Газа – Палестина халқы қарсылығының көрінісі
(last modified Sat, 19 Jan 2019 10:32:51 GMT )
Қаң 19, 2019 16:32 Asia/Almaty
  • Газа – Палестина халқы қарсылығының көрінісі

Шамси күнтізбесі бойынша дей айының жиырма тоғызы Палестина халқының сионистік режиммен батыл қарсыласып, жеңіске жетуіне байланысты Иранда «Газа күні – Палестина халқы қарсылығының көрінісі» деп аталған. Бұл күн – шетелдік дұшпанға мықты таудай қарсы тұрған ұлттық табандылықтың көрінісі.

Иран күнтізбесінде дей айының жиырма тоғызы «Газа күні» деп аталып, Иран халқының зорлық-зомбылық көрген Палестина халқына ертеден әрі кең ауқымды қолдау көрсетуі тарихта тіркелді. Палестиналықтардың 2008-ші жылы басқыншы сионистік режимнің Газа секторына қарсы 22 күндік соғыстағы табандылығы Палестина халқының маңызды оқиғасы саналады. 2019-шы жылдың қаңтар айының 19 – сионистік режимнің Газаға қарсы сәтсіздікке ұшыраған 22 күндік соғысы аяқталған күн. Сионистік режимнің Газаға қарсы соғысы 2008-ші жылдың желтоқсан айының 27 күні басталып, 2009-шы жылдың қаңтар айында аяқталды. 22 күндік соғыс – сионистік режимнің жеңілмейтіні туралы аңыздың күлін көкке ұшырған Палестина тарихындағы маңызды күндердің бірі, сондай-ақ бұл режимнің 2012-ші жылғы 8 күндік, 2014-ші жылғы 50 күндік және 2018-ші жылғы 2 күндік соғыстарындағы сәтсіздікке ұшырауының бастамасы болды. Сионистік режим 22 күндік соғыстағы палестиналықтарға қарсы барлық қылмыстарына қарамастан, бұл аймақты қайтадан басып алып, палестиналықтарды сионистермен қарсыласуды жалғастырудан бас тартқыза алмады. Теңсіз соғыста Газа халқы 22 күн бойы сионистік режимнің құрлық, әуе мен теңіздегі қылмыстарымен бетпе-бет келіп, соңында қарсыласуының арқасында сионистік режимнің әскеріне шынайы соққы беріп, билікқұмар режимді артқа шегінуге мәжбүрледі. Соғыстың соңында халықаралық ұйымдар сионистік режимге қысым жасап, әскери және адамзатқа қарсы қылмыстары үшін айыптады. Сионистік режимнің бұл соғыстағы қылмыстарының ішінде тұрғын үйлер мен мектептерге, адамдардың жиындарына шабуыл жасағанын, Газаның экономикалық инфрақұрылымдарын бұзуын, тіпті кассеталық бомбалар секілді тыйым салынған қару-жарақ пайдаланғанын атап айту керек.

Дей айының жиырма тоғызының «Газа күні» деп аталуы біріншіден, батыл қарсыласуды еске алу, екіншіден, сионистік режимнің әлемдегі қылмыстарын ұмыттырмау мақсатындағы талпыныс саналады. Осыған орай «Газа күні» – «Құдс күні» сияқты Палестинаның жәбір көрген халқының даусын әлемдіктерге жеткізетін және әлемнің қоғамдық пікірін Газада болып жатқан оқиғалармен таныстыратын мұрсат. Әлем деңгейіндегі оқиғаларға жасаған шолу Палестина халқының қарсыласуы мен дүниежүзінің азат халықтарының, әсіресе Иран халқының Палестина халқына қолдау көрсетуінің әлемдіктерді сионистік режимнің  22 күндік соғыстағы қылмыстарынан хабардар еткенін көрсетті. Өткен бірнеше жылы қоғамдық пікірдің қысымының арқасында әртүрлі елдердің, соның ішінде еуропалық мемлекеттердің Палестина елін ресми қабылдау үдеріс жылдамдады. Сондай-ақ, 2012-ші жылы БҰҰ-ның Бас ассамблеясы 193 мүшесінің оң даусымен Палестинаны бақылаушы мүше ретінде қабылдады. Бұл пікірталастармен бірге палестиналықтардың дипломатиялық, әсіресе халықаралық ұйымдардың көбіне мүше болып кіруі сионистердің алаңдаушылықтарын арттырды. Палестина тіпті халықаралық соттың мүшесі болып кіріп, оның басшыларынан ресми түрде сионистік режимнің 22 күндік соғысындағы қылмыстарын зерттеуді талап етті. Талаптан кейін Халықаралық Сот Палестинадағы қылмыстарды зертейтінін жариялады. Бұл хабар жариялана салысымен АҚШ пен сионистік режимнің басшылары шешімге алаңдаушылық білдірді. Халықаралық Соттың шешімінен туындаған АҚШ пен сионистік режим басшыларының алаңдаушылықтары қылмыстардың тереңдігінің әшкереленуіне, тіпті, соңында сионистік режим басшылары мен офицерлерінің және олардың қолдаушыларының айыпталуына себеп  болды. Сионистік режимнің 22 күндік соғыс кезінде Палестинаның қорғансыз халқының алдында сәтсіздікке ұшырауы бұл режим үшін үлкен соққы болып, режимнің басшыларын ішкі саяси қайшылықтарға тіреді. Газа палестиналықтардың интефазасының базасы ретінде құр қолмен, бірақ табанды қарсыласуымен Израильдің «соғыс машинасын» тоқтатты. Нәтижесінде Газа сионистік режимнің басшылары үшін бос қиялға айналды.

