Йемендегі соғыс – болашағы  белгісіз ең үлкен гуманитарлық  апат (3)
https://parstoday.ir/kz/radio/west_asia-i35956-Йемендегі_соғыс_болашағы_белгісіз_ең_үлкен_гуманитарлық_апат_(3)
Сауд Арабиясы 2015 жылдың наурыз айының жиырма алтысы күні Йеменге қарсы соғыс ашты. Бұл соғыс негізінде қысқа мерзім ішінде аяқталуы тиіс болғанымен оның жалғасып жатқанына үш жылдан астам уақыт өтті. Бұл бағдарламада Йемен дағдарысының болашағына көз жүгіртеміз.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 04, 2018 19:22 Asia/Almaty
  • Йемендегі соғыс – болашағы  белгісіз ең үлкен гуманитарлық  апат (3)

Сауд Арабиясы 2015 жылдың наурыз айының жиырма алтысы күні Йеменге қарсы соғыс ашты. Бұл соғыс негізінде қысқа мерзім ішінде аяқталуы тиіс болғанымен оның жалғасып жатқанына үш жылдан астам уақыт өтті. Бұл бағдарламада Йемен дағдарысының болашағына көз жүгіртеміз.

Йемен дағдарысының болашағы бұлыңғыр. Санақ нәтижелері көрсеткендей, соғыс қазіргі қарқынмен жалғасып, ішкі текетірестер үдеп, елдің бірнеше бөлікке бөліну қаупі артып, саяси тығырықтан шығар жол табылмаған жағдайда Йемен дағдарысына қатысты төрт түрлі болжам жасауға болады.

Шындық мынада: Сауд Арабиясы Йеменге қарсы соғысты аяқтау үшін ешқандай әрекет жасап отырған жоқ. Арабстан өзі «өкілеттікті қайтару» деп жариялаған мақсатына жетпеуімен қатар, оның Йемендегі ең басты одақтасы, яғни, Әли Абдолла Салех 2017 жылдың желтоқсан айында өлтірілді. Ансаролла Йеменде теріске шығаруға келмейтін бір құбылысқа айналды. Сауд Арабиясы қазіргі кезде соғысты жалғастыру арқылы Йеменде ішкі наразылықтарды арттырып, елде Ансароллаға қарсы халықтық шерулердің көтерілуіне үміт артып отыр. Таяу Шығыстағы мықты алпауыттардың бірі саналатын Арабстан әскері осал әрі Таяу Шығыстағы ең кедей ел Йеменге қарсы соғыстағы жеңілісін қабылдауға әзір емес. Сондықтан, Йемен ауыр адам шығыны болатындығына қарамастан бұл соғысты жалғастыратын болады.

Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғысының үшінші жылы келіспеушіліктер мен алшақтық Йемен дағдарысының ең басты көрсеткіштерінің біріне айналған жағдайда аяқталып келеді. Ансаролла және халықтық конгресс партиясы мен Йеменнің отставкаға кеткен үкіметі арасындағы алауыздықтармен қатар, басқа да йемендік топтар мен отставкаға кеткен үкімет арасында текетірестер бар. Шын мәнінде, БАӘ мен Арабстан арасындағы кикілжің болып табылатын бұл алауыздықтар соғыстың үшінші жылы үдей түсті. Төртінші жылы бұл текетірес ушыға түседі деп күтілуде.

