Лаңкестік – әлемдік қатер 3
(last modified Wed, 21 Sep 2016 14:44:37 GMT )
Қыр 21, 2016 20:44 Asia/Almaty
  • Лаңкестік – әлемдік қатер 3

Өткен жылдардағы оқиғалар лаңкестік пен әлімжеттік және экстремизмнің шегі мен шекарасының жоқ екенін көрсетті. Сондықтан лаңкестіктің тамырын жою халықаралық деңгейдегі шынайы жігер мен айқындылық арқылы ғана жүзеге асырылады. Батыстың немесе Сауд Арабиясы құрған коалициялардың лаңкестікпен күрес саласындағы әрекеттерінде мұндай айқындылық бар ма?

Ауғанстан, Ирак және Сирия соғыстарындағы  әскери құралдың нәтижеге жетпеуі соғыстың лаңкестікпен шынайы күресетін жалғыз жол бола алмайтынын көрсетті. Расында, егер Батыста лаңкестікке қарсы күресте  шынайы жігер болған дегенді қабылдасақ, АҚШ бүгінге дейін мақсаттарына жете алмады. Мүмкін, сол себепті де АҚШ лаңкестікке қарсы әскери әрекетті аймақ пен әлемдік коалицияға айналдыруға мәжбүр болған болар. Бірақ Батыстың лаңкестікпен күрес туралы уәждері шындыққа сай келмейді. Өйткені АҚШ пен Батыс әл-Қаида мен ДАИШ және осылар сияқты лаңкестік топтардың құрылуына атсалысып, оларды өздерінің заңсыз мүдделерін қамтамасыз ету үшін қолдады. Әлімжеттік пен экстремизмге қарсы күрес туралы уәж айтып отырған Батыс дүниесі қоқан-лоққылар мен бейберекеттіктердің тамырларына  назар аударудың орнына әлімжеттік пен экстремизмді арттырып, уәждерін қайталауда. Батыс экстремизм мәселесіне келгенде ең алдымен мұсылмандарды айыптайды. Шын мәнінде лаңкестіктің адамның мұсылман болуына немесе белгілі бір дінге қатысы жоқ.  Ислам революциясының жетекшісі осыдан екі жыл бұрын Франциядағы Шарли Эбдо оқиғасынан кейін Батыс жастарына жолдаған хатында лаңкестіктің шынайы бейнесіне тоқталып, лаңкестік пен экстремизм құбылысының себептеріне шолу жасап, көптеген мәселелерді көтерді.  Ислам революциясының жетекшісі  жастарға арнаған өз хатында аталмыш ағымның қайшылықтары мен  тамырларына тоқталды. Бұл саладағы қайшылықтардың бірі Батыстың сионистік режимнің қылмыстарына назар аудармауы болып табылады. Сионистік режим мен АҚШ алдын-ала дайындалған жоба бойынша экстремизмді қолдап, оны таратып, исламдық елдердің күш-қуатын әлсіретіп, дағдарыстарды  аймақтағы исламдық қарсыласу майданына әсер ететіндей қалыптастыруда. Сондықтан АҚШ лаңкестікпен күреседі деп күтпеу керек.  Лаңкестікпен  күресу туралы уәж айтатын АҚШ басқарған Батыс мемлекеттері маңызды үш мәселеге қатысты лаңкестікпен шынайы күресе алмайды. Біріншіден, олар лаңкестік топтардың аймақта тудыратын дағдарыстарын аймақтың істеріне араласуын ақтау үшін пайдалануда. Олардың араласушылығы тіпті аймақ елдерінің заңды үкіметтерін құлатуға дейін барады. Мәслен, Сириядағы өзгерістер саяси реформаларды қолдау сылтаумен басталып, Башар Асад үкіметін құлатуды мақсат етуде. Екіншіден, Батыстың лаңкестікпен күресуге қатысты шынайы жігерінің болмауы мен аймақты жіктеу мақсаттары. АҚШ біраз жылдардан бері Таяу Шығысты бөлшектеп, «Үлкен Таяу Шығыс» жобасын іске асыруды көздейді. Сондықтан аймақты бөлгісі келетін топтардың тудыратын дағдарыстары  бұл мақсатты алға ілгерілету үшін ең жақсы мұрсат болып табылады. Алайда Батыстың лаңкестікпен күресінің шынайы болмауының үшінші дәлелі АҚШ пен Израильдің өзара келісімі және лаңкестік пен басып алу негіздеріне сүйеніп құрылған сионистік режимнің аймақтағы мақсаттарын қамтамасыз ету  саналады. АҚШ-тың соңғы мақсаты Сауд Арабиясы және сионистік-тәкфіршіл ДАИШ тобымен бірігіп, Сирия мен Ливандағы қарсыласу қозғалысын тарату болып табылады. Негізінде АҚШ-тың коалиция түрінде лаңкестікпен күресуінің мақсаты – ДАИШ-пен күресу емес, Израильдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, сионистік режимнің мүддесін қорғап, Сирия, Ливан және Палестинадағы