Заманауи ғасырдағы зияткерлік меншік
Қолдауға ие шығармаларды оңайлықпен сандық технология түріне айналдырып, әлемдік ғаламтор сынды арналар арқылы еш шығынсыз көбейтіп, басып шығаруға болатындығы ешкімге жасырын емес. Ғаламтор кеңістігіндегі зияткерлік меншік құқықтарын қолдау мен басқаруға қатысты жаңа түйткілдермен бетпе-бет келген кезде әртүрлі зерттеу жобалары іске асырылды. Оның нәтижесі ақпараттар ғасырында осы құқықты қолдау бағытында әртүрлі технологиялық шаралардың орындалуы болды
Зияткерлік меншік жөніндегі дүниежүзілік ұйым (WIPO) жыл сайын 26-шы сәуірді Зияткерлік меншікті қорғайтын күн ретінде атап өтеді. Зияткерлік меншік жөніндегі дүниежүзілік ұйым – БҰҰ-ның қарамағындағы мамандырылған ұйымдардың бірі. Бұл ұйымның жұмыстары мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар арасындағы ынтымақтастық жолымен дүние жүзіндегі зияткерлік меншікті қорғауға, зияткерлік меншік саласындағы жаңа шарттардың жасалуын көтермелеуге және ұлттық заңдардың әзірленуіне көмектесуге шоғырланған. 2000-шы жылы бұл ұйым жылдың бір күнін әлемдік зияткерлік меншік күні деп атауға шешім қабылдады. Осыған орай 26-шы сәуір зияткерлік меншік күні болып сайланды. 1970-ші жылдың 26-шы сәуірі зияткерлік меншік жөніндегі дүниежүзілік ұйым құру конвенциясы бірінші рет іске асырылған күн болды. Бұл күннің сәуір айында таңдалуына Шекспирдің туған күні мен әлемдік кітап оқу күнінің сәуір айына сәйкес келуі себеп болды. Жыл сайын бұл күні Зияткерлік меншік жөніндегі дүниежүзілік ұйымға мүше елдер экономикалық, мәдени, өнер және жаңа идеялар негіздерін дамыту мақсатында зияткерлік меншіктің фильм мен музыкадан басталып, заманауи технологияларға дейінгі әртүрлі мәселелерін зерттеу үшін осы күнге қатысты салтанатты шараларды өткізеді. Бұл күн мемлекеттердің көбінде халықаралық мереке ретінде қалыптасқан. Зияткерлік меншік жөніндегі дүниежүзілік ұйым жыл сайын аталмыш күнді атап өту үшін дүниежүзінің барлық елдеріндегі өнеркәсіптік меншік және соған ұқсас ұйымдарға, сонымен бірге әртүрлі салаларда белсенділік танытатын және осы күнге қатысты шаралар өткізгісі келетін адамдарға тақырыптар ұсынады. Бұл ұйым биыл «Сандық технология ғасырындағы мәдениеттің келешегі» деген тақырыпты ұсынды. Сандық технология ғасырында біз мәдениетті қалай қалыптастырып, қаржысын қалай қамтамасыз етеміз? Біз зияткерлік меншік жүйесінің өнерпаздар мен өнеркәсіп саласының өнертапқыштарына қандай көмек көрсететіндігін зерттеп, соған сенімді болуымыз керек. Зияткерлік меншік құқығы – адамзаттың зияткерлік жаратылысын қалай қолдап, пайдалануды анықтайтын жаңа құқықтық термин. Аталмыш құқық өнеркәсіптік құқық пен әдебиет-өнер меншігі деп бөлінеді. Өнеркәсіптік меншік өнертабыстарды, өнеркәсіптік жобалар мен сауда немесе қызмет факторларын, кәсіпкерлік пен бизнес құқығын қарастырады. Әдебиет-өнер меншігі әдебиет пен өнер туындыларын қорғап-қолдайды. Зяткерлік меншік құқығы шығармашылық адамдарының құқықтарын қолдап, өнерпаздар мен өнеркәсіпшілерді бұрығысынан жақсырақ еңбектер тудыруға жігерлендіреді. Егер бұл мақсатқа жетсе қоғамның әртүрлі бөлімдері оның заңдарынан пайда көреді. Шын мәнінде бұл құқықтардың қолдайтын нәрселері интелектуаллдық шығармалар болып табылады. Зияткерлік меншік дүниежүзілік ұйымның құрылуы туралы конвенцияның 2-ші бөлімінде зияткерлік меншік құқығы қолдайтын объектілерің салыстырмалы түрдегі толық тізімі көрсетілген. Бұл тізімге әдеби, ғылыми және өнер шығармалары, өнерпаздардың сахналық туындылары, кино, теле, бейне және диафильмдер, ғылыми өнертабыстар, өнеркәсіптік жобалар, бизнестік критерийлер, заттардың географиялық мекені, әділетсіз бәскелестіктің алдын алу және өнеркәсіп, ғылым, әдебиет пен өнер салаларындағы басқа да интеллектуалдық жұмыстар кіреді. Қазіргі кезде материалдық мүлікке қарағанда зияткерлік мүліктің үлесінің артуы дүниежүзіндегі табысты компаниялардың критерийлерінің бірі