Келіспеушіліктер Йеменге қарсы соғыс басталғаннан кейін тек бір жылдан кейін ғана белгілі болды. Йеменнің отставкаға кеткен президенті Абд Рабба Мансур Хади 2016 жылдың сәуір айының үші күні өз кабинетінің премьер-министрі Халед Бахахты қызметінен босатып, орнына Ахмед Обейд бен Дағарды тағайындады. Осындай жағдайда Мансур Хади Али Мохсен әл-Ахмарды өзінің орынбасары етіп тағайындады. Бұл өзгерістер БАӘ-нің наразылығын тудырды. Себебі, Халед Бахах Араб Әмілігіне жақын күштердің бірі болды, ал Ибн Дағар мен әл-Ахмар Сауд Арабиясына жақын тұлғалар еді. Шын мәнінде, осы өзгерістер, әсіресе, Мансур Хади сияқты Арабстанға жиі барып-келіп жүрген Али Мохсен әл-Ахмардың әскер қолбасшысы ретінде тағайындалуынан кейін Арабстанның Йеменнің отставкаға кеткен үкіметіндегі басымдылығы артып, керісінше БАӘ үкіметінің ықпалы азайды. Осы аяда Араб Әмірлігінің үкіметі өткен жылғы әрекеттерінде Мансур Хади үкіметін әлсіретуге талпыныс жасады. Осындай әрекеттердің бірі Аден қаласының оңтүстігінде орын алды. БАӘ 2017 жылдың мамыр айында Йеменнің оңтүстік өтпелі кеңесін құрып оның басшысы ретінде Мансур Хадидің бұйрығымен Аден облысының әкімі қызметінен босатылған Айдарус әл-Зобейдиді тағайындады.  Оңтүстік өтпелі кеңес пен Йеменнің оңтүстіктегі басшыларының Мансур Хадиге қарасты күштермен қақтығыстары өткен жылы Аден қаласында жалғасып, 2018 жылдың қаңтар айында БАӘ-не қарасты күштер мен отставкаға кеткен үкімет күштері арасында ауыр шайқастар орын алып, БАӘ-не қарасты күштер Аден қаласының бақылауын өз қолына алды.  Бұл шайқастар Арабстан мен Йемен арасындағы келіспеушіліктердің тереңдігін байқатады.

БАӘ Йемен соғысында Арабстанға қосылудың ешқандай жақсылық әкелмейтінін түсініп, өзінің ықпалын Йеменнің оңтүстік аймақтарында арттырды. БАӘ-нің басты мақсаты – Йеменнің оңтүстігіндегі маңызды порттардың бақылауын өз қолына алу. Йеменнің стратегиялық мәселелерінің маманы Әли әл-Захаб бұл жайында: «Араб Әмірлігінің саясаткерлері Аден порты арқылы Үнді мұхитына шығуды Дубай портының табиғи түрде жалғасуы деп санайды. Сонымен қатар, Оңтүстік Йемен аймағы – пайда әкелетін аймақ. Себебі, бұл аймақ Йеменнің солтүстіктегі қақтығыс майданынан алшақ әрі қауіпсіздік және сауда тұрғысынан маңызды болып табылады. БАӘ Йеменнің оңтүстіктегі порттарында басымдылыққа ие болу арқылы  Оманды қоршап, оның сауда порттарын әлсіретіп, бұл елдің саяси маңыздылығын да азайта алады» дейді. Басқаша айтқанда, БАӘ Йеменнің оңтүстік порттарына үстемдік ету арқылы өзінің аймақтық беделін, әсіресе, экономика саласындағы рөлін арттыра алады. БАӘ-ның осы саясаты мен оның Сауд Арабиясымен бәсекелестігі Йемен дағдарысының төртінші жылы арта түседі деп күтілуде.

Йеменде үлттық үкімет жоқ. Араб және батыстық өзектер Мансур Хади бастаған отставкаға кеткен үкіметті Йеменнің заңды әрі жалғыз үкіметі ретінде жариялауға тырысқанымен, шындық – Йемен географиясының бірнеше бөлікке бөлінуінде. Йеменнің бір бөлігі Ансаролла мен халықтық Конгрес партиясының, келесі бір бөлігі Мансур Хади үкіметінің, үшінші бөлігі әл-Каиданың,  тағы бір бөлігі йемендік тайпалардың бақылауында. Йеменнің оңтүстік және солтүстік бөліктерге бөлініп, 1990 жылға дейінгі жағдайға қайта оралу ықтималдығы да жоқ емес. Сауд Арабиясының мүдделері Йемен оңтүстік және солтүстік бөлікке бөлінген жағдайда да қамтамасыз етілмегенімен БАӘ өзінің мүдделерін Йеменнің бөлінуінде деп санайды. Йемен бөлінген жағдайда елдің солтүстігінде Арабстанмен шекаралар маңында Ансаролла партиясы билікті өз қолына алады. Ал Арабстанның Йеменге қарсы соғысының басты мақсаты Ансаролланың билікке жетуінің алдын алу.

