UNESCO Бейт ул-Мұқаддасты еврейлендіруге қарсы
(last modified Sun, 23 Oct 2016 08:24:49 GMT )
Қаз 23, 2016 14:24 Asia/Almaty
  • UNESCO Бейт ул-Мұқаддасты еврейлендіруге қарсы

Өткен аптада UNESCO-да сионистік режимді «басқыншы мемлекет», ал әл-Ақса мешітін мұсылмандарға тиесілі деп атаған резолюцияның жобасы бекітілді. Аталмыш резолюцияның UNESCO ұйымында бекітілуімен мәдени, саяси және әлеуметтік салаларда басқа да қолдаулар жүзеге асырылып, Палестина халқын құнды нәтижелерге жеткізеді деген үміт пайда болды.

Бейт ул-Мұқаддас пен әл-Ақса мешітінің қасиетті кесенелері 

Бейт ул-Мұқаддас қаласы мен ал-Ақса мешітінің қасиетті кесенелерінің алауыздықтардың орталығында қалғанына көп жыл болды. БҰҰ бұл аймақтарды жаулап алынған деп атап, сионистік режимнен 1967 жылғы алты күндік соғыстан бұрынғы шекараларға оралуды сұрайды. Бұған керісінше, аталмыш режим Бейт ул-Мұқаддастың еврей мемлекетінің астанасы деп танылуын қалайды. Палестиналықтар да Шығыс Бейт ул-Мұқаддасты қайтарып, оны өздерінің астанасы етіп тіркеуді мақсат етуде.

Өткен аптада БҰҰ-ның ғылыми, мәдени, және оқу-ағарту ұйымы UNESCO-да резолюцияның жобасы бекітілді. Онда тек исламдық «Хараме шариф»-«Қасиетті кесене» деген атауы ғана аталып, еврейлер оны «Қасиетті тау» деп атайтын атау туралы сөз болған жоқ.

Бұл резолюция сонымен қатар сионистер осы қасиетті мекенде мұсылмандарға қарсы қатігездіктерді айыптаумен қатар палестиналықтардың мәдени мұралары мен Шығыс Бейт ул-Мұқаддастың ерекшеліктерін қорғауды қуаттады.

Резолюцияда сионистік режим «басқыншы режим» деп аталып, осы режимнің жауапкершіліктерін халықаралық заңдарға сәйкестендіру керектігі қуатталып, мекендерге сілтеме жасағанда исламдық атаулар қолданылған. Басында олардың барлығы, тіпті яһудилердің ғибадат орындары саналатын батыс дуал да ибраһимдік барлық діндер үшін құрметке лайық деп баса айтылған. 

Әл-Ақса мешіті - мұсылмандардың қасиетті мекені 

Резолюцияның жобасында осы режимнен әл-Ақса мешітінің бақылауын 2000 жылдан бұрынғы жағдайға қайтару сұралған. Ол кезде оның барлық істері Иордания вакуфтарының бақылауымен басқарылған болатын. Алтыншы тармақтың бір бөлігінде UNESCO-ның Израильдің үздіксіз шапқыншылықтары мен вакуфтар және олардың қызметкерлеріне қарсы заңсыз шектеулері мен ғибадат азаттығы мен мұсылмандардың әл-Ақса, әл-Харам аш-Шариф сынды қасиетті мекендерге енуіне тосқауыл қоюын қатаң айыптады. Тоғызыншы тармақта экстремист израильдіктердің әл-Ақса мешітіне шабуылының жауапкершілігін сионистік режимнің қауіпсіздік және полиция күштеріне артып, оныншы тармақта Израильдің тоқтаусыз шапқыншылықтары мен палестиналық азаматтардың,  діни қайраткерлердің құқықтарына қолсұғушылығы мен мешіттерге басқыншылығы, діни ғибадат рәсімдеріне қатысушы мұсылмандарды құрықтау мен жарақаттау әрекеттері,  қалашықтарда қоныстанған сионистер үшін құрылыс пен соларға арнап арнайы жолдар салу, әл-Халилдің ежелгі бөлігінде дуал тұрғызу істері айыпталды. Сонымен қатар палестиналықтарға, әсіресе балалар мен палестиналық оқушыларға қарсы қалашық тұрғындары мен басқа да экстремистік топтардың ұйымдастырылған қатігездіктері мен  арандатушылық әрекеттерін тоқтату қажеттілігі UNESCO-ның мәлімдемелері мен резолюциялары шеңберінде қуатталды.

