«Ортақ қадам» бағдарламасына шолу: бір жылдан соң (2)
2015 жылдың шілде айының он төрті – әлемнің алпауыт елдері Иранның ядролық жұмыстарын ресми түрде таныған күн; он екі жылдан кейін әлемнің алпауыт елдері ядролық технология мен заманауи технология саласында Иранға көмектесетіндіктерін мәлімдеген күн; әлемнің алпауыт елдері Иранға қарсы салынған барлық әділетсіз санкциялар мен қарарлардың күшін жоятындықтарын, Иранмен байланыста қалыпты жағдайдың басталатынын мәлімдеген күн.
«Ортақ қадам» бағдарламасына қол қойылғаннан кейін БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун Иран Сыртқы Істер Министрінің қажымас талпыныстарына алғыс айтып, Вена жетістіктерін халықаралық қауымдастықтың Иранмен байланыстарындағы үлкен өзгеріс және әлемде ядролық қаруларды таратпаудағы маңызды оқиға деп атады. Пан Ги Мун өзінің хатында ИИР-ның халықаралық қауымдастықпен сенім тудыру саласындағы икемділік пен көрегенділік негізіндегі ерік-жігерінің осы тарихи жетістікте үлкен әрі әсерлі рөл атқарғанын айтты.
БҰҰ-ның бас хатшысы Вена қорытынды келісімін халықаралық қауымдастыққа Иранның ядролық жұмыстарының бейбіт сипатты екендігіне сендірудегі жан-жақты және ұзақ мерзімді шешім жолы деп сипаттап, бұл келісімнің аймақтық және аймақтан тыс қауіпсіздік саласындағы көптеген шынайы түйткілдердің шешілуі жолында көбірек ынтымақтастық жасауға себеп болатынын қуаттады.
Бұл сөздердің БҰҰ хат хатшысы тарапынан айтылуы «Ортақ қадам» бағдарламасының жоғары деңгейлі елдермен өткен келіссөздердің нәтижелі болуындағы маңызды рөлін растайды.
Кейбір сарапшылар Иранның ядролық бағдарламасы тақырыбын «Ортақ қадам» бағдарламасы және оның жүзеге асырылуы шеңберінде бейбіт жолмен шешу арқылы аймақта жаңа стандарттардың қалыптасып, Азияның батысындағы билік теңгерімінің Иранның пайдасына қарай өзгеруіне себеп болды деп санайды. Себебі өткен бір жылда Иран аймақтың саяси өзгерістерінде үлкен әрі әсерлі құзырға ие болды.
БҰҰ, Еуропа Одағы, Ресей, тіпті Америка бүгінде Сирия, Ирак, Йемен мен Ауғанстан дағдарыстарын саяси жолмен шешудегі Иранның рөлінің маңыздылығын қуаттап отыр. «Ортақ қадам» бағдарламасы жасалғаннан кейінгі оң әсерлер аймақ қақтығыстарын шешуге көмектесу бағытында әлі жалғасын тауып жатыр.
Шілде айының он төрті күнгі келісім Ираның ядролық құқығына кепілдік беру аспектісі тұрғысынан маңызды көрсеткіштерге ие. Бұл көрсеткіштер Иранда уран байыту бағдарламасын жалғастыруға кепілдік береді. Бұрынғы жобаларына сәйкес Батыс Иранның ядролық бағдарламасын тоқтатып, толығымен істен шығаруға бар күшін салған болатын. Батыс келісімнен Иранның ядролық бағдарламасының залалсыздандырылып, үстірт жұмысқа айналып, Иранның ядролық нысандарының жабылуын күтті.
Вена келіссөздерінде шын мәнінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында баяндалған негізгі төрт мақсат жүзеге асырылды.
Ядролық әлеует пен технологияны сақтау, біржақты әділетсіз санкцияларды жою, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мен АҚХА-нің Басқарма кеңесінің барлық қарарларының күшін жою, соңында Иранның ядролық ісін Қауіпсіздік кеңесінің жарғысының жетінші бабынан шығару Вена келіссөздерінің қорытындысы мен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына сәйкес қол жеткізілген маңызды да негізгі төрт мақсат болды.
Осы жетістік шеңберінде Арак ауыр су реакторы да өзінің болмысын бұрынғысынша сақтап қалды.
Өткен бір жылда осы реактордың орталығын қайтадан жобалаумен және Қытай және басқа елдермен келісімдерге қол қойылу арқылы отынды, құрылымдық шикізаттарды сынақтан өткізу, радиодәрілердің түр-түрі мен радиоизотоптарды өндіруді қамтитын жаңа қызметтер осы реактордың мүмкіндіктеріне қосылатын болады. Реактордың жаңа орталығын жасаудың зерттеу кезеңі де ирандық ғалымдардың жобалауы және Иранның басшылығымен халықаралық серіктестік қалпында басталды.
Бұл жобаның жүзеге асырылуымен Иран әлемдегі ауыр су өндіруші санаулы елдердің бірі ретінде халықаралық нарықтарға еніп, өзінің қажеттіліктерінен артылғанды әлемдік нарықтарға әлемдік бағалармен ұсынатын болды. Иран Арак ауыр су реакторын сақтап қалумен алдағы он бес жылда жеңіл су негізінде келесі заманауи зерттеу реакторларына ие болады.
Форду нысандары да бұрынғысынша жұмысын жалғастыруда. Бұл нысан физикалық және технологиялық ядролық орталық ретінде жұмыс істеуде.
