Лаңкестік – әлемдік қатер 1
Батыс мемлекеттері әлемдеге лаңкестіктің таралуына алаңдаушылықтары туралы уәж айтуда. Расында, бүгінде бейкүнә адамдар Батыс тәрбиелеген лаңкестіктің құрбаны болуда.
Лаңкестікпен күресуді сылтауратып, Батыс екіжүзді саясаттарын жүргізіп, экстремизм мен лаңкестіктің таралуының себебі туралы шындықты әшкерелеуге кедергі жасауда. Лаңкестік қалайша әлемдік қатерге айналды? Қай елдер Батыстың тәрбиелеген лаңкестігінің құрбаны болды? Батыстың лаңкестікке қатысты екіжүзді саясаттарының артында қандай мақсаттар тұр? Лаңкестік соны құбылыс емес. Кейбір зерттеушілер лаңкестіктің тарихы жүздеген жылдар бұрын басталған деп санайды. «Лаңкестік» деген сөздің тамырын іздейтін болсақ, бұл сөздің латын тілінде болғанын, бұл тілден басқа тілдерге таралғанын көреміз. Кейбір зерттеушілердің көзқарасы бойынша лаңкестікке анықтама беріп, оны классификациялау оңай мәселе емес. Бұл мәселеге қатысты зерттеушілер мен халықаралық саясат мәселелері мамандарының арасында келісім жоқ. Өйткені кейбір түсініктерден көптеген ұқсастықтар да байқалады. Римдіктер кезінде саяси қылмыстар мен лаңкестікті ажырату қиын жұмыс болды. Біраз уақыттан кейін әлем лаңкестіктің лаңкестік аймаққа және бұл аймақтың халықтарын билеп-төстеу үшін феодалдардың пайдаланған құралы деген түсінікпен танысты. 17-ші ғасырдың басы мен орта ғасырлар мен феодализм аяқталып, еуропалық мемлекеттердің әлемдік суларды өз бақылауына алу кезеңі басталып, Шығыс пен Батыстың арасында сауда қарым-қатынасын жасайтын мемлекеттердің саны көбейіп, лаңкестіктің бір түрі ретінде түсініктеме берілген теңіз қарақшылығы басталып, 20-шы ғасырдың басына дейін жалғасты. Тарих бойында лаңкестіктің әр түрі кездесті. Қалай болғанда да «лаңкестік» деген терминнің кең ауқымды пайдаланылуына байланысты әлемдік және ғылым деңгейде оғанң бірдей және келісімге келген түсініктеме берілген жоқ. Лаңкестік адамзат қоғамы мен жеке адамдардың өмірлеріне қатер және барлық халықтардың қауіпсіздігі үшін қоқан-лоққы саналады. Бұл құбылыс заманауи кезеңнің басынан анық байқалып, басында Брінші, содан соң Екінші Дүниежүзілік соғыстардан кейін арта түсті. 1920-1930-шы жылдар аралығында Еуропа әлімжеттік әрекеттердің куәсі болды. Югославия патшасы Александрға қарсы лаңкестік әрекет әлемдік қоғамды лаңкестіктің себептерін зерттейтін комитет құруға мәжбүрледі. 1930-шы жылдары Еуропада лаңкестік мәселесіне арналған алты конференция өтті. 1934-ші жылдың 10-шы желтоқсанында әлемдік қауымдастық кеңесі қарар бекітіп, бұл қарарда барлық елдердің лаңкестіктің алдын алу үшін бүкіл күштері мен мүмкіндіктерін пайдалануы, сондай-ақ осы салада басқа мемлекеттермен ынтымақтастық жасау қажеттіліктері қуатталды. Аталмыш комитеттің жұмысының нәтижесінде 1937-ші жылдың 16-шы қарашасында «Терроризмнiң алдын алу және оны болдырмау» атты конвенция бекітілді. Осы құжат лаңкестікке түсініктеме берді. 1937-шы жылғы Женева келісімшарты бойынша, лаңкестік деген түсінік жеке адамның бір мемлекет немесе бір үкіметке қарсы әрекетімен шектелді. Бұл келісім лаңкестік деп аталатын қылмыстарды анықтады. Келісімнің бірінші тармағында терроризмді қылмыстық әрекет деп атап, мемлекет басшыларының, топтар мен адамдардың жалпы халықтың үрейін ұшыру мақсатын көздеген қылмыстық әрекеттер аталған. Бұл талпыныстар Екінші Дүниежүзілік соғыстың басталуымен тоқтатылып, қорытынды нәтижеге жетпеді. БҰҰ құрылған соң терроризм мәселесі Халықаралық құқық комиссиясында қайтадан көтерілді. Бұл комиссия үкіметтердің құқықтары мен міндеттері туралы мәлімдеме жариялады. Сөйтіп 1947-1955-ші