Интефаза Газадан басталып, басып алынған Палестина жерінің түкпір-түкпіріне таралды. 1987-ші жылы Палестинаның бірінші интефазасының басталуынан Израильдің Соғыс министрі болып, әсіресе Газадағы палестиналықтарды қырып-жою соғысының жобалаушысы болған режимнің бұрынғы премьер-министрі  Исхақ Раббин: «Бір күні ұйқыға кетіп, ұйқыдан оянған кезде «Газа суға батып кетті» деген хабар жетсе ғой»,- деп армандайтын. Сионистік режим басшылары Газаны израильдік әскерилерді тыныштықтан айырған «сағат бомбасы» деп атайды.

Палестина халқы, соның ішінде Газа тұрғындары күрестері және қарсыласуымен басқыншыларға Газа мен басқа да басып алынған палестиналық жерлерден шығу қажет деген жолдауды жеткізді. Бұдан кейін 2006-шы жылдың қаңтар айындағы Палестинадағы сайлауда Газа халқы да басқа басып алынған жерлердегі, яғни Құдс пен Йордан өзенінің батыс жағалауындағы халық секілді Палестинаның исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-қа дауыс берді. Палестина халқының бірінші интефазасынан шамамен 30 жыл өткен жағдайда Палестина халқының қарсыласу қозғалысы зорлық-зомбылық көргенімен өзінің құдыретін де көрсетті. Палестина қарсыласу қозғалысының жеңістері аймақ халықтарына Таяу Шығыстағы өзгерістердің тек қарсыласу арқылы ғана жүзеге асатынын дәлелдеді. Негізінде аймақ халқының қарсыласуы Таяу Шығыс аймағы өзгерістерінің бөгделердің емес, аймақ халықтарының мүдделеріне сай болатынын көрсетті. Бұл мәселені Палестина мен аймақтың саяси тұлғалары мен ақпарат орталары қуаттады. Бұл салада Палестина қарсыласу комитетінің басшыларының бірі Абу Моджахед: «Палестина қарсыласуы сионистік режим мен армиясының жеңілмейтіні туралы аңызды жойды»,- деді.

ХАМАС бөлімдерінің бірі Эзаеддин Қассем батальоны басшыларының бірі Абу Убайде де Газаның жеңісін қорытынды жеңіске жеткізетін маңызды оқиғалардың бірі деп атады. Палестинаның басып алынған жерлеріндегі исламдық қозғалыс басшыларының бірі Камал Хатиб қарсыласу қозғалысының Газада сионистік режимді жеңуін Палестина мен исламдық араб үмбетінің тағдырын өзгертуге себеп болады деп бағалады.

Сионистердің рухына теріс әсер еткен қарсыласу қозғалысының жеңісі исламдық араб үмбетінің келешегіне оң әсерін тигізді. Сондықтан Иранның Ислам революциясынан тамырланған қарсыласу қозғалысының сионистік режим алдындағы жеңістері аймақ халықтарының диктатуралық режимдерге қарсы 2011-ші жылғы халықтық көтерілістерінің бастамасы болды.

Бүгінде Палестина халқының қарсыласуы мен табандылығының арқасында қалыптасқан «исламдық ояну» қозғалысы мен Палестина мәселесі жаңа кезеңге енді.

Палестина қарсыласуының 22 күндік соғыстағы жеңісі – маңызды жетістіктердің бірі. Жеңістер Палестина халқының басқа жеңістерінің бастамасы болып, «Палестинның арманы – қарсыласу» деген тақырыпты қалыптастырды.

Осындай жағдайда ислам елдерінің, ислам әлемінің  танымал тұлғалары мен халықтық ұйымдарының, сондай-ақ әрбір азат адамның міндеті Палестина халқы жеңіске жеткенше оның қарсыласу қозғалысына қолдау көрсетіп, бұл халықтың бетпе-бет келіп отырған азап-қорлықтары мен сионистік режимнің қылмыстарын әлемдіктердің құлағына жеткізу болып табылады. Палестина халқының қарсыласуын барша қолдауы қажет. Сионистік режим 22 күндік соғыста сәтсіздікке ұшыраған соң Газа секторын теңіз, әуе және құрлықтан қоршау саясатын күшейтіп, соғыста жете алмаған мақсаттарына қоршау арқылы жетуді көздеді. Негізінде, Газаны қоршауы адам құқығы негіздері мен БҰҰ-ның Жарғысына қайшы болып табылады. Сионистік режимнің Газаны қоршауындағы қылмыстары әлемнің ақпарат құралдарынан тиісті түрде көрініс тапқан жоқ. Мысыр секілді кейбір мемлекеттер сионистік режимге қолдау көрсетіп жатыр. Ислам елдері мен әлемнің ақпарат құралдарынан, сондай-ақ, халықтық ұйымдардан сионистік режимге Газа қоршауын тоқтатуға мәжбүр болатындай қысым көрсетеді деп күтіледі.

Күнтізбеде бір күнді «Газа күні» деп атау Палестина халқының күресін қолдау саласындағы Иранның келесі бастамасы саналады. Бұл күн әлемдік қауымдастыққа  Палестина халқына, әсіресе қоршаудағы Газа тұрғындарына қолдау көрсету үшін қолайлы мүмкіндік тудырады.

 

 

 

 

Тегтер