Сонымен қатар әл-Каида Йеменнің Хадрамут аймағында өз ықпалын арттырды. Әл-Каиданың негізгі шыққан жері де осы облыс. Бұл облыс салыстырмалы түрде тыныш. Оңтүстік және солтүстік Йемен арасындағы келіспеушіліктер артып, Адендегі қауіпсіздік жағдайы тұрақсыздана бастағаннан кейін, халықтың, йемендік топтар мен әл-Каиданың Аден мен Сананың үстемшілдігінен шығу жолындағы талпыныстары арта бастады. Йемендік тілшілердің бірі Имен Бахамидтің айтуынша, Хадрамут халқы «Хадрамут өз тағдырының анықталуын қалайды» деген хэштег ашып, олардың басым бөлігі  Хадрамуттың Иранның солтүстік пен оңтүстік жобаларының ешқайсысына тиесілі емес екенін қуаттап отыр. Йеменнің саяси белсенділерінің бірі Джамаан бен Саадтың пайымдауынша, Хадрамут халқы Аден мен Сана арасындағы ескі және жаңа келіспеушіліктерге, әсіресе, Хадрамутта салыстырмалы түрде тұрақты жағдай қалыптасқан кезде алаңдап отыр. Сол себепті олар өз тағдырларының Сана мен Аденнен бөліну арқылы шешілуін қалайды.

АҚШ-тың Таяу Шығыстағы ең маңызды стратегияларының бірі ірі елдерді географиялық тұрғыдан шағын елдерге бөлу болғандықтан, Арабстанның Йеменге қарсы соғысы жалғасқан жағдайда бұл елді екі немесе бірнеше бөлікке бөлу жаңа географияның қалыптасуына жағдай тудырады деп айтуға болады.

БҰҰ-ның Йемен істер жөніндегі өкілі Исмаил Валид әш-Шейх Йемен дағдарысын Женева және Кувейт келіссөздері арқылы саяси жолмен шешуге талпыныс жасағанымен, 2018 жылдың ақпан айында өз орнын ұлыбританиялық Мартин Гриффитске берді. Ол 2016 жылдың тамыз айынан бастап 18 айдың ішінде йемендік топтар арасында ешқандай келіссөздер өткізбегендіктен, дағдарыс саяси тығырыққа тірелді. Дағдарыстың саяси шешім жолын табу соңғы онжылдықтардағы Йемендегі ең үлкен гуманитарлық апатты тоқтату үшін қажет болғанымен, 2018 жылдың тамыз айына дейін келіссөздер өткіуге мүмкіндік туындамайтын тәрізді.

Саяси келіссөздер өткізудің басты шарттарының бірі келіссөздердің өткізілуі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2216 қарарына негізделмеуімен байланысты. Себебі, бұл қарарда Ансаролла үшін Йеменде ешқандай орын қарстырылмаған. Ал Ансаролла қазіргі жағдайда Йемендегі ең мықты саяси топ болып табылады. Келесі шарт бойынша Ансаролланың қарсыластары келіссөздер кезінде шешім қабылдауда бейтарап болуы керек. Шешім Риядта емес, Йеменде қабылдануы керек. Сонымен қатар, БҰҰ мен оның жаңа өкілі  Мартин Гриффитс тәуелсіз түрде батыстық алпауыттарды жақтамай, дағдарысты шешуде сындарлы рөл атқаруы тиіс. БҰҰ-ның Йемен істері жөніндегі бұрынғы өкілі Исмаил Валид әш-Шейх Йемен дағдарысында бейтараптық таныта алмады.

Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғысының аяқталуына қатысты ешқандай оң болжам болмаған жағдайда бұл соғыс төртінші жылға аяқ басып келеді. Халықаралық дағдарыс тобының интернет торабы 2018 жылдың қаңтар айының бірі күні мәлімдеме жариялап, 2018 жылы Йемен соғысының күшейе түсетінін, адам шығынының артатынын және осы уақытқа дейін болашағы бұлыңғыр болған келіссөздердің шиеленісе түсетінін мәлімдеді.