UNESCO сонымен қатар сионистік режимнің UNESCO-ның палестиналықтардың екі нысанын еврейлердің ұлттық мұрасының тізімінен шығару туралы бұрынғы резолюциясын орындаудан тартынып отырғанына терең өкініш білдіріп, сионистік режимнің UNESCO-ның бұдан бұрынғы қаулыларын жүзеге асыруды сұрады.

Резолюцияның жобасы сионистік режимнің UNESCO мамандары мен өкілдеріне қарсы жасаған кедергілеріне сілтеме жасап, осы режимнен неғұрлым тезірек әл-Ақса мешітінің айналасындағы реконструкциялау жобасын тоқтатуды талап етті. 

Сионистік режимнің UNESCO ұйымының резолюцияларын қабылдаудан мақсатты түрде бой тартуына байланысты Палестина тақырыбы «Басып алынған Палестина» деген тақырыпта жеке түрде басты мәселе ретінде UNESCO-ның Атқарушы кеңесінің алдағы отырысының жұмысының күн тәртібіне қойылатын болды. 

Сионистік режим UNESCO-мен серіктестік жасауды осы резолюцияға наразылық ретінде тоқтатып қойды. Аталмыш режимнің Білім және тәрбие министрі UNESCO ұйымының бас хатшысы Ирина Боковаға жазған хатта осы ұйымды еврейлердің Бейт ул-Мұқаддаспен мыңдаған жылдар бойғы байланысына көзжұмбайлық танытумен айыптады. Сионистік режимнің UNESCO-мен байланысы 2011 жылы осы ұйым Палестинаның мүшелігіне оң дауыс берген соң шиеленісіп кетті. Сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяху: «UNESCO-да мағынасыз, апатты көрініс әлі жалғасып жатыр. Бүгін осы ұйым тағы бір бос шешім қабылдап, Израиль халқының «Қасиетті тау» мен «Жылайтын қабырғамен» еш байланысы жоқ деді» деді. Сионистік режимнің радио комментаторы Менаше Амир бір жазбада

UNESCO-ның мүшелерін тарихты қайта оқуға кеңес беріп, ашумен БҰҰ-на қарасты органдарды ұятсыз деп атады. Ол сол жазбада мұндай ұйым қызметкерлерінің бүлік саясатынан алыс болып, халықтардың мәдениеті мен тарихи өткендеріне назар аударуға, соны сақтап, нығайту жолында талпыныс жасауға шақырды. 

Бір қызығы, ол осы резолюцияның мәтінін ИИР айтатын сөздердің тап өзі деп атады.

Резолюцияның жобасы бекітілгенен кейін UNESCO-ның бас хатшысы Ирина Бокова мәлімдеме жариялап, Бейт ул-Мұқаддастың мәдени, діни және тарихи барлық мұраларын сақтаудың маңыздылығын қуаттап: «Әртүрлі шараларда, сонымен қатар жақында UNESCO-ның әлемдік мұраларға арналған 40-шы саммитінде соған сілтеме жасағанымыздай, Бейт ул-Мұқаддас  (Иерусалим) – яхуди, мәсихи және ислам деген таухидтік үш діннің қасиетті қаласы. Осындай мәдени және мазхабтық төтенше алуандықты құрметтеу үшін қала UNESCO-ның әлемдік мұраларының тізімінде тіркелді. 

UNESCO-ның бас хатшысы Ирина Бокова 

Бейт ул-Мұқаддастың мұрасы бөліп-жаруға жатпайды. Сол жердегі қоғамдардың әрқайсысы өздерінің қаламен тарихтары мен байланыстарын ресми түрде тануға құқылы. Яһуди, мәсихи және исламмен байланысты сүннеттердің кез келгенін теріске шығарып, жою осы аумақ тұтастығының жойылуына себеп болады.

Қаланың әлемдік маңыздылығы мен ұлылығы және оның UNESCO-ның әлемдік мұраларының тізімінде тіркелуінің себебі тайталастың емес, керісінше келіссөздер үшін дәлел болып табылады. 