болып саналады. Мәселен, Майкрософт компаниясының бүкіл мүлкінің 97 пайызы – зияткерлік меншік. Аталмыш компанияның бүкіл қаржы қорының тек 3 пайызы ғана өзі орналасқан ғимараты мен жабдықтарына және басқа да материалдық мүлкіне жұмсалады. Бүгінгі экономикадағы бәсеке нарығында зияткерлік меншік маңызды факторға айналуда. Енді мемлекеттердің құдыреттері олардың материалдық мүдделеріне сай белгіленетін уақыт аяқталды. Дамушы мемлекеттер өздерінің алға ілгерілеушіліктерінің себептерінің бірін зияткерлік меншікті қолдап, оны қадірлей білу деп санайды. Сондықтан зияткерлік меншік жүйесі жоқ және зияткерлік меншікке қолдау көрсетілмеген мемлекет әрқашан экономикалық, мәдени, саяси, әлеуметтік және өнеркәсіптік салалар бойынша басқа елдерге тәуелді болып қалады. Қолдауға ие шығармаларды оңайлықпен сандық технология түріне айналдырып, әлемдік ғаламтор сынды арналар арқылы еш шығынсыз көбейтіп, басып шығаруға болатындығы ешкімге жасырын емес. Ғаламтор кеңістігіндегі зияткерлік меншік құқықтарын қолдау мен басқаруға қатысты жаңа түйткілдермен бетпе-бет келген кезде әртүрлі зерттеу жобалары іске асырылды. Оның нәтижесі ақпараттар ғасырында осы құқықты қолдау бағытында әртүрлі технологиялық шаралардың орындалуы болды. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мақсатында ұйымдастырылған технологиялық іс-әрекеттерді қолдау экономикалық даму, нәтижесінде заманауи ғасырдағы зияткерлік меншікті жақсарту үшін қажет болып табылады. Өйткені соның нәтижесінде зияткерлік меншік құқықтарын жақсарту саласында технологиялық әрекеттерді пайдалануға қатысты алаңдаушылықтар жойылады. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау әрқашан мұндай технологияны шығаратындардың маңызды мәселелерінің бірі болды. Адам құқығының әлемдік жарлығы мен экономикалық, мәдени, азаматтық және саяси құқықтардың халықаралық заңдарында материалдық және зияткерлік ресурстарды пайдалану, сонымен қатар үкіметтердің дамуын, бірте-бірте әдеби-өнер шығармалармен қамтамасыз ету қуатталып, әлем мен аймақ деңгейіндегі бірнеше конвенцияның бекітілуі әлемнің аталмыш мәселеге шынайы көңіл бөлетіндігін көрсетеді. Зияткерлер өз талпыныстарымен интеллектуалдық құбылысты ашады. Бұл құбылыстың көптеген экономикалық пайдалары болады. Егер қоғам зияткерге қаржы жұмсамай, оны пайдаланса өзінің байлығын арттыра алады. Бірақ бұл өз еңбегінің пайдасынан айрылған зияткерге зиян келтіреді. Сондықтан жауапкершілік орнатылуы керек. Бұл мәселені шешу үшін зияткерлік меншік жүйесі қалыптасып, зияткердің экономикалық және интеллектуалдық мүдделерін қорғайтын заң қабылдаған жөн. Үкіметтер мұндай мәселелерді назарға алып, өз заңдарында меншік иелерінің азаттығына сүйеніп, зияткерлердің өнімдері мен шығармаларын қорғауды қарастырды. Зияткерлік меншік құқықтарын қолдау адамзаттың зияткерлік дарындарының дамуына көмектесіп, экономикалық, мәдени және қоғамдық даму мақсатында оларды пайдалануға заңды түрде еркіндік беру барлық салалардағы өмір сүру тәсілін жақсартады. Адамзаттың тәжірибесі қоғамдағы экономикалық және өнеркәсіптік дамудың бәрінен бұрын өнертабыстары мен жаңа идеяларға қатысты екенін көрсетті. Сондықтан қоғамның зияткерлік меншікті қолдайтын жүйеге ие болуы, зияткердік қоғамдық және жеке басты мүдделерінің арасына теңдік орнату жаңашылдықтың баршаның мүддесі үшін болатындай жағдай тудырады. Мемлекеттердің зияткерлік меншікті қолдауының нәтижесінде ойшылардың өнертапқыш күштері мен дарындарының дамуына көп көмек тиіп, әртүрлі мәдениеттердің алға ілгерілеуіне себеп болып, өркениеттердің дамуына жағдай жасайды. Зияткерлік меншік жүйесі еш нәрсені ойлап таппаған, ешбір қаржы жұмсамаған және ешқандай уақыт бөлмеген пайдакүнемдерге басқа адамдардың өнертабыстары мен жаңашылдықтарын пайдаланып, пайда көруге тыйым салады. Сөйтіп, қоғамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуы үшін қажетті басты жағдай туындайды.