қарсыласу қозғалысын әлсірету. Сырт көзге діни топтар мен діни ұйымдар түрінде көрінетін бұл ағым ислам үмбетін құралға айналдыру үшін салафиттер және тәкфіршілердің экстремизмімен қоректенуде. АҚШ жазушысы, сарапшы Бон Ренолдс ДАИШ-тің пайда болуы туралы: «ДАИШ сынды лаңкестік топ әрқашан Батыстың Батыс Азиядағы араласушылығы және Сауд Арабиясы сынды аймақ ойыншыларының қолдауына ие. ДАИШ-тың пайда болуы құпия-сыр емес,  Батыс пен оның одақтастары тек айнаға қараса жеткілікті»,- деді. ДАИШ-тың белгісіне көңіл бөлсек, қара түстің бұл лаңкестік топтың символы екенін көреміз.  «Дейли Мейл» газеті бұл туралы: «Сауд Арабиясы мен ДАИШ-тың Сириядан Йеменге дейінгі аймақтағы әрекеттері ұқсас, олардың айырмашылығы киімдерінің түсінде ғана. Сауд үкіметі – «ақ түсті ДАИШ». Сауд Арабиясы вахабизмді қолдау үшін әлемнің әртүрлі елдерінде миллиардтаған долларды инвестицияға салып отыр. Бұл инвестициялар Батыс Азия аймағындағы әртүрлі тәкфіршіл топтардың құрылуына себеп болуда.  Сауд Арабиясын «ақ түсті ДАИШ» деп атаудың келесі себебі ДАИШ тобы да, патшалық Сауд Арабиясы да Батыс Азия аймағындағы  исламдық қарсыласуды алаңдаушылық тудырушы және онымен соғысу керек деп санайтындығына байланысты. Қарсыласу қозғалысына қатысты  Сауд режимі мен ДАИШ-тың ұстанымдары ұқсас.  Егер Батыс пен АҚШ лаңкестік және ДАИШ-пен шынайы күрескісі келсе, палестиналық әйелдер мен балалардың жылдар бойы төгіліп келе жатқан қанын тоқтатып, сионистік қылмыскерлердің Газаны қиратуының алдын алып, Израильдің лаңкестік және нәсілшіл әрекеттерінің жалғастыруына тыйым салатын еді. Ислам революциясының жетекшісі Батыс жастарына жолдаған бірінші хатының бір бөлімінде лаңкестікті ислам әлемі мен Батыс қоғамының қауіпсіз келешек туралы ойланатын ортақ мәселесі деп атап: «Франция оқиғасындағы тынышсыздықтар мен алаңдаушылықтардың Ирак, Сирия және Ауғанстан халықтарының жылдар бойы бастан өткізген қиындықтарынан екі маңызды айырмашылығы бар: бірінші айырмашылығы – ислам әлемінің бірнеше есе үлкен аймақтары мен көп халқының ұзақ уақыт бойы қатыгездік пен әлімжеттіктің құрбаны болуында; екінші айырмашылығы – бұл қатыгездіктердің әрқашан кейбір алпауыт мемлекеттер тарапынан қолдауға ие болуы болып табылады.  Бұл шындықты АҚШ-тың әл-Қаида, Талибан және басқа лаңкестік топтарға көрсетіп отырған қолдауынан байқауға болады. Бірақ Батыс әлемінде аймақ пен Батыстағы барлық лаңкестік әрекеттердің тамыры Исламда деген уәж таралуда. Негізінде Батыстың лаңкестікпен күрес ұрандарының қайшылықтары әшкереленді. БҰҰ сынды ұйымдар да Батыстың саясатына қызмет етіп, Сауд Арабиясы мен Израиль сынды лаңкестік пен бала өлтіруші режимдерді қолдайды. Сондай-ақ, бұл ұйымдар лаңкестік пен қатыгездіктің тамырларына назар аудармай, қатыгездік талап ететін ағымдардың таралуына себеп болды. Әрине терроризм мен әр адамның қатыгездік пен экстремизмнің салдарынан азап көруі Францияда немесе әлемнің басқа жерінде болсын өкінішті саналады. Бірақ екіжүзді стандарттар еш уақытта лаңкестікті жоя алмайды. Көптеген дереккөздері әл-Қаида мен ДАИШ сынды лаңкестік ағымдардың АҚШ пен аймақтағы оның одақтастарының өнімі болғанын, олардың мақсаттары аймақты бөлшектеп, революцияшыл қозғалыстарды  бұрмалап, Исламның шынайы жүзін теріс көрсету екенін көрсетіп отыр. Батыстың екіжүзді әрекеттері мен қайшылықтарына қандай жауабы бар? Батыс Палестина мен Сириядағы дағдарыстарда экстремизм мен қатыгездікті қолдағаннан басқа қандай жұмыс жасады? Батыс пен НАТО 11-ші қыркүйек оқиғасынан кейін лаңкестікпен күресудің орнына лаңкестік пен соғысқұмарлықты кеңейту саясатын ұстанды. Мұның барлығы Батыстың әлем бойында қауіпсіздік орнату туралы уәждерінің сәтсіздікке ұшырағанының белгісі.

 

Тегтер