Біздің ұжымдық міндетіміз осы мәдени және діни қатар өмір сүруді заң мен сөз құдіреті арқылы нығайту болып табылады. Қазір әр кезден көбірек осы тарихи бірнеше дінге қатысты қалаға төніп тұрған алауыздықтардың арасына көпір салудың қажеттілігі көбірек сезіледі. UNESCO-ның міндеті тарихқа қатысты төзімділік пен құрмет рухын тарату болып табылады. Бұл UNESCO-ның бас хатшысы ретіндегі менің түзу шешімім және осы ұйымға мүше елдердің барлығының шешімі. Бұған қандай жағдайда болмасын жауаптымын. Себебі бұл бізге біздің барлығымыздың біртұтас адам баласы екендігімізді және осы әр алуан әлемде төзімділіктің алға қадам басудағы жалғыз жол екендігін еске салатын болмысымыздың себебі» деді.  

Бірақ бұл резолюциядағы сионистік режимнің әрекеттері туралы басқа да көптеген резолюциялардағыдай қызық жайт, қалыс қалушы және қатыспаған ел өкілдерінің санының көптігінде. Олардың реті төмендегідей: Албания мен Аргентина, Камерун, Сальвадор, Франция, Гана, Грекия, Гаити, Гвинея, Индия, Италия, Кот-д'Ивуар, Жапония, Кения, Непал, Парагвай, Сент-Винсент мен Невис, Словения, Оңтүстік Корея, Испания, Шри-Ланка, Швеция, Того, Тринидад пен Тобаго, Уганда, Украина, Сербия мен Түркіменстан.

Бұл елдердің көбісі ежелгі мекендерге жасайтын саяхаттарды өз елдерінде экономиканың ең табысты саласына айналдырған.

Енді бұлар басқыншылардың әл-Ақса мешітіндегі әрекеттеріне қатысты үнсіздік танытып отыр. Соның ішінде Испанияны атауға болады. Бұл елдегі исламдық үлкен мешіттер жылына миллиондаған туристі осы елге тартады. 

Осы резолюция туралы қорытынды шешім алдағы аптадағы отырыста қабылданады. Осыған ұқсас резолюция шамамен алты ай бұрын Францияның жетекшілігімен еуропалық бірнеше елдің қолдауымен қабылданды, бірақ The Guardian газеті жазғандай, сионистік лобби еуропалық елдерді кейін шегіндіріп, сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяхуды БҰҰ-ның жаңа басшысын басып алынған Палестина жерлеріне шақыруға мәжбүрлеген.  Ол Антонио Гутерриштің БҰҰ-ның Бас хатшысы болып сайлануын сылтауратып, онымен телефонмен сөйлесіп, UNESCO-ның әл-Ақса мешіті мен Құдстың еврейлермен еш байланысы жоқ деген резолюциясын қасақана, біржақты деп атап, оны сынға алды.

Иран Сыртқы Істер министрлігінің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми UNESCO-ның Атқарушы кеңесінің сионистік режимнің палестиналық аймақтар мен Құдстағы заңсыз әрекеттерін айыптаған жуырдағы резолюциясына тоқталып, осы кеңестің мұсылмандардың әл-Ақса мешітіне қатысты діни хақыларын дәлелдеуді қуаттауын құптап, ұйымның Палестина халқының өздерінің жерлері мен қасиеттіліктеріне қатысты құқықтарын растаудағы лайықты әрекетін мақтады. Ол сонымен қатар сионистік режимнің осы қарарға қатысты теріс реакциясын Израильдің үмітсіздігінің және олардың әлемдік қоғамдық пікірді алдарқатудағы шараларының әшкере болуы мен халықаралық қарарлар мен заңдарға қатысты жауапсыздықтарының белгісі деп атады.  

Иран Сыртқы Істер министрлігінің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми

Айтарлық келесі жайт, ол UNESCO бұдан бұрын Құдс қаласын сионистік режимнің астанасы деп атаған болатын. Бұл шешім палестиналық басшылар мен қайраткерлерінің қатаң айыптауларымен бетпе-бет келді. Сол уақытта палестиналық көптеген топтар мен кейбір елдер бұл әрекетті халықаралық заңдарды әшкере түрде бұзу және басқыншы режимді қолдау деп атаған болатын. Мәселен, Палестинаның азаттық сыйлаушы ұйымы UNESCO-ның  бұл әрекеті Шығыс Құдс жаулап алынуда деп әшкере түрде жариялаған БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің қарарын толығымен жою деп атады. Дегенмен бұл резолюцияның UNESCO ұйымы тарапынан бекітілуі бұл ұйымның бұрынғы қате әрекеттерінің бір бөлігінің олқылығын толтырып, әлемдіктерді Палестина жерін жаулап алушылардың шынайы бейнесімен көбірек таныстырады. 

 

    

  

 

 

 

Тегтер