Батыстықтардың Форду нысандарына қатысты талаптары астамшылдық болды. Олар тіпті Фордуды тілге тиек етудің өзі қиын, ал оны есту одан бетер қиын десті. Бірақ біраздан кейін Фордуда ешқандай центрифуга болмасын деді. Олар келіссөздер барысында Фордуда центрифугалардың біразының ғана қалуына келісті. Бірақ қазір Фордуда 1000-нан астам ценртифуга жұмыс істеп, Фордудың бір бөлігі де тұрақты изотоптар саласында зерттеу мен дамыту жұмыстарына арналып отыр.
Ядролық-медициналық және радиодәрілер саласында, соның ішінде ядролық медициналық дамыған заманауи аймақтық орталық құру, медициналық қолданыстар үшін лазерлік технологияны дамыту мен ядролық жұмыстардан қалған технологияларды басқару, қоршаған ортаны қорғау саласындағы Иранның ядролық жұмыстары жалғасуда.
Бүгінде БҰҰ Иранды ядролық технология мен бейбіт сипатты ядролық бағдарламаға, соның ішінде отынның толық циклі мен уран байыту бағдарламасына ие алпауыт ел ретінде танып, Арак ауыр суын өндіру ісін тоқтатуды талап еткен елдердің өздері Ираннан осы өнімді сатып алушыларға айналды.
Осындай жағдайда Вена келіссөздері мен «Ортақ қадам» бағдарламасының нәтижелері кейбір топтардың, әсіресе сионистердің көзқарасы тұрғысынан «жаман келісім» деп аталып отыр. Сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяху шілденің он төртін қара күн деп атады. Себебі Вена келіссөздерінің соңында қол жеткізілген нәтиже олар күткеннен басқаша болып, ядролық келісімге қарсыларды есеңгіретіп тастады.
Британдық The Guardian газеті бұрын-соңды болмаған бір әрекетте «Иранның ядролық жетістігі: дипломатияның жеңісі» атты Вена келіссөздерін сараптаған парсы тілінде жарияланған бас мақалада бұл нәтижені һәм Иран халқы үшін, һәм батыс үшін пайдалы деп жазды.
Себебі бұл келісім сауда мен инвестиция, туризм арқылы көбірек әрекеттесу үшін де, аймақтық түйткілдер туралы келіссөздер үшін де мүмкіндік қалыптастырады. The Guardian газеті Америкаға осы мүмкіндікті олжа санап, неғұрлым тезірек әрекет етуге кеңес берді.
Еуропа Одағының сыртқы саясат органының басшысы Федерика Могерини «алтылық» топ елдері Сыртқы Істер Министрлерінің Иранмен Венада осы келіссөздерді ресми түрде растауы үшін өткізген соңғы отырысында сөйлеген сөзінде «Менің ойымша, бұл келісім барлық әлем үшін үміттің белгісі. Біз осы келісімнің әлемнің қазіргі жағдайында қатты қажет екендігін білеміз. Осы негізде Қытай, Франция, Ресей, Британия, Америка және Германиядан құралған «алтылық» елдері мен ИИР 2013 жылдың қараша айының 24 күнгі келісімнде қамтылған мәселелер шеңберінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол қойылу үшін тиісті шешім жолдарына қол жеткізді.
Онда Иранның «қызыл сызықтары» аясындағы жақсы келісімнің барлық элементтері сақталған. Осы келіссөздер Иранның абыройлы келісімге қол жеткізуді мақсат ететінін көрсетті» деді.
Иран ислам Республикасының президенті «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы ресми түрде басталғаннан кейін ислам революциясының мәртебелі жетекшісіне жазған хатта он екі қарар мен АҚХА-нің Басқарма кеңесінің бес шешімінің күшінің жойылуына тоқталып: «Қазір Иранның ядролық бағдарламасының өткеніне қатысты барлық түйткілдер мен түсініксіздіктер аяқталды.
Осы келісіммен сонымен қатар ислам революциясынан бұрыс, қорқынышты бейне көрсетуді қалаған, ислам мен Иранға жамандық тілеушілердің көп жылғы талпыныстары жеңіліс тапты» деді.
Иран мен «алтылық» елдерінің келісімі шеңберінде санкцияның кезеңі аяқталды. Өткен бір жылда еуропалық елдерден, соның ішінде Германия, Италия, Франция, Испания мен Австрия елдерінен Иранмен экономика саласында серіктестік жасап, инвестиция салу үшін Иранның нарығына оралу мақсатын көздеген үлкен экономикалық және сауда делегациялары келіп, бәсекелестікті бастады. Франция СІМ Лорен Фабиус Венадағы шілде айындағы келісімнен кейін Теһранға келген еуропалық алғашқы жоғары басшылардың бірі болды. Одан кейін Иранға Еуропадан басқа да үлкен деңгейдегі басшылар мен делегациялар келіп кетті.
Осы кездесулер мен Теһранда Газ экспорттаушылардың ассамблеясына мүше елдердің басшыларының отырысы сынды үлкен саммиттердің өткізілуі Иран мен еуропалық елдердің байланыстары туралы сұхбаттардың басталып, өткенді артқа тастап, болашаққа қарау үшін құнды мүмкіндік қалыптастырды.
Дегенмен ядролық келісім мен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы қарсы тараптардың міндеттемелерін орындаудағы кейбір тұрғылар бойынша, әсіресе Америка тарапынан әлсіздіктерге ие. Бұл Иранның басқа елдермен экономикалық байланыстарын толық қалыптастыруға кедергі болып отыр. Бұл жөнінде келесі бағдарламада көбірек тоқталатын боламыз.