уақытқа дейін АҚШ пен Израильдің Азияның батысындағы көптеген апаттардың себебі болып отырғанында. Таяу Шығыстағы дағдарыстар қылмыскер сионистердің әскери және қауіпсіздік алаңындағы әсірешіл іс-әрекеттері мен басқыншылығы және бұл режимді қолдаушы аймақтағы кейбір кертартпа елдердің үдеріске қосылуының салдарлары болып табылады. Енді АҚШ тағы бір қастықты іске асыруға кірісті.
Палестина елі мен исламдық өлкелердің бір бөлігінің сионистік режимнің басқыншылығынан зардап шегіп отырғанына алпыс жылдан астам уақыт өтті. Бейт ул-Мұқаддас та 1967 жылдан бері Израильдің бақылауында.
Осы жылдары Палестина халқы босқындыққа ұшырап, басып алынған аймақтарда кемсітушілік пен қоқан-лоққыларға тап болып, Газа секторында жан-жақты қоршауда өмір сүріп келеді. Осындай жағдайда АҚШ-тың аймақтық елдерге, әсіресе, Палестинаның мазлұм халқына үндеуі «басқыншыны қолдау және Құдсты Израиль режимінің астанасы ретінде тану арқылы басқыншылықты растау» болып отыр. Бұл шешім жаңа кезеңде ескі жаралардың беті қайта ашылып, АҚШ пен Израильдің бұрынғыдан бетер арсыздықпен әрекет ететінін білдіреді.
Алайда осы кезде барлық сын-қатерлер мен қарсылықтарға қарамастан, бұл мәселе неліктен Трамп пен Нетаньяху үшін бір стратегияға айналып отыр деген сауал туындайды.
Өткенге шолу жасасақ, сионистік режим Құдсты толығымен басып алу үшін АҚШ-тың көмегімен көптеген шараларды күн тәртібіне енгізді. Соның ішінде жергілікті тұрғындарды шығаруды, олардың мал-мүліктертін тәркілеп, Бейт ул-Мұқаддастың халықтық құрылымын өзгерту үшін қалашық тұрғындарын орнықтыруын, исламдық қасиетті мекендер мен ескерткіштерді қиратуын, сионистік қалашықтардың радикалды тұрғындарының әл-Ақса мешітіне кіруіне жол ашу арқылы осы қасиетті мекенді қорлау шараларын атау керек.
Қазір АҚШ жобалаған жаңа қастандықтың салдарлары байқала бастады. Бұл ағымның екі басты мақсаты бар: бірінші мақсат – ДАИШ жеңіліп, Арабстанның Йемендегі басқыншылық саясаттары іс-жүзінде нәтижеге жетпегеннен кейін аймақты бөлу жобасы сәтсіздікке ұшыраған соң Таяу Шығыстағы күш теңгерімін өзгерту;
екінші мақсат – Ливан мен Палестинадағы қарсыласу ағымдарын Израильмен күрес майданынан шығарып, Израильдің Палестина мәселесіне қатысты көңілін тыныштандыру үшін жағдай тудыру. Бұл тақырып қазір Вашингтонның сыртқы саясатында ашық түрде қарастырылып жатыр.
Ұлыбританиялық Independent басылымы бір мақаласында АҚШ-тың Құдсты Израильдің астанасы ретінде тану шешімі және оның Вашингтон үшін салдарларын зерттеп: «АҚШ президенті Дональд Трамптың Құдсты Израильдің астанасы ретінде тану және АҚШ елшілігін осы қалаға көшіру туралы шешімінің жариялануы Вашингтонның әлемдегі беделінің төмендеуіне себеп болады. Осы уақытқа дейін Трамптың әрекеттері тек мұсылман елдері ғана емес, сондай-ақ, көптеген әлем елдері тарапынан айыпталды» деп жазды.
Таяу Шығыстың тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің бұзылуының басты себебі – басқыншылықтың жалғасуы, АҚШ-тың сионистік режимді барынша қолдауы және Палестина халқының астанасы Құдс Шәріп қаласы болып табылатын Палестина автономиясында өздерінің бастапқы құқықтарынан мақұрым қалуы. Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусы осы шешімге реакция ретінде мәлімдеме жариялап: «АҚШ президентінің Құдсты жалған сионистік режимнің астанасы ретінде тану әрекеті Ислам үмбетіне қарсы жасалған үлкен қастандық әрі Палестина халқының құқығын аяққа таптау болып есептеледі. Ислам әлемі мен басқа да азат әрі әділет іздеуші қоғамдар қатаң ұстаным көрсетіп, қастандықты бейтараптандыруы керек» деді. Осы мәлімдемеде мұндай зұлым әрекеттің Ақ үй мен халықаралық сионизм басшыларының армандарын іске асырмауымен қатар, сионизмге қарсы майданның Құдсты азат ету арманын жүзеге асыру үшін бұрынғыдан бетер қарқынды талпыныс жасауына себеп болып, Палестинаны жәбірлеушілерден кек алуға көмектесетіндігі қуатталған.