жылдар аралығында бұл талпыныстар БҰҰ Бас Ассаммблеясының №1186-шы қарарды бекітуіне ұластырды. Бірақ терроризм қайтадан кеңейіп, оның жаңа түрлері пайда болды. Халықаралық қоғамның «қырғи қабақ» соғысынан кейінгі өзгерістері алпауыт құдыреттердің араласуымен бетпе-бет келіп, халықаралық қауымдастықты жаңа проблемалармен кезіктірді. Осылайша БҰҰ-ның лаңкестік әрекеттерді анықтау талпыныстары нәтижеге жетпеді. Халықаралық қоғамның «қырғи қабақ» соғысынан кейінгі өзгерістері мемлекеттердің көбісін алпауыт елдер мен соғыста жеңгендердің араласушылықтарымен кезіктіріп, олар шынайы қиындықтарға кезіккен жағдайда БҰҰ-ның лаңкестік әрекеттерді анықтау жұмыстары нәтижесіз қалды. Батыс Азияны жіктеу және Палестина жерінің сионистердің қолына түскен әрекеттерден кейін мыңдаған палестиналық босқынға қарсы лаңкестік пен әлімжеттік бұл құбылыстың үрейлі шындығын әлемдіктерге көрсетті. БҰҰ-ның лаңкестікке қарсы қарарлары мен конвенциялары лаңкестіктің әр түрін айыптай алмады. Тарихтың бұл кезеңінде сионистік топтар палестиналықтардың арасында үрей тудырып, Штерн және Хагана топтары халықты қырып-жоюға кірісті. Олардың қырып-жоюшылығының мысалы ретінде Дейр Ясин ауылындағы қырып-жоюшылықты атауға болады. Сионистік режим (Израиль) құрылғаннан кейін лаңкестік Израиль режимінің мақсаттарына жету құралына айналды. Сионистер үрей тудыру, лаңкестік, қарулы шабуыл және жаппай қырып-жою сынды әрекеттерді пайдаланды. Сондықтан БҰҰ-ның лаңкестікке қарсы қаралары мен ы лаңкестікті анықтап, оның әр түрін айыптай алмады. Бұдан кейін БҰҰ Бас ассамблеясы лаңкестікке қатысты бірнеше қарар бекітті. Жылдар бойы Бас Ассамблея лаңкестікті анықтап, оның критерийлерінен бұрын себептерін қуаттады. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының соңында нақты айтқанда 1995-ші жылдың 11-ші қыркүйегінде Бас Ассамблея келесі қарарын бекітті. Бұл қарарда халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікке қауп-қатер тудыратын лаңкестікпен күресу саласындағы Қауіпсіздік кеңестің рөліне назар аудартылған. 1999-шы жылға дейін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі лаңкестікті кейбір жағдайдарда ғана айыптады. Бұл жылы Қауіпсіздік кеңес бірінші рет лаңкестікке қатысты ақыл-кеңес беретіндей қарар бекітті. Бірақ 2001-ші жылдың 11-ші қыркүйек оқиғасы америкалықтар үшіг өзгеше мұрсат тудырып, лаңкестікпен күресу үшін Қауіпсіздік кеңестің рұқсатын пайдаланды. Бірінші қадам АҚШ-тың Ауғанстанға шабуыл жасап, бұл елді басып алуы болды. Көп ұзамай Батыстың лаңкестік топтарға қатысты екіжүзді саясаттары әшкереленіп, әл-Қаида мен ДАИШ сынды лаңкестік топтардың пайда болуы Батыстың лаңкестіпен күрескісі келмейтінін көрсетті. Шын мәнінде Батыстың лаңкестікке деген екіжүзді ұстанымы әлем деңгейіндегі террор мен адам өлтірудің таралуына әкелді. АҚШ алдамшы әрекеттерімен лаңкестіпен күресудің орнына оны қолдайтын болды. Әрине аймақ пен әлемдегі қауіпсіздік дағдарысы АҚШ пен оның аймақтағы одақтастары қолдайтын лаңкестік пен экстремизмнен туындап отыр. Осыған орай ортақ қоқан-лоққыларға қарсы ынтымақтастықтың жаңа үлгілерін ұсынуға болады. Осы күні әлемдік дағдарыстар жеңісі мен ұтылысы болмайтын кезеңге жетті. Әрине, қауіпсіздік әлемдік мәселе. Бұл мәселе ядролық қауіпсіздіктен лаңкестікке, экстремизмді теріске шығару мен әлемдік экономикалық қауіпсіздікке дейін таралады. Сондықтан экстремизммен қарсыласу жан-жақты ұстанымды қажет етеді. Әскери әрекет бұл мәселенің тек бір тұрғысы. Ортақ қоқан-лоққылар, лаңкестік және экстремизммен күресу көзқарастарды өзгертіп, шындықты көруді қажет етеді.