Израиль 1948 жылы құрылғаннан бері әрдайым екі мақсатты көздеп келді: біріншісі – басқыншы тарап бола тұра заңдылыққа қол жеткізу. Олардың бұл мақсаты жүзеге аспады. Себебі, Палестинаның қарсыласу өзегі Израиль режимінің заңдылыққа қол жеткізуіне тосқауыл болды.
Израильдің екінші мақсаты – мұсылмандардың алғашқы құбыласы болып табылатын Бейт ул-Мұқаддасты басып алып, Құдс пен Палестина жерінің исламдық болмысын жою.
Израиль бұл мақсатқа жету үшін Палестинаның болмысына әрдайым қауіп-қатер төндіріп келді.
Сионистік режим өткен он жылда Ливан Хезболласы және Палестинаның қарсыласу топтарымен болған 4 соғыста жеңіліс тапты. 33 күндік соғыс, 22 күндік және 8 күндік соғыста қарсыласу күштерінің әскери құрал-жабдықтары мөлшері тұрғысынан Израильмен тең болмады. Алайда, соған қарамастан жеңіске жетті. Құдсқа басқыншылық жасаушы режимнің Ливанның Хезболласы күштерімен соғыста үш кезеңде жеңілуі де аса маңызды. Оның бірінші кезеңі басқыншы режим күштерінің 1982 жылы басып алынған Ливаннан кері шегінуі болса, екінші кезеңі сонистердің 2000 жылы Ливанның оңтүстігінен қашуы саналады. 2006 жылғы 33 күндік соғыста Құдсқа басқыншылық жасаушы режимнің жеңілісін Израильдің ливандық қарсыласу өзегінен жеңілуінің үшінші кезеңі деп атауға болады. Жеңістердің қатары Газадағы 51 күндік соғыспен толықтырылды.
Осы жеңістерден кейін Израиль мен АҚШ-тың палестиналық және ливандық қарсыласу өзегінің алдындағы осал тұстары айқындала түсті. Бұл режимнің Ливан мен Газадағы қарсыласу ағымдарынан бірнеше рет жеңілуі Израиль мен оның басты қолдаушысы АҚШ үкіметінің қаншалықты осал екенін көрсетті.
Қарсыласудың нәтижесі екі ағымда айқындалды: бірінші ағым – аймақтық қарсыласу топтары мен аймақ елдерінде Израильден қорқу сезімінің жойылуы және оны оңай жеңуге болатындығына қатысты сезімнің пайда болуы. Бұл құбылыстың өзі аталмыш режимнің аймақтағы саясаттары мен бағдарламаларының ілгерілеуіне тосқауыл бола алады.
Екінші ағым – палестиналық жастар мен жас буынның басқыншылыққа қарсы күрес майданына аяқ басуы. Бұл маңызды өзгеріс алдағы уақытта күрестің қарқындап жалғасатындығына кепіл болады.
Қазір Ислам әлеміндегі қарсыласу ағымы өз ықпалын растап, Израиль режимінің құлдырау үдерісін жылдамдатты. Дәл осы шындық АҚШ пен Израильдің үрейі мен алаңдаушылығын тудырып, олардың назарын бәрінен бұрын Құдс ісін жабуға аударып отыр.
Осындай жағдайда АҚШ-тың стратегиялық мақсаты өзгерістердің үдерісін Израильдің пайдасына қарай ауыстыру болып табылады. Сол себепті, Құдсты басып алу және оның исламдық болмысын өзгерту және Палестина жерін еврейлендіру АҚШ үшін сионизмді сақтап қалу бағытындағы стратегиялық мақсат болып табылады.
Қазір АҚШ Трамптың президенттігі кезеңінде осы жолда қауіпті қадам жасап отыр.
Иранның Қорғаныс министрі Амир Хатами желтоқсан айының он бірі күні АҚШ презиентінің Құдсты Израиль режимінің астанасы ретінде жариялау әрекетін айыптап, бұл әрекетті Палестина халқының құқығын бұзу бағытындағы ауыр қастандық деп атап: «Аймақта қантөгіс пен текетірестің артуына АҚШ жауап береді. Бұл әрекет сионистік режимді жоюды тездетіп, мұсылмандардың ауызбіршілігін нығайтады» деді.
Хатами әлемдік үстемшілдік Сирия мен Иракта жеңіліс тапқаннан кейін аймақтағы басқа халықтарға қарсы жаңа қастандық жасауды жоспарлап жатқанын айтып: «Құдсты басып алушы режим АҚШ үкіметінің осындай заңсыз әрекеттерінің Құдстың жағдайына еш әсер етпейтінін біледі. Палестина халқы мен әлемнің азаттық сүйгіш халықтары бұрынғыдан бетер бірігіп, Құдс пен Палестина жерінің азат етілуі үшін батылырақ әрекет етеді» деді.
Шындық – Палестина халқының өз жерін басқыншылықтан құтқару үшін осы уақытқа дейін ауыр шығынға душар болып, осыдан кейін бұрынғыднан бетер батылырақ әрекет ететіндігінде. ИИР-ның саясаты Палестинаның мазлұм халқын, аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдау және АҚШ пен сионистік режимнің біржақты әрі арандатушылық әрекеттерін айыптау болып табылады.